халықтың түрпатын сақтай білгендігінен, ауызбірлігінен, өзара
ынтымақтастығынан көрінетінін осыдан-ақ байқауга болады.
Әрине, шечендердің алақандай жері өзгелерге жағрасаяси
кеңістік болуды көтермейді. Ал біз үшін «жағрасаяси кеңістік»
деген тіркестің «саяси» дегенін алыгі тастасақ та жетіп-артыла-
тын еді. Өйткені жағрапиялық фактордың қазақ тағдырымен
біте қайнасып кеткенін оның үлттық мінез-құлқында, іс-қареке-
тінде, түрмысында қалдырған іздерінен көруге болады. Казак-
тьщ шектен тыс момын, бейғам, аңқаулығы да басынан асып
жататын халық болып қалыптасқаны ең алдымен жағрапиялық
фактормен — үланғайыр кеңістікте еркіғі төстеп өмір сүргені-
мен байланысты еді. Оның осы уақытқа дейін қазіргі заманғы
ұлт ретінде бой көтере алмай келе ж атқаны , түрмысты қ
мәдениетінің төмендігі, көпшілігініц ауыддық жерлерде түраты-
ны, кәсіпшілік, мамандану жағынан қала өміріне жақындаса
қоймағаны, мамандық тандауда түрпайы күнкөріс қамының бі-
рінші орында түратыны, тағысын тағылар бүған дәлел бола алады.
Көп айтып, аз айтқанда, түбінде қазағымның жерінің кеңдігі
өзіне сор болып жүрмесе болғаны.
Қазір көп мәселенің шешімін табуы енді ғана есін жиып,
тәуелсіздік тізгінін қолына алған қазақ елініц көршілерімен
қарым-қатынаста өзін тепе-тең үстай білуімен байланысты бо-
луы ықтимал. Тепе-тең қатынассыз елдің елдігін сақтап, аймак-
тьщ түтастығын сомдай
түсу мүмкін емес екенін қазақтың
қазақ болғалы басынан кешкені талай рет көрсеткен болатын.
Тарих өткелдерінің қайсысын, немесе қай кездегісін алсақ та,
олардың азабы мол өкініші де, азын аулақ болса да көңілге ой
салатындай өнегесі де біз үшін өмір мектебі, тәлім-*тәрбие жолы
болды. Ойлап қарасақ, «Қасымханның қасқа жолы», «Есімхан-
ның ескі жолы», «Тәуекелханның тура жолы», Тәукеханғіың
«Ж еті жарғысымен» қоса, күлтөбенің басындағы күнде жиыны,
«Абылай аспағағі асу» деген түсінік, тағысын тағылар осыған
меңзейді екен.
Бізге жанына қатер туса-ақ, қүлазыған сахарада түк көрме-
ген болып, басын жерге көме салатын түйетауықтың бейнесін
еске салатындай саясат ұстануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: