199
дым деген сөз жоқ шығар. Ол сөзді келтіргенім мәнісі:
біреулер араб әліфбасінен қазақ тіліне жақсырақ
келетін хәріф бар дейді, хәтта басқа хәріфтермен
кітап шығарғанда да бар. Мен соларға айтқан сөзім
еді: басқа хәріфтер қазақ тіліне жақсы келсе де,
оларды қазақ қабыл алмайды, басқа жаққа алаңдамай,
керегімізді араб әліфбасінен қаралық дегенім еді.
Қазақ қабылдамағанда не үшін қабылдамайтын себебін
айтайын деп, араб әліфбасінің дінменен бірге байласып,
сіңгендігін көрсетіп едім. Оны сіз не себептен теріс
жорығаныңызды білмеймін.
Үшінші, хата түсінді ме дейтінім: қазақ тілінен
шығарған хәріфтер. Сіз бұларды, тіпті оқытпасқа керек
деп, ойлады ма деп шүбаланамын. Бұл хәріфтерді
балалар қазақ сөзіндегі хәріфтерді біліп болған соң
оқиды. Мысалы: татарларда тіліне керек емес деп,
бүлік шығарған:
Достарыңызбен бөлісу: