Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет42/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ШАРУА ЖАЙЫНАН
Қазақ жеріндегі шаруалық мал бағу мен егін егу. 
Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата 
кәсібі. Мал бағу жайын һешкімнен үренбей-ақ, өзіміз 
де білеміз деп жүр. Қазақ мал бағу жайын білмейді деп 
біз де айтпаймыз. Бірақ, білім дәрежесі неше қабат. 
Қазақтың мал ұстау турасындағы білімі ең төмен 
қабатында. Қазақтың бұл білімі жердің молшылы- 
ғында ғана білім болып жүр. Жер тарылса бұл білімі- 
мен мал бағып, күн көруге болмайды. 
Қазақ егін егуге кіріскелі де біраз жыл болды. Егін 
турасындағы білімді де қазақтар біліп болдық деп 
жүр. Егін жайында һешкімнен үйрене қойатын емес. 
Біздің қарауымызша егін турасындағы білімді мал 
турасындағы білімі сиақты жердің молшылығында 
білім болып жүр. Жер азайса, ол біліммен алыс кетпей- 
тін болар. Қазірінде қазақтардың сұрып жерлерді 
еркінше жыртып, соныдан-соныға түсіп отырғанда, 
мұжықтан егіні төмен шығады. Ол жер дәрежесінің 
төмендігінен емес, білім дәрежесінің төмендігінен. 
Қазақтың көбі егін жайынан: егін егуге жер жырту, 
тырмалау, тұқым шашу керек екендігін ғана біледі. 
Осымен егін білімі тамам деп ойлайды. Қашан, қалай 
һәм қанша рет жырту керек, қалай етсе шашқан тұқым- 


266
ға жер жайлы болады, не нәрсе оған зарлы, не нәрсе 
пайдалы. Пайдалы нәрселерден пайда тийу үшін,
зарлы нәрселерден зар келмес үшін не істеу керек, 
ол жағынан қазақтың білімі тіпті нашар. Ол білімнің 
нашарлығы қазір жердің молшылығында сезілмейтін 
шығар. Жер таршылыққа айналса, тез-ақ сезілер.
Аз жерді осы күнгі қалпында тұтына бастаса, жерін 
тез-ақ тоздырмақшы. Тозған жер жаңарып жетілуіне 
қазақ даласында 15-20 жыл керек. Қала боламыз деп 
ер басына 15-тен жер алғандар бұрынғы молшылық 
қалыппен іске, оған өлшеулі жері шыдар ма, жердің 
бәрін тоздырып алып, ол жер түзеліп жеткенше 15-20 
жыл жел оба ма?
Бұл сөзді қалай боламыз деп өлшеулі жер алған 
қазақтардың кейбір істен хабар алып, жазып отырмыз. 
Әуелі қала болудың мәнісі не екенін білмей, көптің 
дүрмегімен кіріп қалып, енді не екенін көзімен көрген 
соң, адасқанын біліп, қалай бетін түзерін біле алмай 
жатқандар бар көрінеді. Қалай боламыз десе де малсыз 
күн көре алмайтын болған соң, мал бағуға қалаға деп 
өлшеп берген жер жетпейтін болған соң, істейін деп 
жатқан амалдары мынау: екі-үш участка қосылып, 
жерлерін біріктіріп, бірін қыстау, бірін жайлау істе- 
мекші-мыс. 
Бұлары әншейін далбаса ғой. Адасқанын байқаған 
соң абдырағанынан істейін деп тұрған іс қой. Әйтпесе 
он бес десиатинадан алған ұлтарақтай жерлерді 
құрастырып жайлау, қыстау дегенмен есебі баиәғы 
бір он бес қой. Қалай қарай тартсаң да жер созылып 
молаймайды ғой. 
Әуелі малсыз күн көре алмайтын болғанда «Сау 
басыңа сақина тілеп алмасқа» керек еді. Қала болу не 
екенін білмей беріп, шорға түсіп қалсаң, ендігі істей- 


267
тін іс, біздің ойлауымызша бұрынғы «жайлау» деген 
атты жоқтау болмасқа тиіс. Өткен өтті. Іздегенмен 
таптырмайды, қуғаныңмен жеткізбейді. Өткенді қуған- 
ды қуып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс. Ендігі 
істейтін іс: участкаларды құрастырып, мынау жайлау, 
мынау қыстау деп, ат қойып, құр көңіл жұбату емес. 
Көрпең қысқа болса, көсілуге жетпейді. Созғаныңмен 
молаймайды. Көрпе жетсін десең, істерлік жалғыз-ақ 
амал бар: көсілуді қойып, айақты жийу. Сондай-ақ, аз 
жерге істер жалғыз-ақ амал бар: жердің таршылығы-
на істейтін амалға түсу керек. Ол амал аз жерден көп 
жердің пайдасын шығара білу. Олай етуге бұрынғы 
мал бағумен егін егуге жарап жүрген білімдеріңнен 
басқарақ білім керек. Ол көп малдың есесін аз мал- 
дың асылын ұстап толықтыратын білім, аз жерді
аздырмай, көп жердің орнына тұтынатын білім. Бұл 
екеуі де қазақ қолданып көрмеген білімдер. 
Малдың асылын ұстау үшін қазақ қолындағы
малын асылдандыру керек. Асыл малдың ішінде қазақ 
жерін жерсінетін, жерсінбейтіндері болады. Оны да 
біліп алу керек. 
Аз жерді аздырмай, көп жер орнына тұтыну үшін 
асыл малға керек білімнен де көбірек білім қажет.
Бірақ сол білімнің бәрі де білгісі келген адамдарға 
табылатын білім. Білу үшін әуелі керек қылу шарт, 
екінші, ыждаһат ету шарт. 
Бұл жоғарыда айтылған сөз қазақтың бәрі үшін, 
әсіресе арасындағы қала боламыз деп, қамытқа басын 
сұғып қалып, қайта шығара алмай, адырап тұрғандар 
үшін. Аз жерге істейтін амал жалғыз-ақ осы. 
Егін егу, бағу жайын жақсы білетін адамдардың 
сөздерін мұнан былай әр уақыт газетаға жазып тұрамыз. 
«Қазақ» газеті, №24. 31 иүл 1913.


268


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет