Екінші кітап алғАШҚьі сынақ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата30.03.2023
өлшемі366,43 Kb.
#77466
1   2   3   4   5   6
ШОЛАҚТАУДЫҢ ШОЙЫН ЖОЛЫ 
Шойын жолды бойлап жүріп келемін. Шпалдарына адымым жетпейді. Бірақ шпал 
басып жүргім келеді. Адымым жетпейді. 
Кере түсемін. Шатым жыртыла жаздайды. Шпалдан аттап жүрсең - шаршайсың. Ал 
аттамай шпалдың ӛзін бассаң – жайлы. Бірақ оған адымым қысқа. Айша болса, аяғы ұзын, 
адымы жетер еді. Айша алыста. Мен жалғыз. Анасы лағынан, лағы анасынан айырылған 
киік сияқтымыз. Мен ұдайы оның соңынан ілесіп жүрер едім. Мыңбұлақта. Сон - о - о - оу 
Мыңбұлақта. Қыста қалың қар кешіп, түнделетіп, колхоздың маясынан шӛп ұрлағанда. 
Бірақ неге ұрлағанда? Ол шӛпті шабысып, арбамен тасып, маяға жиысқан үлесім бар емес 
пе? Айша да сӛйткен. Таң азаннан қара кешке дейін. Ендеше несі ұрлық? Үш ешкіміз аш. 
Шӛп бермесең ӛзіңді жеп қоймақшы. Кӛздері шақшиып, сақалдары да ұзарып кетті. 
Селтең-селтең етеді. 
Құдекеңде қызық. Ешкінің текесі мейлі, сақалды бола берсін. Ал енді шыбышқа, 
тушаға не жоқ? Сақалы несі? Ұрғашыға сақал жараса ма екен? Осы жерден бір қате 
кеткен. Құдекең де қызық. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Әне, сол ұялмастан сақалдары сапсиған үш ешкіге түнделетіп, қарға омбылап батып 
кетіп, шӛп тасимыз. Сонда Айшаның адымы ұзын, менікі қысқа. Қарда кӛп із қалдырмау 
үшін Айшаның ізімен жүруім керек. Аяғым жетпейді. Жеткізуге тырысамын. Ә дегенде – 
ақ ақтер, кӛктер боламын. Сонда Айша: «Мұртаза марқұмға бойың тартқанша ойың 
тартсашы», –деп қоюшы еді артына бұрылып. 
Мұртаза ойлы болып не бітірген? Қараптан қарап жүріп сотталып кеткені ме? Ұрлық 
қылмаса, кісі ӛлтірмесе, ӛкіметті боқтамаса. Неге сотталады? «Халық жауы» дейді. Бір 
адаммен, екі адаммен жауласарсың. Ал тұтас халықпен қалай жауласуға болады? Айтпай 
ма осылай деп сотта. Ойлы болса. Ойы тасып бара жатса. Енді не болдық? Түн ішінде 
қалың қарға омбылап шӛп ұрлаймыз. Мұртаза болса ӛстер ме едік? 
Наурыздың дымқыл таңы. Аспан дымқыл, жер дымқыл, ауыздан бу бұрқырайды. 
Айнала – ойдым-ойдым су. Шпалдардың арасы да су. Кешегі тасқын топанның қайтқан 
түрі. 
Кеше Аса тасыды ғой. Интернат пен мектептің арасындағы ӛзекті су алып кетіп, 
кеңірдектен жүзіп жүрдік қой. 
Жайшылықта моп-момақан Аса қалай тасиды, ә. Жарқабақтан асып кетті ғой. 
Мен қазір мына қара май сасыған шпалдардан аттап келе жатып ойлаймын, мұншама 
телегей қайдан шықты деп. Сӛйтсем, біздің Тәңіртаудың күші екен ғой. Ӛзі алыста. Тым 
алыста. Мына Бурылтау тасалап тұр. Кӛрінбейді. Бір кӛрінсе ғой шіркін! Сағындым ғой, 
Тәңіртау! 
Бірақ кешегі тасқын сенің маған жіберген сәлемің шығар. Басындағы қалың қар еріген 
ғой. «Алтынкүрек» желі соғып еріткен ғой. Сол қар суы Ақсай мен Кӛксайды, 
Күркіреусуды тасытып, Теріске келіп құйған. Теріс Асаға құяды. Содан кім тасыды – Аса 
тасыды! Еңбектің бәрі Тәңіртауда, Ақсай мен Кӛксайда, Терісте. Кім тасыды – Аса 
тасыды! Атағы Асада қалды. 
Сол Аса қазір жынын алдырған бақсыдай басылып, мына теміржолдың сол жағын 
бойлап, жарысып келе жатыр. Теміржол тіп-тік, тұп-тура, ал Аса болса ирелеңдейді. 
Бүлкілдеп жатқан боз-ботана сұр айдаһар сияқты. 
Кешегі тасқыннан кейінгі мына бозала таңда, мына темір жол бойында менен басқа бір 
жан жоқ. Жалғыз ӛзім. Бәрін топан су жұтып қойған сияқты. Қыстың суығын қимайтын 
қарлыққан қарғалар ғана қалбаңдайды. Оңтүстікте – Бурылтау, солтүстікте-жаныстардың 
ауылы Қаракемер қарауытады. Арт жақта – Молотов ауылы. Алдым – болжаусыз 
буалдыр. Қарайған зат жоқ. Қос рельс жарысып барып-барып, бұлдырап кӛзден таса 
болады. 
Діттеген жеріңе жету үшін алдында бір нысана тұрса... не тау, не шоқы, не шоқтал. 
Мына жолда түк жоқ. Белгісіз,түпсіз тұңғиыққа кетіп барамын, сүңгіп барамын. Қос рельс 
сүйреп барады. Пойыз да жоқ. Не алдымнан шықпайды. Не артымнан қуып жетпейді. 
Пойыз жүрмесе шойын жолдың керегі не? Жалғыз ӛзім. Күллі тірі жанды кешегі топан су 
жұтып жіберіп, жер бетінде қарлыққан бес-алты қарға, жалғыз мен ғана қалған 
сияқтымын. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Кешегі топан сумен Құдірет жер бетін былғаныштан тазартып, су жаңа, тап-таза, 
бейкүнә тіршілікті қайта бастар болса, жалғыз менен басталады ғой. Неден бастаймын? 
Неден бастайтынымды Кӛк Тәңір біледі деп аспанға қарадым. Аспанда кілегей бұлт 
қаптап алыпты. Кіржиіп тұр. Аспан кіржиіп, кірлеп тұрғанда жаңа дүниені жасауға 
болмайды. Жаман ырым. Аспан жас баланың жанарындай жәудіресін. Тазарсын. 
Осылай деп келе жатқанымда алдымнан ойпаң-ӛзек шыға келді. Ойпаң толы қаптаған 
адам. Жақындап барсам, пойыз жолдың кӛпірін су шайып кетіпті. Құжынаған адамдар 
күрек, қайла, кетпен сермеп, зембілмен топырақ, тас тасып, «Жаңа ӛмірді», «Жаңа 
тіршілікті» менен бұрын бастап жіберіпті. 
Шпалдан шығып, сайға түстім. Түспесем болмайды. Басқа жол жоқ. Темір жол үзіліп 
қалды. 
Қарбалас жұмыстағы адамдардың кӛбі мені байқай да қойған жоқ,. Байқамағаны да 
жақсы. Байқатпай ӛтіп кетсем де болар еді. Жанасқым келмейді. Түрлері біртүрлі. 
Ай, болмады. Ӛзектің арғы бетіне жете бергенімде, шетте талтайып тұрған бір дәу мені 
ӛзіне айқайлап шақырып алды. 
− Неге сәлем бермейсің? – деп қыспақтады. 
− Әкеңнің аты кім? – деді. Айттым. 
− Ӛзіңнің атың кім? – деді. Айттым. 
− Қайда барасың? 
Шалбарымның қалтасынан бүктеулі қағазды алып ұсындым. Артынан оным бекер 
болды ма деп қалдым. Дәу қағаздағы жазуды дауыстап оқып тұр. 
«Жұма стансасы. Тура түбінде, теміржолдың оң жақ бетінде – Жұма ауылы. Кӛкше кӛз 
Рысбай Жаманқұловқа». 
Дәу: «Ы - ы» деп қойып хаттың бүктеуін аша бастады. Біреудің хатын оқуға болмайды 
ғой. Бірақ «оқыма» деп қайтіп айтамын? Тағы да дауыстады: 
«Аса құрметті, алтыннан ардақты, күмістен салмақты Рысбай ағамыз. Қалай аман-
есен, сау-саламат жүріп жатырсыздар ма? Кенжекүл жеңешем күйлі-қуатты ма? Осы 
хатты ұсынушы Барсхан Мұртазаев – Зибаның әпкесі Айшаның баласы. Менің қолымда, 
интернатта жатып оқиды. Сенімді. Осы күзде қолыңызға қойған кӛк сиырды беріп 
жіберіңіз. Зибаға сүт керек болып тұр. Кеселі жаман. Кӛріскенше күн жақсы. Сәлем 
жолдаушы туысқаның Мырзагелді Қалибеков. 25 март, 1945 жыл». Дәу хатты оқып 
болып, қайтадан бүктеп ӛзіме ұсынды. Ұсынып тұрып басымнан аяғыма дейін бажайлап 
қайта қарап шықты. Мен де қарадым. Галифе шалбары, сұр кителі бар. Он қолының 
орнында – қара қайыс қолғап кигізіп қойған протез. Сонда ойладым: біздің Мыңбұлақтағы 
Шолақ Сияқұлға неге осындай протез қол жасап бермеген деп. Сӛйтсем, оныкі тұқылсыз 
қол екен ғой. Протез ілетін жер жоқ. Галифе шалбарлы дәу, сірә, байқаймын: бастық. Ал 
мен бастық атаулыдан қорқақ болып қалған адаммын. «Бірдеңе деп, бәле салар ма екен», – 
деп тағы қорқып тұрмын. Ойлағанымдай дәу тӛменде жүрген біреуді: 


Taraz.aiman@mail.ru. 
− Әй, Бақтай, бері кел, – деп шақырды. 
Бақтай – аузы салпыйыңқыраған, қыли кӛз біреу екен. 
− Иә, Дәке, ләппай, – деп жетіп келді. 
− Әй, Бақтай, мынаған бәс тігісесің бе, – деп галифе шалбарлы шолақ Мырзагелді 
жездемнің хатын салпы ауыз сарыға ұсынды. – Қалай ойлайсың, мына бала сиырды алып 
қайта ма, жоқ, бос қайта ма? 
Бақтай хатты ежіктеп, екі қайтара оқып шықты да, сонда барып мәніне әрең түсініп, 
маған бір қарады: 
− Қайдам, берсе беріп қалар, туысқаны ғой, – деді. 
− Мен білсем, бермейді, – деді галифе шалбарлы шолақ. 
− Е, сиыр Мырзагелдінікі болса, неге бермейді? 
− Бермейді! 
− Береді! 
Ерегіс қыза түсті де, ақыры «кім ұтылса – бір жарты қойсын», – деген келісіммен қол 
алысты. 
Галифелі дәу сол қолын берді. Оң қолы протез ғой. Содан соң, дәу маған 
Мырзагелдінің хатын ұстатты да: 
− Ал, бала, қайқай, енді сенің жолыңды күтеміз, – деді. 
− Ағатай, Жұма ауылы әлі алыс па? – деп сұрадым дәуден аман-есен құтылғаныма 
ішімнен қуанып. 
Дәу аспанға қарады. Жұма ауылы аспанда емес қой. Сӛйтсем, күнге қарағаны екен. 
Күн – шаңқай түс шамасы. 
− Күн бесінге таяғанда жетерсің, – деді дәу. – Тезірек қайт. Кӛрдің ғой. Бәстестік. Енді 
сенің жолыңды күтіп отырамыз. 
Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы. 
Сайдың арғы бетіне ӛтіп, рельс жолға қайта түстім. Әлгінің «бесін» дегені кӛңілімді 
қобалжытып кетті. Таңертең үйден шығып, Жұмаға бесінде жетсем, енді қайтарда 
Жұмадан Молотовқа қашан жетпекшімін? 
Кенет шпалдан–шпалға секіріп, жүгіре жӛнелдім. Қайтар жол қиын. Асықпасам қи - ы 
-ын. Шпалдан-шпалға мен секіріп келе жатырмын ба десем, кӛзім түсіп кетіп еді, 
Бурылтау да секеңдейді. Мен тоқтап едім, Бурылтау да тұра қалды. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Әй, Бурылтау, мені мазақтамасаңшы, мен сенің неңді алдым? Бауырыңда анам Айша, 
әпкем Зиба туып еді. Олар саған еркелеп, тарғыл тастарында секіріп ӛсіп еді. Мені 
жатырқағаның ба, немене... Ӛзің болсаң менің Тәңіртауымды тасалап тұрсың. 
Тәңіртаудың басын бір кӛрсем шаршамас едім. Жұмадан Молотовқа қалай жетемін деп 
уайым жемес едім. Әлгі бір қолы жоқ дәуден де қорықпас едім. О, Тәңіртау! Құдіретім 
менің! Отаным менің! Бір кӛрінбедің ғой... Шпалдан-шпалға секіремін. Бурылтау да 
секеңдейді. Менімен жарысып келе жатқан сияқты. Осы шойын жол Шолақтау деген 
жерге дейін барады дейді. Мен кӛрген емеспін. Алтынды күрекпен күреп алады дейді. 
Мен әлі кӛрген жоқпын... 
Сол Шолақтауға ӛтіп кетсем қайтеді? Алтынды күрекпен күреп алады деседі. Маған 
кӛп алтын не керек, бір уыс болса болды ғой. Бектӛбеде қалған Айшаға апарып берер 
едім. Айшаның жыртық кӛйлегі жаңарар еді. Айшаға жамаулы кӛйлек кигізіп қойған 
қандай антұрған заман?! Атаңа нәлет, қандай топас, кӛрсоқыр итсің?! Айшаға жамаулы 
кӛйлек ки - гі - зі - і - іп! 
Кіжінгенім сонша, келесі шпалға аяғым дәл түспей, бәтіңкемнің тұмсығы шпалдың 
жақтауына тіреліп, етбетімнен құладым. Оңбай құладым. Мырзагелдінің хатын уыстап 
жұмып алған жұдырығым жазылып кетіп, хат мыжылып, қара майға былғанды. Оң 
қолымның шынтағына қиыршық құм жабысып, терісі сыдырылып, қанталап қалыпты. Оң 
жақ жамбасыммен қулағанмын ғой, шалбарым да қара май. 
Ӛмір деген атана нәлет қисық жолда бір сәт кӛзіне қарап жүрмесең, кӛрген күнін осы. 
Шолақтаудың алтынында нем бар еді? Айдалада алтыны шашылып жатқан ол қандай 
жер? Бекер шығар. Бірақ бекер болса, мына шойын жолды Шолақтауға дейін неге салған? 
Ӛзі қақаған соғыстың кезі болса... Темір жол салып, шығынданып несі бар? 
Әй, осы алтыны бары рас та шығар, темір жолдың қос рельсі жоғалып кеткен жерге 
дейін кӛз салсам, алдымнан алтынның буы сияқты жалқын сары бір шұғыла елес береді. 
Алтынның буы ағып жатыр. Телегей теңіз ағып жатыр. Сағым шығар дедім. Мұнша 
теңіздің бәрі алтын болса, адамдар тұншығып ӛлмей ме... 
Енді шпалдан шпалға секіргенді қойып, сылти басып келе жатқанымда, алдымнан бір 
үйшік кӛрінді. Қауыншының шалашындай. Жақындап келсем, бір тақтайға «Жұма 
стансасы» деп жазып қойыпты. 
Шалаштың жанына барып, ішіне үңіліп едім, ӛлі екені белгісіз, тірі екені белгісіз біреу 
серейіп жатыр екен. Егер бұл Жұма стансасы екені рас болса, шойын жолдың оң қол 
жағында Жұма ауылы болуға тиіс қой. Маған Мырзагелді жездем солай түсіндірген. 
Оң қол жаққа қарасам – жал-жал болып жатқан жалаңаш құм. Ӛліп қалған түйелер 
сияқты. Бірақ ауыл кӛрінбейді. Ел жоқ! 
Мына шалашта жатқан адамнан сұрасам ба екен. Ӛлі екені белгісіз, тірі екені белгісіз. 
Жатысы жаман. Сау адам да осылай жата ма? Ұйықтап жатса, оятып алып, езім бәлеге 
қалмайын. «Ұйықтап жатқан жолбарыстың құйрығын баспа» деген Айша. Айша айтса, 
тегін айтпайды. 
Осылай бір әрі-сәрі болып тұрғанымда, құм жаққа тағы да кӛзім түсіп кетіп еді, ӛркеш-
ӛркеш құмның арасынан ілмиіп түтін кӛрінгендей болды. «Рас па?» – деп кӛзімді уқалап, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тағы қарадым. Түтін! Әлгі Жұма ауылы сол ғой. Қуанып кеттім. Бірақ үйлері қайда? Ауыл 
болған соң, үйлері болмай ма екен? Ол ауыл да мынандай шалаштардан құралған ба? 
Жолдан шығып, ілмиген арық түтінді нысанаға алып, тартып отырдым. Қатқыл 
шпалдарға, шағыл тасқа үйренген аяғым, сусыма құмға сүңгіп кетіп, былқ ете қалды. 
Ұйыққа батқандай аяғым ауырлады. Ӛрмелеп құм тӛбеге де шықтым. Былтырғыдан 
қалған жалғыз түп адыраспан балағынан кектеп келе жатыр екен. 
Айналасын құм тӛбелер қоршаған ойпанда жадау-жадағай бес-алты үй кӛрінді. Әр 
үйдің артында қамыспен, шеңгелмен қоршаған ашық қоралары бар. «Кӛк сиыр қай қорада 
екен?» – деймін ішімнен. Кӛк сиыр кӛрінсе, сол үйді тұспалдап бармақшымын ғой. 
Мырзагелді жездемнің туысқаны Рысбайдың үйі сол болады да. 
Кӛк сиыр кӛрінбеді. Сойып жеп қойған ба? Әлде жайылымға кеткен бе? Бірақ айнала 
тӛңіректе жайылып жүрген мал кӛрінбейді. Құмға сіңіп кетпесе. Құм ыңырсып жатыр. 
Бұл не тұрыс? Күн болса еңкейіп барады. Мен кӛк сиырды жетектеп Молотовқа 
жеткенше түн болады. Жолда бұзылған кӛпірді жӛндеп жатқандардың түрі әлгіндей. 
Түстері суықтау. «Сенің қайтқаныңды күтеміз», – деп қалды. Бәстескен болды. Онысы 
несі екен? Сиырды тартып алып жүрмес пе екен? 
Ӛзі бес-алты үй. Бірін бірі білетін шығар. Рысбайдың үйі қайсы десем, айтатын шығар. 
Тӛбеден сырғанап тӛмен түстім. Алдымнан иттер шығып бәле бола ма десем, иттері 
сәлемдесуді білмей ме, үрген де жоқ. 
Жақындай беріп, байқадым: орта тұстағы үйдің күңгей жағында, үш-тӛрт адам 
күншуақтап отыр екен. 
Кӛктен салбырап түскендей болсам керек, бәрі маған сұқтана қарап қалыпты. Ӛңдері 
аш бит сорғандай жүдеу. Киім – бастары да мәз емес. Біреу тіпті тері шалбардың жүнін 
сыртына қарата киіп алыпты. Бір кемпір кӛзін сығырайтып, ескі кӛйлектің битін қарап 
отыр. 
Дауыстап тұрып-ақ сәлемдестім. Дауыстап сәлем бергенімді ерсі кӛргендей ежірейісе 
қалды. Қайдан білейін? Айша айтқан: кісімен сәлемдескенде жамандар құсап үніңді 
кӛтіңнің астынан шығармай, басыңды кӛтеріп, жӛндеп амандас, – деп. 
Тері шалбардың жүнін сыртына қарата киген сіліңгір қара (Мырзагелді жездеме ұқсай 
ма), бірдеңені сезгендей: 
− Шаруаңды айт. Қайдан жүрсің? – деді салған жерден. 
Сәлем жоқ, ай-шай жоқ. Мені күнде кӛріп жүргендей. 
Сәлеміне қарай жауабы. Үндеместен қолына Мырзагелді жездемнің хатын ұстата 
салдым. 
Әуелі хаттың сиқына кӛз салды. Мыж-мыж, май-май ғой. Дегенмен оған керегі жазуы 
ғой, хатты оқи бастады. Қайталап оқыды. Басқалар оның аузын аңдып отыр. Тері 


Taraz.aiman@mail.ru. 
шалбарлы шын қырсық екен, Мырзагелді жездемнің хатымен кӛтін сүрткендей ишара 
жасап, жанындағы қоқысқа тастай салды. 
«Кӛрдің бе?» – дегендей маған ежірейе қалды. Мұндай қорлыққа шыдай алмай, 
боқтағым келіп тұрды да, дегенмен бір ауыз сӛзін естігім келіп: 
− Рысбай сенсің бе? – дедім. Әдейі «сен» деп. 
− Менмін, твою мать! – деді. 
− Мені Мырзагелді жіберді, не деп айтып барайын? 
− Кӛк сиырды қыстай мен бағып шығамын. Қанша шығын шығарып. Енді туайын деп 
тұрғанда, соның кӛтіне сағат сайын қарап, қашан туар екен деп отырғанда, шиеттей бала-
шаға, мына кемпір-шал, аузымыз аққа қашан тиер екен деп отырғанда... А? Сені соншама 
жерден сандалтып, сиырға жұмсаған дәл Мырзагелдінің әкесінің аузын!.. Соның 
жұмсағанына құлақ кесті құлдай болып жүре берген дәл сенің бас терінді!.. Дәл осыны 
айнытпай айтып бар! 
О баста ӛзім боқтағым келіп аузым қышып еді, енді кезегі келгенде, аузыма сӛз 
түссеші. Ызаға булығып не айтарымды білмей, мелшиіп тұрып-тұрып: 
− О, бля! – дедім. Бар бітіргенім сол болды. 
Бұрылдым да жүре бердім. 
Шойын жолға қайта шығып, күншығысқа қарай беталып тұрып, артыма бұрылып 
қарап едім, күн намаздыгерге таяп қалған сияқты кӛрінді. Екі ӛкпемді қолыма алып, 
шпалдан шпалға секіріп, секеңдеп келемін. Үнім бітіп, тамағым кеуіп, тілім таңдайыма 
жабысып қалды. Әлгі тері шалбарды теріс киген дуайпат тым болмаса, бір жұтым су да 
бермеді-ау. 
Не керек, Күн ұясына қонуға қамшы сабындай қалғанда су жұлып кеткен кӛпірге де 
жеттім-ау. 
Адамдар әлі қыбыр-қыбыр жұмыс істеп жатыр. Кӛпірді тез қалпына келтіру ӛте қажет 
шығар. Әйтпесе, осы уақытқа дейін тынбайтын неткен жұмыс. 
Протез қолды дәу уәдесінде тұрды. Мені зарыға күтіп отырғандай, тіпті Құдайдан 
тілеуімді тілеп, сағынып қалғандай пейіл танытты. Жетегімде сиыр жоқ екенін кӛре тұра: 
− Не болды? – деді. 
Мен осылай да осылай дедім. 
Дәу: 
− Бақтай, уа Бақтай! – деп бар даусымен барқырап қоя берді. 
Бақтай келді. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
− Мен жеңдім! – деді Дәу. – Бала құр қол қайтты. 
− Сүйінші сұрайсың ба? 
− Әкел поллитр! 
Бақтай вагон – үйшікке қарай кетті. 
Мен жүрейін деп едім, Дәу гүрр етті: 
− Әй, бала, тоқта. Ӛзің ӛлейін деп қалыпсың ғой. Әлгі найсап нәр татырмаған сияқты 
ғой. Бақтай келсін, ауқаттанып ал. Барған соң Мырзагелді жездең сенің басыңнан сипай 
қоймас. Сиырсыз қайтқаның да оңды болды. Біз сойып жеп қоятын едік. Жездеңе сол 
сауап болар еді. 
Бақтай келді. Дәу жұмысшылардың бәрін шақырды. Ӛздері арақ ішті. Мені балыққа 
тойдырды. 
− Кешегі тасқыннан кейін қайранда қалған балық, – деді Дәу менің қомағайлана 
жегеніме қарап. – Абайла, тамағыңа қылқан кетіп қалмасын. 
«Поллитрлер» бірінен соң бірі кетіп жатты. Мен қайтайын десем, Дәу жібермейді. 
− Інішек, әлі-ақ адам боласың, – деді мені мойнымнан құшақтап. – Шолақтау деген зор 
қала болады. Оның қасында Мәскеу далада қалады. Сонда сен кел Шолақтауға... 
Дәу адамның мас болғаны қызық. Кӛңілі тез босағыш. Кӛзі жасаурап: 
− Мен де сендей жездемнің қолында жүріп оқып едім, атаңа нәлет соғыс... 
Артынша әнге басты: 
Аха - хау, сұр - желгенше, 
Ха - хау, сұр - желгенше, 
Хош боп тұр, хош есен бол 
Кӛз кӛргенше - а - а - ай. 
− Ағатай, мен қайтайын, түн боп кетті, – деймін жалынып. 
− Кетпейсің, осында қонасың. Жұмысшы боласың. Қой сол Мырзагелдіні... Егер ол 
ұрысса, маған кел. Мені Шолақтаудан табасың. Протез қолды Дәу аға десең бәрі таниды! 
Кел! 
Қапсыра құшақтап, бауырына басты. 
− Ал, айда! Бар енді! Бар деймін! – деп ұрысты. 
Зыта жӛнелдім. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Қараңғы түнде шпалдан шпалға дәл секіре алмай кібіртіктеп қаламын. Мырзагелді 
жездеме не деп барамын? Рысбай туысқанының айтқанын дәлме-дәл, сӛзбе-сӛз айтамын 
ба, неғыламын? 
Шпалдан шпалға секеңдеп келемін. Бурылтау секеңдемейді, қарауытады. Оның 
орнына Бурылтаудың тӛбесінен тӛнген жартыкеш Ай менімен жарысып келеді. 
Әкесіз жетімге, қасында Айшасы жоқ жалғыз оғланға жар болғысы келді ме, кім 
білсін, сол жартыкеш Ай, менің жарым-жарты кӛңілімдей жартыкеш Ай, маған жол 
кӛрсетіп, ілестірді де отырды. 
Протез қолды Дәуді қайтып кӛре алмадым. Бірақ Шолақтау қаласы кейін Қаратау 
қаласы атанғанда талай рет бардым. «Қара маржан» деген романды сонда жаздым. Дәу 
кӛкемді кӛрмедім. Тірі жүрсе Құдай саулығын берсін, о дүниелік болса Құдай иманын 
салауат қылсын... 
Құлағымның сырғалығы шым ете қалды. Шошып кетіп, жалт қарасам директордың ӛзі 
екен. Ұрады-ау деп қорқып едім, жүзі жылы екен. Күлімсірейді. Күлімсірегенде 
мұрнының астындағы бармақтай мұрт жайы - ы - лы - ы - ып бара жатты. 
Партаның астына тығып оқып отырған кітабымды суырып алды. Жасырып 
үлгермедім. 
Дауыстап: 
− «Қазына аралы», – деді. 
Бүкіл класс естіді. 
Асан жынды: 
− Ол оңбаған! Сабақ оқымай, ылғи да бӛтен кітап оқып отырады, – деп айқайлады. 
Директор оны құптамай: 
− Жап аузыңды! – деді. 
Кітапты ұстаған қалпы: 
− Менің кабинетіме кел, – деді де кластан шығып кетті. Басыма түрлі ой келді. 
Интернаттан шығарып жіберсе қайтемін дедім. Шығара қоймас. Мырзагелді жездем бар 
ғой, шығарта қоймас дедім. Бұл уайым менімен бірге жаралған. Әкем «халық жауы» 
болып кеткелі бері осы. Не болса – сол уайым. 
Бармасқа лаж жоқ. Бір-бір басып, аяқты басқан сайын түрлі уайым араласып, 
директордың кабинетіне де жеттім-ау. 
Кабинеттің есігін болар-болмас, саусағым тиер-тимес тықылдатамын. Сонда да есітіп 
қойды: 
− Kip, – деді директор. Басым салбырап тұрса керек. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
− Кӛтер басыңды, – деді. 
Директорымыздың аты-жӛні Досмырза Нұрпейісов. Аласа бойлы, ашаң жүзді, 
қартаңдау кісі еді. 
− Сабақ үстінде кӛркем кітап оқығанды қой. Ал сабақтан бос уақытта қанша оқысаң да 
ӛз еркің. 
− Мақұл, ағай... 
− Сен Мұхтар Әуезов деген жазушыны білесің бе? 
− Білемін. 
− Қандай шығармаларын оқыдың? 
− Ы - ы - ы, «Таңғы сарын»... 
Директор «Қазына аралы» деген кітабымды қайтарып берді. 
− Бұл да жақсы кітап. Ал нағыз қазына мынада, – деп тағы бір кітап ұсынды. – Осыны 
оқы. Бірақ бүлдірмей, жыртпай қайтып әкел. 
Сұрша матамен қапталған кітап мұқабасына қарап едім: «Мұхтар Әуезов. Абай» деп 
алтын әріппен жазып қойыпты. 
Ішім біртүрлі жылып сала берді. 
Сабақтан соң Мырзагелді жездем айтты: 
− Қой қорада тұрып қалды. Күн жылыды ғой. Бүргеннің, изеннің басы жібіді. Кешке 
дейін жайып кел, – деді. 
Директор ағай берген кітапты қойныма тығып алып, қойды айдап ауылдың сыртына 
шықтым. Даланың оты былбырап тұр екен. Қар мүлде еріп те кетпей, не сіресіп жатып та 
алмай, жантәсілім алдында қатқақтан жіпсікке ауысқан шақ. Бӛртпе жусан, күрдек бүрген, 
қызыл изен, тіпті киіздей ажырыққа дейін жұмсарып, пейілденіп, мал тұрмақ, адам да 
жегісі келгендей, тәбет тартып тұр. Жездемнің қойлары пысқырынып, жерден бас алмай, 
сол мол отқа кенелді де қалды. Күн жылымықтау болған соң, мақталы күпайкемді шешіп 
алып, бүктеп астыма тӛсеп, кітап оқуға кірістім. Бұл түс ауа мезгіл сияқты еді, басымды 
кӛтеріп бір қарасам, күн ұясына қонайын деп қалған екен. Қойлар шашыраңқырап кетіпті. 
Шеткейде тұмса кӛк тоқты мекіреніп, оттамай тұр. Кӛзі мӛлиіп кетіпті. Не болды деп 
барсам, туып қалған екен. 
Қозысы шуына оралып ӛлі - і - іп қалыпты... 
Жаңа ғана қазына аралын қыдырып, ӛмірімде кӛрмеген рахатқа батып, бӛтен бір ӛлке, 
ӛзге дүние, ғажайып ғұмыр кешіп отыр едім. Әр істі Құдай қылат та, лезде үрей әлеміне 
тап болып, шошып кеттім: 
«Жездеме не бетімді айтамын?» 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Басқа барар жерім, басар тауым жоқ, салым суға кетіп, бір қолымда-ӛлген қозы, бір 
қолымда-асыл кітап, жездемнің үйіне қойды айдап қайтып келдім. 
Жездем ӛлген қозыны ары аударып, бері аударып қарап тұрып, қораға лақтырып 
жіберді. 
− Бүлдірмей елтірісін сыпыр! – деді. Қолымдағы кітапты жұлып алды. Мұқабасын, 
ішін ашып кӛрді. Содан соң маған сыбырлап: 
− Әй, бұл кісі атылып кеткен жоқ па еді? – деді. Онысын мен қайдан білейін? 
− Кім берді, кімнен алдың? 
Шынымды айттым. 
− Апыр - ай, о... – деді. 
Ұрсарын да білмеді, ұрыспасын да білмеді. 
1945 жыл еді, наурыз айы еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет