Екіншілік нейроинфекциялар. Онж бұзылыстары (бруцеллез, туберкулез, нейросифилис). Нейроспид



бет8/10
Дата29.11.2023
өлшемі82,29 Kb.
#131267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әріпбек Нартай 510Б ОМ Неврология

4. Сифилистік менингомиелит. Ауру түбіршек ауырсынуы мен арқа, құрсақ және парестезия пайда болуынан басталады. Оларға біртіндеп жұлынның зақымдану симптомдары қосылады. Кейбір ауруларда жұлын зақымдануы, басқаларында менингеалдық және түбірлік синдромдар басым білінеді. Ми-жұлын сұйығындағы өзгерістердің сифилистік менингиттен айырмашылығы жоқ.

5. Сифилистік невриттер көптеген жағдайларда радикуломенингеалдық синдроммен байланысты. Қатты ауырсыну, әсіресе түн ортасында, иық өрімінің зақымдануы жиі кездеседі. Полиневрит көріністері де белгі беруі мүмкін.

6. Сифилистік эндоартериит адвентиция мен ми қабықтарында, қан тамырларының ішкі астарлы қабатында білінетін қабыну-өнімдік өзгерістермен сипатталады. Ортаңғы ми артериясы бітелгенде гемиплегия немесе гемипарез, ал негізгі артерия бітелгенде альтернирленген салдану, көру, есту және бульбарлық бұзылымдар пайда болады. Қан тамырларының толық бітелуі бас ауыру, бас айналу, өтпелі парездер мен парестезиялар байқалады. Ұсақ қан тамырларының жайылған сифилистік эндоартерииті бас ауыруымен, есте сақтау және интеллект бұзылуымен, өткінші ми қан ағысы бұзылуымен білінеді.

Алғашқы кезеңде астения симптомдары (шаршағыштық, ашуланғыштық, бас ауыру) басым болады. Аурудың дамуы кезінде ақылдан алжасуға дейінгі психикалық өзгерістер үдей түседі.

7. Ми мен жұлын гуммасы бірнеше күн, апта бойы созылыңқы өрбиді. Ошақтық симптомдар патологиялық үрдістің орталық нерв жүйесі құрылымдарына орнығуына байланысты. Көз түбінде іркілістік құбылыстар жиі байқалады. Мөлдір ми-жұлын сұйығы жоғары қысыммен ағады, онда белок мөлшері көбейіп, аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз білінеді.

Нейросифилис емі

Комплекстік емдеу шараларына антибиотиктер (пенициллин, эритромицин), ауыр металдар (бийохинол, бисмеверол, пентабилмол) және иодты препараттар кіреді. Аса бағалы әдіс ретінде пенициллин мен бийохинолды ұзақ уақыт алма-кезек қолдану ұсынылады. Ем 6-10 курс жүргізіледі.

Иодты препараттар (иодты калий 3,6%, иодты натрий 10%), пирогенал, алоэ, витаминдер (В1, В6, РР) тағайындалады. Нейросифилистің кешеуілдеген түрімен ауыратындарға 1-2 күн аралығында пирогеналдың 250-500-100 минималдық пирогендік дозасын 10-12 рет бұлшық етке жіберіп байқауға болады. Емді әр 2-3 айда қайталаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет