Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Summary  
In this article is given the briefly analysis of the M.Shahanov's creation.  The book  
«The hunter's crying in the deep precipice».  

it is a book of the dialogue 

the dialogue between M.Shahanov and great Kyrgyz's and Kazakh's son, the 
writer Sh.Aitmatov. 
 
 
ӘОК 930.1 
Р. Тастемирова 
 
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНАТТЫ ҚЫЗЫ
 
 
Аңдатпа  
Мақалада  қазақтан  шыққан  тұңғыш  ұшқыш  әйел,  ҚР  Халық    Қаһарманы 
Хиуаз Доспанованың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі баяндалған. 
 
Ұлы  Отан  соғысында  ерен  ерлік  көрсеткен  батыр    қыз  Хиуаз  Доспановаға 
2004  жылы  Елбасының  Жарлығымен  «Халық  Қаһарманы»  атағы  берілді.        Жау 
тылына үш жүз рет ұшып барып, фашистерді бас көтертпей бомбалаған, сол бомба 
толы  тиелген  ұшақпен  әрбір  ұшуы  ерлікпен  пара-пар  болған,  өрімдей  жастық 
өмірінде  көкірегіне  көзсіз  ерлікті,  бейбіт  өмір  белесінде  ұлағаттылықты  ұялатқан 
Хиуаз Доспанова Халық Қаһарманы атанды. 
Атырау  облысы  Мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасы    Халық  пен  Тарих 
туған    Хиуаз  Доспанованы  тарих  үшін,  болашақ  үшін  жеке  қорын  ашу  бағытында 
жұмыстар жүргізді. 
Алдымен    Хиуаздың  туған  жері  -    Құрманғазы  ауданындағы  туыстарынан 
Хиуаз туралы естеліктер бейнетаспаға жазылып алынды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

132
 ~ 
 
Алматы  қаласына  арнайы  іссапар  ұйымдастырылып,  ҚР  Президенті 
мұрағатында,    ҚР    Орталық  мемлекеттік  мұрағатында,  ҚР  Орталық  мемлекеттік 
кинофотоқұжаттар  және  дыбыстықжазбалар    мұрағаттарында  ғылыми  -  іздестіру 
жұмыстары 
жүргізілді. 
Сол 
іздестіру 
жұмыстарының 
нәтижесінде 
Хиуаз 
Доспанованың  республиканың  басшылық  қызметтеріне  тағайындалуы  туралы 
қаулылардың  мұрағаттық  көшірмелері,  Қазақстан  ЛКЖО  VI-сьезінде  сөйлеген  сөзі, 
1958  жылы  Алматы  қалалық  партия  комитетінің  2-  ші  хатшысы  болған  кезінде  
Қазақстан  КП ІІ-ші   Пленумында  жасаған  баяндамасы  ,  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерін 
бейнелейтін  фотосуреттері,  газет  метериалдары,    соғыс  уақытындағы  полктың 
жорық  картасы,  майдандастарымен  түскен  фотосуреттері  облыстық  мемлекеттік 
мұрағат қорына алынды.  
Батыс  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік  мұрағатынан  Хиуаздың  Оралдағы 
№1  мектепте  оқыған  кезіндегі  пионер  вожатый  болып  қоғамдық  жұмыс 
атқарғандығын көрсететін мұрағаттық құжаттар алынды. 
 Сонымен  қатар,  Алматы  қаласында  тұратын  Хиуаздың  жолдасы  Шәку 
Әміров пен баласы Ерболаттан естеліктер бейнетаспаға түсіріліп, Хиуазбен Орталық 
комсомол  комитетінде  қызметтес  болып,  өзара  сыйласқан  профессор  Қанапия 
Ахметовтен,  профессор  Сағындық  Кенжебаевтан,  Алматы  қалалық  Ардагерлер 
кеңесінің төрағасы О.Есенғазиевтардан  Қазақстан ЛКЖО ОК – нің бірінші хатшысы, 
Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінің  Президиумы  Хатшысы  ,  Алматы  қалалық  партия 
комитетінің 2- ші хатшысы болған кезінде қоғамға сіңірген  еңбегі, атқарған жемісті 
еңбегі, республиканың кадрларын көтерудегі жұмыстары туралы, қызмет барысында 
кездескен    еңбек  ардагері  Орынғали  Қарасаевтан,  туысқандық  жолымен  1998 
жылдары    кездескен  Рамазан  Ерубаевтың  естеліктері  бейнетаспаға  түсіріліп,  қорға 
алынды.   
Хиуаз Атырау халқы үшін кім еді?...  
Хиуаз  Доспанова  1922  жылы  15  мамырда  Атырау  облысы,  Құрманғазы 
ауданы,  Зормата  ауылында  Доспанов  Қайыр  мен  Меруерттің  отбасында  өмірге 
келген. 
Әкесі Қайыр 1894 жылы Бөкей губерниясының Теңіз уезінде дүниеге келген. 
Революцияға  дейін  балық  аулап,  байлардың  жалшылығында  болған  Қайыр, 
Астрахань мұсылман мектебінде оқып, 1917 жылдан 1920 жылға дейін уездік екінші 
округте  аға  миллиционер  болып  істейді.  Белгілі  мемлекет  қайраткерлерінің  бірі 
Нұғыман  Манаев,  Сейітқали  Меңдешовтермен    бірге  партия  жұмыстарында  жұмыс 
істеп,  1925  жылы  Орал  губерниясына  жұмысқа  ауысып,  губерниялық  соттың 
мүшелігіне сайланған. 
Қайыр  Доспанов  1925  жылы  5  -  ші  Бүкілқырғыздық  Кеңестер  сьезіне, 
Қазақстан өлкелік VII, VIII партия конференцияларына  делегат болып қатысқан.  
Ол    жұмыс  бабымен  Алматы  қалалық  сотының  аппаратында  қызметке 
ауысып,  одан әрі Ақтөбе округтық  Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.  
Қайыр  Доспанов  қарапайым  балықшыдан  жоғарғы  партия,  кеңес, 
шаруашылық  орындарын басқару лауазымдарында шебер ұйымдастырушылығымен 
көрінген, халық сенімін ақтап, коммунист ретінде үкіметтің тапсырмасын абыроймен 
орындаған  жалын жігерлі, үлкен жүректі азамат болғандығына мұрағат құжаттары 
дәлел. 
Өмірінің   өнегелі  жолдарымен  мақтануға тұрарлық   абзал  Азаматтың    қызы 
Хиуаз,  әке  қанымен келген  алған бетінен қайтпайтын өжеттігімен 1940 жылы Орал 
қаласындағы  орта мектеті үздік бітіргенде «запастағы ұшқыш» деген мамандық та 
алып шығады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

133
 ~ 
 
Білім  қуған  Хиуаз  Мәскеуге  жол  тартып,  Мәскеуден  Қиыр  Шығысқа  дейін 
қонбай ұшып, әлемді таңдандырған Расковаға еліктеп, «Расковадай боламын» деген 
арманмен  Жуковский  атындағы  әскери  -  әуе    академиясына  оқуға  түспек  болады.  
Мұндай оқу орыны қазақ даласынан келген қараторы қызды  оқуға  қабылдануына  
мүмкіндік  бермегесін,    намысы  жасымаған  Хиуаз  Мәскеудің  I-ші  медициналық 
институтына  оқуға  түседі.  Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда,  1  курсты  бітірген  Хиуаз  
өзге құрбылары секілді  үйіне каникулға кетпей, Отанға деген патриоттық сезіммен 
Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Сол кезеңдерде  атақты Марина 
Раскованың  қыз-келіншектер  авиаполкін  құрғалы  жатқанын  естіп,  алдыңғылардың 
бірі болып, Раскова төрағалық еткен комиссияға келеді. Полкке қабылданған Хиуаз, 
Саратовтың  әскери–әуе    училищесіне  жіберіледі.  Мұнда  штурмандар  даярлайтын 
сыныпты аяқтап, 1942 жылы авиация тарихында тұңғыш рет құрылған түнгі уақытта 
жау  позицияларын  бомбалайтын  әйелдер  авиаполкінің  құрамында  майданға 
аттанады. 
Майдан  даласы  -  ел  тағдыры  мен  ұлт  намысын    бағамдайтын  орта.  Осы 
намыс  жетегіндегі  қазақ  қызы  соғыстың  төрт  жылында    Солтүстік  Кавказ  бен 
Кубань,  Қырым  мен  Украина,  Белоруссия  мен  Польша,  Германияда  жау  ошағына 
қырандай  шүйіліп,  тұйғындай  қадалды.  Соғыс  даласында  ауыр  жарақатта  алды, 
емделіп  алып,  ұшағына  қайта  отырды.        Жау  тылына  үш  жүз  рет  ұшып  барып  ,  
жауынгерлік тапсырмалар орындаған Хиуаз «қанатты қыз» атанды. 
Көптен  күткен  Жеңіс  те  келді.  Майдан  даласында    ерліктері  үшін  Хиуаз 
мемлекеттік марапаттармен марапатталды. 
Хиуаз  соғыстан  екінші  топтағы  мүгедек  болып,  Орал  қаласына  анасы  мен 
бауырларына оралады. Майданнан жаңа келген қазақтың қараторы қызы Хиуазбен 
әңгімелескен  Батыс  Қазақстан  облыстық  партия  комитетінің  1-  хатшысы  Мінайдар 
Салин Хиуаздың бойындағы  әке өнегесімен  келген қажырлылық пен белсенділікті 
танып,  оны  облыстық  партия  комитетіне  нұсқаушы  қызметіне  қабылдап,  кейіннен 
1946  жылы  Алматыдағы  Жоғары  партия  мектебіне  оқуға  жібереді.      Ол  кезеңде 
жоғары  партия  мектебін  бітірушілермен  республика  Орталық  партия  комитетінің  
бөлім басшысына дейінгі деңгейдегі лауазым иелері  пікірлесіп, жүздесетін-ді.  
Ал,  Хиуазды  сол  кездегі  рекспублика  басшысы    Жұмабай  Шаяхметовтің  өзі 
қабылдаған. Мұның өзі оның партия мектебінде қабілеті мен дарындылығын көрсете 
білгендігін және Хиуаздың болашағына деген зор сенім еді. 
1948 жылы партия мектебін үздік бітірген  ұшқыш қызға партия  Қазақстан 
ЛКЖО  Орталық  Комитетіне    мектеп  жастары  мен  пионерлері  арасында  жұмыс 
жүргізу  жөніндегі хатшы қызметіне атқаруға сенім білдіреді.     
Бұл Хиуаздың бойындағы дарынын ашуға серпін берген қадам болған еді. 
Сол жылдары  Хиуаз Алматы Жоғарғы  партия мектебінде дәріс оқитын Шәку 
Әміровпен тағдырларын қосып, тұрмыс құрады. Ерболат есімді ұлды болады. 
1949    жылы Қазақстан  КП  VI  сьезінде  Орталық  партия  Комитетінің  тексеру 
комиссиясының  мүшесі  болып  сайланып,    1949  жылы  БЛКЖО-ның  ХІ  сьезінде 
БЛКЖО ОК бюро мүшесі болған. 
1951  жылы  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінің  депутаты  және  сол  жылы  наурыз 
айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1 сессиясында -  Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 
Президиумы Хатшысы болып сайланған.   
1951  жылы  шілде  айында  Қазақстан  комсомолының  V  сьезінде  Қазақстан 
ЛКЖО ОК – нің бірінші хатшысы болып сайланған.   
1953  жылы  аздаған  уақыт  Қазақстан  КП  ОК-нің    ғылым  мен  мәдениет 
бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

134
 ~ 
 
1953    жылы    шілде  айында    КСРО  –ның    Мәскеудегі    Жоғарғы    партия 
мектебіне оқуға жіберіледі.  
1956  жылы  оны  аяқтаған  соң,    Алматы  қалалық  партия  комитетінің  2-  ші 
хатшысы болып тағайындалады.  
Өз  ісіне  жоғары  жауапкершілікпен  қарайтын,  биік  адамгершілік  қасиеті, 
бірбеткей, турашыл мінезімен  Хиуаздың  тек елім үшін, халқым үшін деген сеніммен 
еңбек еткендігін замандастарының естелігінен білеміз. 
Соғыс  салған  жараның  әсері    Хиуаз  Доспановаға  одан  әрі  жұмыс  жасауға 
мүмкіндік бермей,  денсаулығына байланысты 1959 жылы зейнеткерлікке шығады. 
Қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш қыз зейнетке шыққасын да қарап отырмай 
,  өзімен  бірге  ұшқан    қарулас  достары  туралы  «Өмір  үшін»,  «Бомбы  ложились  в 
цель»,  «Мы  аэроклубовцы»,  «Ширек  ғасыр»  атты  мақалалар  жазып,  полк  туралы 
кітаптар жазған.  1960 жылы «Под командованием Расковой» атты кітабын шығарса, 
Ұлы  Жеңістің  20  жылдығына  арналған  ғылыми  конференцияда  «Великий  подвиг 
советского  народа»  атты  баяндама,  1963    жылы  өз  өмірі  туралы  «Халқым  үшін» 
кітабын  жазады.   Дара  тұлғаға,  батыр  болып  туған  адамға  уақыт  өкімі жүрмейтінін 
Хиуаз қыздың тағдыры, Хиуаз апаның адал өмірі дәлелдей түскендей ... 
Уақыт жылжыған  сайын  Хиуаз  апаның  қатарлары  сиреп, қоғамдық ортамен 
байланыс азайып, ескерілу тұстары  кеми берген.  
Рухының  күштілігімен  айналасын  құрметтеп  өмір  сүрген    Хиуаздың  қадірін 
мезгілінде  түсініп,  уақытында  құрметтеген  ,  соғысты  көріп,  ерліктің  бағасын  білген 
ат  төбеліндей  текті  азаматтар,  оның  ішінде  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат 
Бигелдинов,  Мәлік  Ғабдуллин,  Әбу  Сарсенбаев  сияқты  ағалары  Хиуазды  қадыр 
тұтқан және тұстас ағаларын  өзі де құрметтеп өткен.         
ҚР  Халық  жазушысы  Әбу  Сарсенбаев  Хиуазға  жазған  құттықтау  хатында 
былай  дейді:   
Айналайын,  Хиуаз!  Сені,  қазақтың  бірден-бір  «Қанатты  қызын»  Ұлы 
Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Жеңіс! Айтуға оп-оңай. Бар жоғы бес әріптен ғана 
тұрады. Ал осы жеңіс оңайға түсті ме? 1418 тәулік бойына жер жүзін түгел тітіреткен 
еді-ау, Шүкір, ақыры біздің жеңісімізбен аяқталды. Ал осы жеңісте сенің үлесің жеке-
дара  бір  төбе!  Сен  аспанға  әрбір  көтерілген  сайын,  зенитка  оқтары  кішкене  ғана 
самолетіңді дip еткізген сайын не ойладың екен..? 
Мен  бір  санитарка  қыздың  үзілер  шақтағы    монологын  тыңдадым.  Үкідей 
бала  қыз  еді.  «Риза  бол  Отан,  ата-анамнан  өзге  ешкім  сүйіп  үлгермеген  уыз 
махаббатымды  саған  арнаған  едім.  Сол  махаббатыма  кіршік  түсірмей  үзіліп 
барамын...»  деген-ді.  Саған  аман  оралуға  жазды.  Бақыттың  зоры  осы.  Енді  деніңе 
саулық тілеймін. Жалғызыңның қызығын көруге жазғай.  
Ақ тілекпен Әбу Сарсенбаев. 
Хиуаз  апа    өзінің  полктас  қыздарымен  үнемі  байланысып  отырған.    
Сонымен  қатар,  Орталық  комсомол  комитетінде  Хиуаз  апамен  жұмыстас  болған 
үзеңгілес інілері Ұлы Жеңіс мерекелерінде, 8 наурыз әйелдер күніне құттықтап қана 
отырған. 
1995  жылы  Ұлы  Жеңістің  50  жылдығына  комсомолда  қызметтес  болған  
Қанапия  Ахметов,  Оразай  Батырбеков,  Михаил  Есеналиев  Хиуаз  апаларын  үйіне 
барып  құттықтайды  және  осы  кісілердің  бастамасымен  Хиуаздың  ерлігін  елге 
кеңінен  насихаттау  қолға  алынды.        Ақпарат  беттерінде  Хиуаздың  майдандағы 
ерлігі туралы бірін-бірі құрметтеген халқымыздың қаһарман перзенттерінің көптеген 
мақалалары жарық көрді. 
МағанХиуаз  апамыздың  көзі  тірі  кезінде  деректерін  жинау  мақсатында  Ұлы 
Жеңістің  60  жылдығы  қарсаңында  өзімен  жүздесіп,  шүйіркелесуге  мүмкіндік  туған 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

135
 ~ 
 
еді.Сол  кезеңде    80-нің  үстіне  шыққан,  соғыстың  зардабы  мен  уақыт    салған 
салмақтан  шөгіп  бара  жатқан  батыр  апамыздың  жағдайын  көріп,  Хиуаз  апамызда 
әліде кәрілікке мойынсұнғысы келмейтін өр мінездің басымдылығын көріп, қазақтың 
қаһарман  батыр  қызы  осындай  болса  керек  деп  түйгенмін.  Өйткені,  сөйлесе  келе  
Отанға деген патриоттық сезім мен коммунисттік антына адал болғанын,  Ұлы Отан 
соғысында жасаған ерлігін – «ол менің Отан алдындағы перзенттік борышым» - деп 
өзінің  бағалауы,  Хиуаздай    апаға  ғана  тән  -    Ұлы  Тұлғаның  ерлігі,  Отанына 
қырағылықпен  қызмет  етуге  берген  антынан  ауытқымай,  өмір  бойы  қалыптасқан 
ішкі ұстаным, нақтылық, ашып сөйлесуден өзгермей өткен жан екен деп түйдім. 
Хиуаз  апа  қанша  қартайса  да,    жүрегінің  түкпірінде  туған  жерге  деген 
сағынышы Гурьевті, Ганюшкиноны айтқанда ерекше елең ете қалып,  көзі жанып ,  
өткенін,  елін  тамсана    әңгімелеуі  –ажал  мен  отты  көрген  батыр  бола  тұра  ,  туған 
елге дегенде жүрегінің нәзіктігі сезіліп тұрды. 
Ел  мақтанышы,  батыр  Бауыржан  Момышұлы  «Бұрынғылар  жасаған 
ерліктерді  сыйламай,  қадірлемей  тұрып,  жаңа  ерлікке  шақыру  бекершілік»  деген 
аталы  сөзі,  бүгінгі  ұрпаққа  аталарымыз  бен  аналарымыздың  жасаған  ерліктерін 
мақтаныш  қылып,  Отан  алдындағы  перзенттік  парызды  ұғындыру,  әскери 
патриоттық тәрбиенің бағдарламасындай болмақ. 
    2004  жылы    Ел  Тәуелсіздігінің  мүшелді  тойы  қарсаңында,  өрімдей  жастық 
шағында  көкірегіне  көзсіз  ерлікті,    бейбіт  өмір  белесінде  ұлағаттылықты  ұялатқан,  
өзі  айтатындай  «халқы  сыйлайтын,  ұрпағын  ұялтпайтын  өмір  жолынан 
өткен»  абзал  жанға    Елбасы  Н.Назарбаевтың  Жарлығымен    «Халық  Қаһарманы» 
атағы беріліп, Алтын Жұлдыз айырықша белгісі тапсырылды.  Қазақтың батыр қызы, 
ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова 2008 жылы өмірден өтті. 
 
 «Ерін  ардақтаған  ел  азбас»  демекші,  Хиуаз  Доспанова  халқымен  қайта 
қауышты. Бұл күнде Хиуаздың туған елі Атырауда  «Хиуаз Доспанова атындағы мұз 
айдыны» , көше аты, батырдың ескерткіші  бой көтерген.   
 
Қан  майданда  халық  намысын  жоқтап,  оқ  пен  оттан  өткен,    бейбіт  өмірде 
қайсар қайраткерлігімен билік тұтқасын ұстап,  өз дәуірінде баршаға танылған жан – 
Хиуаз  аты,      Шығыстың  қос  шынары  Маншүк  пен  Әлияның  сыңары,  аты  да  батыр 
қыз, мәңгі жастықтың алауы болып тарихқа жазылды.  
 
Мұрағат – тарихи мұралар мекені. Сол мол мұраның  ішіндегі  адам тарихын - 
қалтарыста  қалдырып  қоймай,  көрмелер,  кітаптар  арқылы  бүгінгі  ұрпаққа  Ұлы 
адамдарды  кеңінен  таныстыру,  мұрағаттық  құжаттар  негізінде  жариялап  отыру  - 
ертеңгі ұрпақ үшін қажетті нәрсе.  
Ұлы тұлғаларға көрсетілетін құрмет-ол өткенге көрсетілер құрмет қана емес, 
ол  ең  алдымен  болашақтың  қамын  ойлау  екенін  өз  сөзінде  Елбасы  Н.Назарбаев 
айтқан болатын. 
Елін  қорғаған  батырларды  ұлғылау  шаралары  алдағы  уақытта  да  жүзеге 
асырыла  беретін  болады.  Қай  кезеңде  болмасын  жүзеге  асырылған  жақсы  істің 
ешқашанда ұмытылмай, ұрпақтар жадында қалатыны сөзсіз. 
 
     Мақала Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының қорындағы құжаттар негізінде 
дайындалған. 
 
1.  ҚР  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты.  Халық  қаһарманы  Хиуаз  Доспанованың 
жеке қоры. 
2.  Атырау 
облыстық 
мемлекеттік 
мұрағаты. 
Халық 
қаһарманы 
Хиуаз 
Доспанованың жеке қоры. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

136
 ~ 
 
 
Резюме 
В статье описывается ратный подвиг первой летчицы-казашки, удостоенной 
высшей награды РК «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспановой. 
 
Summary 
The  brave  feat    of  the  first  Kazakh  pilot  woman  HiuazDospanova,  who  was 
rewarded by the highest award  of  the Republic of  Kazakhstan  «Khalykkakharmany» is 
described in this article. 
 
 
ӘОК 904 
 
М.С. Касенов 
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ КӨПІРЛЕР МЕН ӨТКЕЛДЕР 
 
Аңдатпа 
          Мақала  ортағасырлық  Батыс Қазақстан жеріндегі өткелдер мен  көпірлерге 
арналған.  Ежелгі  уақыттан  өзендерден  өту  үшін  көпірле  мен    өткелдер  салынған. 
Бұл  сәулетік  құрлыстар    үшін  әр түрлі құрлыс заттарын пайдаланды. 
 
 
 Ұлан байтақ Қазақ жеріндегі халық ежелден бері көшіп-қонып, сауда-саттық жасап, 
жаугершілік  заманда  жорықтарға  шығып,  үздіксіз  қозғалыста  болды.  Ұлы  Жібек 
жолының жүздеген тармақтары өлкені шырмап жатты. Олармен үздіксіз керуендер, 
саудагерлер,  саяхатшылар,  кезбелер  ағылып  жатты.  Бірақ,  жолдармен  сапар 
жасаудың өз қиыншылығы болды, қара жолдар өте нашар, сапасыз болды. Жолдар 
қыста  қарға  көміліп,  көктем  мен  күзде  ми  батпақ,  жазда  шаң  топырақ  болып  жол 
азабын  тартқызады.  Керуен  сүрлеулері  тау-тас,  сортаң-батпақ,  құмшағыл,  орман-
тоғай, өзен-көл арқылы өтті. 
     Әсіресе  өзендер  мен  жырлардан  өту  көп  қиындық  туғызады.  Сондықтан  сонау 
ерте  кезден,  көпір  мен  өткелдер  салуға  және оны жөндеуге  үлкен  күш  пен шығын 
жұмсалды.  Өзендерден  өту  сол  кезеңдерде  ерлік  пен  шеберлікті  қажет  еткен. 
Жаугершілік замандары өткелдер кімнің қолында болса, сол ерекше басымдылыққа 
қол жеткізген. 
      Көне  заманда  сулардан  өту  үшін  көптеген,  айла  тәсіл  мен  техникалық 
жетістіктерді  пайдаланып  отырған.  Өзендерге  тұрақты  көпір  салынғанға  дейін, 
өзеннің  таяз,    жайылма  жерлерінен  жүзіп  өту,  кешіп  өту  әдісі  қолданылды.  Ондай 
жерлерді    «өткелдер»  деп  атады.  Бірақ  бұл  жолдың  ұзаруына,  айналып  өтуге 
соқтырды. Ежелгі кезеңде сулардан өту үшін: ат жалына жабысып өту, салмен өту, 
тері меспен өту  амалдары қолданылды.   
Тері  меспен  өту  туралы  Әл-Мұхтадирдің  Бұлғар  патшасына  жіберген  елшісі  Ахмад 
Ибн-Фадлан  Ибн-Аббас  Ибн-Рашид  Ибн-Хаммадтың  кітабында  жазылған.  «Түрік 
түйелерін  сатып  алып,  оның  терісінен  көшпелі  тайпалар  жеріндегі  өзеннен  өтетін 
үлкен-үлкен мес қайықтар жасаттық» 
-дейд (1). 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

137
 ~ 
 
     Бұл саяхат 921 жылы болған, ондаған өзендерден өткен саяхатшы көпір туралы 
жазбайды. Барлық өзендерден тері меспен өттік дейді. «Бізде ол жерден қозғалып, 
Бағнади  өзеніне  жеттік.  Адамдар  түйе  терісінен  істелген  местерін  алып  созғылады. 
Одан  соң  үлектің  өркешіне  кигізіп,  созылғанша  сонда  ұстады.  Местерді  жерге 
тастап,  уқалап,  созылған  местерге  барлық  киім-кешектерді  тығып  толтырады. 
Осыдан  кейін  местерді  суға  салып,  әрқайсысына  төрт-бес  адамнан  мініп  алдық. 
Ескек орнына алған қайың ағашпен суды ескенімізде, местер шыр айналып, ағысқа 
түскен соң зымырай берді. Сөйтіп өзеннің арғы жағына өттік» (2).  
Бұл әдіс көшпенділердің судан өтудегі ең кең тараған әдісі болған. Басқа өзендерден 
де Ибн-Фадлан тері мес арқылы өткенін баяндайды. 
      «Келесі кездескен Жем өзенінен де осы тәсілмен өттік. Бұдан соң бірінен кейін 
бірі  кездескен  Жақаш,  Адал,  Ардан,  Вариш,  Ахти,  Бабна  өзендерінен  де  осылай 
өттік. Олардың бәрі үлкен-үлкен өзендер еді » деп жазады (3). 
      Ал, «салды» қандайзаттан жасағаны белгісіз. Ағаш немесе, қамыс болуы мүнкін. 
«Оғыз-наме»  жырында  оғыздардың  Еділ  өзенінен  өткенін  жазады.  «Итіл(деген) 
әйдік  бір  өзен  еді.Оғыз  қаған  оны  көрді  де,  енді  Итілдің  суынан  қалай  өтерміз  ?-
дейд. Шеруде бір жақсы бек бар еді . Оның аты Ұлық Орду бек еді. Ұлық ақылды бір 
ер  еді,(жағадағы  көптен-көп)  талдардың  көбін  көрді,  ағаштар(бар  еді.  Осы 
бек...)осы ағаштарды кесті, ............................. Ағаштарға жатып өтті» (4). Бұл  ХІІІ-
ХҮ ғасырда жазылған, бірақ оқиға одан ертеректе болған болса керек.   
     Халық  арасында  көне  заманнан  келе  жатқан  мифтерде  көпірлер  туралы  аңыз 
әңгімелер бар. Мысалы: Шайтанкөпір, Қылкөпір ол көзге көрінбейтін мифтік ұғымда 
айтылатын сөздер. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы елді мекен аты 
Шайтанкөпір  аталады.  Бұл  ислам  дінімен  келген  атаулар  болса  керек  (5). 
«Қобыланды»  жырында  да  көпір  туралы  дерек  бар  (6).Махмұт  Қашқари  «Түрік 
тілінің сөздігінде» көптеген көпірлердіңаттарын  айтып жазған (7).  
 Батыс  Қазақстан  жеріндегі  көпірлер  мен  өткелдер  туралы  аңыздар  мен  деректер 
көп  сақталған.  Алтын  Орда  дәуірінде  көптеген  көпірлер  салынып,  маңызды 
нысандарға айналды. 
     Жайық  өзенінде  көпірлер  мен  өткелдер  болған.  Жазба  деректерден  көңіл 
аударарлық дерек, 922 жылы  Ибн Фадлан Бағдаттан Атил (Еділ) бойындағы бұлғар 
еліне  жіберілгенде  Джайх  (Жайық)  өзенінен  өткен.  Ол  көпір  туралы  дерек 
келтірмеген. 
      «Бұл  біз  көрген  ең  үлкен  өзен,  оның  ағысы  тым  қатты.  Шындығында,  мен 
жүктердің  қалай  ауғанын  және  өткелде  кісілердің  суға  ағып  кеткенін  өз  көзіммен 
көрдім.  Жалпы,  біз  өткелден  өтерде  көптеген  адамдарымыздан,  түйелер  мен 
жылқыларымыздан  айырылдық.  Біз  Жайықтан  төтенше  қиындықпен  өттік»  -  деп 
жазады (8). 
     Сарайшық «қалқымалы» көпірі туралы мәлімет берген араб көпесі әрі жиһангезі 
Ибн-Батута еді. 1333-1334 жылғы «Саяхатнамасында» былай деп жазды: «Сарайдан 
шығып,  он  күннен  кейін  біз  Сарайджук  деген  қалаға  жеттік,  джук  -  кіші  деген 
мағына  береді.  Ол  Ұлысу  деп  аталатын  үлкен  әрі  ағынды  өзеннің  жағасында 
орналасқан. Онда Бағдаттың көпіріндей қайықтардан жасалған көпір бар…» (9). 
     Сонымен  бірге  Жайықтың  жоғарғы  арнасы  Индер  жеріндегі  Таскөпір,  Сағыз 
өзеніндегі  Тас  кешу  және  Жем,  Еділ  көпірлері  туралы  жыр-дастан  аңыздар 
жеткілікті.  
     Аңыз  бойынша  Асан  Қайғы  бабамыз  Жайық  өзенінің  (Индер  тұсы)  Тас  кешу 
өткелінен өтерде «Суы татыған бал екен, жағасы сірескен тал екен»-деп,Жерұйықты 
іздеу сапарын бастаған екен. Ол туралы Мұрат Мөңкеұлы былай жырлайды: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

138
 ~ 
 
                                  Асан Қайғы бабамыз, 
                                  Тесіктен өтіп жөнелді. 
                                  Дендерден бергі баурайдан, 
                                  Тастан көпір қиюлап. 
                                  Қазтуған шұбап өткенде… (10). 
Жайық«Тас кешу»көпірін1328-1337жылыИванКалитасалдырғандеген аңыз бар(11). 
Томарөткел  бөгетіЖайық  тасығанда  бөгеу  үшін  томардан  жасалған,өткел 
болған(12). 
     Сағыз  өзенінде    «Тас  кешу»  көпірі  мен  керуен  сарайы  бар.  Қазіргі  кезеңде 
көпірдің  орнында  қыш-кірпіш  сынықтары  ғана  жатыр.  Ал,  керуен  сарайы  орнында 
үйінді ғана қалған. Бұл құрылыстар керуен жолына салынған. 
А.И.Левшин  Сағыздың  Тас  кешу  көпірі  туралы  айтқан.  «Узун  Там,на  левом  строке 
реки  Сагиза,через  которую  всей  же  месте  был  построен  каменный  мост  или 
плотина.  Оставшиеся  от  нее  плиты  тестного  камня  еще  видны.  Говорят,  что  она 
была сделана по повелению одного из сновей Чингизхана»- дейді(13). 
Жайықтың жоғарғы жағындағы Батыс Қазақстан облысы жерінде бес өткел болғаны 
белгілі.Олар:  Шайтанкөпір,  Қиянөткел,  Темірөткел,Борөткел,  Дайынөткел  деп 
аталған (14). 
Бұл көпірлер туралы Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында жырлаған: 
 -«Адыра қалғыр көк Жайық, 
                                       Көпір салып өткен жер. 
                                       Асан Қайғы, Қазтуған, 
                                       Орақ,  Мамай, Телағыс, 
                                       Шораның шұбап кеткен жер» (15). 
 
- Көпірі жоқ Ақ Жайық, 
                                       Атын жалдап өткен жер (16). 
 
                                       -«Жайық пенен Еділден, 
                                       Сағыз бенен Жеміңнен, 
                                       Тастан көпір салдырып» (17). 
 
 - «Бұл сөзді бәйіт еттім мұңданғаннан, 
                                       Заманға тура билік тыңдалмаған. 
                                       Шұбырып сексен үймен Алдаш кетті, 
                                       Көпірдің қорлығына тұлданғаннан» (18). 
- деп көпір кімнің қолында болса, сол билік жүргізгенін айтады. 
 
  Махамбет жырында Жайықтан ат жалдап өткені айтылады: 
 Ханнан бері ығысып, 
                                             Шатыр тігіп жатқан жер. 
                                             Көпірі жоқ Ақ Жайық, 
                                             Атын жалдап өткен жер. 
        Көпірлерден  өткен  кезде,  жаугершілік  кезеңде  көп  адам  шығынға  ұшырап 
отырған.  Еділ-Жайық  бойындағы  қалмақ  босып,  өзінің  Жоңғариясына  қарай 
көшкенде өзендерде су тасып көп қиыншылық пен шығын әкелген. 
 Нарыннан көшкен көп қалмақ, 
                                          Өткел тапқан Днедерден (Индер)...,  
- дейді толғауларда(19). 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

139
 ~ 
 
Жайықтан  өткен  100 000  қалмақты  Кіші  жүз  ханы  Нұралы  бастаған  сарбаздар  екі 
бүйірден  соққылап  Жем  өзеніне  дейін  қудалап  апарған.  Өзен  тасып,  өткел  жоқ 
болған  соң,  қалмақтар  нар  қамысты  буып  төсеп  амалдап  өткел  жасап 
өткеніайтылады. 
     Сырым  Датұлы  Ойыл  өзенінен  1736  жылы  жасағын  өткізу  үшін  бөгет  жасайды. 
Бұл  өткел  «Сырым  бөгеті»  деп  аталады.  1929  жылы  ол  қайта  2,5-3м.  көтерілген. 
1981  жылы  ұзындығы  800м,  ені  10-12м  кеңейтіліп  тоғанға  айналдырылған.  Аңыз 
бойынша:  көшпелі  елдегі  су  тапшылығын  көп  көргендіктен  Сырым  Тайсоған, 
Бүйректі жайлаған кезінде бір жылы Ойыл өзеніне бөгет салу қажеттігіне тоқталады. 
Ойыл  өзені  бірнеше  тармаққа  бөлінеді.  Сырым  соның  Құройыл  деп  аталатын 
тармағын бөгеуді жөн көреді. Бұл сала кейін де бөгелді. 
      Ол,  Құройылды  бөгеу  арқылы  Тайсоған,  Бүйрек,  Қаракөл,  Қарабау,  Сарыкөл 
атыраптарын  суға  қанықтыруды  көздеген.  Сырым  өзенді  екі  жыл  қатарынан 
жазғытұрым бөгеп, суды тоқтата алмады. Ақырында үшінші көктемде салған бөгетті 
су бұзып кеткен соң, Сырым қасындағы қосшыларына: «Мен үйден шыққанда құдық 
басында балалар ойнап жүр еді. Солардың ойынынан байқаңдаршы» - депті. Қараса 
балалар жерді жырып қауғамен су ағызып, оған өздерінше бөгет салып, қолдарында 
жапырақ  киіздері  бар,  топырақ  арасына  киіз  салалық  деп  шуласып  жатыр  екен. 
Жігіттер  көргенін  Сырымға  айтып  келгенде,  Сырым:  «Ақыл  жастан»  деген  екен. 
Одан  кейін  Сырым  көшпелі  елден    киіз  жинаттырады.  Оны шуда жіппен  тігіп шуал 
(үлкен  қапшық)  жасайды.  Содан  соң  оны  құммен  толтырып,  Құройылдың  ортасын 
бөгепті-мыс (20). 
      Көпір  сонымен  қатар  ерте  кезден  пайда  көзі  болған.  Сонау  Қорқыт  заманында 
ақ, көпірді табыс табуға пайдаланған. «Кітаби Қорқыт» жырында сусыз  өзенге көпір 
салып  өткенін  40  теңге,  сулы  өзенге  көпір  салып  30  теңге  алатын  Домрул  туралы 
айтқан.  (Доспамбет,  Домбауыл  мазары  Жезқазғанда).  Көпір  аузына  қонған  бір 
көштің азаматы өліп-шулап жылап жатқаны баяндалады (21). 
      XVII-XIX  ғасырда  Ресеймен  сауда  қатынасы  дамығанда  көпірлер  мен  өткелдер 
жаппай салынған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет