Экология и естественные науки


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

98
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.    Қазақстан Республикасының Конституциясы.  30.08.1995 ж. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “ Қазақстан Республикасының 
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы”.  
25 желтоқсан, 2002 ж.  
3.    ҚР   Азаматтық іс жүргізу Кодексі 13-шілде 2002 ж. 
4.Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі    туралы  ҚРЗ., 
30-маусым, 1998 ж. 
Резюме 
В данной статье рассматриваются основы и правовые проблемы законности 
судебных решений 
Summary 
This article covers the basics of law and legal issues of judicial decisions 
 
 
Р.Қ. Сабирова, Д.Б. Рахметуллаева  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ӘЛЕУМЕТТІК  ӘРІПТЕСТІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ  
 
Аннотация 
Бұл мақалада әлеуметтік әріптестік институтының құрылуы, қалыптасуы мен 
дамуы қарастырылады. Трипартизм ұғымы, оның мағынасы, субъектілері айтылған. 
Негізгі сөздер: Әлеуметтік әріптестік, трипартизм, Конвенция, Бас келісім, 
тарифтік келісім, кәсіподақ 
 
Әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк-еңбек аясында экономикалық мүдделерiнiң 
келiсiмi  және  әлеуметтiк-еңбек  келiспеушiлiктерiн  реттеу  бойынша  мемлекеттiң 
делдалдық  етуiмен  туындайтын  жалдамалы  жұмыскер  мен  жұмыс  берушiнiң 
арасындағы қатынастардың ерекше жүйесi.  
Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн трипартизм деп те атайды, өйткенi әлеуметтік 
әріптестікке  үш  тарап  қатысады:  жалдамалы  жұмыскерлердiң  мүддесiн  бiлдiретiн 
ұйымдар, жұмыс берушiлер бiрлестiгi және мемлекет[1]. 
Әлеуметтiк әрiптестiк  Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн дами бастады, тек 
ХХ  ғасырдың  60-70  жылдары  ғана    толық  орнықты,  оның  өзiнде  барлық  елде  деп 
айта  алмаймыз.  Бүгiнде  әлеуметтiк  әрiптестiк  Гермения,  Австрия,  Швеция,  тағы 
басқа  Еуропа  елдерiнде  жақсы  дамыған.  Оңтүстiк  еуропалық  елдерде,  АҚШ, 
Жапония  елдерiнде  ондай  дәрежеде  емес,  ал  әлсiз  дамыған  елдерде  әлеуметтiк 
әрiптестiк  жүйесi  тiптi  қалыптаспаған.  Ресей  мен  Қазақстанда  ендi  қалыптасып 
келедi.  
1868  жылы  Британдық  тред-юниондар  конгресi  құрылды,  1898  жылы 
Бельгиялық  жұмысшы  партия  кәсiподақтар  комиссиясын  құрды.  1906  жыл-Ресейде 
кәсiподақтар  қозғалысы  басталды.  Кәсiподақ  қозғалысы  күшейген  сайын  жұмыс 
берушiлер бiрлестiгi құрыла бастады. 
ХIХ  ғасыр  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басында  индустриялы  елдерде  бiртiндеп  еңбек 
заңдылығы  қалыптаса  бастады.  1907  жылы  Дат  азаматтық  кодексi,  1911  жылы 
Швейцарлық  мiндеттемелер  кодексi,  1915  жылы  Норвегияда  арнайы  заңдар,  1918 
жылы осындай заңдар Германияда, 1919 жылы Францияда пайда бола бастады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

99
 ~ 
 
1919  жылы  Халықаралық  еңбек  ұйымы  құрылды.  Дегенмен  әлеуметтiк 
әрiптестiк  әлi  қалыптаспаған  едi.  Тек  елу  жылдан  кейiн  ғана  жұмыс  берушi  мен 
жалдамалы  жұмыскердiң  арасындағы  әлеуметтiк-еңбек  қатынастарының    теориясы 
мен  практикасына  әлеуметтiк  әрiптестiк  ұғымы  ене  бастады.  Бұл  кезеңдерде 
елдердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында қандай өзгерiстер болды. 
Ең 
бiрiншi, 
капитализм 
дамудың 
жаңа 
фазасына 
кiрдi. 
Капиталды 
шоғырландыру  күшейдi,  өндiрiс  масштабы  өстi.  Капитал  ұлттық  шеңбер  сыртына 
шықты, 
халықаралық 
еңбек 
кооперациясы 
дами 
бастады, 
өндiрiс 
интернационалданды. Iшкi рынокта да, сыртқы рынокта да бәсеке күшейдi. Осындай 
жағдайда  жұмысшылардың  ереуiлге  шығуы,  өндiрiстiң  тоқтап  қалуы  жұмыс 
берушiлер  үшiн  бұрынғы  20-30-жылдарға  қарағанда  үлкен  шығынға  әкелдi.  Олар 
өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгiн төмендетiп, меншiк иесiнiң алатын пайдасын азайтты. 
Сонымен  бiрге,  экономикадағы  тұрақтылықтың  көпжылдарынан  бергi  уақытта 
болған бiрiншi дағдарыстар көптеген капиталистiк елдердi қамтыды, бұл 1929-1933 
жылдардағы  дүниежүзiлiк  экономикалық  дағдарыс,  Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыс. 
Осыған  байланысты  көптеген  дамыған  елдерде  капитал  күйреп,  капиталистер 
кәсiподақтармен байланыс жасай бастады. 
Осымен  қатар  кәсiподақ  қозғалысы  қарқынды  дами  бастады.  1949  жылдың 
қазанынан  бастап  ФРГ-да  кәсiподақ  қозғалысы  қалпына  келтiрiлдi,  немiс  кәсiподақ 
Бiрлестiгi құрылды. 1945 жылы Бельгияда кәсiподақтар бiрiгiп, Бельгияның Бiрiккен 
еңбек федерациясы құрылды.  
Сонымен  Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiн  дамыған  капиталистiк  елдерде 
кәсiподақ  қозғалысы  күштi  дамып,  капитал  әлемiнде  жұмыс  берушiлер  мен 
жалдамалы жұмыскерлер арасында жаңа еңбек қатынастары орнай бастады. 
Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамыған елдерде бірінші дүние жүзілік соғыстан 
кейін  қалыптаса  бастады.  1919  жылы    Халықаралық  Еңбек  Ұйымы  (ХЕҰ)  құрылып, 
өзінің  бірінші  конвенциясын  қабылдау  арқасында  жұмыспен  қамтудың  тегін 
мемлекеттік  бюросын  ұйымдастыру  туралы,  сондай–ақ  жұмыспен  қамту  бюросына 
көмек  көрсету  ретінде  кәсіпкерлер  мен  еңбекшілерден  тұратын  комитет  құру 
жөнінде мәселені шешуге мүмкіндік алды. 
Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы №88 Конвенциясында (1948 
жылы) еңбек рыногын реттеудің жалпы қағидалары айтылған, бұл қағидалар бүгінгі 
күні де өзектілігін жоймаған. Енді осы қағидаларды атап шығайық: 
1.Мемлекеттік билік органдарының басшылығымен жұмыс жасайтын жалдау 
бойынша  ұлттық  бюросынан  тұратын  жұмыспен  қамту  қызметі  жұмысының 
қолайлылығы  және  оның  тегін  болуы.  Бұл  жүйе  әрбір  аймаққа  жеткілікті  түрде 
қызмет  көрсетілуін  қамтамасыз  ететін  жергілікті  және  аймақтық  бюролар  тобынан 
тұрады; 
2.Жұмыспен  қамту  қызметі  саясатын  жасауда,  ұйымдастыруда    және  тиімді 
қарекетінде  кәсіпкерлердің,  жұмыскерлердің  және  мемлекеттің  пара-пар  қарым-
қатынасы. 
3.Еңбекке  орналастыруды  жеңілдетуде  белсенді  және  түрлі  саясат  жүргізу. 
Осы  мақсатта  жұмыспен  қамту  қызметі  жұмыссыздарға  кәсіп  пен  тұрған  жерін 
өзгертуіне  ықпал  етеді,  сондай–ақ,  психологиялық  және  материалдық    көмек 
көрсетеді.  
4.Жұмыс  күші  нарығының  жағдайы  туралы,  жұмыс  берушілер  саны  мен 
олардың  кәсіби  көрсеткіштері  туралы,  ваканциялық  орын  туралы  ақпарат  алуда 
және беруде ашықтық және жариялылық; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

100
 ~ 
 
5.Жұмыспен 
қамту 
саясатын, 
инвестициялық 
процестерді 
және 
экономикалық  өсу  стратегиясын  мемлекеттік  органдармен  және  жеке  сектор 
кәсіпорындарымен реттеуге бағыттау; 
6.Әлеуметтік қорғауда еңбекке орналасуға мүмкіншіліктері төмен адамдарға 
(20  жасқа  дейінгі жастарға, жас  балалары  бар  әйелдерге,  мүгедектерге,  зейнеткер 
жасы алдындағы адамдарға) басты назар аудару. 
Республика 
экономикасын 
ашық 
экономикаға 
ғаламдандыру, 
трансформациялау  жағдайында  Әлеуметтік  әріптестік  әлемдік  деңгейде  әрекет 
ететін  Келісімдер  мен  Конвенцияларды  ескермейінше  жүзеге  асыру  мүмкін  емес. 
ХЕҰ-ң  көптеген  Конвенциялары  мен  Кепілдемелері  Әлеуметтік  әріптестік  бойынша 
мемлекет  ішіндегі  заң  актілерін,  жарлықтар  мен  қаулыларды  даярлауда  кейінге 
қалдыруға болмайтын негіз болып табылады[2,3].  
Халықаралық  еңбек  нормалары  (Internattional  labour  Standards)  кейде 
халықаралық еңбек кодексі деп те аталады. Қазіргі кезеңде 180 Конвенциялар мен 
189 Кепілдемелерден тұрады. Соның ішінде мәжбүрлеу еңбегіне тыйым салу (№29. 
193  жыл,  №105.  1957  жыл),  балалар  еңбегін  қолдануға  (№138.  1973  жыл), 
ұжымдық  келіссөз  жүргізуге  (№87,  1948  жыл,  №98,  1949  жыл)  қатысты 
конвенциялар басымдықта қолданылады.  
Оларды  қабылдаудан    бас  тартқан  жағдайда    әлемдік  қауымдастық 
мемлекетті  артта  қалған  және  демократиялық,  құқықтық,  ашық  мелекеттің 
қарапайым талаптарына сай емес деп таниды.  
Мемлекет  ХЕҰ-ң  Халықаралық  стандарттары  мен  нормаларын  көбірек 
қабылдаған  сайын,  соншалықты  оның  ішкі  құрылымы  өркениетті,  әлеуметтік 
бағытталған мемлекет эталонына сәйкес келеді. 
Халықаралық конвенциялар мен кепілдемелер соңғы уақытта экономикалық 
мазмұнға  ие  болуда.  Соның  ішінде,  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымы  (БСҰ)  ХЕҰ-ң  негізгі 
конвенциялар  қағидаларын  осы  ұйым  шеңберінде  жасалатын  сауда  келісімдерінде 
қолданады.  Осыған  байланысты  БҰҰ-на  ене  отырып,  Қазақстан  халықаралық 
ұйымдардың  экономикалық  әсерін  тек  экономикаға  емес,  сонымен  бірге  еңбек 
қатынастарына да қатысты ескеруі тиіс. 
Бірақ  қазіргі  жағдайлардың  өзінде–ақ  халықаралық  деңгейде,  соның  ішінде  
ТМД елдерінің мемлекетаралық келісімдерімен сәйкес, Қазақстан, Ресей, Белоруссия 
арасындағы  кеден  одағында  еңбек  рыногына  экономикалық  әсер  нақты  түрде  бар 
және жұмыс жасайды. 
Бұл  елдердің  дұрыс  кедендік  және  экономикалық  саясаты  еңбек  рыногына 
халықтың  көпшілік  бөлігінің  тек  сауда  мен  қызмет  саласында  ғана  емес,  өндірістік 
салада да қатыстырылуына мүмкіндік береді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Берешев  С.  Регулирование  заработной  платы  в  Республике  Казахстан.-Алматы: 
Баспа, 2001.-224 с. 
2. Сабирова Р.Қ. Еңбек нарығы экономикасы. Атырау.-2009-127 б. 
3.  Үскенов  М.Қ.,  Сабирова  Р.Қ.  Ауыл  шаруашылығында  еңбек  нарығын  реттеу 
тетіктері. Шымкент.-2006.-186 б. 
Резюме 
В  статье  рассматривается  социальное  партнерство  как  регулирование 
трудовых отношений   
Summary 
In article the social partnership as regulation of the labor relations is considered 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

101
 ~ 
 
ӘОК  316.422 
 
А.Ж. Миралиева  
Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
МЕМЛЕКЕТТІК  БІЛІМ  БЕРУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ   
ЖАҢАЛАУ 
 
Аңдатпа 
Автор мемлекеттік білім беру саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеп отырып 
келесі  проблемаларды  қарастырады:  білім  беру  жүйесін  басқаруды  жетілдіру; 
интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыру;  Қазақстандағы  халықаралық  деңгейде 
эрудитті адамдарды дайындау; мұғалімнің беделі мен мәртебесін арттыру; білім беру 
жүйесінің экономикалық негіздерін жаңалау. 
Негізгі  сөздер:  білім  экономикасы,интеллектуалды  ұлт,  қоғамдық  бақылау 
механизмі,экономикалық механизмдерін жаңалау. 
 
Білім  беру  саласындағы  мемлекет  саясаты  ұзақ  уақыттық  кезеңдегі 
мемлекеттің  даму  үрдісін  анықтайды.  Өйткені,  нақ  осы  сала  елдегі  адам 
капиталының сапасын құруға тікелей әсерін тигізеді және ұзақ уақыттық дамуы мен 
бәсекеге қабілетті экономиканы құру болашағын анықтайды.  
Білім  беру  жүйе  ретінде  тұлғаның  қабілеттерін  дамытуға,  дүниетанымын 
қалыптастыруға,  қоғамның  жоғары  кәсіби  білікті  мамандарға  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бейімделген. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  білім  мен  ғылымды 
жақын  онжылдықта  республиканы  дамытудың  стратегиялық  бағыттары  ретінде 
белгіледі [1].  
Елбасы  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дегі  «Дағдарыстан  кейінгі  әлемдегі 
Қазақстан:  болашаққа  интеллектуалды  серпіліс»  лекциясында  интеллектуал-ды 
ұлтты  қалыптастыру  туралы  нақты  міндеттер  қойды.  Демек,  бұл  интеллектуалдық 
еңбектің  беделін  қайта  арттыру  міндеті.  Жастардың  білімге,  білімділікке  деген 
көзқарасын  өзгерту.  Ұлттық  интеллектінің  дінін  құру.  Қазақстанға  халықаралық 
деңгейде  бәсекеге  түсе  алатын  эрудициялы  адамдар  керек.  Білім,  ғылым  және 
инновация жүйелеріндегі серпілісті қамтамасыз ету қажет [2].  
Білім  беру  жүйесінің  экономикалық  механизмдерін  жаңалау.Білім  беруге 
кететін  шығындарды  экономикалық  жағынан  дамыған  елдердің  деңгейіне  (7-10%) 
жеткізу қажет. Білім берудің бюджеттік шығындарын кезең-кезеңімен ұлғайту және 
оның  ЖІӨ-дегі  үлесін  2020  жылға  5%-ға  дейін  арттыруды  қамтамасыз  ету 
жоспарлануда.  Білім  беруге  жұмсалатын  жалпы  шығындардағы  республикалық 
бюджет үлесі 2009 жылы 31%-дан 2020 жылға дейін 42%-ға ұлғаяды.  
Нәтижеге  бағытталған  бюджет  2015-жылға  қарай  Республикалық  бюджеттен 
орта мектепке жан басын қаржыландыруды ендіруді болжамдайды [3]. 
Сондай-ақ, 2011 жылдан жоспарланған жан басын қаржыландыруды ендірудің 
жаңа моделіне мектепке дейінгі ұйымдар да өтеді.  
Басқару  жүйесін  жетілдіру.Қамқорлық  кеңестері  білім  берудің  барлық 
деңгейінде қоғамдық бақылау механизмі болады.  
Тәуелсіз  аккредитация  агенттіктерінің  жүйесі  жоғары  білім  беру  сапасын 
бағалау  қызметін  мемлекеттіктен  бәсекелестік  қоғамдық-кәсіби  ортаға  тапсыруға 
мүмкіндік береді.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

102
 ~ 
 
Әлемде  адам  капиталындағы  инвестиция  көлемі  мен  оның  нәтижелері 
арасында тікелей байланыс жоқ. Интеллектуалды ұлтты дамытудағы инвестицияны 
басқару  өте  күрделі  процесс  болып  табылады.  Сондықтан  оған  сәйкес  келетін 
құрылым қажет [4].  
Білім беру жүйесінің ұсынысы және колледждер мен ЖОО-ның бітірушілерінің 
біліктілігіне  деген  жұмыс  берушілердің  сұранысы  арасындағы  баланстың  табысты 
болуы үшін адам капиталын дамытудың Ұлттық кеңесін құру қажет. Бұл Кеңес білім 
беру мен бизнестің тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.  
Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  өзін-өзі  басқару,  оқу  үрдісін 
ұйымдастыру,  кадр  мәселесі  бойынша  шешімдер  қабылдау  және  қаржы-
шаруашылық қызметін жүргізуде өзіндік құқыққа ие коммерциялық емес мекемелер 
болып табылады. ЖОО-дары  кең  білім  беру қызметін ұсынады,  өз  бетімен отандық 
және  шетелдік  серіктестіктермен  тікелей  байланыс  орнатып,  кадрларды  даярлау 
және  қайта  даярлау,  біліктілікті  арттыру,  оқытушылармен,  студентермен  және 
аспиранттармен  тәжірибе  алмасу  аумағында  өзара  ынтымақтастық  туралы 
келісімдер жасайды.  
Қазақстан  Республикасының  2010  жылға  дейінгі  дамуы  Стратегиялық 
жоспарына  сәйкес  адам  ресурстарын  дайындау  сапасын  жоғарылату,  тұлға  мен 
қоғамның  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  жүйесін  жаңалауға 
бағытталған бірқатар прогрессивті құрылымдық реформалар жүзеге асырылды [4].  
Қайырымдылық  кеңестерін  құру  арқылы  жоғары  оқу  орындарын  басқарудың 
демократиялық принциптерін енгізу процесі басталды.  
Жоғары білімді қаржыландырудың жаңа принциптері құрылуда.  
Жоғары  білім  беру  құрылымын  қайта  құру  жүзеге  асты:  кадрларды 
даярлаудың үш сатылы моделі (бакалавр – магистр – доктор Ph.D).  
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  мамандықтарының 
халықаралық стандарттар тізбесіне үйлестірілген жаңа Жіктеушісі бекітілді.  
Жаңа  буынға  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары 
әзірленді.  Бұл  стандарттарда  бітірушілердің  дайындық  деңгейіне,  білім  беру 
бағдарламаларының 
құрылымы  мен 
мазмұнына, 
білім 
алушылардың 
оқу 
жүктемесінің  көлеміне,  білім  беру  процесінің  кадрлармен,  оқу-әдістемелік, 
материалды-техникалық  қамтамасыз  етілуіне  талаптар  күшейтілген,  жоғары  оқу 
орындарының  білім  беру  қызметін  жүргізуінің  академиялық  еркіндігінің  шекарасы 
кеңейтілген.  
Білім беру тәжірибесіне кредиттік оқыту технологиясы енгізілді. ЖОО-на Болон 
Декларациясының  принциптерін  енгізу  үрдісі  жүргізілуде.  Отыз  қазақстандық 
жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.  
Жоғары  білім  берудің  Орталық-Азия  аймағын  құруға  бастама  жасалды. 
Қазақстанда  Болон  декларациясына  ұқсас  Тараз  декларациясы  жасалынды.  Оған 
Қазақстандық  жоғары  оқу  орындарымен  қатар  Тәжікстан,  Қырғызстан  және 
Әзірбайжанның жетекші университеттері де қосылды.  
Отандық  жоғары  оқу  орындарының  шетелдік  жоғары  оқу  орындарымен 
халықаралық  байланыстарының  дамуы  қос  дипломдық  білім  беру  бағдарламасын 
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта 37 ЖОО қос дипломдық  білім беру 
бағдарламасын жүзеге  асыруда.  Жоғары  білім туралы  қазақстандық  дипломдардың 
конверсиялануы, 
олардың 
халықаралық 
деңгейде 
танылуы, 
отандық 
университеттерді  халықаралық  рейтингке  және  басқа  білім  беру  жобаларына 
қатыстыру мәселелері шешілуде. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранты иегерлерінің 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

103
 ~ 
 
95  %-ы  әлемнің  жетекші  университеттерінде  сынақтан  өтіп,  бірлескен  зерттеу 
жобаларын жасауда.  
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  мен  Л.Н.  Гумилев  атындағы 
Еуразия ұлттық университетіне әлемдік атаққа ие, Нобель сыйлығының лауреаттары 
болған шетелдік кеңес берушілерді тарту үшін 2 млн. доллар қаржы бөлінеді.  
Президент  тапсырмасымен  Астанада  құрылып  жатқан  әлемдік  деңгейдегі 
Жаңа  университет  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарын  инновацияландыру  мен 
модернизациялаудың флагманы болады.  
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  сапасын  қамтамасыз  ететін 
және кепілдеме беретін жүйе құру үшін нормативтік-құқықтық база құрылуда. Оның 
негізгі  құралы  аккредитация  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  институционалдық 
аккредитацияның  ұлттық  стандарттары  мен  критерийлері  бекітіліп,  жоғары  оқу 
орындарын аккредитацияға дайындау жұмыстары жүргізілуде.  
Қазақстандық  жоғары  оқу  орындары  халықаралық  аккредитациядан  өтуді 
көздеуде.  Алты  ЖОО  шетелдік  аккредитациялық  агенттіктердің  халықаралық 
аккредитациясынан  өтті.  Бес  ЖОО-ны  шетелдік  аккредитациялық  агенттіктердің 
аккредитациясына дайындық процесін жүргізуде.  
Қазақстандық  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімді  дамытудың 
ұлттық басымдықтары:  
1. Мамандарды даярлаудың үш сатылы моделін дамытудың сапалы кезеңі. 
2.  ЖОО-дағы  оқу  процесін  білім  берудің  кредиттік  технологиясы  негізінде 
ұйымдастыру.  
3. Қазақстандық сынақ баллдарының жүйесін ECTS типінде – еуропалық сынақ 
баллдарын қайта сынақтау жүйесінде дайындау.  
4. Академиялық бейімділікті дамыту.  
5. Білім беру процесінде студенттердің рөлін арттыру.  
6. Қос дипломдық білім беруді дамыту.  
7.  Білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  және  кепілдеме  беру  жүйесін  құру, 
мамандандырылған және институтционалдық аккредитация.  
8. Жоғары оқу орындарын басқаруға корпоративтік менеджмент принциптерін 
енгізу.  
9. Қазақстандық жоғары оқу орындарының әртүрлі рейтингтерге, ұлттық және 
шетелдік рейтингтерге белсенді түрде қатысуы.  
10. Жоғары білімнің Орталық-Азия аймағын құру шараларын жүргізу.  
Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  дамуы  стратегиялық 
жоспарында  2015  жылға  қарай  Қазақстанның  Болон  процесіне  енуі  аяқталатын 
болады. 
Университеттердің 
10%-ы 
халықаралық 
маманданды-рылған 
аккредитациядан өтеді. Астана қаласындағы әлемдік деңгейдегі университет жұмыс 
істейді.  
2020 жылға қарай Қазақстан білім беру саласындағы жаңа технологиялардың 
озат провайдерінің бірі болады [1]. 
Қазақстанның  екі  жоғары  оқу  орны,  оның  ішінде  Астана  жаңа  университеті 
әлемнің жетекші ЖОО-ның рейтингіне кіреді.  
Жоғары  білім  жүйесі  еліміздің  білікті  мамандарға  деген  қазіргі  заманғы 
талаптарына  сай  келетін  болады.  2020  жылға  қарай  магистрлерді  қабылдауды  12 
500-ге дейін жеткізу көзделуде. Ph.D докторантураға қабылдау 10 есеге артып 2 500 
орынды құрайтын болады.  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

104
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 

01.02.2010, 
№922 
«Қазақстан 
Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспары  туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы. 
2.  «Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы  // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1. 
3.  «Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы  // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1. 
4.  Инновационные  аспекты  реализации  стратегии  развития  экономики    //  КазЭУ 
хабаршысы - 2009ж. №1. 
Резюме 
В  данной  статье    рассматриваются  проблемы  повышения  государственной 
образовательной 
политики: 
подготовка 
эрудированных 
граждан, 
конкурентоспособных на  международном уровне; формирование  интеллектуальной 
нации, 
совершенствование 
административной 
образовательной 
системы; 
повышение статуса и авторитета учителя; модернизация экономических механизмов 
образовательной системы.  
Summary 
      
In   given  article   the  author  considers the  following problems of  educational 
politics: the preparation an eruditional citizens of Kazakhstan, which are competitive an 
international  level;  a  forming  an  intellectual  nation;  a    perfection  an  administrative 
educational  system;  the  rise  of  teacher’s  authority  and  status;  modernization    of 
economical mechanism in educational system.   
 
 
 
ӘОК 341.46 
 
Т.А. Идрисова, Г.С. Мухамбетова  
Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ  ИНСТИТУТЫНЫҢ ЕНУІ – ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ 
 
Аңдатпа  
Жеке  сот  орындаушысы  дегеніміз  -  жеке  сот  орындаушысының  уәкiлеттi 
орган берген  лицензиясы  негiзiнде,  заңды  тұлға  құрмай  атқарушылық  құжаттарды 
орындау  жөнiндегi  жеке  практикамен  айналысатын  Қазақстан  Республикасының 
азаматы. 
Негізгі сөздер: мемлекеттік сот орындаушысы, сот орындаушысы, жеке сот 
орындаушысы, өндіріп алушы, борышкер 
 
2006  жылы  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  Елордамыз  Астана  қаласында  өткен 
Судьялардың  төртінші  съезінде  Қазақстанда  атқару  өндіріс  саласына  реформа 
жасап, жеке сот орындау институтын енгізу қажеттігі туралы айтып өткен болатын. 
Елбасының  тұжырымды  сөзінен  соң,  біздің  елдің  тиісті  сала  мамандары  мен 
лауазымды  тұлғалары  алыс-жақын  шетелдердің  тәжірибелерін  зерттеп,  олардан 
өзімізге  қажетті  деп  табылған  жеке  сот  орындау  институтын  енгізудің  үлгісін 
жасаған еді. Әлемнің 65 елінде қолданылып жүрген бұл жүйе міне іске асып келеді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

105
 ~ 
 
   Осыған дәлел, 2010 жылдың 2 сәуірінде «Атқарушылық iс жүргiзу және сот 
орындаушыларының  мәртебесi  туралы»  №  261-4  Қазақстан  Республикасының  
Заңының қабылдануы. 1998 жылғы 30 маусымдағы бұрын қолданылып келген N 253 
Заңның күші жойылды.   
  Аталған  Заңның  1  бабында  сот  орындаушыларына  түсінік  берілген:  «Жеке 
сот  орындаушысы  дегеніміз  -  жеке  сот  орындаушысының  уәкiлеттi  орган берген 
лицензиясы  негiзiнде,  заңды  тұлға  құрмай  атқарушылық  құжаттарды  орындау 
жөнiндегi жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы».  
Жеке  сот  орындаушысы  өз  қызметін  әділ  әрі  тәуелсіз  және  Қазақтан 
Республикасының  Конституциясын,  Қазақстан  Республикасының  атқарушылық  іс 
жүргізуді  реттейтін  өзге  де  заң  нормаларын,  ҚР  Конституциялық  заңдарын 
басшылыққа ала отырып жүзеге асыруы тиіс. 
Жеке  сот  орындаушы  болып, жиырма  бес  жасқа толған,  жоғарғы  заң  білімі 
бар, бір жыл мерзімде үздіксіз жеке сот орындаушысында тәжірибеден өткен немесе 
атқару  құжаттарын  орындау  жөнінде  қызметпен  айналысу  құқығына  уәкілетті 
органнан  лицензия  алған,  біліктілік  емтиханын  тапсырған,  белгіленген  тәртіппен 
жеке  сот  орындаушысы  лауазымының  бос  орнына  орналасуға  конкурстан  өткен 
Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Өтелмеген немесе алынбаған 
соттылығы  бар,  сот  әрекетіне  қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеттігі  шектеулі  деп 
танылған,  сот  актісі  бойынша  борышкер  болып  табылатын  адам  жеке  сот 
орындаушысы бола алмайды.  
Жеке 
сот 
орындаушысы 
мемлекет 
пайдасына 
өндірілетін 
атқару 
құжаттарымен  жұмыс  жасамайды,  егер  атқару  өндірісі  бойынша  тараптардың  бірі 
ретінде  мемлекет  танылған  жағдайда  атқару  өндірістерін  бұрынғысынша 
мемлекеттік сот орындаушылар орындайды, ал қалған атқару құжаттарын өндіріске 
қабылдай алады.  
Жеке сот орындаушысының жасаған атқарушылық әрекеттері өтеулі негізде 
және төлем заңда көзделген тәртіппен, айқындалған тарифтерге сәйкес жүргізіледі.  
Жеке  сот  орындаушысы  өз  қызметін  жүзеге  асыру  барысында  адам  мен 
азаматтардың,  ұйымдардың  құқықтарын  мен  бостандықтарын,  заңды  мүдделерін 
қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.  
Жеке  сот  орындаушысының  ғылыми  оқытушылық  немесе  шығармашылық 
қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.  
Жеке  сот  орындаушысы  атқарушылық  құжаттарды  орындау  қызметімен 
айналысу  үшін  уәкілетті  органнан  лицензия  алуы  тиіс.  Ол  лицензияны  біліктілік 
комиссиясының  шешімінің  негізінде  уәкілетті  орган  береді.  Сот  орындаушысының 
лицензиясын  берудің  мерзімі  мен  тәртібі  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау 
туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді 
[1].
 
Мемлекеттік  сот  орындаушысымен 
қатар  өмір  сүретін  жеке  сот 
орындаушылар  институтының  қоғамымызға  енуі,  сот  орындаудың  деңгейін  де,  сот 
орындаушысы  мамандығының  беделін  де  қосымша  бюджеттік  шығындарсыз  едәуір 
көтеруге  септігін  тигізіп  келеді  десек  қателеспеспіз.  Қазақстан  және  шетел 
ғалымдарының пайымдауынша, жеке сот орындау институты еліміздің қолданыстағы 
конституциясының құқықтық өрісіне сай келіп отыр.  
Бұрын  біздің  еліміздің  атқарушылық  іс  жүргізу  жүйесінде  тек  қана 
мемлекеттік  қызметшілер  болып  табылатын  сот  орындаушылары  жұмыс  істеді.  Сот 
шешімдерінің  орындалу  деңгейі  солардың  қызметіне  тікелей  тәуелді  болып  келді.  
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері құқықтық реформа да қарқынды жүргізіліп, 
салалар  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырап  келеді.  Ендігі  кезекте  атқарушылық  іс 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

106
 ~ 
 
жүргізуді,  сот  шешімдерінің  орындалуын  сапалық  сатыға  көтеру  заң  шығарушылар 
мен оны жүзеге асырушылардың негізгі міндеті болып отыр [2]. 
Біздің  мемлекетімізде  де  мемлекеттік  сот  орындаушылары  мен  қатар,  билік 
орындарына  тәуелсіз  (заңда  көзделген  реттерден  басқа  жағдайларда),  өзін-өзі 
қаржыландыратын жеке сот орындаушылары да қатар жұмыс істейді. 
 Мемлекеттік  сот  орындаушылар    атынан    көрініп  тұрғанындай,  негізінен 
мемлекеттік  органдарға  қатысты  кесімдердің  орындалуымен  айналысады,  ал  жеке 
сот  орындаушысы  жоғарыда  айтылып  кеткендей  мемлекеттік  емес  заңды  және 
сондай-ақ, жеке тұлғаларға да қатысты сот шешімдерін жүзеге асырады.  
Мемлекетіміз  жеке  сот  орындаушылар  институтын  енгізу  арқылы 
мемлекеттік  сот  орындаушыларының  жұмысын  жеңілдетуді  мақсат  етті,      сот 
шешімдерін толық орындауға мүмкіндік болады деп ойлады. 
Мемлекеттік  сот  орындаушысы  мүлдем  жойылса  не  болады  деген  сұрақтар 
толғандырып  жүргендер де аз емес. Айта кететін жайт, жеке сот орындаушысының 
институты оң нәтиже бергенімен де, бұрынғы мемлекеттік жүйе жойылмайды.  
 
Бұған  қоса,  борышкерден  борышын  өндіріп  алушының  екі  жүйенің  бірін 
таңдауға құқығы бар. Бұл дегеніміз - өндіріп алушы егер жаңа жүйеге сенімсіздікпен 
қараған  жағдайда  бұрынғы  жүйеге  жүгінуіне  болады.  Ал  керісінше  жаңа  жүйені 
байқап  көреміз  деген  өндіріп  алушылар  атқару  құжаттарын  жеке  сот 
орындаушыларға орындауға беруі құқығы бар. 
 Сот  орындаушысы  заңдылықты  сақтауға,  адамның  ар-намысы  мен  қадір-
қасиетін  құрметтеуге  міндетті.  Сот  орындаушысының  қызметтік  іс-әрекетіне 
заңдарда  тікелей  уәкiлеттiк  берілген  органдардан  басқа,  ешкімнің  де  араласуға 
құқығы  жоқ.  Олардың  қызметіне  заңсыз  араласу  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет