194
тауып берерге керек. Әңгіме:
қазақ тілінде қандай
дыбыстар бар һәм оларды қандай хәріфтерменен жазу
турасында. Франсуз дыбыстарын қойа тұрып, әуелі өз
тіліміздегі дыбыстарға хәріф арнап, сөзді бір жерге
қойалықшы.
«ف»
(ф) дыбысы қазақ тілінде бар дейсіз
де, қай
сөздерге жазылатынын көрсетпей, азырақ
әдіс айтып бұлтарып кетесіз.
«ف»
(ф) дыбысы бар
сөздер қазақта есепсіз
көп болғандықтан жазып
көрсетпеймін дейсіз. Есепсіз болса бәрін жазу мүмкін
емес, бірақ, бір-екеуін жазып көрсетсеңіз, қазақ тілінде
«ف»
(ф) дыбысы рас бар екенін көрер едік. Көрсетпей
тұрғаныңыз көптігінен емес, жоқтығынан болар.
Олай әдіс жұмсайтын бұл ісіміз қазақтың сайлауы
емес еді, бірақ өзіңізге ұнағаны сол шығар.
Өзіңіз
айтқан Ахметһади Мақсуди кітабында һәм «Төте
оқу» кітабында осы екі дыбысты иә ноғай, иә қазақ
сөздерінде бар деп, көрсетпеген ғой.
Достарыңызбен бөлісу: