Екіншілік нейроинфекциялар. Онж бұзылыстары (бруцеллез, туберкулез, нейросифилис). Нейроспид



бет1/10
Дата29.11.2023
өлшемі82,29 Kb.
#131267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әріпбек Нартай 510Б ОМ Неврология

Екіншілік нейроинфекциялар. ОНЖ бұзылыстары (бруцеллез, туберкулез, нейросифилис). НейроСПИД.


Орындаған: Әріпбек Нартай
Тобы: 510 Б ОМ

Жоспар

  • Жоспар.
  • Кіріспе.
  • Екіншілік нейроинфекциялар. Онж
  • Бруцеллез.
  • Туберкулез.
  • Нейросифилис.
  • НейроСПИД.
  • Қорытынды.
  • Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Нейроинфекция — бұл нерв жүйесін зақымдайтын инфекциялық ауру. Оның негізгі қоздырғыштары вирус,бактерия, протей және саңырауқұлақтар болып табылады.

Нейроинфекциялар 2 түрлі :

1. Біріншілік нейроинфекциялар - микроорганизмдер ең алдымен нерв жүйесін зақымдайды. Олар көбінесе вирустық инфекциялар болып келеді

2. Екіншілік нейроинфекциялар— микроорганизмдердің басқа инфекция ошағынан нерв жүйесіне өтуінен пайда болады. Бұл ауруға нейросифилис, нейроСПИД, нейробруцеллез жатады.

Орталық жүйке жүйесі:

  • Орталық жүйке жүйесі (лат. systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

ОНЖ бұзылыстары:

  • Орталық жүйке жүйесі морфологиялық құрылымы Нейрондар, Нейроглиялар Ми қабықтары Нейрондардың қызметі: мидың қыртысты қабатында нейрондар өздерінің дендриттері мен аксондары арқылы нерв импультерін өткізіп, адамның психикалық әрекетін реттейді.Нейроглиялар үш түрге бөлінеді: Астроциттер: гиперплазия немесе гипертрофияланып, глиоз деген құбылыс түзіді, нәтижесінде глиальді тыртықтар пайда болады.Олигодендроглиоциттер: аксондарда миелин түзуге қатысады. Эпендима жасушалары: ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегін астарлап жатады, зақымдану ошағында гранулематозды эпендимит дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет