Екінші кітап алғАШҚьі сынақ



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата30.03.2023
өлшемі366,43 Kb.
#77466
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sh.murtaza. ay men aysha. 2 bolim

ҚАРАШАЙ ҚАМБАШЬІ 
Ауылдары жақындар демалыс күні үйлеріне қайтып кетті. Жетітӛбеге, Қаракемерге, 
Қыршындыға, Шоқайға. 
Бұл атырапта онжылдық бір-ақ мектеп бар. Ол осы Молотов мектебі. Жанында жатын 
орын беретін, тамақ беретін интернаты болған соң, жан-жақтан келіп оқитындар кӛп. 
Соғыстың қаһар шашып тұрған шағында балалар білімнен, оқудан қалмасын деп 
ертеңнің қамын ойлаған ӛкімет те оңай емес. Қансырап жатса да интернат ашып, біз 
сияқтыларды, тіпті ауқаттылардың балаларын да асырайды. 
Бәлкім, ӛкімет ӛзін қарыздар санайтын шығар. Мысалы, менің әкемді алды. 
Жазықсыздан жазықсыз. Мұртазаны Сібірге апарып жоқ қылды. Басқалардың әкелерін, 
ағаларын қып-қызыл ажалдың аран ауызына мың-мыңдап айдап салды. Әлі толастар емес. 
Рас, жеңіс жақын деседі, кім біледі... 
Интернат – бұрынғы мешіттің үйі. Бұған да шүкір. Біздің Мыңбұлақта әп-әдемі 
мешітті қолдан қиратты. Ал мынау болса, аман қалған. Одан ӛкімет не зиян шекті? 
Интернат болуға жарап тұр. Сол бұрынғы мешіттің ішінде мен жападан - жалғызбын. 
Мырзагелді жездемнің үйінде, Зиба әпкемнің қасында жатсам да болады. Бірақ жездем 
айтты: 
− Бүгін интернатта жатып шығасың. Жалғызбын деп қорықпа. Сен батырсың ғой, – 
деп қоттитып қойды. – Бауыржанның інісісің ғой. Момышұлын білесің бе? 
Әрине, білемін. Ӛзін де кӛргенмін. «Бауыржанның інісісі.», «Батырсың» деген соң 
амал жоқ, батыр болуға тырысасың. Қыстың күні. Түн суық. Балалардың бәрі ауылдарына 
кеткен соң, бүгін пеш те жағылмаған, қазан да кӛтерілмеген. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Жалғыз ӛзім. Не кӛп – жамылғы кӛп. Жанымда жататын балалардың жалаң қабат 
одеялдарын сыпырып алып, үстіме қабат-қабат жамылдым. Рахат. 
Жатырмын. Ұйқым келмейді. Елегізи беремін. Жездем мені неге мұнда жалғыз 
жатқызды деп қоямын. Енді-енді пайымдай бастағандаймын. Кӛрші бӛлмеде қамба бар. 
Склад. Оның ішінде не жоқ дейсің. Ет те бар, балық та бар, пірәндік те бар, ұн да бар... 
Әсіресе пірәндік жегім келеді. Шіркін, қазір қамбаны ашып, пірәндіктің үш-тӛртеуін, 
кӛп емес, үш-тӛртеуін ғана алып, мына жылы одеялдардың астында кеміріп жатар ма едім. 
Аспаз қатын бізге бір-біреуден беруші еді. Тастай қатты, кеміресің. 
Бірақ қамбаның аузында баланың басындай қара құлып тұр. Оның кілті Хасан 
Ӛзденовтың қалтасында. Қарашай кісі. Бойы теректей, кӛздері шұңқырда жатқандай сұп-
суық. Мұрты аузына түсіп, екі миығы шалғыдай салбырап тұрады. Мұрны қоңқақ. 
Мұрнының астындағы мұрты ылғи суланып тұрады. Үстінде ескі қара шекпені бар. Оны 
күмістелген жіңішке белдікпен буынып алады. Екі омырауы қатар-қатар оқшантай. 
Басында кӛбе қозының жүндес бұйра терісінен домбаздалған бӛркін милығына дейін 
басып киеді. 
Қамбаның кілтін сол ұстайды. Осы менің де қамбашы болғым келеді. Содан артық, 
жұмыс жоқ па деймін. Біздің Мыңбұлақта ғой қамбаның кілтін ақсақ Оспаналы кӛкем 
ұстайды. Рахат. Енді мына екі-үш қадам жердегі қамбаның ішіндегі пірәндік кӛкейімді 
тесіп жатыр. Кілті менде болса... 
Қыбыр еткен жан жоқ. Жалғыз ӛзім. Әлденелер кӛзіме елестей береді. Кӛзім жұмулы. 
Сонда да интернаттың қуыс-қуысын, бӛлмелерді әлдекімдер кезіп жүрген сияқты. Әлдене 
ыңырсығандай, балаша жылағандай болады. Жүрегім суылдайды. Сӛйтсем, уілдеп жылап 
жатқан пештің қуыры екен. Аспаз қатын пештің аузындағы темір қақпақты жаппай кеткен 
шығар. Уілдейді. Сірә, далада жел соғып тұр-ау, уілдейді. 
Пеш қой деп ӛзімді-ӛзім жұбатып, жігерленген боламын. 
Ӛзіңді-ӛзің, жұбатпасаң, ӛзіңді ӛзін жылытпасаң, сені кім жұбатады, кім жылытады? 
Сӛйтіп жатып қалай ұйықтап кеткенімді білмеймін. Түсіме ақ кӛбелек, теңбіл кӛбелек 
кіреді. Жалбыз бұлақ екен деймін. Терең сай. Белуардан келетін жасыл шалғын. 
Бүлкілдеп, бұрқ-бұрқ қайнап жатқан мӛлдір бұлақ. Мыңбұлақтың бір бұлағы. Күміс су. 
Іше беремін, іше беремін. Шӛлім, сірә, қанбайды. Неге деймін? Сусамыр болып кеткенмін 
бе деймін? Күндіз аспаз қатын Әпуза тұзды балық бергенін ұмытып кеткендеймін. 
Ыстықтан жанып барамын. Неге сонша ыстық? Интернат, ақ мешіт ӛртеніп жатыр 
екен деймін. Ақ киімді адамдар су сеуіп ӛшіріп жатыр екен деймін. Мені құтқармақшы 
екен деймін. Үстімдегі үш қабат одеялды аударып тастайын десем, әл-дәрменім жоқ. 
Қабат-қабат одеялдар жанып жатыр. Сыпырып тастауға барымды салып тырысамын
болмайды. Атасына нәлет! Әжептеуір күш-қуатым бар сияқты еді, қабат-қабат 
жамылғыны жұлқып тастауға шамам неге келмей қалды? Тұншығып, дем ала алмай, 
жаным шырылдап шыға жаздағандай. Әлдекімдер ӛртенген үйді сақыр-сұқыр құлатып 
жатқандай. Әлде қамбаның қара құлыбы ма? Білмеймін. Ақ мешіттің қабырғасы 
қопарылып үстіме құлап келе жатқандай. Жан дәрменде бар даусыммен айқайлап 
жіберсем керек. Ӛлгенде әрең одеялдарды жұлқып тастап, үһ деп оянып кеттім. Тірі 
екенмін ғой деп, біртүрлі қуанып қалдым. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Сӛйтсем... Кӛзімді ашсам... Алдымда қап-қара диюдай болып ӛңкиген біреу тұр. 
Қорыққаннан, үрейден үнім шықпай қалды-ау деймін. Әлгі дәу қимылдап: 
− Жасшық, қорықма, – дейді. – Ма былай қышқырма. 
Енді таныдым. Қамбашы Хасан Ӛзденов екен. 
Түн ішінде неғып жүр? Әлде қамбасын қорып жүр ме? Түсінбеймін. Басымды кӛтеріп 
қарасам, қолында дорбасы бар сияқты. Томпайып тұр. 
− Жасшық, ма былай, сен мені кӛрдім деп айтма. Мырзагелдіге де, ешқандай инсанға 
да айтма. Мақұл мы? Мен, жасшық, саға пряник, конфет береман. 
Сыбырлап, аузын басып сӛйлейді. 
− Аз ғана ет, ұн алдым. Ӛзің білер, менде жасшықлар кӛп. Құрлық балалар аш отыра, 
ӛледі ғой. Аз ғана алдым. Сен, жасшық, еш инсанға айтма. Оллахи-биллахи, саға Алла 
саулық берсін деп тілейман. Айтма. 
Мырзагелді жездем бір мәрте мені қарашай қамбашыны шақырып кел деп үйіне 
жұмсаған. Үйін сонда кӛрдім. Үйі колхоздағы бір жаныстың мал қорасында екен. Есімде 
қалғаны: кір-қожалақ, үстінде лыпасы жоқ шүпірлеген жас балалар ыңырсып, үрпиісіп 
отырған. Терезесі жоқ үй қап-қараңғы екен. 
Тынысым тарылып: 
− Сізді завинтернат шақырып жатыр, – деп үйінен тез шығып, ата кеп жӛнелгенмін. 
Апыр-ай, адамдар да осылай ӛмір сүреді екен-ау деп түңілгенмін. 
Біздің қорлық кӛрдік, арыдық, ашықтық деп елден кӛше жӛнелгеніміз Құдайға асылық 
болған ба, қалай... 
Енді мына еңгезердей кісі маған тәуелді болып, жалынып-жалбарынып, оллахи-
биллахи деп тұрғаны ешбір қисынға келмейтін ебедейсіз іс болды. Ӛлердегі сӛзін айтып, 
жалынышты болғанша, ӛңкиіп келіп, бассалып буындырып ӛлтіре салса қайтер едім. Кӛз 
алдымда сондағы бір кӛргенім: лас малқора, қап-қараңғы үңгір, иісі әлем сасып, жидіп 
кеткен үй; ондағы аш-жалаңаш, ыңырсыған жас балалар... Әкесі ғой, амалсыздан ӛз 
қамбасына ӛзі түн жамылып келіп, ұрлыққа түскені сол қу тіршілік, ӛлместің қамы шығар. 
Бармақтай баланың алдында бас иіп, қолын кеудесіне қойып, үйелмендей болып ӛңкиіп 
тұр. Мырзагелді жездем мені мұнда неге жатқызғанын енді шамалағандаймын. Күдігі бар 
екен ғой. 
Ендеше, мен, жездем сӛйтіп тапсырған істі неге адал атқармаймын? Айтамын, әрине. 
Қазір тұра салып, ойбайды саламын. Жездем маған сенді ғой. Сенді. Осы уақытқа дейін 
оны алдап кӛрген емеспін. Талай сынынан ӛткенмін. Менің сұғанақ, сұқит емес екеніме 
кӛзі жеткен. Енді алдасам, біліп қойса, ӛлім емес пе? Оның үстіне мына дәу қарашай 
маған пірәнік беріп, ауызбастырықпен алдамақшы. Қазір орнымнан тұрып, далаға шығып, 
айқай саламын. 
Дәу қарашай Хасан Ӛзденов сот алдында тұрғандай, маған арыз-мұңын айтып, 
әлденелерді түсіндірмекші. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Түсінгенім: бұлар Кавказ деген жаннаты жерде тұрған. Соғыс болған, фашистер 
келген. Артынша фашистер жеңілген. Дұры – ес. Бірақ ӛкімет мұздай қаруланған әскер 
жіберіп, бұларды бір түнде вагонға тиеп, Қазақстанға әкеліп тастаған. Қазақтарға рахмет. 
Туысқан халық екен. Қазақтар болмағанда бұлар түгел, тып-типыл қырылып қалатын 
екен. Рас, қазақтардың ӛздері де аш-жалаңаш. Бірақ ӛз Отанында, ӛз елі, ӛз жерінде 
отырғандықтан олар қарашайлар сияқты міскін емес. Сонда мен ойлаймын: қазақтарда да 
еріксіз елінен кеткен бар. Мысалы, мына мен. Нем бар айдаладағы Молотовта. Жүрмеймін 
бе, Мыңбұлақта шалқақ басып. Бірақ біз де бір түнде кӛше жӛнелдік. Сәли атамның есек 
арбасымен. Тау асып, тас басып. Тәңіртау кӛрінбей қалды. Тәңіртау таяныш сияқты еді. 
Оның аспан тіреген қарлы шыңдарын кӛргенде бойыма ерекше күш-қуат ӛзінен-ӛзі келіп 
құйылатын. Сонда мен ӛте күшті едім. Бір қапшық бидайды Боранды элеваторының 
зәулім биік тӛбесіне сатымен кӛтеріп шыға беретінмін. Ӛз илеуінде құмырсқа да күшті. 
Ӛзінен екі-үш есе үлкен дәнді ӛңгеріп алып кете береді. Мен де сол құмырсқадай ӛлермен, 
қайсар едім. Енді... 
Енді мен қарашай қамбашы Хасан Ӛзденовпен тағдырлас екенімді сезгендеймін. Ол 
сӛйлеп тұр. Мен осыны ойладым. Далаға жүгіріп шығып, айқай салайын деген райдан 
қайтқан сияқтымын. Неге екенін толайым біліп жатқан жоқпын. 
Әкемдей кісі аяғыма жығылып тұр. Әкем есіме түсті. Сібірдің адам айтқысыз 
суығында аш-жалаңаш жүріп, ажалы жетті-ау деймін. Бірақ неге аш? Айша айтатын: әкең 
ӛте тақуа кісі еді. Біздің жіберген посылкамызды жанындағы кісілерге үлестіріп береді 
екен. Әкең аштан ӛлген жоқ. Құсалықтан, сендерді, сені, Құрмашты, Батырханды ойлай-
ойлай, панасыз үрпек балапандар не болады, енді қайтіп күн кӛреді деп, сарыуайымнан 
сарғайып ӛлді дейтін. Әрі намыстан, қарадай жаладан ӛлді. Әкең ӛте намысшыл еді. Ақ 
жүріп, адал ӛмір сүрген адамға сен жаусың, сен шпионсың, сен рысқұлшинасың деген 
жалмауыздай жалаға қарсы тұра алмай, ақ екенін дәлелдей алмай, дәлелдесе де, жаналғыш 
әзірейілдер оны түсінгісі келмегеніне күйініп ӛлді дер еді. 
Мына қамбашы қарашай Хасан Ӛзденов те, ӛзінің ӛкіметке жау емес екендігін 
түсіндіре алмай жер аударылған. Бірақ бұл менің әкем Мұртазадай емес, әйтеуір ӛлмеуге 
тырысады. Сол үшін түн жамылып, тірмізік тарамысты кӛк қасқырдай қасарысып жем 
іздейді. Тірі қалуға, аш бӛлтіріктерін қырып алмауға әрекет жасап, кӛп емес, аз-мұз ғана 
тамақ тапқаны да айып па? Ал аштан қырылып қалса, ол айып емес пе? Құдай оны құп 
кӛре ме, жоқ па? 
Соны ойлап жатырмын... Пірәнік жегім келмей қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет