Резюме
В этой статьи освещается история участие адайцев в походе царской
армии против туркменов в 1877 году.
Summary
In this article it is said that the Adai tribes in 1877 took part in the Tsar's Army
against turkmens.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
115
~
ӘОК 140.8
С.Б.Аймұратов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАДЫРҒАЛИ БИ ҚОСЫМҰЛЫ ЖАЛАЙЫР ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒҰЛАМАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақтың ежелгі тайпаларының арасынан шыққан Қадырғали
Жалайыр ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарих сахнасында көрініс берген рухани-мәдени,
дүниетанымдық құндылықтар жүйесін келер ұрпаққа нақты түрде бере білген
тарихи тұлғаның бірі. Қадырғали би өзінің дүниетанымының негізіне адам мәселесін
алған, оның мәртебесін көтерген Адами катынастардың қоғам үшін, мемлекет үшін,
жалпы ғаламдық үйлесімдік үшін маңызы зор екенін сезінгені мақалада толық
байқалады.
Кілт сөздер: Қазақ.
Қазақ халқының рухани түлеуге ұмтылысы, көптеген дүниетанымдық
мәселелерді терең зерделеуге талпынуы алдымен Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басына келген еді. Сол тарихи кезеңде қазақтың ұлттық интеллигенциясы
қалыптаса бастады. Бір жағынан еліміздің әлеуметтік кеңістігінде зайырлы қоғамның
принциптері қалыптаса бастаса, екінші жағынан ислам дінінің құндылықтары
маңыздылыққа ие бола бастады. Қажылыққа баратын қазақтардың саны көбейе
түсті. Сөйтіп, “Оян, қазақ” деп үн қатқан Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлердің
идеялары тарих қатпарларында жатқан гуманистік идеялардың жандануына түрткі
болды. Міне, сөйтіп, екі жақтан түйіскен белсенділік ұлттық болмыстың біршама
жетілуіне әкеліп соқты, заман көптеген тарихи тұлғаларды туындатты.
Қазақтың даласы әлемге көптеген даналарды әкелгені белгілі. Олардың көбісі
түркі әлемі кезеңінде өмір сүргені ғылымда анық болып отыр. Сондықтан көптеген
аса құнды еңбектер бұрынғы жарыққа шығып отырған деген ойды құптауға болады.
Өйткені, адамзаттың Ақиқатқа, жаңа білімге деген ұмтылысы саяси құрылымдардың
шектеуіненде күштірек болатын. Дегенмен, мемлекетіміз демократиялық, тәуелсіз
елтолығырақ болған сайын зерттеуші ғалымдардың көкжиегі кеңейе түсетіні белгілі.
Міне, осындай терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін сала – халқымыздың көне
тарихындағы рухани байлықты толық игеру болып табылады. Сондай игілікті істерді
атқарудың қолайлы кезеңі казіргі заманға сәйксс келіп отыр. Тек ғылыми
сараптаудағы ғылыми әдістік, нақтылық, объективтілік, шыншылдық қана алға
қойған мақсатымызға жеткізетініне күмән келтірмейміз. “Ұлтгық отан сүйгіштік”
ұранын желеу етіп ғылыми шындықтан, дәлелдіктен ауытқуға да болмайды. Ол
тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Ал, енді Қадырғали Жалайыр сияқты тарихи тұлғаның тұтас келбетін анықтау,
онын шығармаларына жан-жақты талдау жасау қазіргі гуманитарлық ғылымның
міндеттерінің бірі. Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін еңбек еткен беделді
зерттеушілер де болғаны белгілі. Орта ғасырлық түркі елдері тарихы, мәдениеті мен
философиясы соңғы кезеңде жүйелі талдаудан өтуде. Оған әр түрлі методология
мен әдістемелер қолданылуда. Мәселен, салыстырмалы (компартивистік) талдау,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
116
~
герменевтикалық зерттеу, нақты-тарихи қарастыру және т.б. тәсілдер, зерттеулер
де кеңінен жүргізілуде. Бұл қуантарлық жағдай.
Әрине, күні-кеше жарық көрген “Қазақ даласының ойшыллары” атты цикл
еліміздің тарихындағы барлық ойшылдарды қамти алмағаны да белгілі. Солардың
ішінде Қадырғали би Жалайыр да бар. Дегенмен Қорқыт ата, Қожа Ахмет Иассауи,
Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағүн, әл-Фараби, Асан қайғы, Қазтуған, Ахмет
Иүгінеки және т.б. ойшылдардың дүниетанымын жан-жақты қарастыруда үлкен
еңбектер сіңірілді. Бүл зерттеулер әрі қарай жалғасын табады ғой деген үміттеміз.
Жалпы қазақ жеріндегі ойшылдардың шыққан тегі туралы этностық тұрғыдан
таластар әлі күнге дейін көрініс беріп отыр. Біздің ойымызша Қорқыт ата, әл-
Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, А. Иүгінеки, тіптен Қожа Ахмет Иассауи де
халқымыздың ұлт болып қалыптаспаған кезінде өмір сүрген түркі ойшылдары.
Сондықтан оларды түркі халықтарға ортақ, тарихи түлғалар деуге болады.
Қадыргали Жалайыр өз еңбегімен тарих философиясы саласында өзіндік
маңызы бар, қомақты үлес косқан ойшыл. Шығыста Шежірелер арқылы тарих бетін
сараптаудан өткізу үлкен дәстүрге айналғаны белгілі. Сонау Өтеміс қажыдан кейін
Мұхаммед Хайдар Дулати, кейінірек Әбілғазы (“Түрік шежіресі”), Шоқан Уәлиханов,
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көнейұлы, Әлихан Бөкейханұлы сынды
ғұламалар бұл зерттеу әдісін өз шығармаларында жалғастырды //.
Тарихты шежірелік сипатта баяндау — ортағасырлық шығыс мәдениетіне тән
құбылыс.
Тарих
философиясының
осы
әдістемесін
Өтеміс
қажы
да
“Шыңғыснамесінде” колданады. Ақсүйектер тұқымын бір жүйеге келтіріп, ретімен
тізіп отыру — бұл ортағасырлық қоғамдық сананың елеулі ерекшелігі.
Адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерін жан-жақты сараптаудан өткізу үшін
міндетті түрде оны философиялық тұжырымдаулар тұрғысынан байыпты
қарастырған жөн. Бұл өз кезегінде тарих сахнасында жарқырап көрінген ұлы
ғұламалардың кең ауқымды дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейді. Олардың
дүниеге көзқарасындағы ерекшеліктерді анықтау арқылы бүкіл бір қауымдастықтың
әлеуметтік болмысы, ойлау мәдениеті жайлы мағлұматтар аламыз жәнс сол арқылы
мәдениет пен тарих философиясы деген үлкен салалардың ауқымын кеңейте,
тереңдете түсетініміз анық.
Осыған орай қазақстандық философ, философия тарихын зерттеуші маман А.
Қасабек өзінің Қ. Жалайыр дүниетанымына арнаған еңбегінде мынандай маңызды
тұжырымдар келтірген: “Адам болмысының өркениетті аспектілерін айғақтау және
оны философия тарихы тұрғысынан әспеттеу үшін көлеңкеде қалып қойған
ойшылдардың еңбектерін зерделеп, ғылыми өріске жету міндеті зор. Осы жолда ұлы
да мәңгілік дүниетанымдық идеяларды жан-жақты зерттеу қажет. Ол мына идеялар:
ғалам, космос және адам бірлігі, тұтастығы, жеке адам мен адамзаттың, жеке адам
мен халықтың, халық, ұлт және басқа ұлттар, халықтар бірлігі. Басқа сөзбен
айтқанда, Ақиқат, Әсемдік, Байлық, Жетістік бірлігін философиялық және өмірлік
құндылықтар ретіндегі көрінісін ажырата, тоғыстыра және келешегін айқындай
қарастыру методологиялық мәнде үлкен орын алады. Бұл ретте атап өтетін жағдай,
біздің Отанымызда әлемдік өркениеттен бөле жара қарастырылатын ғылыми
бағыттарға үлкен тосқауыл қойылар еді. Негізгі философиялық идея – бұл өркениет
адамының ұлы ойшылдар идеяларының шеңберіндегі қиын да ұзақ, қалыптасуын
анықтау, гуманитарлық құндылықтар аясындағы философиялық, ойлау жүйелерінің
адами келбетін ешқашанда естен шығармау керек” //.
Орта ғасырларда өмір сүрген ойшылдарға тән үлгілердің шеңберінде
болғанмен Қадырғали би өзінің дүниетанымының негізіне адам мәселесін алған,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
117
~
оның мәртебесін көтерген Адами катынастардың қоғам үшін, мемлекет үшін, жалпы
ғаламдық үйлесімдік үшін маңызы зор екенін сезінгені байқалады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Шыңғыс ханның ұлдарына айтқан
өсиеттерін баяндай отырып, әлеуметтік таным туралы да позициясын білдіріп кетеді.
Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән әмбебапты таным туралы пікірін былай деп
келтіреді: “Кім өзін жақсы білсе, басқа біреуді сондай білгей” //.
Бұл тұжырымның негізінде тек Шыңғыс ханның ғана емес жалпы Шығыстың
ділінің, менталитетінің ерекшелігі жатқан сияқты. Яғни адам қоршаған ортаның
көптеген қасиетін аша білуі үшін ол өз бойындағы құпияларды танып-білуге тиіс.
Міне сонда ғана он сегізмың ғаламның сан түрлі жұмбағы біртіндеп ашыла бермек.
Ол үшін адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерін тануы және игеруі
керек, сол арқылы ғана біртіндеп әлемдегі қайталанбас тұлғалардан тұратын
социумды танып, білуге, бағалауға мүмкіндік алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты талдауға арнаған
енбегінен басқа да шығармалары болуы мүмкін. Себебі әр түрлі мәдениеттерден,
тілдерден сусындаған ойшылдың шығармашылығы және дүниетанымы бір ғана
еңбекпен шектелмеуі тиіс. Өкінішке орай, ондай рухани мұраның замандастарымыз
үшін таныс болмауы, немесе қазіргі кезеңге дейін сақталмауы Қадырғали
Жалайырдың шынайы тұлғалық портретін жасауды, дүниетанымдық ерекшелігін
анықтауды қиындататыны белгілі. Дегенмен бізге жеткен шығармасының өзі қазақ
халқының қалыптасу кезеңіндегі Мұхамед Хайдар Дулатидың “Тарих-и Рашиди”
сиякты енбегіндей әлеуметтік-мәдени мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына
сенімдеміз. Бұл қазақ жерінде тек ауыз әдебиеті ғана емес, сонымен қатар жазба
мәдениетінің көрініс беріп отырғанының дәлелі. Әрине, басқа мәдениеттердің де
ойшылдың көзқарасына ықпалы болғанын да жасыруға болмайды.
Қадырғали
Жалайырдың
қазақи
дүниетанымы
түркі
мәдениетінің,
болмысының құрылымынан туындайды және оның діни сипатымен астасып жатады.
Ол Қадырғали би Қосымұлының араб, парсы тілдерін жақсы білуімен байланысты.
Сонымен қатар Жалайыр орыс, татар тілдерін де жетік білгенін байқатады және сол
арқылы славян, Батыс мәдениетімен де таныс болғаны көрінеді. Осыдан оның өз
заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын аңғартады.
Дүниенің құрылымы, ондағы уақыт пен кеңістіктің өзара байланысы, тарихи
санада калыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали енбегінде біршама көрсетілген.
Тарихи дәлдікпен айтылған деректер, тек тұлғалар өмірбаяны туралы мағлұматтар
беріп қана коймайды, сонымен қатар қоғамдағы космологиялық танымның ежелден
өрбігенін, Шығыстық, өркениеттің терең тамыры туралы айтып өткендей. Мәселен,
шежірелерді баяндай келіп, “Шыңғыс хан доңыз жылы туды, түрікше күн есебінде
жетпіс екі жыл өмір кешті. Және тағы ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай
есебінен әрі отыз жылда бір жыл тафаут (қосылады) етеді. Барша монғол түрік
есебімен есеп қылады”, - деп керсеткен Қадырғали би//.
Бұл жерде қазақ, жерінің мәдениеттер тоғысында тұрғандықтан әр түрлі
дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын байқаймыз. Тіптен, қазіргі кезеңге
дейін ай есебі мен күн есебі халық санасында қатар сақталып келе жатқанын,
күнделікті тіршілігінде бұқара халық үлкен маңыздылық беретінін де жасыруға
болмайды. Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмірді
үйлесімдендіруге қызмет ететініне шүбә келтіруге де болмайды. Осы орайда қазақ
философиясына, дүниетанымына сипаттама берген кейбір зертгеуші-ғалымдардың
позициясына сүйінсек “XV—XІX ғасырлардағы қазақ жыраулары мен ақындарының,
билері мен шешендерінің, ағартушылары мен ойшылдарының бай рухани мұрасында
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
118
~
даналық та, терең түсінік те бар” //. Әрине, Батысеуропалық қатаң үлгідегі ғылым
да, философия да қазақ даласында көрініс таппағанмен, оның өзіндік өмір салтына,
өркениеттік ерекшеліктеріне сай келетін бейнелер түрінде дамығанын айта аламыз.
Әлемдік мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесші қызметін атқарған
Аристотель, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты тұлғалардың қатарын Қадырғали би
Жалайыр де толықтыра түседі. Оның дүниетанымының өзегін халыққа, елге,
тарихқа үлкен құрметпен қараушылық, құрайды. Ол өз құндылықтар жүйесінің
негізіне
ынтымақтастықты
қабылдаған.
Міне,
осының
өзінен
ойшылдың
көзқарасындағы басымдық танытатын іргетас, принцип гуманистік бағдар екенін
байқаймыз.
Жалпы адамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетанымдық бағдар -
жауынгерлік көзқарас екені белгілі. Барлық халықтарда табиғи күрес, дихотомиялық
тайталас (біздер мен жаулар), яғни жас ұрпақты Отанын қорғау үшін ерлікке
ұмтылуға, батыр болуға итермелеу жетекші рөл атқарып келді. Қоғамдық пікір ел
үшін жанын қиған ерлерін мадақтады, қорқақтарды әжуалады, сатқындарды жек
көрді. Бүл тарихи процестің барлық халықтарға тән келбеті.
“Оң қолында шариғатпен іс жүргізсе, сол қолымен ұры-қарақшы жамандарды
патша Борис Федорович үкім-жарлығымен, жаза-қамшысымен аяусыз жазалар еді.
Сол, себептен Керман шаһары, Борис Федорович хан мемлекетінде тыныштық
(амандық) болды”, - деп Қадырғали Жалайыри Ораз-Мұхаммед хан дәуіріндегі діни,
саяси-әлеуметтік жағдайдың жалпы сипаттамасын береді //. Яғни Қадырғали би
ханның уәзірі, ретінде қоғамда әлеуметтік тұрақтылықтың екі негізі болатындығын
меңзеген. Біріншісіне рухани дүниенің негізінен бір бағытта өрбуі немесе имандылық
жолы жатса, яғни сол саладағы халық бірлігі деп ұғынса, екіншісіне мемлекеттегі
ішкі тәртіптің белгілі бір заң түріндегі, немесе этикалык және этникалық дәстүр
түріндегі нақты қалыптарға бағынуы танылады.
Бұл сол тарихи кезеңдегі ең тиімді саяси жүйе моральды мағынадағы қоғамды
тұрақтандырушы және алға дамуға іргетас болатын айшықтар еді. Өйткені
ортағасырлық коғамдық құрылым ыдырап, бөлектеніп, бөлшектеніп кетуге бейім
болатын. Міне, осындай жағдайда елді біріктіруші, топтастырушы фактор ретінде
хандық жүйенің саяси-әлеуметтік институт ретінде үлкен қызмет атқарғаны белгілі.
Қадырғали Жалайыр түркі тайпаларын “алаш мыңы” деген ұғым арқылы біріктіре
қарастырады. Сонымен қатар Борис Годунов патшаның ықпалында болғандықтан
бұл одақтың да тиімді тұстарын алаш хандығы үшін пайдаланғанды жөн деп
санайды. Осыдан ұлы ойшылдың жәй ғана хан сарайындағы уәзір емес, саяси
парасаттылығы жетілген мәмілегер, даналығы мол ғұлама екендігін байқаймыз.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Алаш жеріндегі негізгі осал тұс — хандықтар мен
сұлтандықтарға бөліну, ыдырампаздыққа бейімділік екендігін көрсеткендей.
Шынымен де, мықты тәртіп пен рухани келісім мен бірлік болмаған жерде елде де,
жерде де, береке болмайтыны белгілі. Ал, дала даналары, ғұламалары осы
жағдайды терең түсініп әр кезде адамдар арасындағы біріктіруші тетіктерді
дамытудың,
халықтың,
мемлекетті
бөлшектейтін,
адамдарды
бір-бірінен
алшақтайтын нәрселермен күресудің қажеттігін айтумен болған.
Ал, енді қазақтың ежелгі тайпаларының арасынан шыққан Қадырғали
Жалайыр ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарих сахнасында көрініс берген рухани-мәдени,
дүниетанымдық құндылықтар жүйесін келер ұрпаққа нақты түрде бере білген. Бұл
тарихи тұлғаның ерекшелігі де осында.
Ол өзінің еңбегінің ұрпақтар үшін қажет дүние болатындығын анық біледі.
Сондықтан тарихи деректерді, тұлғаларды, оқиғаларды барынша дәлдікпен
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
119
~
суреттеуге тырысады. Қазіргі кезеңде дамып отырған саясаттану саласына да,
саясат философиясына да құндылығы бар идеялар мен тұжырымдар еңбекте
кеңінен келтірілген. Оны Ш. Уәлиханов пен орыстың XІX ғасырдағы зерттеушісі И. Н.
Березин жәнс қазіргі кезеңде жан-жақты зерттеуге бет бұрған ғалымдар атап өтеді
//. Қадырғали бидің саяси дүниетанымы қоғамды барынша ынтымақтандыруға,
баянды өмірді дәріптеуге негізделген. Сондықтан саясат мәселесімен айналысқан
зерттеушілерге де үлкен құндылығы бар айғақтар жеткілікті.
Ойшылдың, шежірелерді жинақтау еңбегі барысында дін философиясына тән
“ынсап”, “фәни”, “бақыт”, “жақсылық” деген ұғымдар қолданылады. Ал, енді ол
өзінің этикалық көзқарасын қайырымдылық идеясы арқылы анықтап, ол бір
дарияның суындай шексіз нәрсе екен”, - деп сипаттайды. Міне, осы дүниетанымдық
ұстаным кейінгі өрбіген қазақ өркениетінің философиялық дүниетанымын іргетас
болғанын жақсы білеміз. Осы орайда қазақтың ұлттық дүниетанымы этикалық
(моральды) негізге арқа сүйейтінін айтын кеткеніміз жөн.
XІX ғасырдың шығыстанушысы И. Н. Березин Қадырғали Жалайырдың еңбегін
“Жамиғат-ат тауарих” деп атап көрсеткен. Еңбек Рашид ад-диннің “Жамиғат-ат
тауарихынан” аударылып, оған қосымша өз бөлімдерін қосады делінген. Ал, енді
осы шығарманың қазақша атауы бірде “Жылнамалар”, кейде “Шежірелер жинағы”
деп аталып жүр. Біздің пікірімізше, осыны бір жүйеге келтірген жөн сияқты. Екі
атаудың да “Сборник летописей” деген негізден шыққаны белгілі. Мәселе зиялы
қауымның бір келісімге келуінде. Әйтпесе, бұл атаулардың қай-қайсысы да
гуманитарлық-қоғамдық ғылымда орнығып қалары сөзсіз.
Сөз соңында айтарымыз XXІ ғасырға аяқ басып,осы бір тәуелсіз азғантай ғана
уақыттың ішінде философиялық зерттеулерге жаңа серпіліс беріп, оның ерекше
рухани әлем ретіндегі жаңа қырлары ашыла түсетіні анық. , Кезінде мәртебесі бар
ұлттық, философия мен дүниетанымымыз болғаны белгілі. Ал оның іргетасы
онтологиялық
(болмыстық),
антропологиялық
(тұлғалық),
аксиологиялық
(құндылықтық) және танымдық бөліктерден құралады. Міне, осы дүниетанымдық
бағдарлар мен принциптерді толыққанды, біртұтас игерген сайын ұлттық
мәдениетіміз одан сайын толыса түсетініне күмән жоқ //. Осының нәтижесінде
халықтар мен діндер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың орнайтыны
анық. Әлемдік ауқымдану, жаһандану заманында әрбір көне мұраларын зерттеп,
игерген ізгі іс болар еді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Копеев М.-Ж. Таңдамалы. Екі томдық. Алматы, 1992. 2-т.; Құрбанғали
Халид. Тауарих хамса. Алматы, 1992; Материалы ио истории казахских
ханств в ХV-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1969; Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и
Рашиди. Алматы, 1999; Рашид ад-Дин. Джами ат-таварих: Сборник
летописей. Т. Кн. 1; Утемиш хаджи. Чингиз наме. Алматы, 1992; Шәкәрім
Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Орынбор, 1910;
Бокейханов А. Н. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1996.
2. Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы. Алматы, 1999. 37—38-бб.
3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.
4. Сонда. 50-б.
5. Рысқалиев Т. X. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына
шолу). Алматы: Ақыл кітабы, 1999. 9-б.
6. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997. 125-6.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
120
~
7. Валиханов Ч. Ч. Ролословная древнеказахских ханов и султанов. Собр.
соч. в 5 т. Алма-Ата. 1985. Т. 1. С. 172-176; Березин И. Н. Библиотека
восточных историков. Казань, 1954. Т.2. Ч. 1.
8. Сонда, 18-6.
9. Нысанбаев А. Становление исламской философии в Казахстане. Алматы:
Институт философии и политологии МОН РК, 2000. С. 50.
Резюме
В данной статье рассматривается философско-мировоззренческие взгляды
представителя древней казахской культуры К.Жалайри, жившего в XV-XVI веках.
К.Жалайри является выдающейся личностью, оставивший незабываемый духовно-
культурный след для будущего поколения. В мировоззрении мыслителя основной
проблемой является : роль человека в развитии общества, участие народа в
решении государственных дел.
Summary
This article examines the philosophical and ideological views of the ancient Kazakh
culture K.Zhalayri who lived in the XV-XVI centuries. K.Zhalayri is an outstanding person
who has left an unforgettable spiritual and cultural footprint for future generations. In the
worldview thinker main problem is: the human role in the development of society,
people's participation in public affairs.
ӘОК 94(47).084.8
С.Т. Даукенов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті
СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫНА ГУРЬЕВ МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ТИГІЗГЕН КӨМЕГІ
Аңдатпа
Бұл мақалада автор, Сталинград шайқасы кезеңінде Қызыл әскерді жанар-
жағармаймен қамтамасыз етуде Қазақстан мұнайшыларының тигізген көмегін түрлі
тарихи құжаттарға сүйеніп кеңінен суреттейді. Бұрын-соңды болып көрмеген әдіс
қолданып, Каспий теңізі арқылы Кавказ мұнайын Гурьевке тасығаны жөнінде
ашады. Сөйтіп, гурьевтіктердің жеңіс үшін қосқан жанкешті еңбегін жазады.
Тарихнамада, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс маңындағы
республика болды»-деген академик Манаш Қозыбаевтің ұстанған ғылыми
тұжырымдамасы болатын. Автор сол тұжырымдаманы өзінің осы мақаласымен одан
сайын тереңдете дәлелдеуге тырысты.
Кілт сөздері: Сталинград шайқасы, майданға көмек, мұнай өнеркәсібі, Каспий
теңізі, тылдағы ерен еңбек, Астрахань теңіз рейді, Үлкен Пешной аралы, Гурьев-
Қандыағаш темір жолы, Каспий-Орск мұнай құбыры.
Биыл Сталинград түбіндегі Ұлы Жеңіске жетпіс жыл толады.Бұл, адамзат
тарихында бұрын-соңды болып көрмеген шайқас болды. Қазақстан жерінде Ұлы
Отан соғысының ұрыс-әрекеті өтпегені белгілі. Десекте, республикамыздың батыс
аймағының бірқатар жері Сталинград майданына кірген болатын. Орал мен Гурьев
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
121
~
(қазіргі Атырау) қалаларында Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қалалық
комитеттері құрылды.Қалада коменданттық сағат орнады. Қазақ халқы «Барлығы да
майдан үшін! Барлығы да жеңіс үшін!»-деген ұранмен жұмыс істеді.КСРО-ның батыс
аймақтарынан шығысқа көшірілген халық пен құрал-жабдықтарды қабылдап оларды
орналастырды. Бір үзім нанына дейін бөлісіп оларға барынша көмегін тигізді.
Эвакуацияланған зауыт-фабрикаларды іске қосу үшін жанкешті еңбек етті. Мұның
бәрін жедел арада жүзеге асыруға тиіс еді. Жау ұшақтарынан сақтану үшін түнде
жарық жақпай, соғыс жағдайына атқаруға тура келді.
1942 жылдың жазы Қызыл әскерді жанар маймен қамтамасыз етудің бір
қиын кезеңі болатын. Дұшпан әскерлері Краснодарды басып алып, Грозный
мұнайлы аудандарына қауіп төндірді.Баку мен Грозный қалалары арасындағы темір
жол байланысы үзіліп қалды. Сөйтіп соғысып жатқан Қызыл әскерге жанармай
жеткізу ісі қиындап кетті.Жаудың қолына қалдырмау үшін Майкоп пен Грозный
мұнай кәсіпшіліктерін жауып және Батуми сияқты тағы да басқа солтүстік Кавказдың
мұнай өндеу зауыттарын шұғыл түрде бөлшектеп олардышығысқа тасуға тура
келді.Осыған байланысты 1942 жылдың мамыр айында еліміздің мұнай айдау
мүмкіншілігі төмендеп, 404 мың тоннадан 2,3 тоннаға,ал шикі затты айыру
ісі(крекирования)228 мың тоннадан 37 мың тоннаға кеміді.Жау әскерлерінің
солтүстік Кавказға енуі Баку мұнай өндіру комплексне және ондағы мұнайды
солтүстік Кавказ арқылы майданға жеткізу ісіне қауіпті жағдай туды.Еліміздің күре
тамыры болып табылатын Еділ өзені,әсіресе оның төменгі сағасы,өте қауіпті
жағдайда болды.Мұның өзі сол кезде, Астрахань арқылы Еділ бойымен Сталинград
майданына жанар майды жеткізуді қиындатып жіберді. Кейін мұндай мүмкіндік
болмай қалды. Сондықтан Баку мұнайын Каспий теңізі арқылы Красноводскіге тасып
одан соң темір жол арқылы,өте ұзақ айналыс жолы болып табылатын, Ташкент-
Арал-Ақтөбе-Орск арқылы майданға жеткізді.Мұның өзіне, жанармай құйылған
цистерналардың барып.кері Красноводскіге қайтып оралуына екі айдан астам уақыт
алады екен.Еділдің жоғарғы арнасында орналасқан базалардағы мұнай қоры өте көп
болмай шықты.Жанар майды шайкасып жатқан әскерге үздіксіз жеткізуге өте қиын
жағдай туды.Енді Кавказдан жанар май тасу үшін басқа тасымал пункттерін
ұйымдастыру қажет болды.Бұл жағдайдыі бірден-бір шешімі Гурьев арқылы тасу
еді. Гурьевтің стратегиялық маңызы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінде
бұрынырақ-та ескерілген болатын. 1941 жылы 25 желтоқсанда КСРО Халық
Комиссарлар Кеңесі Гурьев қаласында теңіз портын салу туралы шешім қабылдаған
еді(1). Оның себебі Гурьев теңіз порты арқылы Қазақстанды, Орта Азияны және
майданға шектес жаткан аудандарды майдан шебімен байланыстыру болатын.
Сөйтіп Гурьев арқылы батыстан шығыс аудандарына көшірілген өндіріс
мекемелерін,эвакуацияланған халықтарды,Орал мен Сібірге тасылатын Кавказдың
мұнайын өткізе алатын мүмкіндік туар еді. Оның үстіне Гурьев қаласына мұнай
айыру зауытын салу жоспарланған.
1942 жылдың наурыз айында «Рейдтанкер» пароходствосының басшылары
Каспий теңізіне жақын жатқан Жайық өзеніндегі «Үлкен Пешной» аралын қарап
шықты. Көп кешікпей 13-ші сәуірде Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Гурьев-
Пешной аралы мұнай айдау желісін және теңіз портын салу туралы» қаулы
кабылданды(2). Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Каспий теңізі арқылы Гурьев
қаласына жанар-жағар майды жеткізу және одан әрі Гурьев – Қандағаш темір жолы
арқылы орталыққа жөнелту міндетін бекітті. Осы істі ұйымдастыру үшін Теңіз Флоты
Халық Комиссарының орынбасары генерал Л.Ю.Белахов бастаған бір топ мамандар
жіберілді. Топ құрамына «Главнефтеснабтың» бастығы Н.М.Михайлов,Өзен Флоты
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
122
~
Халық Комиссарының орынбасары А.А.Лукьянов және Қызыл әскерді жанармаймен
қамтамасыз ету Басқармасының бастығы С.М.Бланк енді(3).
1942 жылдың 18-ші мамырында Гурьев облыстық партия комитеті қаладағы
барлық жобалау және құрылыс ұйымдарының басшыларының қатысуымен
кеңейтілген кеңес өткізіп, онда мұндай айдау желісімен теңіз порты құрылысының
жұмысын талқылады(4). Облыс басшылығы жұмыс қолының аздығына қарамастан
аталған құрылысқа 1400 адам және 200 арба, көптеген басқада жұмыс қажетті
көліктер бөлу туралы шешім қабылдап, Гурьев балық консерв комбинаты маңынан
жұмысшылар тұратын тұрғын үй, өндірістік және мәдени ошақтардың мекемелері
үшін 4000 шаршы метр жер бөлуге шешім қабылдады.
Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті төрағасының орынбасары, ҚСРО Жол
қатынастары
Халық
Комиссары,
Қызыл
әскердің
Тыл
жұмыстарының
басшысыА.Хрулевтің бұйрығы бойынша мынадай жұмыс көлемі белгіленді:
баржалардан 1 млн.тонна екінші сортты мөлдір мұнайды қабылдауды қамтамасыз
ететін, тәулігіне 400 тонна мұнайды Ширина мұнай базасына айдап оларды
цистерналарға құятын кешен құрлысының бірінші кезектегі объектілерін салу және
«Үлкен Пешной» аралында баржалардан мұнай қабылдау үшін 4685 тонналық екі
резервуарлық мұнай базасын салу, Үлкен Пешнойдан Ширина мұнай базасына
дейна дейнаралықта 250 мм.құбырлы мұнай айдау желісін жүргізу, Ширина мұнай
базасында цистерналарға мұнай құю үшін эстакадалар тұрғызу жұмыстарын
белгіленді. Теңіз портымен «Үлкен Пешной –Ширина мұнай желісі» құрылысының
бастығы болып «Центрспецстрой» құрылыс бөлімінің басшыларының бірі
И.В.Горбачев тағайындалды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылғы 3
шілдедегі шешіміне сай Солтүстік Каспий арқылы Астрахань мен Гурьев қалаларына
мұнай тасу үшінсалынатын құрылыс жоспарынкөлемін 1162 млн. миль-тоннаға
белгіледі(5).
Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілді. 15 күн ішінде Гурьев жүк
станциясымен«Пешной-Ширина»
объектісі
аралығына
дейін
ұзындығы
27
шақырымдықтар табанды темір жол салынды. Бұл жұмысты Орынбор темір жолы
құрылыс басқармасының бастығы И.С.Мирошниченко басқарды(6).
Каспий Теңіз Флоты ұжымының үлесіне Гурьев пен Баутино порттарын салу
және Капий теңізі Кеме Жөндеу Базасын салу сияқты күрделі міндеттер жүктелді.
Сонымен қоса олар «Жайық-Каспий каналын» тереңдету жұмыстарын да жүргізді.
Бұл жұмыстарды жүргізу үшін Астраханьнан «Сормова», «ВКХ-5», «М.Горький», «СК-
4», «Волжский-2», сияқты арнайы су астытопырақты қазу машиналары әкелінді.
Сөйтіп, 1942 жылдың жаз айларында Жайық өзенінің Каспийге құятын сағасында
тереңдігі 5 метрден 12 метрге дейін болатынканал қазылды(7). Мұның өзі Гурьевке
орта тонналы баржаларды қабылдауға мүмкіндік берді.
Аса маңызды, қорғаныстық маңызы зор осы обьектіні салуға бүкіл КСРО
халықтары ат салысып, бүкіл елден жиналған қажетті құрал-жабдықтар
пайдаланылды.1942жылдың жаз айларындаАстрахань мен Бакуден 650 маман
кадрлар мен Мәскеуден 30 жоғары білімі бар темір қорыту мамандары келіп,
Махачкаладан 250 млн. 340 тонна болат құбырлар әкелінді(8). Сонымен қоса,
Астрахань қаласынан құрылыс материалдарын таситын шағын кемелерге қажет
құралдары жеткізіліп тағы да 13 темір қорыту агрегаты мен 5 трактор, 8 автомашина
және 150 жүк арбасы әкелінді. П.Н.Кубшкин басқарған Астрахань теңіз рейдінің
оперативтік аппараты бар «Донбасс» деберкадері қоса келді. Астрахань теңіз
агенттігінің оперативтік тобы өзінің барлық флотилиясымен Гурьев қаласына
көшірілді. 1942 жылдың тамыз айында бұл агенттіктің қарамағында 4 шағын кеме, 6
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
123
~
рейд бажасы,«Волгатанкер» баржасы және 22 өзен баржалары болды(9). 1942
жылдың 19-шы тамызында Алматының оттегі зауыты 400 баллон, 6 тонна карбид,
жарты тонна әйнек ұнтағын, 8 тонна электр сымдарын, 250 мм қозғалмалы .болат
тығындарын, 500 тонна битум жіберді. Құрылыс жұмыстары күні-түні қатар
жүргізілді. Ондағы еңбек ететін жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлерінің
саны 1500 адамға жетті.
Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті төрағасының орынбасары,КСРО Жол
Қатынастары Халық Комиссары,Қызыл әскердің Тыл жұмыстарының бастығы
А.Хрулев Гурьев облыс басшыларына және және осы істі ұйымдастырып, жүрген
әскери маман С. М. Бланкке былай деп жедел хат жіберді: «Жанар-жағар майды
қабылдау және құюды қамтамасыз ететін жұмыстарды тез аяқтау қажет, 5-6 күннен
кейін сіздерге цистерналар жеткізіледі. Тәулігіне 300-400 цистернаны толтыру,
оларды 10-15 күннің ішінде 1000-1200 цистернаға жеткізу жұмыстары жүктеліп
отыр. Бұл аса маңызды іс!»(10). 1942 жылдың 10-шы тамызында Гурьевте мұнай
құятын барлық құрылыстарымен оны тасымалдайтын жолдары салынған теңіз порты
пайдалануға берілді. Бұлсол кезде Баку мен Астрахань қалаларынанеліміздің
Орталық аудандарына мұнай таситынең қысқа су жолы еді. Кавказ мұнайының
Гурьев арқылы тасымалдануыаса маңызды рөлатқарды. Мысалы:1942 жылдың
қараша айында, темір жолмен («Гурьев-Қандыағаш темір жолы» арқылы), 4623
цистерна, (бұл дегеніміз 4790043 тонна мұнай өнімі деген сөз),«Гурьев-Орск мұнай
құбыры» арқылы 32 800 тонна мұнай өнімдері Орск мұнай айыру зауытына
жөнелтілген екен(11).
Каспий теңіз флоты теңізшілері бұрын-соңдыболмаған әдіс жасап, мұнай
құйылған цистерналарды теңіз арқылы тасымалдауды қолданды.Суға түсірілген
цистерналарға орталапмұнай құйып оларды бас кемеге жалғап Гурьевке
жеткізді.1942 жылы тамыз айында ВЛКСМ атындағы теплоход теңізшілеріне
(капитаны И.В.Савин) бірінші рет Касспий теңізі арқылы Астраханьнан Гурьевке(ара
қашықтығы 225миль болатын)мұнай өнімдерін жеткізуді тапсырды.Алғашқы екі бас
кемеге екі баржа сүйреу тапсырылды.Бірақ,Астрахань портында Гурьевке
жеткізілуге тиісті үш жүк тиелген баржа тұр еді.Үшінші баржаны тастап кетуге
болмайтын болды,себебі сол кезде Астраханьды жау ұшақтары әлсін-әлсін бомбалап
жатқан.Ол баржада жоғары сапалы бензин болатын.Капитан И.В.Савин экипаж
мүшелерін жинап,кеңес өткізді.Кеңес үшінші баржаны алып кетуді бірауыздан
мақұлдады.Бұл «Макшан», «Балахана», «Қараман», деп аталатын барлығы 16 мың
тонна бензин тиелген алып жүк баржалары еді. Муның өзі теплоходтың жүк сүйреу
қабілетінен екі есеге асып кететін. Әсіресе қиын жағдайда ауыртпалық теплоход
командасына, соның ішінде машина бөлімінің жүргізушілеріне түсті. Штурмандар
керуенді қысқа,әрі төте жолмен жүргізді. Астраханьнан Гурьевке дейін теплоход 70
сағатта жетуі керек еді Қиыншылықты жеңе отырып, керуен Гурьевке белгіленген
мерзімінен 10 сағ. бұрын келді. Сөйтіп олар сол кезде әлемде теңдесі жоқ рекорд
жасады. Гурьев портында теплоход теңізшілерін Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті
Гурьевтегі арнайы өкілі КСРО Теңіз флоты Халық Комиссарының орынбасары
генерал Л.Ю. Белахов қарсы алып, экипаж мүшелеріне алғыс жариялады.
Теплоходтың капитпаны И.В.Савинді КСРО Кеңесі Құрмет белгісі орденімен
марапаттады(12).Аз ғана уақыт ішінде осындай әдіспен 505,5 мың тонна мұнай
өнімдері Гурьевке тасылды(13). Гурьев портында 450 жүк түсіруші болатын.
Олардың көпшілігі майданнан жарақат алып келген немесе майданға жарамсыздар
еді. 28 қазақтан тұратын екі бригада өзінің күндік жоспарларын 150-200 пайызға
асыра орындар жүрді. Әсіресе осылардың ішінде Құжиевтың жүк түсіру бригадасын
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 3 (26), 2012
~
124
~
ерекше атап кетуге болады(14). Гурьев портының аяқталуына байланысты Кавказ
пунктеріндегі мұнай құю жұмыстарының үлес салмағы 3 есеге жуық кеміп, ал
есесіне Гурьев портындағы мұнай құю пунктерінің үлес салмағы 32 пайызға
артты(15). Жау майданды мұнаймен қамтамасыз етіп тұрған Гурьев теңіз портымен
«Гурьев-Орск мұнай құбырын»жою үшін көптеген іс-әрекет жасап бақты. Мысалы,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағыГурьев облысы жеріне жаудың қарулы
десанттарының түсірілуі осының куәсі болмақ.. Олар жоғарыда аты аталған маңызды
құрылыстармен бірге Доссор мен Мақат кәсіпшіліктерін істен шығарып, Кеңес
әскерін жоғары сапалы жанармайға зәру еткісі келді. Жаудың бұл ойы жүзеге
аспады. Қазақ халқы бұған қырағылықпен жауап қайтарды. Сөйтіп жау десанттары
талқандалды.
Гурьев теңіз порты тек қана мұнай өнімдерін қабылдапжәне оны шығысқа
жөнелтуі ісімен емес, сонымен қоса басқа да стратегиялық маңызы бар жауапты
қызметтерде пайдаланылды. Мысалы: 1942 жылдың 7 тамызында Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесінің қаулысы бойынша Гурьевте эвакуацияланған халықтарды қабылдап және
оларды шығысқа жөнелту үшін пункт құрылды. Эвакуацияланған халықтар да осы
теңіз портымен жеткізілді.Тек қана 1942 жылдың 7 тамызынан 20 қарашаға дейінгі
аралықта 55 521 адам қабылданып еліміздің шығысына жөнелтті. Оның 2595-і
Сталинград облысының тұрғындары еді.
Осындай ауыртпалықтарға қарамастанСталинград майданына 84400 тонна
мұнай өнімдері жеткізілді. Бұл, қазақ халқының Сталинград майданына, ондағы
жеңіс үшін қосқан еңбегі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1) Эдлинский С.Ф. «Каспийский транспортный флот в Великой Отечественной
войне Советского Союза. 1941-1945 гг.», М., 1963. С. 74.
2) Досқлиев Қ.Д., «Қаhарман қала және Қазақстан». Алматы. 1973. 68-б.
3) Тыл Советских Вооруженных сил в Великой Отечественной войне 1941-1945
гг. М., 1977, с. 178
4) Досқалиев Қ.Д. Аталған еңбек. 68-б.
5) Эдлинский С.Ф. Указанная работа. С.98.
6) Эдлинский С.Ф. Указанная работа. С. 69-70.
7) Эдлинский С.Ф. Указанная работа. С. 149.
8) Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаттың қалалық филиалы(АОММ ҚФ), қор
1, тізім 2, сақталу 141, 83-б.
9) Досқалиев Қ.Д. Аталған еңбек. .70-б.
10)«Простор». 1970, № 6, с.79.
11) Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаттың қалалықфилиалы(АОММ ҚФ), қор
1, тізім 5, сақталу 145, 22-б.
12) Досқалиев Қ.Д. Аталған еңбек. .71-б.
13) Эдлинский С.Ф. Указанная работа. С.68.
14) Эдлинский С.Ф. Указанная работа. С.76.
15) Досқалиев Қ.Д. Аталған еңбек. .70-б.
Достарыңызбен бөлісу: |