Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мақта  өткелінен  XIXғасырда  Орта  Азиядан  тасыған  кіреші  саудагерлер  Ойыл 
өзенінен  өткен.  Ол  Ойылдың  солтүстік-шығысында,  12км  қашықтықта.  Көкжар 
жәрмеңкесі кезінде маңызды болған (22). 
Тас  өткелі.    Ойыл  өзеннің  Ащы    ойылдағы  өткелі  XIX  ғасырда  Көкжар  (Ойыл) 
жәрмеңкесін  Орта  Азиямен  байланыстырған  керуен  жолындағы  суға  тас  төсеу 
арқылы салынған  керуен жолының торабында жасалған. Өткел Қаратал селосынан 
9км қашықтықта (23). 
      Көпірлер  тек  құрылыс  нысандары  ғана  емес,  ол  сол  жердің  тарихынан, 
мәдениетінен, әлеуметтік жағдайынан хабар беретін дерек көздері. 1736 жылы Кіші 
жүзге  келген  Джон  Кэстль  қазақтардың  судан  өтуін  және  Орынбор  қаласының  Ор 
өзеніндегі қалқымалы көпірі туралы сурет салған (24). 
 Сағыз  өзеніне  XI  ғасырда  салынған  Тас  кешу  көпірінің  жұрнағы  XIX  ғасырға  дейін 
сақталған.  Ескі  Ноғай  керуен  жолы  деп  аталған  Жібек  жолының  бір  тармағы 
Сарайшық  қаласы  мен  көне  Үргеніш  қаласын  жалғайтын  жол  болды.  Осы  жол 
бойында ондаған қалалар мен керуен сарайлары салынып өркендеді.  
     Ол    VIII-XVIII  ғасыр  аралығында  Европа  мен  Азияны  байланыстырған  жол  еді. 
Батыс Қазақстан  аймағында  бұл жолдың  екі тармағы  қалыптасты.  Бірінші  солтүстік 
жол:  Сарайшық  -  Тасқұдық  -  Тас  кешу  керуен  сарайы  мен  көпірі,  Қайнар  бұлағы  - 
Боқаш  әулие  -  Ұшқан  ата,  Мансуалмас  (Қосқұдық)  бекеттері  арқылы  жүрді.  Екінші 
солтүстік жол тармағы: Қосқұдықтың оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Көптам - Сам 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

140
 ~ 
 
және Қарақалпақ жеріндегі Үурұқ - Белеулі - Қосбұлақ - Бұлақ - Үшқұдық - Пулжай - 
Үстірт - Дәукескен - Үргеніш қаласына жеткен. 
      Осы  керуен  жолындағы  керуендерге,  өзендерден  кедергісіз  өтіп,  демалатын 
қонақ  үйлер  қызметін  атқарған  керуен  сарайлар  мен  көпірлер  салынған.  Соның 
ішінде біз айтып отырған Сағыз өзеніне салынған Тас кешу көпірі мен керуен сарайы 
(25). 
      Қазіргі  кезде  бұл  жерде  құрылыстың  қирандысы  ғана  қалған.  Ол  Атырау 
облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай елді мекенінің солтүстік шығысында, 1 шақырым 
жерде  Жетібай  зираты  бар.  Тас  кешу  керуен  сарайын  алғаш  зерттеген  Әлкей 
Марғұлан,  1950  жылы  Батыс  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  (БҚАЭ-1950 
ж.) оның суретін салып, жобасын алды (26). 
 Оны,  Сағыз  өзенінің  сол  жағында,  қыш  кірпіштен  салынған  деп  көрсетті. 
Ә.Марғұланның Тас кешу керуен сарайы туралы ғылыми есебі сақталмаған. Керуен 
сарай  жобасының  сызбасы  бар.  Керуен  сарай  Сағыз  өзенінен  солтүстікте  150метр 
жерде  орналасқан.  Керуен  сарайдың  солтүстік  батысында  400метр  қашықтықта 
Сағыз өзенінде көпір қалдығы сақталған.  
1973 жылы Керуен сарайы мен көпірді  М.Мендіқұлов жан-жақты зерттеген. Көпірдің 
«ұлу  тақта»  тастары  батпақты  өзен  түбінде  жатқанын,  ал  солтүстік  жағасында 
квадрат  қыш  кірпіш  пен  тас  тақта  тастан  жасалаған  тұғыр  тірек  қалдықтары 
жатқанын айтады  (27). 
     Сағыздың  Таскешу  көпірі  туралы  XIX  ғасырда  Л.Мейер  былай  деп  жазды:  «... 
речку  сию  проезжают  по  некоторого  рода  плотно  из  тесанных  белых  камней, 
сделанных  так,  что  вода  поверху  потечет,  имея  глубину  не  меньше  четырех 
вершков.  Строение  по  словесным  традициям  есть  одного  из  Чингиз  хановских 
сынков»(28).  
     Бұл  жерде  судың    көпір  үстіненағып  өтіп,  оны  кешіп  өту  туралы  мәлімет  аңыз 
болуы  керек.  Сол  кездегі  көптеген  тас  көпірлер  сияқты,  Сағыз  көпірі  тастан 
салынып,  астындағы  «аркалардан»  су  ағып  өтіп  жатқан.  Бұндай  көпірлер 
ортағасырлық  кезеңдегі  көпір  жобаларына  тән.  Тас  кешу  көпірі  де,  Тараз 
қаласындағы ( X-XII ғғ.) Талас өзеніне салынған «Тас көпір» жобасына ұқсас болған. 
Салынған уақыты да  X-XII ғасыр аралығы болған болуы керек (29). 
      «Тас  кешу»  көпірі  деп  аталуына  келсек,  бұл  сөзде    «Тас»  -  сөзінің  мағынасы 
түсінікті, көпірге  тақта тастар қолданған. 
      Ал, «кешу» -сөзінің мағынасы судан  кешіп өту деген мағынада айтылады, егер 
көпір болса, суды кешіп өту қажет пе? 
       Л.Мейер айтқандай «..каменный брод Таскешу на р. Сагыз»- дейді (30). Сонда 
таскөпір үстіндегі суды кешіп өту деген мағынада айтылады... 
       «Кешу» - сөзі көне түрік сөзі. Махмұт Қашқари «Түрік тілінің сөздігінде» Кешіш 
Кешиш:  көпір.  Дариядан  не  ағын  сулардан  өтетін  көпір  деген  (31).  Сонда  Кешу  - 
Кәчіш - Кешу, өткел- көпір деген сөз.  
     Сонымен    Таскешу сөзі  -  «тас өткел, көпір» деген сөз болады. Ол сонау түркі 
кезінде  XI  ғасырларда  салынған  болса  керек.  «Тас  кешу»  көпірі  де  заманында 
маңызды  нысан  болған.  Қазіргі  кезде  Сағыз  өзеніндегі  «Тас  кешуі»  орнында  қыш 
кірпіш сынықтары ғана қалған. 
Тастан  көпір  салу  X-XI  ғғ.  аралығында  Ұлы  Жібек  жолы  өзінің  өркендеу  шегіне 
жеткенде,  өзендерге  жаппай  салына  бастаған.  Осы  кезеңде  Талас  өзеніне  «Тас 
көпір» (32), Қожа Ахмет Яссауи бабамыз өтті деген Сырдариядағы «Тас өткел» (33), 
Шу өзеніндегі «Тас өткел» (X-XIIғғ.) салынған (34).  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

141
 ~ 
 
Жем,  Жайық,  Еділ  өзендеріне  де  тас  көпірлер  салынған,  бірақ  олардың  орны  әлі 
белгісіз  (35).  Тас  көпірлер  жағасы  тұрақты  су  шаймайтын  қатты  жерлерге  ғана 
салынған. Сарайшықта  «тас көпірдің» салынбауына осы себеп болған.  
Көпірлер  керуен  сарайы  сияқты  табыс  көзі  болған.  Сарайшықтағы    «қалқымалы 
көпірден»  өтетін  жүздеген  керуендер  қала  қазынасын  толықтырып,  қаланың 
өркендеуіне  әсер  еткен  Көпірлерден  керуендер  ғана  емес,  көшіп-қонып  жүретін 
көшпенді  ру-тайпалардың  мыңдаған  адамдары,  мал  жаны  да  өтетін  болған. 
Көпірлердің  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  маңызы  өте  зор  болған.  Көпірлер  
сәулет  өнерінен,  мәдениетінен,  тарихынан  хабар  беретін  дерек  көзі  болып 
табылады. 
 
                                                  Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Қоңыратбаев  Ә.,  Қоңыратбаев  Т.    Көне  мәдениет  жазбалары.  (ИбнФадланны 
Еділге саяхаты).  А., 1991. 353 бет. 
2.  Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т.  Көне мәдениет жазбалары... 360 бет. 
3.  Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т.   Көне мәдениет жазбалары ... 361 бет. 
4.  Оғыз-наме. А., 1986. 42-43 бет. 
5. Қоңыратбаев Ә.  Қазақ фольклорының тарихы. А., 1991. 79 бет 
6. Ержанов Ұ.  Ақжайық өңірінің топономиясы. А., 2001. 30 бет. 
7. Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі. (Диуани лұғат-ат түрік ). А.,1997.І том. 426 
бет. 
8.  На стыке континентов и цивилизации. М. 1996. с.27. 
9.  Ибрагимов Н. Ибн Батутта и его путешествия по Средней Азии. М., 1988.   с.6. 
10. Мұрат. А., 2001. 129 бет. 
11. Атырау энциклопедиясы. А., 2000. 233 бет. 
12.  Атырау  облысының  топономиялық  атауларының  анықтамалығы.  Атырау,  2006. 
54б. 
13.ЛевшинА.И.  Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-кайсацкиорды  степей.  А., 
1996. с.109.  
14.  Ержанов Ұ. Ақжайық өңірінің топономиясы. А., 201. 3 бет. 
15.  Мұрат Мөңкеұлы. Тарихи тұлғалар. А., 2004. 51 бет. 
16.  Мұрат. А., 2001. 132 бет. 
17.  Мұрат Мөңкеұлы. Үш қиян... 15 тарау. 
18.  Мұрат Мөңкеұлы. Үш қиян.. 71 тарау. 
19.  Шынияз Шынайұлы. Әрі де бері толғайын. // Алқаласа әлеумет. А., 1991. 93 бет. 
20.  Жылой энциклопедиясы. Атырау, 2005. 
21.  Қоңыратбаев Ә.  Қазақ эпосы және түркология. ... 167 бет. 
22.  Ақтөбе энциклопедиясы. Ақтөбе, 2001. 544 бет. 
23.  Ақтөбе энциклопедиясы ... 666 бет. 
24.  ДжонКэстль.  Дневник  путешествияв  году  1736-м  Оренбурга  к  Абулхайру 
хануКиргиз  -  Кайсацской  Орды.А.,1998.рис.7.;  Есмағамбетов  ККөне  Қазақстанды 
көргендер. А.,1979.  
25. Археологическая карта Казахстана. Алма-Ата, 1960. №350.  с. 367. 
26.  Материалы Западно-Казахстанской экспедиции.1950 г. 
27. МендикуловМ. Памятники народного зодчества Западного Казахстана.А.,1987.с. 
29-30. 
28.  Мейер Л. Киргизская степь Оренбурского ведомства. СПб. 1865. с.109. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

142
 ~ 
 
29.  Касенов  М.С.  Средневековый  Таразской  мост.  //Хабаршысы.  Атырау 
мемлекеттіуниверситетті. Атырау,  2005. 1 (1). 44 бет. 
30.   Мейер М. Киргизская степь ... с. 109. 
31. Махмұт Қашқари.Түрік тілінің сөздігі. (Диуани лұғат-ат түрік) А.,1997. 1-том. 426 
бет. 
32.  Касенов  М.С.  Ортағасырлық  Тараз  қаласының  тас  көпірі.  ХҚТУ.  Хабаршысы. 
Түркістан, 2004. 
33.  Айтжанов  Б.,  Қайрат  Әлімбек.  «Қорасанға  қой  айтып…»  жүргендегі  Әбдіжәміл 
баба кім ? // Қазақ әдебиеті.  № 40(2940). 10.2005. 14 бет.  
34.  Елеуов М. Шу мен Талас өңірінің орта ғасырлық қалалары. (VI-XIIғ.). А., 1998. 
30 бет. 
35.  Тарихи тұлғалар. А., 2004. 3 тарау. 
 
Резюме 
Статья посвящена  средневековым  мостам  Западного  Казахстана.  С  древних 
времен  для  беспрепятственного  прохождения  рек  людьми  сооружались  мосты  и 
переправы. 
Для 
этого 
использовали 
различные 
материалы, 
достижения 
строительства и архитектуры.
 
 
Summary
 
ThisarticleisdevotedtothemedievalbridgesofWestKazakhstan.  From  ancient  times 
people built bridges and  crossings. People  used  different materials  and  achieves of  
construction and architecture for that purpose.
 
 
 
ӘОК 81.08 
 
А.Х. Қалиева  
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
КОМИЗМ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Аннотация  
Мақалада  комизм  жүйесінің  тілдік  тұрғыдан  зерттелуі,  жалпы  орыс,  француз, 
ағылшын  тілдерінде  тереңірек  зерттелгендігі,  ал  қазақ  тілінде  әлі  толық 
зерттелмегендігі  айтыла  келіп,  комизм  табиғатын  қазақ  тілінде  тілдік  тұрғыдан 
зерттеген ғылыми жұмыстарға тоқталып өтілген. 
 
Адамзат жаратылысында  тіл  айрықша маңызды  рөл  атқаратыны  белгілі.  Тіл 
адамдардың  жай  ғана  қарым-қатынас  құралы  емес,  оның  ішкі  құрылымдары  мен 
жүйелері  тым  күрделі  және  олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  көп  деңгейлі 
құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат 
беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген 
көзқарас,  сезімін,  субъективті  қарым-қатынасын  тіл  арқылы  жеткізіп  отырады. 
Қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық құрамының негізгі арқауы - сөз. Сөзді 
қадірлеп, оның мән-мағынасын терең түсіне білген халқымыз ойды құбылтып, сөзді 
саралап,  күлкіні  ұштай  білген.  «Күле  білу  -  өмір,  күлдіре  білу  -  өнер,  күлкі  болу  - 
өлім»  -  дейді  Сейіт  Кенжеахметов.  Расында,  күлкінің  құдіреті  күшті.  Қазақ 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

143
 ~ 
 
ойындағысын  орайлы  әзілмен,  астарлы  қалжыңмен-ақ  жеткізіп,  «Әзілің  жарасса 
атаңмен ойна» деп әзіл-қалжыңды, күлкіні терең түсінген. 
Қазақ  жерінде  болып  қайтқан  белгілі  орыс  сатиригі  М.Зощенко:  «Қазақ 
халқы күлкі мен қалжыңның, әзіл мен сықақтың отаны екенін аңғардым. Әзіл - қазақ 
халқының  табиғи,  төл  қасиеті  екенін  оның  ауызша  прозасы  одан  әрі  дәлелдей 
түседі»  деген  екен.  Сонау  есте  жоқ  ескі  заманнан,  яғни,  айлакер  Алдар  Көсе  мен 
Қожанасыр  әпендіден  басталатын  қазақ  сатирасы  қай  кезеңде  болсын,  өзекті 
мәселелерді қозғап отырған. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен қазақ халқының 
әзіл-сықақ,  күлкі  табиғатына  берген  анықтаманы  кездестіреміз.  Ғалым  «Күліс»  деп 
алып,  оны  екі  түрге  шын  күлкі,  сын  күлкі  деп  бөлсе,  Т.Қожакеев  «Күлкі  деген  не? 
Күлкі  –  адамның  өмір  серігі»  дей  келе  күлкінің  пайда  болуының  екі  түрлі  себебін, 
яғни  қуаныш  күлкісі  және  келемеж  күлкісі  көрініс  табатынын  айтады.  Жандалбаса 
күлкі, қылжақ күлкі, қуаныш күлкілеріне арнайы тоқталып өткен. 
В.Я  Пропп  «Проблемы  комизма  и  смеха»  атты  еңбегінде:  «Почему  только  человек 
может  смеяться,  мы  сейчас  подробно  объяснять  не  будем.  Животное  может 
веселиться,  радоваться,  может  даже  проявлять  свое  веселье  довольно  бурно,  но 
оно не может смеяться» деген [3,12]. 
Яғни,  кулкінің,  әзілдің  адамға  ғана  тән  екенін,  адам  бар  жерде  әзіл-
қалжыңның , күлкінің, сатира мен юмордың бар екенін және комизмнің әр халықта 
өзінше көрініс табатынын аңғаруға болады. 
 
Сатираның  шығу  тарихын  ғалымдар  әр  түрлі  түсіндіреді.  Д.Н.Ушаковтың 
редакциялауымен басылған  «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» : «Сатира – өмірдің 
жағымсыз  құбылыстарын  күлкілі,  келемеж  түрде  көрсететін  әшкерелеуші  әдеби 
шығарма»  деп  жазылған.  Әдебиет  зерттеушілерінің  пікіріне  көз  жүгіртіп  отырсақ, 
сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс , құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз 
мінез-қылық,  әдеп-тәртіптерді  әшкерелеп,  күлкіге  жығу  ниетімен  жазылатыны 
жөніндегі  пікірлері  бір  арнаға  саяды.  Сатира  да,  юмор  да  –  сын  құралы,  сын  мен 
өзара  сынның  әдеби  түрі.  Екеуінде  көңілсіз  көріністерді  сынап-мінеп,  тәлкек  ететін 
қабілет,  қасиеті  бар.  Максим  Горькийдің  айтуынша  юмор  да  ақымақтарды  күлдіру 
емес, күлкіге жығып, келекелеу үшін қажет. [2,22] 
Юмор мен сатира жанр ретінде  әдебиет тұрғысынан кең зерттелген.  Бұған 
дәлел  ретінде  сатира  жанрының  жілігін  шаққан,  оны  тұңғыш  болып  зерттеген 
Темірбек Қожакеевтің «Сатиралық жанрлар», «Сатира - күштілер қаруы», «Сатира - 
тәрбие құралы», «Сатира негіздері» секілді көптеген кітаптарын, Т.Шаңбаев «Мысал 
жанрының  стилі  мен  тілі»,  А.Мұсаев  «Қазақ  прозасындағы  сатира  мен  юмор 
поэтикасы» еңбектерін және т.б зерттеушілерді айтуға болады.  
Комизмнің  жалпы  теориялық  жайттары  орыс  тіл  білімінде  А.В.Луначарский, 
М.М.Бахтин, Л.И.Тимофеев, Ю.Б.Борев, Б.Дземидок т.б. ғалымдардың еңбектерінде, 
ал  комизмнің  тілдік  мәселелері    В.В.Виноградов,  Л.А.  Булаховский,  Р.А.Будагов, 
А.И.Ефимов, 
А.А.Слонимский, 
Е.А.Земский, 
А.А.Щербина, 
В.И. 
Вакуров, 
В.Ф.Виноградова, 
Г.С.Покрасс, 
П.Б.Коржеваның 
еңбектерінде, 
комизмнің 
лингвистикалық 
тәсілдерінің 
ерекшеліктері 
И.В.Арнольд, 
Е.В.Максименко, 
И.А.Багдасарян, т.б зерттеушілердің еңбектерінде зерттелген. 
Ал  комизм  табиғатын  тілдік  тұрғыдан  зерттеген  ғылыми  жұмыстар  ретінде 
мына  еңбектерді  атап  өтуге  болады:  француз  тіл  білімінен  басталған  сөзойнатым 
(каламбур)  құбылысын  зерттеген  В.Х.Багдасарян    мен  А.Ю.  Шашурина;  ағылшын 
тіліндегі табиғатын зерттеуші С.А.Колесниченко; орыс тіліндегі табиғатын зерттеуші 
академик Л.А.Булаховский; Е.В.Вареник, С.А.Лукьянов.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

144
 ~ 
 
Сатираның  да,  юмордың  да  негізіне  жататын  комизм  құбылысы    тілдік 
тұрғыда    әлі  толық  зерттелмеген.  Комизм  табиғатын  қазақ  тілінде  тілдік  тұрғыдан 
зерттеген  ғылыми  жұмыстар  ретінде  мына  еңбектерді  атауға  болады:  А.  Салихова 
«Қазақ  тілінде  комика  тудырудың  тілдік  табиғаты»,  Мәуленова  Баян  «Қазақ 
сатирасының  тілі»  ,  Ибраева  Гүлбаршын  «Сықақ  жанрында  қолданылатын  тілдік 
амал-тәсілдер»  т.б.  Қазақ  тіл  білімінде  комизм  жүйесін,  комика  тудырудың  тілдік 
табиғатын зерттеуші А.Салихова: «Комизм тілде арнайы түр арқылы көрініс табады.  
Бұндай  комикалы  түр  әр  түрлі  боп  келеді.  Мысалы,  юмор  –  комизмді  қабылдау 
бейімділігі,  ал  сөз  тапқырлық  талант  пен  юморды  туғызады.  Юмор  жылы  әзіл, 
жұмсақ күлкі болса, сатира – өткір сын, әжуа, кекесін» - деп анықтама бере келіп, 
қазақ  тілініндегі  комика  тудырудың  тілдік  құралдары  мен  көркемдік  тәсілдерін 
айқындау арқылы бұл құбылыстың лингвистикалық табиғатын жүйелеген. 
Жалпы,  комизм  табиғатына  үңіле  отырып,  оның  әдебиет  тұрғысынан  жан-
жақты  зерттелгенін,  ал  тілдік  тұрғыдан    әлі  де  зерттеу  қажет  екендігін,  қазақ  тіл 
білімінде ғалымдар назарынан тыс қалып келе жатқаны аңғарылады. 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Т.Қожакеев. Сатира негіздері. Алматы,1999 
2.  Т.Қожакеев. Сатира - күштілер қаруы.1985. 
3.  Я.Пропп. Проблемы комизма и смеха. М.Искусство,1976. 
 
Резюме  
В этой статье рассматривается исследования природы комизма. 
 
Summary  
In this article research is examined nature of the comic element. 
 
 
 
ӘОК- 7.021 
 
Г.К.Кәрімжан 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
БЕРІК ҚОРҚЫТОВТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ШЕБЕРЛІК ҚЫРЛАРЫ 
 
Аңдатпа  
Мақалада  автор  Б.Қорқытовтың  публицистикалық  туындыларын  қарастыра 
отырып,  шеберлік  қырларына,  тақырып  таңдай  білу  ерекшелігі,  тілдік,  стилдік, 
жанрлық қолданысына  талдау жасайды.  
 
Кілт сөздері: публицистика, журналистік шеберлік. 
 
Қазақтың  белгілі  қаламгері,  драматург-жазушы  Берік  Қорқытов  –
публицистикаға өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген журналист.
 
         «Әрине, қалам ұстағанның бәрі ел жадында қала берердей жақсы журналист 
атала бермейді.Мұның өзі аталмыш мамандықтың қиындығын әйгілері ақиқат.Жақсы 
журналиске қандай қасиет тән? Нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде, ең 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

145
 ~ 
 
әуелі алдындағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек: қарақан бастың қамынан гөрі 
ел мүддесі, халық тағдыры, оның өткені, бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында 
тұруы-басты  талап.»  /1/  Бұл  аталғандардың  барлығы    журналистің  ұшқырлығының 
шыңдалып, танымалдылығының өсуіне қажетті алғышарттар болып табылады.Соның 
ішінде,  журналистке  ең  бірінші  керек  нәрсе  шеберлік.  Мұны  тақырып  аясында 
зерделесек,  қаламгер  талабының  биіктігінен  хабар  береді.  Яғни,  Гурьев  облыстық 
газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшылыққа 
дейінгі 
қызмет 
бабын 
құрықтаған 
Б.Қорқытовтың 
журналистік 
шеберлік  
қырларының аршылмаған қатпарлары мол. Бұл ретте журналистің табысқа жетуінің 
ең  басты  факторының  бірі  -тақырыпты  дұрыс  таңдай  білуінде.  Мәселен,  «Гоголь 
образы»  («Социалистік  құрылыс»,1952  жыл),  «Бейбітшілік  сәулеті»  («Социалистік 
құрылыс»,1952  жыл),    «Жалынды  үгіт-табыс  кепілі»  («Социалистік  құрылыс»,1956 
жыл), «Алымды актер» («Қазақ әдебиеті»,1963 жыл), «Озат тәжірибе-көпке ортақ» 
(«Социалистік құрылыс»,1965 жыл), «Алғашқы редакторым» («Қазақ әдебиеті»,1993 
жыл),  «Соңғы  правитель»  («Қазақ  әдебиеті»,1999  жыл),  «Театр  тарланы»  («Қазақ 
әдебиеті»,  2004  жыл)  т.б.  әр  жылдары  жарық  көрген  материалдардың  қай-
қайсысына үңілсек те өмірдің қайнаған ортасынан алынған, дәйегі тың, автордың ой 
елегінен  өткізілген,  жарияланымға  негізгі  өзек  бола  алатын,  толғақты  проблеманы 
немесе  нақты  деректі  тақырып  ете  алғаны  байқалады.  «Белгілі  бір  тақырып 
бойынша  жарияланым  жасау  дегеніміз  айтуға  оңай  болғанымен  іс  жүзінде  өте 
күрделі  іс.  Ол  үшін  журналист,  публицист  өзіне  жоғары  талап  қоя  білуі  керек.  Ең 
бастысы 
автордың 
өз 
туындысына 
деген 
сыни 
көзқарас, 
ұқыптылығы 
керек./2/Тақырыптың  ашылуы,  жетік  түрде  өңделуі,  толықтырылып  жетілдірілуі 
Б.Қорқытовтың  қай  жариялымында  болмасын  ұдайы  көрініс  табады.  Мәселен, 
публицист  «Қауіпті  сапар»  («Социалистік  құрылыс»,1952  жыл)  мақаласында 
тақырып  таңдауда,оның  берілу  жолында  шеберлік  танытқан.Ең  бірінші  газет  бетін 
ашып  қалғанда  аталмыш  тақырыпты  оқыған  адам  бей-жай  қалмайтыны  рас. 
Алдымен  ойға  келері  сапарнама.  Анау-мынау  емес  журналистің  өзі  қауіпті  көзімен 
көріп,  Германияда  болып  қайтқан  ба  деген    пікірде  қаласыз.  Өйткені  мақаланың 
басы  да  осылай  басталады:  «..Неміс  халқының  төзімділігі  темір  іспеттес. 
Германиядағы бұл қақтығысты көріп расымен таңғалдым. «Қауіпті сапарға» шықпас 
бұрын шет елдегі жағдайдың осыншалықты ушығып тұрғанын білмегенде едім... дей 
келе автор не айтқалы отырғанын біртіндеп баяндайды. Жариялымды әрмен қарай 
жалғастыра оқыдық: «..Қазір облысымызда өтіп жатқан «Қауіпті сапар» фильміндегі 
Гесталоның баяны осылай басталады. Фильмді Германияның «Дефа» киностудиясы 
шығарған...»-  деген  жолдарына  көз  жүгірте  отырып,  мәселенің  мәнісін  ұғынғандай 
боласыз. Демек хабардың берілу формасы, тақырып таңдаудағы ерекшелік те айқын 
байқалады.    Рас,сол  кездегі  баспасөз  беттерінде  осы  тектес  хабар  жанрындағы 
жариялымдар  жиі  жазылған-ды.  Бірақ  дәл  мұндай  етіп  атауын  қоя  отырып, 
мақаланы  оқыту,  оқырманға  ой  сала  білу  шынымен    тақырыптың  көтерер  жүгінің 
салмағы  ауыр  екенін  тағы  бір  дәлелдеп  отыр.  Осы  іспеттес  «Жер  астындағы 
колония»  (Р.Алмағанбетовпен  бірге,  «Социалистік  құрылыс»,  1952  жыл),  «Украин 
искусствасы  туралы»  (  «Социалистік  құрылыс»,  1952  жыл)  т.б.  мақалалары 
оқырманын  қызықтыра  тартып,  журналистің  түп  негізінде  қозғаған  қоғамдық-
идеологиялық  мәселесінің  тігісін  сөкпей  жеткізеді.  Бір  жағынан  алып  қарағанда 
мұндай  жариялау  үрдісінің  үлкен  белең  алып,    соны  сипат  танытуы  публицистің 
кәсіби  шеберлігін  байқатады.  Ал,  жалпы  күрделі  де  күрмеуі  мол  шеберлік 
мәселелерін  зерттеуші  Б.И.Бурсов  былай  түсіндіреді:  «Шеберлік  -  өз  ісіңді  шебер 
меңгеру,  қандай  жағдайда,  қандай  кезеңде  болсын  еңбегіңнің  жемісті  шығуына 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

146
 ~ 
 
жетіле  беру  керек    деген  сөз.Шеберлік  дегеннің  өзі  істің  мәнін  айқын  түсіну, 
жазайын  деп  отырған  шығарманың  мазмұнын,  бағытын,  атқаратын  міндетін  жан-
жақты  айқындап,  оны  терең  және  нәзік  сезіну,  сөйтіп  көздеген  мақсатқа  жету 
жолында  мамандықтың  әр  түрлі  әдіс-тәсілімен  меңгере  білу»/
3/.  Демек,  шеберлік 
дегеніміз-  әрқайсысы  бөлек  мақсат  та,  мазмұн  да  емес,  керісінше,  бұлардың 
барлығын  да  тұтас  қалпында  жан-жақты  терең  меңгеру  деген  сөз.  Бұл  ретте 
Б.Қорқытов  мақалаларындағы  көтерер  жүгі  ауыр  тақырыптың  дұрыс  таңдалуы, 
мазмұнның ашылуы, материалдың жеткілікті түрде өңделуі, тілдік-стильдік тұрғыдан 
ұтымды  баяндалуы    жіті  байқалады.        Әсіресе,  оның    ақпарат  таратудағы 
жеделділік, дәлдік, деректілік, шынайылық, нақтылық, анықтық талаптарын алдына 
басты  мақсат  етіп  қойғандығын  аңғаруға  болады.  Әлбетте,  шынайы  ақпарат 
дегеніміз  –қоғамдық  өмірге  сай,  аудитория  қабылдап  алып,  ой  елегінен  өткізген 
ақпарат.  Ол  шындықтың  адам  санасындағы  көрінісі.  «Ақпарат  тарату  дегеніміз-
белгісіз  бір  құбылыстардың  ақиқат  деректерді  алып,  қоғам  санасына  құю.Ақпарат 
шынайы  өмірді  нақтылай  көрсетуі  мүмкін,  немесе  жалған  боямалап  көрсетуі  де 
ғажап  емес.  Ақпараттың  қандай  болатындығы    ақпарат  таратушыға,  яғни, 
журналистке тікелей байланысты»/4/. Бұл ретте журналистің өзгерте алмайтын бір 
нәрсесі шындықтың  көзі-фактінің өзі.Факт дегеніміздің өзі латын тілінен аударғанда 
болған оқиға, кәдімгі жүзеге асқан құбылыс деген мағынаны білдіреді.Әлбетте, факт 
өмірдің  кез-келген  саласында  кездеседі.Құрылыстағы  кірпіштің  саны,  қанша  үйдің 
салынып  біткені-соның  бәрі  факт.Журналист  тіркеп  алған  факт  ақпаратқа 
айналады.Ал  ақпарат  дегеніміз-/латын  тілінен  аударғанда  түсіндіру,  баяндау, 
хабардар ету деген мағынаны білдіреді/ істің мән-жайы, қандай да болмасын оқиға 
немесе  біреудің  қызметі  туралы  мәлімет  беру,  хабар  тарату.Демек,  болмысты 
шындыққа  айналдырып,  оқиғаның  болғанын  растайтын,  қандай  да  бір  құбылыстың 
болып өткенін баяндайтын дерек. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, – Б.Қорқытов 
қоғамға  қызықты,  қажетті  тақырыпқа  байланысты  жаңа  ақпарат  табу  және  оны 
неғұрлым  шапшаң,  тез  уақыт  аралығында  қалың  бұқараға  жеткізу  сынды  басты 
ұстанымға  иелік  еткен.Мәселен,  1952  жылдың  25  мамырында  журналистің 
«Социалистік  құрылыс»  Гурьев  облыстық  газетінің  кезекті  санында  «Каналдан  су 
жүре  бастады»  деген  тақырыппен  мақаласы  жарық  көрді.  Онда  «25  май  күні  су 
жіберіледі  деген  хабар  құрылысшыларды  шеткен  тыс  қуанышқа  бөледі.  «Соколок» 
каналының  құрылысына  бүкіл  облыс  жұртшылығы    жұмылуда.Әсіресе  Ембі 
мұнайшыларының көмегін атап өту қажет» -дей келе бұл қуанышты хабарда канал 
маңында  жүргізіліп  жатырған  істер  төңірегінде  егжей-тегжейлі  әлі  де  ақпар 
беретіндігін  жазады.  Артынша  газеттің  7  маусымында  шыққан  санында  «Канал 
құрылысындағы  кейбір  кемшіліктер»    деген  желеумен  Соколок  каналының  маңызы 
туралы  тағы  да  жаза  келе  :  «Қазірге  дейін  канал  35  мың  гектар  жер  суландырды. 
Толық  қуатына  жету  25  маусымға  көзделген,  алайда  біраз  кемшіліктер  орын  алып 
отыр»-  деп  мәселенің  байыбына  жетуге  ұмтылады.  Ащы  шындықты  ту  қылып 
ұстаған  Б.Қорқытов  негізгі  кемшіліктерді  мақала  барысында  деректермен 
дәйектейді:  «...Ең 
алдымен,  механизм  күштері  дұрыс  пайдаланылмайды. 
...Құрылысшыларды  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  аз.......»-деп  ушығып  тұрған 
проблемалар  көзін  тізбектей  келе,  мәселенің  түйінінде  облыстың  штаб  мүшелеріне 
оң  қөзқарас  танытып,  бәрін  өз  бақылауларына  алуын  өтінеді.    Демек,  бұдан 
түйіндеріміз  автордың  оқиға  туралы  алғашқы  дерек,  жедел  берілген  шағын 
ақпараты  жан-жақты  талданған,  түбегейлі  зерттелген  материалдың  негізіне 
айналғанын  байқаймыз.  Фактілер  бұрмаланбай,  өзгеріссіз  қалуы  мақаланың  саяси 
әрі  психологиялық  маңыздылығын  да  дәйектей түседі.  Сайып  келгенде,  тілдің  ғана 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

147
 ~ 
 
емес, ойдың  айшығы, қызыл сөздің емес, сараптаудың шеберлігі, сапырудың емес, 
сапаның  есебі  қажеттігін  дәлелдеген  Б.Қорқытовтың  бұл  тағы  бір  журналистік 
ұтымдылығы.  «Журналистің  ең  абзал  қасиеті-оның  шыншылдығы,  қандай 
қиыншылық  пен  кемшілік  болса  да,  жасырмай,  бүкпей  айтатындығы.Сондықтан  біз 
болып жатқан оқиғалар мен фактілерді жете тексеріп алып, әбден байыбына барып 
баяндауға тиіспіз.Бұл төңіректе  ақпаратты оперативті, жедел шығару керектігіндегі 
асығыстық  пен  шалағайлық  материал  әзірлеушінің  өзін  де,  бүкіл  редакция 
коллективін  де  ыңғайсыз  жағдайға  душар  ететінін,  ұятқа  қалдыратынын  біз 
тәжірибеден  жақсы  білеміз»/5/,-  деп  журналист-жазушы  Т.Ыдырысов  атап 
көрсеткеніндей, Б.Қорқытовтың әрбір жариялымын мұқият, үлкен  жауапкершілікпен 
сезіне  отырып,  жіті  қадағалағанын  көреміз.  Айталық,  1951  -1970  жж.  аралығында 
жарық  көрген  мақалаларында  деректі  публицистика  арқылы  жай  түсіндіруден 
бастап,  қоғамдық  маңызы  бар  ірі  проблемаларға  дейін  қозғаған.  Өзекті 
проблемаларға  жауап  іздеудің  соңы  публицист  көзқарасын,  тұщымды  пікірін 
байқатып,  сарабдал  сараптамада жиі  орын  алып отырған.   Тіпті,  оның  өзіндік  әдісі 
мен  мазмұны,  пішіні  бар.  Жариялымдарының  негізгі  принциптері  –  халықтығы, 
насихаттаушылығы,  шыншылдығы.  Оның  публицистикалық  шығармалары  фактінің 
негізінде,  өмірдің  терең  тамырларынан  туындайды.  Әрине  мақаланың  тартымды 
болуында  факті  шешуші  роль  атқарады.  Өйткені,  публицистикалық  шығарманың 
құндылығы автордың сезімталдығы мен үрдісіне, шыншылдығы мен объективтілігіне 
байланысты. Мәселен, «Теңізде төл алу науқанына басшылық нашар» («Социалистік 
құрылыс», 1952 жыл), «Қосшағылда қыс болмай ма?» («Социалистік құрылыс», 1953 
жыл)  сыни  мақалаларының  толыққанды  болуында  автор  үрдісі  ерекше  роль 
атқарады. Фактіні объективті талдаудың өзі оны түсіндіріп жатпай – ақ оқырманның 
өзін белгілі бір қортындыға еріксіз итермелейді және публицистикалық шығармадан 
әркім  өзінше  шынайы  қорытынды  жасайды.  Сыни  мақалада  («Теңізде  төл  алу 
науқанына басшылық нашар»)  «..Теңіздегі қарбалас тірліктің сойылын бірге соғуға 
тілектес  ниет  білдіріп  жолға  шықтық.  Қызыл  Армия  колхозының  председателі 
Қитарбаев жолдасты басқарма кеңсесінен кездестіріп, төл алу науқанының барысы 
туралы  мәліметпен  сырттай  таныстық.Бізбен  әңгімелескенде  Қитарбаев  жолдас: 
«Төл  алу  науқанының  барысы  жақсы-төл  үйлеріміз  бар,»  -деген  қуанышты  хабар 
жеткізді.  Әңгімеден  кейін  мал  фермаларын  аралауға  жүріп  кеттік.Колхоздың  сегіз 
жерде  отары  бар...»  деп,  әрі  қарай  осы  отарларға  жеке-жеке  тоқталып,  әңгіменің 
ауанына  көшеді.  Автор  очеркінде  бұл  фермалардағы  адам  өмірінің  эпизодын 
қарапайым,  қалың  көпшілікке  түсінікті  тілмен  баяндап,  мақалада  айшықты,  жатық, 
бейнелі  өзіндік  стилін  қолданады.Очеркші  өмірдің  қайнаған  ортасында  жүрген, 
болмыс-бітімі  үлгі-өнеге  боларлық  малшылардың  өлшеусіз  еңбегін  суреттей  келе, 
Теңіздегі  төл  алу  науқанындағы  басшылық  тарапынан  жіберілген  көптеген 
кемшіліктердің  бетін  ашып,  ақиқатындағы  қыр-сырын  қаузайды.  Сөз  соңында 
«..Жергілікті билік өкілдері білмейді деуге болмайды, олар нашар басшылық етеді» 
деп  өз  ойын  түйіндейді.  Мұндай  проблемалық,  жолсапар  очерктері  жанрында 
журналист  көп  қалам  тербеген.  Әрине,  50-ші  жылдардан  бастап    қазақ 
публицистикасы  негізінен  очерк  түрінде  дамығанын  ескерсек,  очерк  жазудағы 
Б.Қорқытовтың  шеберлігі,  нақтылығы,  сөз  саптауы,  бейне  жасау  шеберлігін  атап 
өтпеуге  болмайды.  Бір  шындықтың  басы  ашық,  әр  очеркшінің  өзіне  тән  мәнері, 
суреткерлік  тегеуріні  бар.Бір  очерк  ұшқыр  ой  түйіндеулер,  шешендік  сөздермен, 
табиғат суреті мен адам бейнесін мүсіндеумен ерекшеленсе,кейбірінде оқиға желісі 
белгілі  бір  жүйемен  өрбіп  отырады.Ал,  Берік  Қорқытов  көбіне-көп  баяндау  тәсілін 
жиі  қолданады.  Мәселен,  оның  «Бүгінгі  Тайсойған»  мақаласын  назарымызға  алсақ 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

148
 ~ 
 
(«Социалистік  құрылыс»,1953  жыл)    барлық  оқиға  күнделік  формасында  автордың 
өз атынан баяндалып отырады.Айталық, «Бір жағдай себеп болып мен Тайсойғанға 
келдім» 
деуі 
аталмыш 
туындының 
очерктік 
стильде 
басталуын 
айқын 
аңғартады.Өйткені, қашанда очерк мүмкіндігінше алғашқы сөйлемнен-ақ кісіне өзіне 
тартып,  елең  еткізе  алса,  әрі  қарай  міндетті  түрде  оқылады  деген  сөз.Ал  мына 
сөйлемнің  мәнісінен  біз  осы  талапты  бірден-ақ  көргендей  боламыз.Иә,  әлдебір 
себеппен Б.Қорқытов Тайсойғанға келген екен....Ендеше одан әрі не болмақ, деген 
бір  сауал  оқырман  санасында  жылт  етері  анық.  Демек,  автор  тосын  бір  ойдың 
ұштығын  шығарып,  соның  кейінгі  жайы  не  боларына  оқырман  назарын  аударып 
алды.Бұл  әрі  тапқырлық  әрі  өзіндік  ұтымды  тәсіл.  Бір  сөйлемнің  өзі  оқырманын 
жібермей  ұстап  қалуға  себепкер  рөл  атқарып  тұр.Нағыз  қаламгер  көңіл-күй, 
психологиялық сәттерді берсе керек. 
     Немесе  мынаған  назар  аударыңыз.  Қазіргі  мен  өткенді  шендестіру  де  очерк 
талаптарының бірі. Б.Қорқытов оны да творчестволық тұрғыда бейнелейді: 
 «Шұрайлы кең қоныстан жер тимеген бұл шұбырынды халықтың қоныс іздеп үдере 
көшкеніне  бүгін  үшінші  күн..Бұл  Октябрь  революциясына  дейінгі  Тайсойғандағы 
көшпелі кедейлердің көрген күндерінің бір көрінісі еді...Қазір Тайсойған танымастай 
болып өзгерген..» 
Мұндай  бейнелі  түрде  елестете  баяндай,  әрі  суреттей  отырып  хабарлау  
Б.Қорқытовтың «Жер бетіндегі Жұмақ», «Москва түбіндегі колхоздың стендасында» 
дейтін очерктерінен де көп кездестіреміз. 
       Сол  Мәскеудегі  сапары  бұл  да  очерк  дерегін  айқындайтын  нәрсе:  «Мәскеуде, 
асылы, Тула, Ризань, Калуга және Брянск облыстарының әрқайсында болса да озат 
механизаторлар  бар.  Соның  ішінде  бәрінің  назарын  аударған  Ременск  ауданының 
Молотов  атындағы  колхозының  стендасы...»  дей  келе  очеркте  адам  өмірі, тағдыры 
да қоса суреттеп отырады.Сонымен бірге көптеген адамдардың және тұрғындар мен 
өздері  жолыққан  Молотов  атындағы  колхоздың  еңбекте  озат  тұрғындары,  мінезі, 
сөйлеу мәнерлеріне де Б.Қорқытов зер салып, мән берген.Оларды очерк ішінде аты-
жөндерін  айта  отырып  бейнелейді.Тіршілік,  өмір  сүрудегі    салты,  еңбек  өнімділігін, 
өнім өндірісін алға жылжытудағы ерліктері жайлы баян етеді. 
         Дәл  осылай  тізбектеп,  тармақтар  болсақ,  тағы  да  басқа  еңбектерінің  қай-
қайсын  алып  қарасақ  та  құжаттық  деректермен  өмірлік  фактілерге,  тарихи 
шындыққа  негізделген  шығармалар.  Демек,  Б.  Қорқытов  мақалаларының 
шынайылығы,  өзгеге  ұқсамайтын  өзіндік  сарыны  бар  -  журналистік  шеберлік 
қырларының негізгі сыры да осында.  
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.Амандосов  Т.Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы. 
Алматы: Мектеп, 1974, 151б. 
2. Нұршайықов Ә.Мен журналистпін.Алматы: Жазушы, 1978,  60 б. 
3. Бурсов.Б.Журналистика и аудитория-Москва: Логос, 1976, 85 б. 
 қалыптастырушы-ҚазҰУ Хабаршысы,Жур.сер, №3,2003, 18 б. 
4.   Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы-Алматы: Жазушы, 1985, 158 б.  
5.  «Социалистік құрылыс» Гуреьв облыстық газеті, 1951-1970 жж. 
6.  Қорқытов Б. Атырау арыстары-Атырау: Ағатай 2008 1-2 кітап 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет