Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

ж у с ы н
 
да. ашулы акыл 
к у с ы н

Б
ул
әйел төркінн? тап- 
ЙзПТГСеғГ өзің өшпенділіктен босап, еркіндігіңді тап — деп би 
бабамыз кесігін қайтарыпты.
Халық тағдырының қиын-қыстау шағында қазақ жүртының 
болашағын, туған халқының тарих бетінен өшіп кетпеуін тіле- 
ген атақты бабамыздың елін үлкенді-кішілі орынсыз қылықтар- 
дан сақтандырып келгенін осы бір өнегелі мысалдан да көреміз.
Қазіргі заманғы әмбебаптықтың халықтың болмысын билеп 
алғаны сонша, қазақтың әл-ауқаттыларының қайсысының үйіне 
барсаң да бұрын Ресейден алынатын, қазір еуропа елдерінеи, 
АҚШ-тан әкелінетін бірін бірі қайталай 
беретін импорттық


ж иһаз көресіз. Онсыз қоңды ж әне қолды қазақтың көңілі көн- 
шімейтін болып алған. Қазақы бұйымды үй жиһаздары ны ң 
арасынан шам алып та таба алмайсыз. Үй қожасы да мұндайға 
көңіл аудара бермейтін болып алғалы қашан.
Үлттық тауар шығаратындар көбейіп келе ж атқаны құптар- 
лық. Бірақ сол ұлттық тауар деп жүргеніміздің өзі жүрттың 
эстетикалық, сәндік талғамын әбден төмендетіп болған бүйым- 
дар болса ше? Өйткені киім-кешектен қонымсыз шапан мен 
бөріктерден, жүртты жексүрын етіп көрсететін сүйір тақиялар 
мен сопақ қалпақтардан басқа «ұлттық нүсқа» көрінбейтін бо­
лып алғалы қашан. Ата-баба мүрасына осылайша, қалай болса 
солай қарап, оның табиғатына кездейсоқ өзгерістер енгізе бе- 
руге бола ма? Бүған да бақылау; керек десеңіз, әдістемелік 
басшылық ету қажет дегім келеді. Елдің тамақтану жағы да бір 
келкі; үлттық тағамдардан ет асқаннан басқа (оған тағы да 
халықтың намысына тиетіндей етіп'«бес бармақ» деген ат бере 
бастағанымызға мәзбіз) ештеңе ж оқ десек те болады. Ауылдық 
жерлердің өзінде құлынды биесі бар үйде қымыз, бүзаулы си- 
ыры барында айран бола бермейді.
Халқымыздыц денсаулығы нашарлап келеді, дәрі-дәрмектің 
өзіне қыруар қаржы кететіндіктен, оны сатып алу қиынға түсе 
бастады, Ауруханаға өз төсегімен, ыдыс-аяғымен, тамағымен 

барады дегенді бұрын-соңды естімеген едік. Мүны да ойланай- 
ықшы, ағайын.
Кеңес жылдарында үлттық дәстүрлерге үлтшылдық сыйпат 
^ берілгендіктен олардың түрмыстан шығып қалғанын, от басы —
\ ошақ қасындағы әулеттік тәрбиеге орны толмайтын залал кел- 
' тіргенін де үмытуға болмайды. Қазақтағы дәстүрлі өнердің ата- 
і баба мұрасының құрып біте бастаған қосынына айнала баста- 
і ғанына да жөтпіс жылдан астам уақыт өтіпті. Бұрын екінің бірі 
ійешен, ән салып, домбыра тарта Оілген қазақта, әсіресе жас- 
тардың шешіліп сөйлей алмайтыны, ән салып билей алмайтыны 
Ғағы бар. Көптен жалықтырып біткен бір сарынға қүрылатын 
қазіргі қазақ әуендерінің жүрттың ж ан дүниесін баурап әкете 
: алмайтынын ескеріп, осындай бір келеңсіз құбылысқа қарсы 
I тұрарлық іс-қаракетпен айналысып жатқан мәдениет орында- 
рын да коре алмай келеміз.
Әмбебаптықтың әсерімен қазақтың өзіне тән әдет-ғұрпында- 
ғы адам өміріне, ер жетіп есеюіне, тағысын тағыларға қарай 
орайластырылған шынайы қасиеттерінің үмытыла бастаған түста- 
рын да көріп жүрміз. Қазақ бүрын өзіне тән ерекшеліктерін 
сақтап қалу қамымен генеалогиясын ата жағынан жалғастырып, 
тек ұлынан туғанды ғана немерем деп санаған. Қыздан өрбіген 
бала немере деп есептелмейтін де «жиен», ал оның үбір-шүбірі 
«жиеншар» делінген. Қыз баланы жат жүрттық деп санайтын


дала тұрғындары үшін қыздан тараған ұрпақ ата әулетін «жал- 
ғастыра» алмайтын. Өйткені қазақтың отын өшірмей, шаңыра- 
ғына иелік ететін ұрпағы — қыздан емес, үлдан тараған немере, 
шөбере, шөпшектері болатындықтан мүны өмірден туындалған 
әулеттік қатынас қалыптастырған қүбылыс деп қараған жөн.
Қазақ немересінен туғанды «шөбере», шөбереден өрбігенді 
«шөпшек», ал шөпшектен тарағанды «немене», ғіеменеден өргенді 
«туажат» деп атаған. Мұнан әрмен қарай есептің жоқтығына 
қарағанда, шамасы баланы қаршадайынан үйлендіретін салт 
бойынша («он үште отау иесі» болатындықтан) бүрын туажаты- 
на дейін жеткен көнекөз қарттар болғаны ықтимал. Бүл оларға 
алтыншы буын болып келеді екен.
Қазақ сәбиім тезірек өсіп ер жетсін деген ниетпен шілдеха- 
надан кейін «бесікке салу», жылдам жүретін желаяқ болсын деп 
«түсау кесу», ат жалын тартып, азамат болсын деп «атқа отыр- 
ғызу», сүндеттеу рәсімдерін ескерусіз қалдырмауға тырысатын 
болған.
Адам өміріндегі үлкен белес — үйлену болатындықтан оның 
салтанатына жасалған тойды ән-жырмен, алтыбақан айналасын- 
дағы ойын-сауықпен, әр түрлі қашықтыққа ат шаптыру, көкпар 
беру, қыз қуу, қазақш а күрес, ж аяу ж арыс қызықшылығымен 
есте қалатындай етіп өткізіп келген. Мұндайда қазақтың үлттық 
ойындары да сан қырынан көрінетін.
Кеңес жылдарында осындай тамаша, халықтың мейрамдар 
адам болмысында эгоистік қылықтарды қалыптастыратын «ту­
гаи күн» дегенмен. есейе келе- ^ ^ңғойлыққТГ йтёрмелейтін' 
«мерейтойлармен» алмастырылды да бүрынғы тәрбиелік мәні 
'бар~үлттық дәстүрлер ұмытыла бастады.
Мен әрине «туған күнге» де, «мерейтойға» де қарсы емеспін, 
бірақ тек осы екеуі ғана адам өмірінің барлық белестеріне лай- 
ық деудің өзі озбырлық, тіптен халықтың өзімен біте қайнасқан 
дәстүрлеріне зорлық, әдет-ғүрыптарына жасалған қастандық 
болды десем қателесе қоймаспын деп ойлаймын.
Бүлай деп отырғаным батыс мәдениетіне бірегей тәнті тұру- 
шылықтың ықпалынан біржолата арылу үшін де халықтық негіз 
керек. 
j i a
онын бір үшы мүсылмангершілікте жататыны хақ.
Ха/йыктықнепздіҢ біз үшін асІГШЩіздьГболатыньі тәуелсіздікГ 
тізгінін қолына алған Қазақстан сияқты ж ас мемлекетте бүдан 
былай рухани өмір мен өркендей түсу мүмкіндігінің өзі онсыз 
да бөгде факторларға тіреле беретін болады.
Ал қазақтағы рулық белгілердің бізге ж еткен аражігін ажы- 
ратып, ғылыми тұрғыдан үқыптылықпен зейін қоя отыра, өзі- 
мізге мәлім ж азба ж әне басқа да деректермен салыстыратын 
болсақ, белгілі орыс тарихшысы Аристов айтқандай, қазақ ру- 
тайпаларының тектестік қүрамын, шыққан тегін, шүғылданған


кәсібінің, шаруашылығының, түрмыс құру деңгейінің сыр-сый- 
патын, тарихтан алған орнын анықтап білуге болар еді деи 
жорамалдауға хақымыз бар.
Мәселен, коныраттардағы «босаға» таңбасы туған жерге, 
қонысқа, тұрақты мекенге деген ықылас-құштарлықтың белі’ісі 
ғана емес, осы тайпаның басым көпшілігінің бұрын отырықшы, 
жартылай отырықшы болғанын анғаотатын жәйт. Халық арасы- 
на кеңІйеғРгараған «Қоңырат болсаң' босағағГ^ерік болсын!» 
деген нақыл сөз де сол есте ж оқ ескі заманнан қалған болуы 
ықтимал. Немесе сунақтардағы «қылыш» таңбасын алсақ, (кей- 
бір зерттеушілер оларды қазақтағы таңбасьі ж оқ бірден бір ру 
деп босқа әуре болып жүр, маған сенбегендер XIX ғасырдағы 
орыс деректеріне үңілсін) мүның осы бір азғантай ғаиа отырық- 
шы елдің Сығынақты айнала коныс тепкен көтппелілерлен ж ер- 
суын қорғап қалуға қатысты іс-қаракеттерімен байланысты 
болғаны даусыз.
Мүндай мысалдарды басқа қазақ руларының таңбаларынағі 
да келтіруге болады.
Қазақ өліктің әруағын қастерлеуде де мұсылмангершілікпен 
қатар, оған дейіғігі әдет-ғұрыптық дәстүрлерді кеңінен ұстанып 
келген. Мүнан да аңғарылатыны — халықтың өмірге де. өлімғе 
де белгілі бір қатынас калыптастыра білгені. ~Онын лүние сал- 
ғандарға деген ниеті де тек өлікті ж ерге беру немесе еске салу 
үшін ғана емес, бүгіғігі және болашақ ұрпаққа арналған. Ата- 
баба әруағын сыйлау, үлкенге ізетті, кішіге инабатты болу дәстүрі 
ең алдымен имандылық,— әдептілік, ізгілік қасиеттерден нәр 
алған, ел басына күн туған сәттерде оның тектестік тұтастығығі 
сақтап қалуға кепіл болған құбылыс деп қараймыз.
Менін әмбебаптыққа қатысты мәселенің бүл жағына көңіл 
аударып отырғаным қазіргГбтпелі кезеңде елдің өткен өміріне, 
мәдени жетістіктеріне әділ баға бере отыра, бойымызға сіңген 
игі қасиеттерге қарсы жаңа шабуылдарға тойтарыс беріп қана 
. қоймай, қоғамдық ойда бүркеме пікірлер мен теріс қағидаттар- 
Гдың орнығуына қарсы түра білсек деген тілекпен байланысты 
/өді.
Өйткені қазір шетелдік, әсіресе американдық өмір салтына 
бой үсыну кеңінен өрістеп келе жатқан сияқты. Оған қарсы түра 
алатын жалғыз құдірет күнделікті өмірімізде от басы — ошақ 
қасынан қоғамдық орындарға дейін халықтық негізді дамытумен, 
түбегейлі орнықтыра түсумен, ұлттық мақтанышпен байланысты 
бола беретіндіктен үқыптылығымыз өз үйлесімін тауып жатса 
демек едім. Ол үшін қазіргі заманғы әмбебаптыққа қарсы тұрып, 
^талқымыздың генефондын, антропологиялық түрпатын, тілін, 
мәдениетін сақтап қалуға ықпал ететін бағдарлама қажет-ақ. Онсыз 
қазақты қазіргі заманғы үлт деңгейіне көтеру мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет