313
ҚОЙАН
Мұз төсеп,
қармен басып, құбан қып тұр,
«Мал құтын ойсыратам, ойам» деп тұр.
«Қабанды қоймен өтсе имену жоқ,
Бір жайып жүрегіңді қойам» деп тұр.
Ала
көз қимасыңа жетіп алып,
«Малды алып, адамыңды ашықтырып,
Қырамын бәріңді де жойам!» деп тұр.
Ал, Алаш, білге салып, бермен жібер!
Ол қай бір-біріңе неге тобам» деп тұр.
«Әй мұжық, сіз де мына біл!» деп отыр,
«Сөзімді құлағыңа ал!» деп отыр.
«Қорқытып
қазақтардан көп қолқа алғыш,
Атақты мен ақ қойан жыл», деп отыр.
Мұжықтар: «Мынау астық, анау пішен!
Солардан өнгендей сен кім?» деп отыр.
«...» да адам қор нар аң ба әйді?» деп,
Кемсініп, келемеж ғып, ендеп отыр.
Қай қазақ нақ осындай балуан боп,
Қойанға қарсылық қып үндеп отыр.
(Қазақ, №163, 1915).
314
ТУҒАН ТІЛІМ
Кенің бай, келімің мол, туған тілім!
Дыбыстың
теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім.
Қонып тұр, ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң,
есігім бос, ен деп ұлтқа.
Балықтай жүзіп адам, құстай ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн-батыстан.
Ғылым мен кереметтің кенін тапқан,
Нұр кірер білім, өнер мол жақ тұстан.
Кірлетпей
келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды шала қоймас енді құрым.
Алыстан әлде қандай жат көргенсіп,
Кіргендер тамсанатын танып сырын.
Біреулер мұнараға «мінетін-ді»,
Құрындай деп жыр дегбеге күлетін-ді.
Биіктен төмен түсіп қарағанда,
Көзінің жаңылғанын білетін-ді.
Кемсініп көбің ордамды адасқандар!
Тіліме жау боп найза қадасқандар!
Бір айттым, екінші айтам, бұл үшінші,
Жорта бер,
жолың алыс, адассаңдар.
315
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең!
Өтпеймін тамағыңнан «жұтам» десең,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!».
(Қазақ, №167, 1916).
Достарыңызбен бөлісу: