Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

Список литературы 
 
1.  Загвязинский  В.И.  Теория  обучения:  современная  интерпретация:  учебное 
пособие для студентов вузов. – 3-е изд., испр.- М.: Издательский центр «Академия», 
2006. 
2.  Русский  язык.  Нестандартные  уроки и  внеклассные  мероприятия  с  применением  
информационных технологий. Методическое пособие с электронным приложением / 
Н.В.Верескун, С.С.Грачева  - М.: Планета, 2011. 
 
Түйіндеме 
 
 
Бұл  мақалада  қазақ  тілді  аудиториялардағы  «Спорт»  тақырыбын  өту  
барысында  жүргізілетін  орыс  тілін  ойын-сабақтарының  түрлері  қарастырылады. 
Мақала орыс тілі пәні мұғалімдеріне арналған. 
 
Summary 
 
 
In this article we consider one of the training sessions organized in the form of a 
didactic  learning  game.  We  assume  that  details  of  this  lesson  could  be  studied  when 
Sports in Human Life topic for students of non-linguistic faculties and specialities is under 
discussion. The article is intended to be used by instructors and teachers of high schools 
and colleges. 
 
 
УДК 347.18 
С. Құсниденов  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда  Елбасының  бастауымен  коғамның 
әртүрлі  салаларында  саяси  реформалар  жүріп  жатыр.  Қоғамның  саяси  жүйесін 
демократияландыру 
жолындағы 
саяси 
реформалардың 
жалпы 
ұлттық 
бағдарламасының  аясында  азаматтық  қоғам  институттарын  жетілдіру  мақсаттары 
белгіленген.  Осы  мақсатта  «ҚР  2005-2015  жылдарға  арналған  азаматтық  қоғамды 
дамыту  Концепциясы»  қабылданды.  Бұл  құжатта  азаматтық  қоғамды  дамытудың 
мынандай  бағыттары  белгіленген:  жеке  меншікке  негізделген  азаматтардың 
экономикалық  дербестігін  қамтамасыз  ету,  жеке  тұлғалардың  құқықтары  мен 
бостандықтары, соның негізінде құқықтық мемлекет құру.  
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің егемендігі 
мен  меншіктің  көп  түрлілігі  құрайды.  Демократия  жағдайында    азаматтық  қоғам 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

210
 ~ 
 
институттары және мемлекет екі сектор күйінде өмір сүреді. Олар бір жағынан, бір-
бірінен  бөлек,  екінші  жағынан  жалпы  жүйенің  бөлігі  ретінде  тығыз  байланысты 
болады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  мемлекет  азаматтық  қоғам  институттарын 
дамытуға,  жетілдіруге,  ал  азаматтық  қоғам институттары мемлекеттік органдардың 
жұмысының  демократиялық,  сапалы  жүруіне  мүдделі.  Демократиялық  мемлекеттің 
азаматтары  жеке  еркіндіктер  мен  бостандықтарға  құқы  бар,  бірақ  тұтас  қоғам 
дамуының болашағына  жауаптылығын сезінеді. 
Азаматтық қоғам институттары: қоғамдық қозғалыстар мен  бірлестіктерден, 
көптеген фондылардан, комерциялық емес мекемелерден, кәсіби одақтардан, саяси 
партиялардан, діни бірлестіктер мен қауымдастықтардан, тәуелсіз БАҚ-нан  тұрады. 
Жалпы  алғанда  азаматтық  қоғамның  кейбір  элементтері  өте  ерте  кезден  бастап, 
адамзат  қоғамының  қалыптасуымен  бірге  пайда  болады.  Ғылымда  азаматтық 
қоғамның орнауы туралы, негізінен, екі түрлі пікір бар. Кейбір зерттеушілер (Гоббс, 
Локк,  Монтескье,  Руссо  т.б)  азаматтық  қоғамды  мемлекеттің  пайда  болуымен 
байланыстырса,  екіншілері-ол екеуін,  бір-біріне  тәуелсіз,  бөлек  қарастырады  (Кэне, 
Мирабо  т.б).  Біздің  ойымызша,  азаматтық  қоғам  институттарын  мемлекеттен  бөліп 
қарау  ертедегі  капиталистік  қоғамның  алғашқы  қалыптасу  кезеңіне  тән.  Қазіргі 
жағдайда  азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  арасындағы  оқшауланушылық  іс 
жүзінде мәнін жойды: екеуі бір-бірінің ісіне арласады. Себебі қазіргі кезде азаматтық 
қоғам мен мемлекеттің бірдей араласатын, келісімге келтіретін институттар құруда. 
«Азаматтық  қоғам»  атауы  антикалық  өркениеттен  бастау  алады.  Мысалы  ертедегі 
грек  полисында  қала  қауымы,  азаматтық  қоғам,  мемлекет  бірігіп  кеткен.  Онда 
азаматтық  өмір  мен  полистағы  саяси  өмір  бір-бірінен  ажырағысыз.  Мемлекет-
полиста  жеке  мен  қоғамдық  бір  нәрсе.  Олар  үшін  жеке  меншік  мүдде  болмайды, 
қоғамдықпен бірігіп кеткен. Полиста қала, қоғам, мемлекет бір тұтастық. 
Құл  иеленушілік  пен  феодалдық  қоғамнан  капиталистік  қоғамға  өту 
азаматтық  қоғам  мен  мемлекет  институттарының  функциясын  бөлді.  И.Гаджиев 
азаматтық  қоғамның,  мемлекеттен  бөлек,  қарастыратын  мәселелерге  мыналарды 
жатқызады:  жеке  адамдардың  құқықтары мен  бостандықтары;  қоғамдық  мүддемен 
сәйкес  келмейтін  жеке  мүдде;  қоғам  мен  мемлекеттің  арасындағы  қайшылық  пен 
қақтығыс;  азаматтық  қоғам  идеясының,  құндылықтарының,  институттарының 
қалыптасуы [1]. 
Капиталистік  қоғамның  онан  әрі  дамуы  және  қазіргі  кездегі  дүние  жүзілік 
даму  азаматтық  қоғам  мен мемлекеттің тығыз  байланысты  екендігін  көрсетіп отыр. 
Мысалы, «қоғамдық шарт» теориясын қолдаушылар Локк, Руссо т.б пікірі бойынша 
мемлекеттің  пайда  болуы  азаматтық  қоғамның  талабынан  туған.  Азаматтық 
қоғамның  өмір  сүруі,  оның  билік  институттарымен  (мемлекетпен)  шарт  жасауынан 
туған. Бұл шарт бойынша мемлекет өз азаматтарының муддесін қорғау керек және 
ол азаматтардың ішкі істеріне араласпауы керек.  
          Гегельдің  пікірі  бойынша  азаматтық  қоғамда    адамдар  бір-бірімен  
күндестікте,  қақтығыста  болады,  біреудің  жеке  мүддесі  екінші  бір  адамның 
мүддесімен    сәйкес  келмейді,  тек  мемлекеттің  билігі  ғана  қақтығысты  мүдделерді 
реттеп отырады. 
Маркстың пікірі бойынша  экономика саясатты анықтайды. Ол осы теориясын 
қорғау  үшін  азаматтық  қоғам  ұйымдарының    рөлін  төмендетті.  Бұл  ұйымдардың 
айналысатын  мәселесіне  экономикаға  байланысты  еңбек,  өндіріс,  айырбас 
салаларын 
жатқызды. 
Сөйтіп 
оның 
жадынан 
адамды 
әлеуметтендірумен 
айналысатын  әлеуметтік-мәдени,  этникалық-ұлттық,  діни  қатынастар  тыс  қалды. 
Марксизм 
классиктері 
азаматтық 
қоғам 
мен 
мемлекеттің 
арасындағы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

211
 ~ 
 
айырмашылықты    жою  үшін  коммунизмде    мемлекет  пен  құқық  жойылады,  онда 
азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  арасында  айырмашылық  болмайды  деген 
қорытындыға келді. Бірақ қазіргі елдердің даму шындығы бұл қорытындыны жоққа 
шығарды. 
КСРО-ғы  тоталитарлық  режим  азаматтық  қоғам  институттарының  дамуына 
жол бермеді. Жеке адам мен қоғамның барлық өміріне мемлекет толықтай бақылау 
жасады.  Бұндай  жағдайды  Қазақстан  да  басынан  кешірді.  Бірақ  тоталитарлық 
режимнің  азаматтық  қоғам  институттарын  толықтай  жабу  қолынан  келмеді.  Ол 
кезде  де  азаматтық  қоғамның  кейбір  элементтері  болды.  Ол,  әсіресе,  қайта  құру 
кезеңіне байланысты кең етек ала бастады. 
Қазақстандағы  азаматтық  қоғам  институттарының  бірінші  кезеңі  ХХ 
ғасырдың  80-90-шы  жылдарынан  басталады.  Осы  кезден  бастап  экономика,  саяси, 
әлеуметтік  салаларда  жүргізілген  реформалар  негізінде  әр  түрлі  әлеуметтік 
топтардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғайтын  қоғамдық  бірлестіктер,  одақтар 
құрыла бастады.  
Посткеңестік аймақта алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік 
емес  секторын  қорғайтын,  іскер  адамдардың  құқықтары  мен  мүддесін  қорғайтын 
тәуелсіз,  еркін  кәсіподақтар  пайда  болды.  Осы  кезде  социал-демократиялық 
партиялар, «Алаш» партиясы, ағартушылық «Мемориал» қоғамы, «Азат» қозғалысы, 
тарихи-ағартушылық «Әділет» қоғамы, «Ұрпақ» деп аталатын зейнеткерлер қоғамы, 
«Лад» бірлестігі т.б азаматтық қоғам ұйымдары пайда болды. 
Қазақстандағы  азаматтық  қоғам  институттарының  қалыптасуының  екінші 
кезеңі  90-шы  жылдардың  орта  кезінен  басталады.  Бұл  кездегі  қоғамдағы 
дағдарысқа,  халықтың  тұрмыс  жағдайының  күрт  төмендеуіне  байланысты 
Қазақстанда  азаматтардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға  бағытталған 
көптеген  қоғамдық  ұйымдар  пайда  болды.  1994  жылы  республикалық  үш  жақты 
коммиссиясының  әлеуметтік-экономикалық  және  еңбек  қатынастары  саласындағы 
қаулысы    шықты.  Осы  кезде  қазақстан  халықтары  Ассамблеясы  құрылып,  ұлттық-
мәдени  орталықтар  кең  ашыла  бастады.  Олар азаматтық  қоғамның  органы  ретінде 
ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда зор еңбек етуде.  
Үшінші кезеңі 2000 жылдардан басталады. Осы жылы елбасы өзінің халыққа 
Жолдауында    Үкіметке  үкіметтік  емес  ұйымдарға  (НПО)  қолдау  көрсетіп,  оның 
жұмысына  жағдай  жасау  туралы  тапсырма  берді.  Яғни  бұл  кезде  ел  басшылары 
азаматтық қоғам институттарымен ұзақ мерзімге  бағытталған ынтымақтасып жұмыс 
жасауға  даярлығын  білдірді.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  қазірдің  өзінде  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын,  мүдделерін  қорғау  жөнінде  көптеген  істер 
тындыруда. 
2001  жылы  «Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы»  заңы,  2002  жылы 
Үкіметтік  емес  ұйымдарға  мемлекеттік  қолдау  Концепциясы  қабылданды.  2003 
жылдың қазан айында алғашқы азаматтық форум өтті. 
Төртінші  кезеңі  2005  жылдардан  басталады.  Осы  жылы  Қазақстан 
Республикасының  «Мемлекеттің  әлеуметтік  тапсырысы»  туралы  заңы  қабылданып, 
онда  мемлекеттік  билік  органдары  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қаржылық-
шарттық  негізінде  жұмыс  жасауының  жаңа  жүйесі  қалыптасты.  Яғни,  бұл  кезеңде 
мемлекеттік  ұйымдар    мен  мемлекеттік  емес  ұйымдардың  тиімді  жұмыс  жасауына 
басты көңіл бөлінді [2]. 
 
Қазіргі  кезде  азаматтық  қоғам  институттары  қоғамның  демократиялануына 
байланысты  кең  тарауда.    Мысалы,  қазіргі  кезде  БАҚ  құралдарының  80  пайызы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

212
 ~ 
 
мемлекеттік емес ұйымдар, 5000-ға жуық діни ұйымдар мен бірлестіктер, сан-алуан 
қоғамдық одақтар, бірлестіктер, ұйымдар, саяси партиялар т.б көптеп дамуда.  
 
Егемендік алғаннан кейінгі жылдарда  Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың 
саны 57 ден 30 мыңға жетті. Оның ішінде 20 мыңы мемлекеттік емес. Қазіргі кезде 
мемлекеттік  емес  ұйымдардың  жұмыс  көрсетуімен  5  млн.  адам  қамтылған.  Бүгінде 
1500-2000  адамға  бір  мемлекеттік  емес  ұйымнан  келеді.  20000  мемлекеттік  емес 
ұйымның    500(2,5%)  Азаматтық  Альянсқа    біріккен  [3].  Бұл  Альянстың  жобалары 
республикалық  бюджеттен  қаржыландырылады.  Оның  президенті  А.Соловьеваның 
пікірі  бойынша  азаматтық  форум  елдің  әлеуметтік-экономикалық  шешімін 
қабылдауда, азаматтық қоғам институттарының диалогтық алаңы.  
 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңде  Қазақстанда  ел  басының  қатысуымен  
мемлекеттік  емес  ұйымдардың  5  форумы  өтті.  Астанада  өткен  5-ші  азаматтық 
форумда    азаматтық  қоғам  институттарының  тәуелсіздік  жылдарындағы  даму 
барысы қорытындыланып, алға міндеттер қойылды. 
 
Осы  форумда  сөйлеген  көптеген  одақтар  мен  қорлардың  басшыларының 
сөздерінен  азаматтық  қоғам  институттары  мен  мемлекеттік  ұйымдарының 
жұмыстарының  арасындағы  жетістіктермен  қатар  кемшіліктері  де  көрсетілді. Ондай 
кемшіліктер:  азаматтық  қоғам  институттарына  мемлекет  тарапынан  қаржылай 
көмектің аздығы; бұл органдардың материалдық базасының төмендігі; кей жағдайда 
бұл  органдар  мемлекет  тарапынан  қысымшылық  көрсетуі  т.б.  Жалпы  алғанда, 
қазіргі  кезде  азаматтық  қоғам  институттарының  атын  жамылып,  көптеген  қорлар, 
ұйымдар,  одақтар  көбейіп  келеді.  Олардың  немен  айналысатыны,  қорлар 
қаржыларының қайда кетіп жатқаны белгісіз, жұмыс жасау тәжіриебелері аз, маман 
кадрлар  жоқ.  Көптеген  қорлар  өз  жұмыстарын  мейрамдарда  қарттар  үйіне, 
мүгедектерге,  жетім  балалар  үйіне  т.б  ас  берумен,  сыйлықтар  үлестірумен  
шектейді. 
 
Онан  басқа  қазіргі  кезде,  тіпті  тоталитарлық  жүйе  кезінде  өмір  сүрген, 
педқоғам,  білім  қоғамы,  философтар  қоғамы,  салауаттылық  қоғамы  т.б  азаматтық 
қоғамның институттары жойылып кетті. Ол дұрыс емес. Жалпы алғанда қазіргі кезде 
Қазақстанда, негізінен азаматтық қоғам институттары көбейіп, олардың жұмыстары 
жанданып,  бұлардың  мемлекет  ұйымдарменен  байланысы  күшейіп  келеді.  Бұл  екі 
институттың  да  алдарында  тұрған  мақсат  біреу-ол  халықтың  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  тұрмыстық  жағдайын  жақсарту,  азаматтардың  құқықтары 
мен  бостандықтарын,  теңдігін    әділеттік  жолмен  қамтамасыз  ету.  Олай  болса 
азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар бір-бірімен тығыз байланысты жұмыс 
жасау  керек.  Онсыз  демократиялық,  құқықтық,  зайырлы  әлеуметтік  мемлекет 
құрамыз деген бос сөз. 
Әдебиеттер тізімі 
1. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку. М., «Логос», 1998, 21-бет. 
Созидая гражданское общество. «Мысль», №3, 2005, 27-б. 
2. «Казахстанская правда», 8 октября, 2011г. 
Резюме  
            В  данной  статье  раскрываются  сущность  и  основные  этапы  развития 
институтов гражданского общества в Казахстане.   
Summary 
 In  this  article  are  open  up  the  meaning  and  main  stages  of  development  the 
institutes of civil society in the Kazakhstan. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

213
 ~ 
 
ӘӨЖ 94 (574)              
Л.ББердіғожин, К.Б. Меңдігереев, Ж. Сакенов  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ЕБЕЛЕКҰЛЫ  СӘМБЕТ БАТЫР: ТАРИХИ ПОРТРЕТІ 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  1760-1850  жылдары    өмірі  сүрген  Ебелекұлы  Сәмбет  батыр 
туралы айтылады.  
Негізгі  сөздер:  Сәмбет,  Исатай,  Махамбет,  1836-1838  жылдардағы  азаттық 
қозғалысы 
  Қазақ  халкының  өткен  тарихы  рулык-тайпалық  кұрылымдармен  тығыз 
байланысты  екендігін  ешкім  де  жоққа  шығара  алмайды.  Қаласақ  та,  қаламасақ  та 
бұл  біздің  ұлтымыздың  тарихына  тән  сипат  болып  табылады.  Тайпалық-рулық 
қауымдастық  ерекшеліктері  біздің  заманымызға  дейінгі  мыңжылдықтардан  бастау 
алып,  1930-жылдары  кеңестік  дәуірдің  берік  орнығу  кезеңіне  дейін  біздің  ата-
бабаларымыздың  әлеуметтік-тұрмыс,  саяси-шаруашылықтық  өмірімен  тығыз,  біте 
қайнасып,  өрбіп,  өрістеп  келді.  Бұл  ғылымда  дәлелдеуді  кажет  етпейтін  аксиома! 
Өркениеттік көп қырлы фактор. 
     Кеңестік  тоталитарлық  жүйе  рулық  қауымдастықты  ғана  емес,  осы  негізде 
өркендеген  қазақ  халқының  өзіндік  рухани  болмысын,  дәстүрлі  шаруашылыққа 
негізделген күллі өмірін күйретіп жіберді. 1990 жылдардан бастау алған, қоғамдағы 
терең  демократиялық  өзгерістер,  тәуелсіздік  лебінен  нәр  алып,  ұлттық 
құндылықтарымызды  қайтаруға  мүмкіндік  берді. Елдік  пен  Ерліктің  жарқын  көрінісі 
болып, қазақ қоғамын қаймағын бұзбай тұтастықта, бірлік пен берекеде ұстаған ел 
басшылары  туралы  қомақты  зерттеулер  жазылды.  Оларды  асқақ  биікке  көтерген, 
атақ  пен  мансап  берген  ел-жұртымыз  рулар  шежірелері  де  жарық  көрді.  Кең 
сахарада  алып  мемлекет  негізі  мен  оның  ұлан-ғайыр  жерін  сақтап,халқын  бірлікте 
ұстаған  тұлғалар  туралы  жазылар  тарих  парақтары  әлі  де  толығуда.  Бұл  да  өмір 
талабынан  туындаған  заңдылық.  Бүгінде  әркім  өзінің  руын  ғана  дәріптейтін 
көзкарастың  заманы  әлдеқашан  өткен,  керісінше,  әрбір  азамат  өзінің  рулас  ата-
бабасының  ұлтымыздың  өркендеуіне  қоскан  үлесін  айкындап,  дұрыс  пайымдайтын 
уақыт басталды. 
Рас,  біз  ірі  тұлғаларды  рулық  емес,  ұлттық  деңгейде  насихаттауға  дағдыландык. 
Әрине,  бұл  өте  құптарлық  нәрсе.  Солай  бола  тұрса  да  олар  белгілі  бір  тарихи 
кезендерге  өздерінің  руымен  бірге,  рулық-тайпалық  әлеуметтік  қоғамда  әрекет 
жасағанын  неге  ұмытуымыз  керек.  Мұндай  тарихи  бейнелер  тарихы  өзінің  туған 
руының ортак тарихынан жеке дара және дербес каралмауы керек. Руды   
ұмытып,  ұлт  жасаймыз  деу  тарихи  қателік.  Біз  рулык-тайпалык  ерекшелікті  есте 
ұстағанда  ғана  зерттеу  барысында  тарихи  тұлғаның  шынайы  да  айқын  және 
толыкканды бейнесін жасай аламыз.  
Ұлттык  деңгейлердегі  алыптарды  ортасынан  шығарған  рулар  мен  тайпалар  жаңа 
жағдайда неге «ұмыт» қалулары керек?  
Бүгінгі  жаһандану  заманыңда  ғасырлар  бойы  қанымызға  сіңіп,  берік  дәстүрімізге 
айналған 
осынау 
асылдарымыздан 
ажырап 
қалмаудың 
жолын 
тынбай 
іздестірулеріміз  керек.  Қазақтың  рулық-тайпалық  тарихын  терең  білген  азамат 
бөтен  жұрттың  алдында  өзінің  ұлтының  жоғарыдағыдай  өзіндік,  қайталанбас 
қасиеттерін  мақтаныш  етуге  және  оларды  көздің  қарашығындай  қорғап  қалуға 
белсенді  жұмыс  жасайтын  болады.Осындай  тарихи  тағылымы  бар  тұлғалардың 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

214
 ~ 
 
бірегейі  Ебелекұлы  Сәмбет  батыр.Ел  тарихындағы  аласапыранды  1760-1850 
жылдары өмір сүрген Сәмбет батыр тарихта өз бейнесін өзі жасаған тұлға. 
Ол  батыл,  жалт  қимыл,  өжет,  қайсар  мінезді  болып  ержеткен.  Кезінде  Сырым  би 
оның  өткір мінезді, ақылына батырлығы сай ержүрек батыр бала екендігін байқап, 
оның ерлігіне үлкен ризашылықпен қараған.  
Ес  білгеннен  қолына  қару  алып  елін  қорғаған  Сәмбет  батыр  қатардағы 
жауынгер  де,  жасақ  бастаған  қолбасшы  да  болған.  Әскербасы  ретінде  қол 
астындағылардың  ел  қорғаудағы  ата-бабадан  мұра  болған  дәстүрлі  сарбаздық 
тәртіпті,  талаптарды  қатаң  ұстанған.  Сол  себепті  ел  арасында  «Сәмбет  батыр 
досына қатал, жауына апат» деген мақал қалған.  
Ол  бір  рудың  ғана  қамын  ойлап,  сойылын  соқпай,  бүтін  қазақтың  елдігін 
қанды қол жаудан қорғау үшін жан аянбай күрескен хас батыр да. Оның батырлығы 
Ресей  империясының  сойылын  соққан  орыс-казактар  мен  башқұрттарға  малы  мен 
жаны кеткен  халқының кегін алып, қарымта қайтаруда, патша өкіметінің саясатын 
жүргізген хандар мен сұлтандардың мысын басуда танылған.  
Бүкіл  жорықтарын  Сырым,  Қаратау,  Барақ,  Тіленші,  Басықара,  Қаракөбек, 
Сарыалтай,  Қараалтай,  Мыңбай,  Сұлтанбек,  кейінірек  Исатай,  Махамбет  сияқты 
батырлардың  қасында  өткізген  Сәмбет  батыр  өзінің  ержүректілігімен  Сырымның 
белді  батырларына  айналса,  кейін  Исатайға  аға  ретінде  ақылшы  әрі    қамқор  бола 
білген.  
Батырдың  шыққан  тегін  талдасақ:  Ысық  руы  >  Сарыбай  >  Тоғыншы  > 
Қадірберді  >  Қадірқұл  >  Жиен  >  Самұрат  >  Жақсыбай  >  Меңдібай  >  Төлеубай  > 
Қабыл  >  Ебелек  >  Сәмбет(Сәмәмбет)  [Байтерек.  Кіші  жүз  Байұлы  Ысық  руының 
шежіресі.  –  Алматы,  2004.  –  584  б.].  Сәмбеттің  азаматтық  қалыптасуында  ағасы 
Қабыл бидің орны ерекше.Себебі 13 жасқа дейін Қабыл бидің қолында болып сауат 
ашып,рулық  тәртіп  пен  ережені  меңгерген.Алғаш  13  жасында  отау  құрған 
Сәмбетті,ісіне  көңілі  толғасын  Қабыл  би  өз  алдына  отау  тігіп,ауыл  ретінде  бөлек 
шығарған. 
Сәмбет  батырдың  Аққыз  атты  бәйбішесінен  -  Бермағамбет  пен  Тұржігіт, 
екінші әйелі Қағаздан – Құлмағамбет, Бимағамбет, Балшың, Қисық, Есмырза, үшінші 
әйелі  Болпанайдан  -  Бөлекбай,  Көней,  Дөней,  Мүней  (Ақмоншақ),  Бүйдеқара, 
Сүйінқара,  Құнанқара  тараған.  Осы  ұрпақтарының  ішінен  Сәмбетұлы  Бөлекбай 
бөкей  хан  ордасынан  сауат  ашып,әскери  өнерді  жақсы  меңгергені  үшін  1850 
жылдарға  дейін  хан  ордасында  әскербасы  қызметін  атқарған.Өте  әділ,парасатты 
Бөлекбай әке ісін жалғастырып 1868 жылдарға,яғни өмірінің соңына дейін батырлық 
пен би мансабын қатар атқарып халқына қамқор болған.   
Шежірешілерге  назар  аударсақ  Сәмбет  батырдың  аса  шапшаң  болғаны 
соншалықты  өзінің  ұшқыр  тұлпарына  мініп,  көк  сүңгіні  алып  ұмтылғанда  жерде 
отырған  құсты  ұшам  дегенше  шаншып  тастайды  екен.  «Мылтықты  атқанда  түтінін 
түтініне қосқанмен, даусын даусына қоса алмадым» деп аһ ұрғаны ел жадында берік 
сақталған.  
Жалпы алғанда отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері 
үшін қан майданда жанкештілік күресін, оның халық тағдырындағы орнын көрсетуге 
әлі  күнге  дейін  толық  мән  берілмей  келеді.  Бұл  ең  алдымен  кеңес  заманында 
батырларды  «үстем  тап  өкілдеріне»  жатқызған  кеңестік  идеология  мен 
тарихнаманың  салқыны  болды.    Дегенмен  батырларымыздың  рөлін  төмендетуді 
патша өкіметі бастаған болатын.  
Ол  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  билік  институттарын  жоюды  ең  алдымен 
батырлардың  көзін  құрту  жолдарынан  іздестірді.  Себебі  батырлар  елдікті,  қазақ 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

215
 ~ 
 
жерінің тәуелсіздігі мен бүтіндігінің жоқшысы еді. Батырлардан құтылу, сол арқылы 
қазақ  халқын  жуасытуға,  рухсыздандыруа  бағытталған  әрекет  отарлық  саясаттың 
құрамдас  бөлігі  басты  бағыттарының  бірі  болғандығы  патша  өкіметінің  ресми 
құжаттарынан да көре аламыз.  
Мәселен, 1806 жылы 31 мамырда орыс патшасы І Александрдың Бөкей ордасы 
үшін  бекіткен  «Хан  кеңесіне  арналған  ережелерде»  «батырлар  пайда  болмасын 
және күшеймесін» деген нақты нұсқау жазылған. Жалпы қазақ халқында батырдың 
туы астында табыла білу - әрбір қазақ жігітінің ар-намысын қозғайтын ежелден келе 
жатқан дәстүрді құрайтын.  
Өйткен  батырлар  институты  –  қазақ  мемлекеттілігімен  бірге  жасасып, 
қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген ерекше құбылысқа 
айналып,  халықтың  қорғаны,  айбары  мен  ар-ұятына  айналған  болатын.  1870 
жылдары  Хиуаға  орыс  әскерлерімен  бірге  сапар  шеккен  американ  дипломаты 
Ю.Скайлер:  «Ерен  ерлікті,  елдік  пен  тәуелсіздікті  жоғары  ұстаған  қазақтар  қай 
кезеңде  де  Сырым,  Арынғазы  немесе  Кенесары  сияқты  дала  төсінде  атқа  қонған 
батырлар  туы  астында  жиналуға  дайын  тұратын»  -  деп  жазады  [Есмағабетов  К. 
Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы, 1994. 77 б.].  
Сәмбет  батырдың  ерлігі  күні  бүгінге  дейін  ел  аузында  аңыз-жыр  болып 
сақталуда.  Сәмбет  батыр  он  алты-он  жеті  жастардағы  бозбала  шағында  көрші 
ауылға  қыдырып  барады.  Башқұрттардың  қазақ  жеріне  қайта-қайта  шабуылдап, 
тыныштық бермей жүрген кездері. Атына мініп барған бозбала қонған алғашқы түні 
башқұрттар осы ауылдың жылқысын барымталап кетеді.  
Сәмбет  тәңертең  тұрғанында  ауылдың  ерлерінің  қалмағанын  көріп, 
сұрастырғанда  олар  бәрі  де  барымташылардың  соңынан  қуып  кеткен  екен.  Осы 
хабарды  естіген  Сәмбет  байлауда  тұрған  атына  жайдақ  мініп,  барымташылардың 
соңынан  шаба  жөнеледі.  Көп  кешікпей  ол  қазақтардың    саны  басым 
барымташылармен шайқасып жатқан жеріне келіп жетеді де ұрандатып ұрысқа кіріп 
кетеді.  
Сол кезде башқұрттар алды-артына қарамай жан-жаққа қарай қашады. Кейін 
барымтадан  құр  қол  қайтқан  башқұрттарды  көрген  басшысы  олардан  қашудың 
мәнісін сұраған кезде барымташылар Сәмбет туралы: «Бізге қарай шапқан баланың 
екі  иығында  екі  жолбарыс  отыр  екен»  -  дейді.  Сонда  башқұрттардың  басшысы 
олардың сөзіне тоқтап: «Бұл қазақтың болайын деп тұрған батыры. Таудай тұлғасы 
бар екен. Малды тастап қайтқандарын дұрыс болған» - деген екен. Осылайша ол ел 
арасында «Сәмбет батыр» атанады.  
Келесі  бір  аңыз  бойынша  бір  күні  орыс  казактар  Сәмбет  батыр  жоқ  кезде 
ауылын  келіп  шауып,  дүние-мүлкі  мен  малдарын  талап  кетеді.  Казактардың 
озбырлығын  Сәмбет  батыр  хабар  алысымен  аз  ғана  жасақпен  жау  артынан 
аттанады.  Алайда жолда жасақтың алдынан үлкен көл кездеседі. Сол кезде жасақ 
көлден қалай өтерін білмей өткел іздеп кеткен кезде Сәмбет жалғыз өзі суға қойып 
кетіп  «Шапқыншы  жауды  шаппақ»  керек  деп,  басқалары  келіп  жеткенше  біраз 
жауды  жусатып  тастаған  екен.  Сәмбет  батырдың  денесі  кесек  бітімді,  өте  ірі  адам 
болыпты. Сол себепті батыр мыңдаған жылқының ішінен таңдатып, ең ірі әрі денелі, 
тұрқы  ұзын  айғыр  мінген.  Таңданарлығы  сол,  асау,  ер-тоқым  тимеген  айғырды 
жігіттер әзер дегенде Сәмбет батырдың алдына әкеліп, шылбырын ұстатқанда, асау 
тұлпар пірін тапқандай басылып қалған.  
Сәмбет  батырдың  тарихтағы  асыл  бейнесі  Ығылман  Шөрековтің  «Исатай-
Махамбет»  жырында  нақты  берілген.Берқайыр  Аманшин  «тарихи  поэмалардың 
көлемдісі 
де 
көркемі,асыл 
маржаны» 
деп 
бағалаған 
жырдың 
тарихы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

216
 ~ 
 
төмендегідей.1837  жылы  Тастөбе  шайқасында  патша  әскерінен  жеңілген  Исатай 
батыр 38 адаммен желтоқсанның 12 нен 13 не қараған түні Жаманқала бекінісінен 
сәл жоғары (қазіргі Сарытоғай селосы) жерден Жайықтан өтеді.  
Олар: Беріш руынан: Исатай, оның балалары Жақия, Досмағанбет, Дінбаян; 
Оспан  және  әйелі  Несібелі;  Сарт,  оның  балалары,  Ерше,  Нұрша,  Бегім;  Махамбет, 
Құлмағанбет, 
Сүлеймен, 
Хасан 
Өтемісовтер 
және 
шешелері 
Қосуан;  
Тайсойғановтар;  Тінәлі,  Қосыбай,  Сағынбай,  Қоймарал;  Исатайдың  інілері: 
Тоғаевтар,  Алман,  Жалмұхамед,  Баймен,  Үбесін.  Ағайындары:  Айтымбет,  Құлжан; 
Байсүгіровтар:  Басар,  Ізтілеу;  Қарамырза  Боранбаев,  Мамбет  Басқұнов,  Қосқара 
Батикенов,  Әлім  Елемесов,  оның  балалары:  қызы  Бағлан,  баласы  Мұса,  Есенгелді, 
оның баласы Байбөлек,Тілеуке Айжарықов, оның інілері Бозбай, Ербол.  
Сонымен  Жайықтың  арғы  бетіне  өткендердің  ішінде  старшын  Исатай 
Таймановтың  отбасы  және  оның  жақтастарының  бір  бөлігі  жалпы  саны  38  адам 
болатын.  Жайық  орыс-казак  әскерінің  атаманы  Покатилов  губернатор  Перовскийге 
31  желтоқсандағы  хатында  Жайықтан  өткен  Исатай  тобын  Баймұхамед 
Айшуақовтың қарауындағы әскер қуып, Исатайдың әйелі Несібелі балалары Жақия, 
Дінбаян, Махамбеттің інісі Сүлеймен қолға түсті деп хабарлайды .  
Жайықтың  арғы  бетіне  өткеннен  кейін  көтерілісшілер  не  істерін  білмей 
тұрғанда  Исатай  серіктерін  Сәмбет  батырдың  ауылына  бастайды.  Оның  бұл  ойын 
Махамбетте  қостап  жолдастарына  арнап  «Орай  да  борай  қар  жауса»атты  өлеңін 
айтады. 
Бұл жағдай Ығылман Шөрековтің  «Исатай-Махамбет» дастанында жан-жақты 
баяндалады.  
Алдымызда Қаракөл 
Қатар түзеп отырған 
Ысық пен қалың берішке 
Жетелік соған тез жүріп 
Ысық пен қалың берішке 
Барсақ соған, келіс пе 
Боран болып, қар түсті 
Аяқтағы кебіске 
Үстіме киген түлкі ішік 
Қой терісі бөстектен 
Бұл да бір шықты кеміске 
Алдымызда бар дейді 
Сәмәмбет ысық Шығанақ 
Соған барсақ жайланып 
Шығармыз деді кеңіске 
Алдымызда бар деді,- 
Сәмәмбет пен Шығанақ,- 
Шығанақты бағыттап, 
жершілер жүрді сығалап 
Жеддінің оны-құралай 
Аспаннан борап қар жауып 
Бітірді сөзін сыбалап 
Маңдайы аумай, тік келіп 
Таң мезгілі болғанда 
Түсе қалды домалап 
Атағын сырттан есітіп 
Асыққан екен көруге 
Құдай айдап келгесін 
Қуанды батыр бұған-ақ 
Қонаққа құр тай байлаған 
Жез самауыр қайнаған 
Құмары ердің табылды 
Қойған бір басын дұғалап. 
Құмары ердің табылды 
Табылмаса неқылды 
Аяғынан тік тұрып 
Сәмәмбет батыр сыйлады 
Есіткен сырттан дабылды 
Көндерін қатқан жібітіп 
Қайғы-ашуды ұмытып 
Терлері қара ағылды 
Бір ішкенде қана алмай 
Қазан-қазан су қайнап 
Шөлдеген қойдай жабылды 
Екі мезгіл бергенде 
Қадақтаған шәй кетіп 
Қалталаған шекер шағылды 
Шекермен көпті шайлады 
Қонаққа құр тай байлады 
Байлаған тайын сойдырып 
Ашыққан ерді тойдырып 
Түніменен жайлады 
Тамақтанып болғасын 
Батырға демін алсын деп 
Астына мамық төсетіп 
Жататын орын сайлады 
Сәске түсте тұрғызып 
Құралын шайдың құрғызып 
Жез самауыр қайнады 
Аттанарда қоштасып 
Шығанақ батыр достасып 
Исатайға қосарға 
Ат беруге ойлады 
Жанына шыбын теңеген 
Жамандық жері тап келсе 
Жауға тастар демеген 
Шабағаншыл торы атты 
Тарту қылып батырға 
Тек достықпен қоймады 
Сәмәмбеттей батырмен 
Қоштасып ерлер аттанды 
Қиын-қыстау тарлықтан 
Шықтық деп  кеңге 
шаттанды 
Сәмәмбеттен шыққасын 
Торы атқа ерін салдырып 
Төл атын алды жетелеп 
Арыған екен Ақтабан 
Көптен бір мінген төпелеп 
Екі зар үлкен қуғында 
Халықтың ішін қақ жарып 
Жете алмай қуған дағдарып 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

217
 ~ 
 
Сәмбеттің ауылына барған соң Махамбет Сәмбет батырдың үйінде Исатайды 
халыққа «Исатай деген ағам бар» атты өлеңі арқылы таныстырады. 
Міне  осылайша  Сәмбеттің  ауылында  күш-қуат  жинаған  көтерілісшілер  бүкіл 
Кіші  жүзді  патша  билігіне  қарсы  көтеру  мақсатында  Арал  маңындағы 
жауынгерлігімен елге таңылған шектілердің ауылына аттанып кетеді.  
Мұрағат,тарихи зерттеу,естелік шығармалары бойынша Сәмбет тарихи тұлға.Ол өз 
елінің ,өз руының жанашыры,қамқоры,тірегі.Қазақ тарихындағы дүрбелеңді 1760-
1850 жылдары өмір сүрген батыр баба тұлғасы,оның елбасқару,батырлық,қамқор 
қасиеттері ұрпаққа мирас болған. 
   Тарих  толқынында  осынау  азаматтық  асқақ  қасиеттері  өз  ұрпақтарына 
дарыған.Бөлекбай,Бүйдеғара,Сарыбөпе,Құтқожа  және  олардың  ұрпақтарының  өмір 
белестері,ел алдындағы абыройлы еңбектері халық жадында сақталған. 
    Сәмбет  батыр  өз  бейнесін  тарихта  өзі  жасаған  адам  болса,оның  ұрпақтары  оны 
асқақта түскен. 
    Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігіне  биыл  тура  21-жыл  уақыт  болатын 
болса,осынау  егемен  еліміздің  қаз  тұруына,өсіп-өркендеуіне,экономикасы  мен 
тұрмысы  артуына  да  Сәмбет  ұрпақтарының  қосып  отырған  үлестері  қомақты.  «Өлі 
жебемей-тірі  байымайды»  деген  халық  даналығы  тарих  соқпағында  Сәмбет  батыр 
рухына да тікелей қатысты. 
Өйткені,тарих алдында Сәмбет батырдың тұлғасы әрқашан биік. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет