ҚАЛАЙЫ ҚАСЫҚ
Аспаз қатын Әпуза бүгін де түскі тамаққа килька сорпа пісіріпті. Шілденің шыңғырған
ыстығында құдық басына үймелеген қой сияқты, есіктен таласа-тармаса асханаға кірдік.
Мектептен қайтқан бетіміз. Ұзыннан-ұзақ үстелдің екі жағына қаз-қатар отырып,
қалайы табақшадағы килька сорпаға қалайы қасықты сақыр-сұқыр салдық дейсің.
Бұл бір ерекше симфония.
Кильканың сорпасы ащы. Қара нанмен соғып алсаң, кәдімгідей тамақ. Артынша
шӛлдеп, суды іше бересің, іше бересің...
Taraz.aiman@mail.ru.
Килька деген шынашақтай балық. Ӛзін тұзға бӛктіріп қояды екен. Әйтпесе, сасып
кетеді. Сорпа содан ащы.
Менің қарсыма Сейсен деген шолжаңдау, сидаң бала отырып қалған екен. Ол
сорпасын ішпей, кильканың ӛзін сүзіп алып, аузына салды да, ашырқанып, тыжырынып,
менің табағыма түкіріп кеп жіберді, қарабасқыр.
Түкірсе басқа жер жетпей ме? Қасқой ғой. Әрі тоқ. Тӛсегінің бас жағында,
жастығының астында бір қалта жүгері талқаны, жүгері наны бар. Ауылынан алып келеді.
Ауылы алыс та емес. Жетітӛбеде. Кесірленіп кильканы жемейтіні сол. Жемесе жемесін.
Ал менің табағыма түкіріп жіберетін не жӛні бар?
Атасына нәлет! Мұндай ұзынтұра тәйтік тұрмақ, Тасбеттен де қайтпаған басым, бұл
қорлыққа қалай шыдаймын?! Менің ішіп отырған асыма мұндай сойдақ. тұрмақ,
Мыңбұлақтағы Тасбет те түкіріп кӛрген емес.
Қалайы қасықпен қақ маңдайдан періп кеп жібердім. Қалай шапшаң қимылдағанымды
ӛзім де білмеймін. Бәлкім, ұрайын деген ниетім де жоқ шығар. Оқыс қимыл.
Маңдайынан қан бұрқ ете қалды. Қалайы қасықтың да қауқары мұншама күшті болады
екен-ау. Қарасаң жеп-жеңіл сияқты. Майысқақ. Мен ұрғаннан сабы майысып, басы
қисайып қалды.
Сонша қатты тиетінін қайдан білейін. Бұрын сонау Мыңбұлақта мұндай қасық
болмаушы еді. Ағаш қасық болатын. Кәдімгі қара ағаштан, таудағы қызыл қайыңнан,
аршадан Нәметқұл кӛкем ағаш қасық шабатын. Неше түрін жасайтын. Сүйір қасық,
дӛңгелек қасық, сопақ қасық... Табақты да, тараны да, күбіні де аршадан жасайтын. Ондай
қасықпен ішкен ас быламықта болса, ӛте дәмді сияқты кӛрінуші еді. Біздің қатықсыз қара
кӛжемізге арша қасық, ағаш табақ ерекше дәм бітіріп, ӛзінің шырынын шығарып, май
орнына қатық болатын сияқты еді.
Енді қалайы қасық дегенді де, қалайы табақ дегенді де кӛрдік. Онымен ішкен тамақ
кермек татитын, таты бар болар. Ӛкімет қасықты ағаштан, кәдімгі жерден нәр алатын
ағаштан жасауды білмей ме, немене... Ағаш қасық болғанда мына шолжаң Сейсеннің
маңдайы жарылмайтын еді. Енді не болды?
Сейсен алақанымен маңдайын баса қалды. Алақаны қан-қан болып шыға келді.
− Ойбай! – деп бақырып жіберді. – Ӛлдім, ойбай, ӛлтірді мына кісі ӛлтіріп, елінен
қашқан қаңғыбас!
Қалайы қасықтар мен қалайы табақшалардың әлгі сақыр-сұқыры тына қалды. Мені
«адам ӛлтіріп елінен қашқан қаңғыбас» дегені балалардың бәрін үркітіп жібергендей, бәрі
де қасқыр кӛрген қойдай үйіріліп, үрпиісе қалыпты.
«Адам ӛлтірген» дегені несі? Қашан ӛлтіріппін? Сӛйтсем, ел құлағы елу деген, баяғы
Тасбетті бесақа айырмен ұра жаздағаным бұл жаққа да жеткен екен ғой. Тау асып, тас
басып. Сонау Мыңбұлақтағы қырман басынан Жаманат жатпайды екен ғой. Сонда дап-
дардай кісіге кіп-кішкентай болып айыр ала жүгіргенім бекер-ақ болған екен де. Бірақ...
бірақ ол менің Анамды қорлады ғой. Дүн-дүниедегі ең асылымды, ең сүйкімді, ең
қимасымды жермен-жексен етіп жәбірледі ғой. Менің жаным – Анамның жаны ғой.
Taraz.aiman@mail.ru.
Әйтпесе мен қайдан жаралдым?! Одан менің не аянарым бар? Сондықтан ғой... Оны мына
балаларға қалай, кәйтсем түсіндіре аламын?
Енді Жетітӛбеден келген балалар: Жұман, Жапар дегендер оқыранып шыға келді.
Жабылып мені түйгіштей бастады. Шамам келгенше, мен де қарсыласып-ақ жатырмын.
− Ӛзі сияқты қасықпен ұр!
− Қасықпен ұрған қандай екен!
− Бастан ұр, бастан ұр!
− Басын жар!
Жабылып жатыр. Ұрып жатыр. Неге екенін білмеймін, басым қанамаған сияқты.
Соншалықты қатты да тиіп жатпаған сияқты. Әлде де ет қызу ма екен.
Кім біледі, менің басым Сейсеннің басынан гӛрі қаттырақ шығар. Тумай жатып не
кӛрмеген бас. Тасбеттердің қамшысы да тиген. Піскен шығар. Тауға да, тасқа да соғылған
ғой. Соғылған. Соғылға - а - ан.
Олар жабылып қанша ұрса да қан шықпады. Бірақ ӛзімнен үлкен Жапар жұдырықпен
мұрнымнан ұрғанда ғана, танауымнан жып-жылы бірдеңе жылжып аққандай болды. Бірақ
оны сүртіп кӛруге шамам келмейді. Қолым бос емес. Қолым қимылда. Мен де ұрып
жатырмын. Байқаймын, біреу кӛзін басып қалды. Біреу мұрнын сипап тұр...
Әлде мұнша жанқиярлықпен қарсыласқаным бекер болды ма. Кӛптің аты кӛп қой. Кӛп
қорқытады, терең батырады. Бұл жалғанда жападан-жалғыз қалғанымды сонда тұңғыш
рет сездім-ау деймін. Сонда мен ӛз бауырларым Дүйсенбайды, Қорғанбайды, Ӛсерді,
Қуанышбайды, Аманбайды, Әділді,тіпті «арам» да болса Жолдасбекті іздедім. Шіркін,
қазір қасымда Айша болса... Бӛлтірігін қорғаған құртқа-қасқырдай мыналардың тас-
талқанын шығарар еді-ау! Айша алыста. Анасы мен баласы мәңгі бірге жүрмек жоқ
кӛрінеді. Енді ӛз күніңді ӛзің кӛр деген шығар. Сәли, Қали, Бӛпетай, Сатай
нағашыларының жанында қалып қойды ғой. Құрмаш та, Батырхан да.
Бұл қырғын немен бітерін кім біледі, асхананың есігі ашылып, тәрбиеші Зүбаржат
апай кіріп келді. Бәріміз аңтарылып тұрып қалдық. Тұрып емес, тынып қалдық. Қалайы
қасықтар мен қалайы табақтарға еркін жабылған шыбындардың ғана ызыңы естіледі.
Шыбындар тұзды килькаларды ашырқанбайтын кӛрінеді. Құнжыңдасып-ақ жатыр.
Зүбаржат апайымыз асханадағы кӛріністен тілі байланып, сӛйлей алмай қалған тәрізді.
Тұтығыңқырап барып:
− Нинди қаһар сұққан бұларны? – деп даусы шіңкілдеңкіреп шықты. Кухня жақтағы
тамақ үлестіретін тесіктен аспаз қатын Әпуза басын шығарып:
− Тоқ қой, тоқтықтан есірігі жатыр, – деді жайбарақат. Тәрбиеші апай табақтан
тӛгілген кильканы кӛріп:
− Исиртә бұл килькалар, исиртә, – деп бәрімізді жағалай кӛкшіл кӛздерімен шолып
шықты да, Сейсеннің маңдайынан қанды кӛріп, шошып кетті:
Taraz.aiman@mail.ru.
− И - и, малай, кем сини шұлай сұққан?
Сейсен кемсеңдеп, мені қан-қан саусағымен нұсқап:
− Мынау оңбаған қаңғыбас, – деді.
Кӛкшіл кӛздер енді маған сұқтанды. Ӛзі кіп-кішкентай бір уыс кісі, бірақ одан
балалардың бәрі қорқады. Ӛйткені ол директордың әйелі. Досмырза директордың. Бұйрық
та, әйтпесе Досмырза сынды келісті кісі де осындай шәушиген әйел ала ма? Сӛйте тұра,
осы әйелден зіңгіттей-зіңгіттей үш ұл сүйіп отыр.
Зүбаржат апай ұрысарын да білмей, ұрыспасын да білмей, дағдарып қалған сияқты.
− Ии, син мұңлық, шұндимы? – деді. Одан соң аспаз әйелден:
− Шұл малайының жизнәйы қайда? Аңа айтырға кирәк, – деді.
− Жездесі қалаға кеткен. Интернатқа азық-түлік алып келемін деген, – деп керги жауап
берді аспаз қатын. «Жизнәй» деп тұрғаны Мырзагелді. «Жезде» дегені.
Сонымен, Зүбаржат апай Сейсеннің маңдайын жуып, жарасына йод жағып, үлдірекпен
таңып тастады. Мені ілестіріп, Мырзагелдінің үйіне алып барды.
Темір тӛсектің үстінде, баяғы сол цигейка жағалы сұр пальтосын жамылып, Зиба
әпкем отыр екен. Біз кіріп барғанда, танадай кӛздері жалт етіп, күлімсірей қарап қояды.
− А - а, Зүбаржатпысың, кел-кел, жоғары шық, – деді.
Мен босағада тұрып қалдым. Ойым ойран. Асыр салып әр саққа кетті. Зиба ұрысады-
ау деген ойдан мазам май ішкендей кілкіді. Басқалар ұрыса берсін, ұра берсін. Ал бірақ
Зиба әпкемнен сӛгіс естісем – зор жаза. Одан да жердің жарығы болса, соған кіріп кеткен
артық.
− Зибакәй, иркәм, шұл Барсхан анда бер малайның басын сұғып жарған, бит, – деді
Зүбаржат.
Әпкемнің танауы қусырылыңқырап кетті. Бірақ жүзі жарқын, кӛзінде ызғар жоқ.
− Барсханның ондайы жоқ еді ғой, Зүбаржат. Ол баланың ӛзі тиіскен шығар, – деді аса
бір сабырмен. – Не болды, Барсхан, ӛзің айтшы, бірақ алдама, айналайын...
Осы арада ол қатты жӛтеліп, буынып қалды. Әлгінде албырап тұрған екі беті кӛгеріп
кеткендей болды. Осы сәтті пайдаланып, не айтарымды жұптап та қойдым. Бірақ ӛтірік
айтатын несі бар, болғанды болғандай айтайын дедім.
Әпкемнің жӛтелі саябырсыды. Қасірет кесел Шақпақтың дауылындай тӛніп келіп,
райынан қайтқандай болды.
Мен бәрін бастан-аяқ айтып бердім.
Taraz.aiman@mail.ru.
Әпкем мені қасына шақырды. Еңкейіп маңдайымнан сүйді. Ыстық алақанымен
басымнан сипалап отырып, аса бір тебірене сӛйлеп:
− Сенемін саған, Барсхан. Сен жалғаншы емессің. Жалғызсың ғой, жалғызсың. Менің
кӛзім жұмылғанда саған кім араша түсер екен? Айша әпкем алыста... – деп ӛксігендей
болды.
Әлгіде Жетітӛбенің балалары жабылып ұрғанда міз бақпаған қайран басым, енді ӛзімді
ӛзім тоқтата алмай, солқылдап жыладым-ай кеп. Тіпті Зүбаржат апайдың ӛзі кӛзіне жас
алып, арқамнан қағып:
− Житти инде, зұр жигит син, бит, илама, – деді.
− Бұта қорғалаған торғайдай болып, мені паналап келіп еді, сонау Жуалы –
Түлкібастан. Қайтейін, мен пана бола алмадым. Орнымнан тұра алмаймын, әлім жоқ, әл-
дәрмен кетті, Зүбаржат, бұл балаға ӛзің қарайлай жүрерсің. Менің күнім жақын, – дегенде
Зибаның танадай кӛздерін мұнарлы мұң шалып, бір тамшы жас тотияйын сияқтанып
кӛгеріп кӛрінді.
Зүбаржат екі қолын ербеңдетіп:
− И - и - и, Зибақай, бағырем, инде айтма шұнди сүзне. Безгә құштасарға иртәрәк бит
әле – деп шырылдады.
Зибаның кӛзінен жас шыққанын, мұңдана жасығанын бірінші рет кӛруім. Жүрегім
суылдап, тұла бойым мұздап кеткендей болды. Дүниеден Зиба кетсе, менің күнім не
болады? Мырзагелді жездем мені далаға тастамас. «Әкенің жақындығы жездедей-ақ»
деген сӛз бар. Жезде, Құдай адалынан берсе, жақын ғой, әрине. Сонау Мыңбұлақтай
жұмақты тастап келгеніміз де, бір жағы осы Мырзагелді жездемнің жақсылығы шығар.
Әттең дүние, бірақ ӛз әкеңдей қайда - а - а?! Мұртаза! Кӛзі кӛргендердің, білгендердің
біреуі Мұртаза нашар еді деп айтқан емес. Қайта, есіл ер-ай, бозым-ай! – деп үһілеп-
аһылап алушы еді.
Бұл елде Мұртазаны біле бермейді. Сенің тегіңді білмеген ел, әлгі Сейсен сияқты
«қаңғыбас» деп қаңқу сӛз айтады. Бұ да болса Тәңірдің салғаны да. Шыда!
Менің жабырқап, жүнжіп тұрғанымды, кӛзімнен үнсіз жас жылжып аққанын кӛрген
Зиба әпкем:
− Барсхан, жылама, жүдеме! Жүдесең, жүндей түтіліп кетесің. Қорықпа, мен әзір
ӛлмеймін. Ӛлмеуге тырысамын. Тірмізік жаным менің. Жылама, – деп аппақ орамалының
бір шетімен бет-аузымды сүртті. – Бар, жуын, бетің ісіңкіреп тұр ғой, залымдар ұрған-ау,
сірә. Қайсарлан! – деп жарқылдап күлді.
Іші-бауырым елжіреп, мұздаған тұла бойым бір ғажайып жылылықтан ері - і - іп бара
жатқандай болды.
− Синең юзін қояш кібік, бит, – деді Зүбаржат та жадырап. Зүбаржат айтса айтқандай.
Зиба жүзі сонда күн сияқты шуақ шашыратып тұр. Күн сӛнбейді ғой. Зибаны да Тәңір
тәуір кӛріп, бәледен сақтар...
Taraz.aiman@mail.ru.
Достарыңызбен бөлісу: |