197
хәріфті қалыңдату үшін үстіне ноқат қоймай ма?
Ол не қағидаменен қалыңдық ноқатын қойған?
Бұлардан басқа сізге күлкілі көрінген мынау болса
керек: «менің айтқандарымды дұрыс емес дегендер
наху, сарф қағидаларынан сыпат көрсетіп, дұрыс емес
жерін айтсын» деген сөз. Наху, сарф дегеніміз тіл
законының ғылымы.
Тіл болса, оның законы боларға
керек. Законы болса, оның ғылымы боларға керек. Су
тоңса – мұз болмақшы, хлор менен натрий қосылса –
тұз болмақшы, бұлар табиғаттың законы. Осындай
закон тілде де бар.
Хлор менен натрий қосылса, тұз
болатындығын байқау, қарау, іздеуменен тапқан.
Тілдің де законы сол жолменен табылады. Қазақ тілінде
бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып
кірмейді. Бұл тіліміздің законы емес пе? Осындай
закон тауып жазсақ, айтсақ, ол наху, сарфтың қағидасы
емес пе? Наху, сарфты мен грамматика мағынасында
тұтынамын. Басқа жұртта грамматика үшке бөлінеді:
Фонетике (Фонетика), Морфолоғиа (Морфологія),
Синтаксис (Синтаксисъ). Менің бұрынғы жазған сөзім
һәм осы жолы жазған
сөздерім фонетикеға тиісті
сөздер. Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай
дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байласады. Біздің
сөйлеп, қарастырып отырғанымыз қазақ фонетикасы.
Сіздің ойыңыздың қателігін мен көрсетерге керек,
фонетикадан ыспат келтіріп. Менің ойымның қателі-
гін
сіз көрсетуге керек, фонетикадан ыспат келтіріп.
Бұлай деп сізді тағы «қорқытамын». Сіздің қорықпай-
тын батыр екендігіңізді көрдім. Көре тұра қорқыта-
тыным, өткен жолы шаншып алатын найзаңызбен
бұлтарып кететін айлаңызды көрсеттіңіз. Бұлардан
басқа өнерлеріңізді де көрмек үшін.
(Ақыры болашақ) А.Б.