Пререквизиттер - биология, физика, география, экология және адам өмірінің қауіпсіздігі, философия,
мәдениеттану, әлеуметтану.
Постреквизиттер - білім беру бағдарламасының пәндері.
Пән оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған:
қоғамның тұрақты даму мүддесінде экологиялық білім беруді
негіздеу;
қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінде, табиғат дамуының заңдылықтарын зерттеу;
жүйелердің өзін-өзі дамыту туралы заманауи идеялармен танысу, экологиялық дүниетанымды
қалыптастыру;
экологиялық дағдарыстар мен қоршаған орта апаттарының туындау мәселелерін қарастыру;
антропогендік қызмет салдарынан планетада болып жатқан геологиялық қайта даму
мен климаттық
өзгерістерге талдау жасау;
дамытушы экологиялық-білім беру ортасының құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін түсіндіру;
табиғатқа жауапкершілікпен қарау арқылы экологиялық тәрбиені қалыптастыру;
қазіргі қоғамның құндылықтар жүйесіндегі экологиялық мәдениет пен этиканы талдау.