Нейробруцеллездің диагностикасы эпидемиологиялық анамнезіне, аурудың шұғыл кезеңінде жалпы инфекциялық симптомдардың, кейде орталық және шеткі нерв жүйесінің шашыранды зақымдану белгілері пайда болуына, қан мен ми жұлын сұйығын тексергенде алынатын мәліметтерге, Райт, Хеддльсон реакциялары мен теріге жіберілетін бюрне сынағының нақты айқындығына, сонымен қатар бактериологиялық тексеру нәтижелеріне негізделген.

Дифференциалдық диагностикасы малярия, туберкулез, туляремия т.б. аурулармен жүргізіледі.
Емдеу шаралары. Поливаленттік бруцеллездік вакцина 100-120 мл микробтық дене мөлшерінде әр екі күнде 1 реттері астына жіберіледі. Қанды қайталап құю, аутогемотерапия және антибиотиктер (күніне 4-6 рет 0,5 г левомицитин, тамақтану алдында күніне 4-5 рет 0,25 г хлортетрациклин) қолданылады. Антигистаминдік препараттар (күніне 3 рет 0,25 г, супрастин), гормондар (преднизолон немесе кортизон) тағайындалады. Ликворлық гипертензия кезінде дегидратациялық ем қолданылады. Сонымен қатар, физиотерапиялық емдеу, күкірт сутегі ванналары, балшық емі, емдік гимнастика т.б. тағайындалады.
Нейротуберкулез
Нейротуберкулез – туберкулездің Mycobacterium tuberculosis бактериясы жүйке жүйесіне әсер ететін түрі. Бұл қан, лимфа арқылы немесе мидың, жұлынның немесе нервтердің ішіндегі жұқтырған материалмен тікелей байланыста болуы мүмкін. Ми туберкулезінің бастапқы диагностикасы үшін мидың МРТ және одан кейін фтизиатрмен кеңесу қажет. Туберкулезге арналған мидың МРТ жиі нейротуберкулездің дифференциалды диагностикасы үшін тағайындалады.