Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

Әдебиеттер тізімі  
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Жасай  бер,  тәуелсіз  Қазақстан!  Тәуелсіздік  күніне  арналған 
салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 1998. 16 желтоқсан. 
2. Қарылғашов. Ж. Бөкенбай баһадур:ескерусіз ерлігімен отты рухы. // Ана тілі, – 27 
қыркүйек,  2007.;  Мұқтар  Ә.Қ.  Бөкенбай  батыр  туралы  не  білеміз  //  Ана  тілі,  –  14 
наурыз,  2008;  Соныкі,  Бөкенбай  батыр.  //Алтын Орда,  –  1-7  мамыр,  2008.;Баһадүр 
батыр Бөкенбай. /Жинақ/. – Ақтөбе, 2011.– 435 б.; Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы 
ортағасырлық  батырлар  институты.  //  «Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне 
20  жыл: жетістіктері,  проблемалары және перспективасы»  Республикалық  ғылыми-
тәжірибелік конференцияның материалдары. – Қостанай, 2011. – 394 б. –180-188. 
3. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с. 
4.  Мұқтар  Ә.Қ.  Азаттық  таңы  жолында  (Қазақстанның  батыс  өңірі:  ХVІІІ  ғасырдың 
екінші  жартысы  және  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегі  аралығындағы  тарихи 
жағдайлар). – Алматы: Ғылым, 2001, – 257 б. 
5. Бекмаханова Н. Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под 
руководством Пугачева в 1773-1775 годах ). – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 190 с. 
6. Рязанов А. Батыр Сырым Датов (по материалам Центрального Краевого Архива). 
// Сырым Датұлы. / Жинақ. – Алматы: Арыс, 2004. – 320 б. 
7.  Нусупбеков  А.Н.  Вопросы  истории  Казахстана  (Избранные  труды).  –Алма-Ата: 
Наука, 1989. – 344 с. 
8.  Казахско-русские  отношения  в  XVIII-XIX  веках.  (1771-1867  годы)  (Сборник 
документов и материалов). – Алматы: Наука , 1964. – 460 с. 
9.  Сариева  Р.Х.  Мұрағат  және  тарих:  (мақалалар,  баяндамалар).  –  Алматы:  Арыс, 
2004. – 292 б. 
10.  Материалы по истории  Казахской  ССР.  Т.ІV.  (1785-1828  гг.) –  М.-Л.
:
:  Изд-во  АН 
СССР, 1940. – 543 с.  
13. Исенов Ө.И. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты: тархандар институты (XVIII-
XIX  ғғ.)  //  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне  20  жылдығына  арналған 
«Алдамжар  оқулары  –  2011»  атты  Халықаралық  ғылыми  –  тәжірбиелік 
конференциясының материялдары. 9-10 желтоқсан 2011жыл. Қостанай: академик З. 
Алдамжар атындағы ҚӘТУ, 2011– 483 б. (130-135 бб). 
11.  Казахско-русские  отношения  в  ХVІ-ХVІІІ  веках  (Сборник  документов  и 
материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с. 
12. Мұқтар Ә. Жоламан батыр: «Мен қарақшы емеспін, Ресеймен соғысып жүрмін» // 
Егемен Қазақстан – 2008. 19 наурыз. 
14.  Ахметова  Ұ.Т.  Арынғазы  хан.  –  Алматы,  Арыс.  –  2005.  –  180  б.;  Рысбеков  Т.З. 
Жоламан  Тіленшіұлы  –  ұлт-азаттық  қозғалыс  көсемі.  //  «Отан  тарихының  келелі 
мәселелері»  атты  республикалық  ғылыми  –  теориялық  конференция  материалдар 
жинағы. т.ғ.д., профессор З.Алдамжаровқа арналады. 2008. 28 – 29 ақпан – Атырау, 
2008.  –  (211-214  б.)  –  260  б.;  Мұқтар  Ә.  Жоламан  батыр:  «Мен  қарақшы  емеспін, 
Ресеймен  соғысып  жүрмін»  //  Егемен  Қазақстан  –  2008.  19  наурыз.;  Исенов  Ө.И. 
Жоламан  тархан  –  ұлт-азаттық  көтеріліс  басшысы  (ХIХ  ғ.  20-30  жж.).  // 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің Ғылыми хабаршысы, 
№3-  (22).  –  2011.  –  (16-20  бб.).;  Исенов  Ө.И.  Патша  үкіметіне  қарсы  соғыс 
жариялаған  –  Жоламан  тархан  (ХIХ  ғ.  20-30  жж.).  //  Университет,  общество, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

180
 ~ 
 
инновационное развитие: опыт и перспективы: Материалы Международной научно-
практической 
конференции, 
посвященной 
50-летию 
Кокшетауского 
государственного    университета  им.  Ш.Уалиханова  и  высшего  образования  в 
Акмолинской области. – Кокшетау, 2012. – 457 с. – С. 232-238.; Исенов Ө.И. Табын 
Бөкенбай  батыр  және  одан  тараған  тархандар  әулеті».  //  М.Өтемісов  атындағы 
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Хабаршы №4 (40) – 2010. Қазан-қараша 
–  желтоқсан,  2010  ж.  154-166  бб.;Исенов  Ө.И.  Табын  Бөкенбай  батырдан  тараған 
тархандар. // Баһадүр батыр Бөкенбай. /Жинақ/. – Ақтөбе, 2011.– 435 б. (73-77 бб.). 
15.  «Азаттық  туын  алғаш  көтерген  ардақты  тұлға»  Сырым  Датұлының  270 
жылдығына 
арналған 
республикалық 
ғылыми 
тәжірибелік 
конференция 
материалдарының  жинағы.  Астана  қ.,  Беркут-Принт  ЖШС,  2012  –  109  б.ISBN  978-
601-80194-9-4 
Резюме 
Автор,  ссылаясь  на  исторические  источники,  рассматривает  жизнь  друга  и 
соратника  Сырыма  Датова  по  национально-освободительному  движению    Табын 
Тиленши батыра. В данной статье отражен по-новому взгляд на деятельность Табын 
Тиленши  в  должности    тархана  в  рамках  института  тарханства  в  казахском 
обществе. 
Summary 
The  author,  referring  to  historical  sources,  considers  the  life  of  a  friend  and 
colleague Syrym Datov on the national-liberation movement of the Tabyn Tilenshi Batyr. 
In this article reflects on a new look on the activities of the Tabyn Tilenshi in the position 
of calling in the framework of the Institute tarhanstva in Kazakh society. 
 
 
С.А. Ескалиев 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қаласы 
 
БАТЫРЛАР ТАРИХЫ - РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ  
 
Аңдатпа 
Мақалада  батырлар  институтының    қазақ  қоғамындағы  ролй,  Алибай 
Жасауыл  Қосакөзұлы  туралы  ХVІІІ  ғасырдағы    архив  қорларындағы  мәліметтер 
арқылы, оның орыс – қазақ қатынасындағы ролі туралы баяндалады. 
Негізі  сөздер:  Тарих,  Батырлар  институты,  жасауыл,  азаттық,  тәуелсіздік, 
әскербасы, қолбасшы. 
 
Әлем  халықтарының  тарихы  мен  мәдениетінде  салты  мен  дүниетанымында 
берік  қалыптасқан  заңдылық  бар.  Ол  –  ел  ертеңі  үшін  күндіз  отырмаған,  түнде 
ұйықтамаған  билеушілердің  даналығын,  батырлардың  ерлігін  өнер  саңлақтарының  
мұрасын  ұрпақтан  ұрпаққа  аманаттау.  Ерте  замандардан  дана  халық  ұрпақ 
сабақтастығы  мен  жалғастығын  осылайша  қаматамасыз  етті,  яғни  әлеуметтік-
қоғамдық ілгерілеудің пәрменді тетігін дөп басып таба алды. Тарих халық жадынан 
құралады  деп  есептейтін  болсақ,  сол  тарихқа  өзіндік  ықпал  жасаған  тұлғалардың 
болатындығы да заңдылық екендігі мәлім.  
Қазіргі таңда тарихымыз жеткілікті түрде зерттелініп жатыр десек те, әлі де 
қазақ  мемлекеттілігі  қалыптасқаннан  бастап,  кең-байтақ  елінің  бостандығы  мен 
тәуелсіздігін  сақтауда  аянбай  күрескен  батырларымыз  жөнінде  тарихи  еңбектерде  
толық мәліметтер оқырман қауымға жеткізілді деуге әлі де ерте секілді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

181
 ~ 
 
Батырларды қазақ халқының ұлы перзентіне айналдырған құдірет – олардың 
бар  тағдырының  азаттық,  төл  мемлекеті  мен  ұрпақтарының  болашағын  аянбай 
қорғауға  арналғандығында.  Олардың  ерлігі  мен  жүректілігі,  намысқойлығы  мен 
мәрттігі, ұлылығы мен қарапайымдылығы, қайраты мен ақылы ұлт мүддесіне, ұлттық 
идея мен идеологияға қалтқысыз бағышталғандықтан бұл қасиеттер сын сағатында 
буырқанып сыртқа шықты. Олар елдің атын шығарды, қандай сәтте де елін сыртқы 
жаулардан  қорғауға  әзір  екенін  дәлелдеді,  мызғымайтын  сенім  мен  оптимизмнің, 
саф алтындай ізгілік пен зиялылықтың табанына жауыздықты, үрейді, сатқындықты 
таптатты. Олар осынысымен туған халқының мәңгі махаббатына бөленді.  
Қазақ  батырлары  тарихын  зерттеу  тәуелсіздікке  жеткенімізден  кейін  ғана 
батыл  түрде  қолға  алынды.  Әрине,  бұл  арада  сол  кезеңге  дейін  зерттеулер 
жүргізілмеді, батырлар тарихы жазылмады деуден аулақпыз. Халқымыз қай кезеңде 
де  өзінің  қамқоры,  қорғаушысы  бола  білген  батырларына  ерекше  үміт  артқан.  Қай 
заманда да қазақ ұрпағын Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды батырлар жырларымен 
сусындатып,  ерліктің  елі  үшін  жасалатындығын,  ер  осындай  қабілетімен  көпшілік 
жадында  мәңгілік  қалып  ерекше  құрметте  болатындығын  сезіндіре  алды.  Міне, 
сондықтан  да  ата-бабамыз  бүгінге  дейін  ұрпағын  «Елдің  атын  ер  шығарады», 
«Батырға  оқ  дарымайды,  Батылға  жау  жоламайды»,    «Ер  жігіт  елі  үшін  туады,  Елі 
үшін өледі», «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер», «Батыл болсаң, батыр да боларсың» 
деп тәрбиелеп келеді. 
Сонымен, батыр дегеніміз кім? Батыр – ер жүрек адамның атағы ғана емес, 
сонымен  қатар  көбінесе  әскери  міндеттерді  жүзеге  асырумен  айналысатын 
адамдардың  жеке-дара  қасиеті.  Саяхатшы  Е.К.Мейендорфтың  анықтауы  бойынша 
қазақ  қоғамында  ер жүрек,  әділ  және тапқыр,  соғыс  кезінде  ат  құлағында  ойнаған 
шабандоз  адамдар  батыр  деп  аталған.  «Батыр»  атағы  ешқашан  мұраға 
қалдырылатын болмаған, оны тек жеке ерлікпен алған.  
Ал  сонымен  бірге  белгілі  бір  батырдың  өзін  әскери  істе  айқын  көрсеткен 
баласы немесе немересі батыр болған жағдайлар аз кездеспейді. Бұған Кіші жүздің 
жетіру  буыны  табын  руының  ықпалды  батыры  Бөкенбай  (1741  ж.  өлген) 
ұрпақтарының  –  оның  баласы  Тіленші  Бөкенбайұлының  және  ХІХ  ғасырдың  20-30 
жылдарының  басында  батыс  қазақтарының  ұлт-азаттық  қозғалысын  басқарған 
немересі Жоламан Тіленшіұлының осы атақты мұраға алуы мысал бола алады.  
 
ХҮІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  батырлардың  беделі  мен  әлеуметтік 
маңызы  мейлінше  күшті  өсті,  мұның  өзі  сыртқы  қауіпке  және  қазақтардың 
әлеуметтік  ұйымдасуында  әскери  құрылымдар  рөлінің  арта  түсуіне  байланысты 
болатын.  Жоңғарлар  басқыншылығына  пәрменді  тойтарыс  беруді  ұйымдастыру 
қажеттігі  әуелі  әскери  сахнада,  ал  сонан  соң  саяси  сахнада  да  халықтың  жол 
бастаушылары  мен  қолбасшылары  –  батырлардың  аса  көрнекті  шоғырының  пайда 
болуына жеткізді. Олар – қазақ қоғамының төменгі топтарынан өсіп шыққан жетіру 
буынының  табын  руынан  Бөкенбай,  Орта  жүздің  арғын  бірлестігінің  қанжығалы 
руынан  Бөгенбай,  Қабанбай  және  басқа  адамдар.  Тарихтың  жоғарыда  келтірілген 
кезеңдерінің  бәрінде  батырлар  ер  жүрек  жауынгерлер,  ат  жалында  ойнаған 
шабандоздар  және  әскери  жасақтардың  қолбасылары  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
көшпелі  қоғамның  ең  таңдаулы  әлеуметтік  топтарының  бірі  болды.  Бұл  жағынан 
революцияға  дейінгі  көптеген  авторлардың  «батырлар  арасынан  көшпелілердің 
саяси  ұйымдасуында  маңызды  орын  алған  рубасы  қазақ  ақсақалдарын  көп 
кездестіруге  болатын»  деп  ескертуі  де  кездейсоқ  емес.  Мәселен,  ХІХ  ғасырдың 
басында  Г.И.Спасский  жазып  алған  үш  жүздің  67  рулық  бөлімшелерінің  25 
құрылымын батырлар басқарған. [1].  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

182
 ~ 
 
ХҮІІІ  ғасыр  –  қазақтардың  «Елім  -айлаған»  ғасыры.  Шоқан  ол  ғасырды 
«қанды  қырғын»  («кровавый»),  «жан  түршігерлік»  («ужасный»),  «жауынгершілік» 
(«рыцарство»)  ғасыры  деп  атаған.  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  сөзімен  айтсақ  – 
«халық  тағдыры  қайқы  қылыштың  үстінде  қылпылдаған  кезең».  Әсіресе  ХҮІІІ 
ғасырдың І-ші жартысы қазақ халқы үшін қатал сынаққа толы кезең болып келгені 
баршаға  аян.  Бұл  уақытта  Жоңғар  хандығының  қазақ  жеріне  экспансиясы  өзінің 
шырқау шегіне жетті. Қазақ жүздерінің геосаяси жағдайы олардың толықтай дерлік 
жан-жағынан  анталаған  жауларының  қоршауында  қалуымен  одан  әрі  тереңдей 
түсті. Бұл жөнінде белгілі қазақ зиялысы М.Тынышпаев: «бұл тарихи босқыншылық 
«Ақтабан шұбырынды» деп аталды. Аштық және кедейлік өз шегіне жетті», - деп өз 
пікірін білдіріп кетеді [2]. Осындай қиын-қыстау заманда сыртқы жауларға тойтарыс 
беру  қажеттілігіне  байланысты  қазақтарға  орасан  зор  әскери,  моральдық, 
интеллектуалдық жағынан күш жұмылдыру талабы туындады.  
ХҮІІІ  ғасырдың  30-40  жылдары  қазақтар  мен  жоңғарлардың  қарым-
қатынастары  шиеленіскен  күйінде  қала  берді,  қақтығыстар  мен  соғыстар 
тиылмады.ХҮІІІ ғасырдың басында туған жерді азат ету жолындағы өзекті мәселені 
шешуді  қазақ  халқының  арасынан  шыққан  ержүрек  батырлар  өз  мойнына  алады. 
Жоңғар шапқыншылығына қарсы тойтарыс беру барысындағы саяси сахнада әскери 
қолбасшылар  мен  халық  қарсылығын  ұйымдастырушылардың  үлкен  тобы 
қалыптасты.  Олар  басында  әскери  адамдар  ретінде  өз  міндеттерін  атқарғанымен, 
батырлардың  арасынан  кейіннен  елдің  саяси  өмірінде  де  үлкен  қызмет  еткен 
танымал тұлғалар шыға бастайды.  
Қазақ  халқы  тәуелсіздіктің  қадірін  ерте  білген  халықтардың  бірі 
болғандықтан 
жас 
ұрпақты, 
елін-жерін 
қорғауға, 
батырлыққа, 
әділдікке 
кішкентайынан  тәрбиелеген.  «Басқа  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол», 
«Елінен  ауған  ер  жетім,  тыңдаушысыз  сөз  жетім»  деген  іспетті  мақал  –  мәтелдер 
осының  айқын  дәлелі.  Көрнекті  қазақ  тарихшысы  К.Есмағамбетовтың  өзі  бұл 
мәселеге ойдағыдай көңіл бөлінбегендігін айта отырып, «Отандық тарих ғылымында 
қазақ  батырларының  елі  мен  жері  үшін  қан  майданда  жаулармен  шайқасқан 
жанкештілік  күресін,  оның  халық  тағдырындағы  орнын  көрсетуге  әлі  күнге  дейін 
толық мән берілмей келеді», - деген пікірін білдіреді [3].  
Ғылыми  танымдағы  әдістемелік  ұстанымның  бір  парасы  қандай  ғана 
болмасын, құбылысты зерттегенде оның үздігін, ең жетілгенін талдауы және тануды 
басшылыққа  алу.  Сонда  арғы-бергілерінің  бары  мен  жоғы,  осал  тұстары  мен 
толағайы  оң  зерделенеді.  Басқаша  айтқанда,  елдігімізді  сақтап  қалған  қазақ 
батырларын  ғылыми  ой-санамен  тану  арқылы  тарихтағы  тұлғаның  рөлін  
айқындауға,  қоғамдық  қатынастардың  табиғатын  түсінуге  жол  ашылатынын 
қаперден шығармауымыз керек.  
Ел тағдыры шешілген ауыр заманда ерте есейген қазақ батырлары «Ақтабан 
шұбырынды, алқакөл  сұлама»  қасіретіне қарсы тұрып, айрықша  болмысымен,  ерен 
ерлігімен  көзге  түсті.  Ал  оған  дейінгі  қақтығыстарда  іштей  ширығу,  қапысыз 
дайындық,  құрыштай  шыңдалу  мектептерінен  өтті.  Демек,  ел  аузындағы 
әңгімелерде, дастандарда, жыраулардың шығармаларында ұлықталатын ұлттық ұлы 
батырлар ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Отан тарихына өз есімдерін қапысыз жазғанменен,  
толық мағынасындағы миссияларын атқарғаны 1723 – 1756 жылдар еншісінде. Бұл – 
жоңғарлардан  ойсырай  жеңілген  қазақтардың  жер  бетінен  жоғалуға  шақ  қалған, 
Қабанбай,  Бөгенбай,  Есет,  Алтай,  Алыбай,  Жездібай  батырлар  мен  ақыл  иелерінің 
қайратымен  бас  біріктіріп,  қатерлі  дұшпанды  кері  қуған,  Ресей  мен  Қытай 
империяларының  Қазақстанға  сұғына  кіруіне  барынша  қарсыласқан  жылдар. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

183
 ~ 
 
Батырдың  батырлығы  жаулаумен  емес,  елін,  жерін  дұшпаннан  қорғаумен,  азаттық 
үшін  күресумен  паш  етілсе  керек.  Әрине,  Жоңғар  мемлекеті  жойылғаннан  кейін 
негізгі  дені  ердің  жасы  елуге  енді  шыққан  ұлы  батырлар  қарақан  басының    қамын  
күйттеумен шектелмегені сөзсіз. Ортасының  сөз ұстаған көшбасшысына, Қытаймен, 
Ресеймен келіссөздер жүргізген  мәмілегерлерге айналғандары бар.  
Батырдың 
әскербасы, 
қолбасшы,  мемлекет 
қайраткері 
мәртебесіне 
көтерілгенін  де  тиянақтайтын  өлшемдерді  ғылыми  жүйелеудің    уақыты  келді. 
Мұнсыз тарихтағы тұлғаның орнын анықтай алмайтынымыз өз алдына, ұлт тарихын 
жаңа  «ақтаңдақтармен»  шұбарлаймыз.  Даланың  ауыз  әдеби  мұралары  мен 
батырлық  жырларында  қай  батыр  қандай  тұғырға  лайық  екені  анық  сипатталған. 
Мәселен,  жыраулардың  мұрасында  жекелеген  шайқастардың  ғана  емес,  қазақ-
жоңғар  соғысының  барысын  өзгертіп,  нәтижесін  анықтауға  үлес  қосқан 
қолбасшылар ретінде Қаракерей Қабанбай,  Шақшақұлы Жәнібек, Тама Есет, Табын 
Бөкенбай,  Кете  Арал    есімдері  айтылады.  Бұлар  қазақ-жоңғар  соғысы  кезеңінде 
батырлықтың бар сатысынан өтіп, кейін де мемлекет қайраткері ретінде көзге түсті. 
Олар,  сонымен  қатар,  Әбілқайыр  және  Абылайдай  қаһарлы  билеушілердің 
ақылмандары,  стратегиялық  шешімге  ықпал    етушілері,  сұхбаттастары  болды. 
Әлемдік  соғыс  тәжірибесі  көрсеткендей,  кемел  қолбасшысыз,  әскербасысыз  кез 
келген  шайқаста  орынды-орынсыз  адам  шығынына    жол  беріледі.  Оның  үстіне 
батырдың батырлығы да бір-ақ оқтық арандаумен тынатыны бар. Бұл – бір. 
Екіншіден, 
кезінде 
С.Қондыбай 
дөп 
басып 
айтқандай, 
Райымбек, 
Жанқожа,Бөкенбай,  т.б.  батырлардың  бәрі  де  ата-баба  дәстүрімен  батыр  болған 
тұқымдар. Қазақта оларды «Шынжырлы тұқым» дейді [4].  
Үшіншіден,  нақты  ахуалға  қарай  ұлы  батырдың  өкілеттігі  мен  атақ-  даңқы 
хандікінен де биік тұруы немесе ханның атағын билеушілік қабілет-қарымынан гөрі 
ұрыс даласындағы қолбасшылық таланты шығаратыны Отан тарихынан белгілі. 
Және  бір  пайымымызды  айта  кетейік.  Жоңғармен  соғыста  қазақтың  үштен 
екісі  қырылды,  көрші  елдерге  босып  кетті.  Ұрыс  даласында  өшпес  ерлік 
көрсеткендер  мың-мыңдап  саналады.  Дей  тұрғанмен,  халық  зердесінде  есімі  мен 
ерлігі,  ғибраты  мен  тұлғасы  сақталып  қалғандары,  ғасырларды  аттап,  бүгінге 
жеткендері жойдасыз көп емес. Тіпті Бұқар жырларында жиырма шақты  батырдың 
ғана  аты  аталатыны  біраз  нәрсені  аңғартса  керек.  Халық  қашанда  әділ  ғой.  Оның 
зердесінде  кездейсоқ  есімдерге  орын  жоқ.  Ол  үздіктің  үздігін,  кемелдің  кемелін, 
Шәкәрім  қажының  тілімен  айтсақ,  «ең  жақсы  адамды»  ұрпақтан  ұрпаққа 
насихаттаудан  таймаған.  Тіпті  батырлар  институтының  генетикалық  және  идеялық 
жалғастығын биік бағалайтыны бар. 
Әрине,  бұдан  батырлық  тұқым  қуалаумен  беріледі  деген  үзілді-кесілді 
методологиялық  ұстаным  түю  қажет  бола  қоймас,  дегенмен  қоғамдық    санадағы 
батырлар  институтына  құрмет  күмәнсіз  көрініп  тұр.  Осы  орайда  батырлық  пен 
батырлар институты қоғамдық қатынастардың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың тұтас 
жүйесін  қалыптастыруға  әкелгенін  ғылыми  дәйектеудің  маңызы  зор  екенін  айта 
кеткеніміз орынды. 
Батырлар және олардың атқарған қызметі, тарихи ролі мен алар орнын және 
дәстүрлі  қазақ  қоғамының  интеллектуалдық  қарымын  жаңаша  сараптайтын  күн 
келді  деп  толықтай  айтуымызға  болады.  Батырлар  институты  мәселесін  арнайы 
ұстаным ретінде зерттеуге бірнеше негіз бар.  
Біріншіден, батырлар институты тарихи ұзақ уақытты қамтиды.  
Екіншіден, батырлар қоғамда маңызды саяси, әлеуметтік, экономикалық рөл 
атқарды.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

184
 ~ 
 
Үшіншіден,  батырлар  қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасуы  мен  сақталуына 
қызмет етті. 
Тарихшы-ғалым  Е.Б.  Бекмахановтың  пікірінше,  батырлар  институты  өзінің 
дамуында  өзгерістерге  ұшырап  отырды.  Ерте  орта  ғасырлардағы,    кейінгі  орта 
ғасырлардағы  батырлардың  қоғамдағы  алатын  орнында  айырмашылық  бар, 
эволюциялық  дамуды  аңғаруға  болады.  Ерте  орта  ғасырларда  көбінесе  ертегі  мен 
жырлардағы  аңыздық  батырларды  көрсек,  кейінгі  орта  ғасырларда,  жаңа  заман 
тарихы тұсында, әсіресе, ХҮІІІ ғасырда біз нақты тарихи тұлғаларды көріп, олардың 
тарихи  істеріне  куә  боламыз.  Батырлар  институты  әсіресе,  күрделі  ХҮІІІ  ғасырда 
қазақ дәстүрлі қоғамында аса маңызды қызмет атқара бастайды. Елдің егемендігің, 
ел тұтастығын сақтап қалу мүддесі батырларды бір мақсатқа жұмылдырып отырды.  
Бұрынғы  кеңестік  заманда  осындай  тақырыптарды  зерттеуге  жеткілікті  мән 
берілмегендігін айта келе, Елбасымыздың «Өткенімізге, бүгініміз бен болашағымызға 
жалтақсыз  жанар  тіктейтін  мезгіл  жетті»  -  деген  пікірінің  дұрыстығына  көз 
жеткізгендейміз [5].  
Батырлар  институтының  бастау  көзі,  қалыптасу  кезеңдерінің  тарихи  дамуы 
батырлар жырынан анық көрінеді. Олардың ежелден бастап қазіргі қазақ даласында 
үлкен  роль  атқарғандығына  көптеген  деректер  дәлел  бола  алады.  Қай  заманда 
болса  да,  сыртқы  жаулардан  қорғану,  елдің  ішкі  бірлігін  сақтау  сияқты  күрделі 
мәселелерде  батырлардың  рөлі  жоғары  болды.  Батыр  атағын  ақсүйек  және 
қарасүйек  өкілдері  де  қоғамдық  дәрежесіне  қарамастан  бірдей  иелене  алатын,  әрі 
батырлар  ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  сыртқы  фактордың  күштілігінен  қоғамдық 
қатынастарда басымдылыққа ие болды.  
ХҮІІІ ғасырдың І-ші жартысындағы аласапыран кезеңде еліміздің тәуелсіздігі 
жолындағы  күресінде  көптеген  батырлар  тарихта  өз  іздерін  қалдырды.  Олардың 
қатарында өмірі мен жасаған істері толықтай зерттелініп, ұрпаққа мәлім болғандары 
да,  керісінше  еліне  жасаған  қызметтері жан-жақты  зерттеу таразысынан  өтпей,  әлі 
де  белгісіз  есімдер  қатарында  қалып  қойып  жатқандары  да  бар.  Осы  сөздеріміз 
қазақ  тарихындағы  ғылыми  әдебиеттерде  айтылмай  келе  жатқан  Алыбай, 
Арыстанбай секілді батырларға да қатысты болып табылады. 
 Кете  Алыбай  батырдың  есімі  Кіші  жүз  қазақтарына  жақсы  таныс.  Батыр 
туралы әңгіме атадан балаға жалғасып, бүгінгі күнге жетті. Жалпы, Алыбай кім еді? 
Оның сол замандағы саяси оқиғалардағы орны қандай? Ол туралы қандай деректер 
бар? Оны білу үшін алдымен ол өмір сүрген қатал және күрделі кезеңге сипаттама 
беріп кеткен жөн болады. 
 ХҮІІІ  ғ.  бірінші  жартысында  Қазақстанның  геосаяси  жағдайы  күрделі 
болғаны белгілі. Әйгілі орыс зерттеушісі А.И. Добромыслов былай деп жазды «ХҮІІІ 
ғасырдың  алғашқы  ширегінің  аяғына  қарай  солтүстіктегі  сібір  казактары  мен 
башқұрттардың, батыстан еділ қалмақтарының, шығыстағы жоңғар билеушісі Галдан 
Цереннің  үздіксіз  жорықтарынан  әрі  өз  ішіндегі  талас-тартыстардан  азап  шеккен 
қазақ  халқы  батыс  және  оңтүстік  бағытқа  қарай  жылжып,  жаңа  жайлымдарды 
иеленді» [6].  
Әбілқайыр 
ханның 
қолбасшылығымен 
Бұланты 
және 
Аңырақай 
шайқастарында  жоңғарлардың  тегеурінді  жойқын  шапқыншылықтарына  тойтарыс 
берілгенмен жалпы сыртқы саяси жағдай күрделі болып қала берді. Әсіресе, батыс 
және  солтүстік  батыс  бағытта  башқұрттар  және  Еділ  қалмақтарымен    күрес    өрши 
түсті. Бұл күресте  белгілі зерттеуші И.В.Ерофееваның атап көрсетуінше Әбілхайыр 
хан  ерекше  ұйымдастырушылық  және  қолбасшылық  дарындылығын  көрсетті. 
Осындай күрделе кезеңде қазақ еліндегі саяси оқиғаларға белсене қатысқан беделді 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

185
 ~ 
 
батыр  Алыбай  Қосакөзұлы  да  Москва  қаласындағы  Ресейдің  сыртқы  істер 
мұрағатында,  Орынбор  мұрағатының  қоймаларында  тізбелеген  құжатттардан 
табылды. Оның Кіші жүз ханы Әбілқайыр, Нұралының жанынан табылуы кездейсоқ 
емес еді және көп нәрсеге жауап бергендей.  
Әбілқайыр  әуелде  өзін  хан  көтерген  Кіші  жүз  ішіндегі  бірлікті  сақтай  алды. 
Іргелі  рулар  басшыларының  ханнан  тізгін  үзіп  кеткен  кезі  болған  жоқ.  Әбілқайыр 
оларға  арқа  сүйеді.  Кейін  ол  рулар  Нұралы  ханға  да  тірек  болды. Баһадүр  ханның  
тұсында кете руы кемеріне толып, төрден орын ала бастаған. Алтай, Арал, Алыбай 
және  Жұлдыз  батырлар орданың  іргесін  бекіте түсті.  Алпыс  екі  үйлі  Алыбай  ауылы 
деп  аталатын  аталықтың  көсемі  –  Алыбай  Қосакөзұлы  ата  шежіре  бойынша  1700-
1710 жылдары дүниеге келген деп есептейді. Үш жүздің басы қосылып, қазақтардың 
бас  қолбасшысы  Әбілқайыр  хан  қалмақтарға  қарсы  соғысқа  қол  жинағанда,  Алтай 
батыр  Ебескіұлымен  бірге  Алыбай  батыр  да  бір  мың  бес  жүз  жауынгермен  барып 
қосылады [7].   
 Ақ Кете Алтай батыр жауға шапқанда Алыбай батырды жанына алады екен. 
Мұның өзі Алыбайды қолтығыма алып, қамқор болайын дегендік емес. Керісінше, бір 
жақ қапталымда сенімді қорған, қару батпайтын қалқаным болсын дегеннен туған. 
Ал,  Алтай  сияқты  батырға  қарсы  ұмтылатын  жау  да  тегін  болмасы  белгілі.  Демек, 
қалмақтардың  қалың  қолынан  сайдың  тасындай  іріктеліп  алынып,  Алтай  батырға 
атойлап  тиіскен  қалмақ  әскері  оған  жеткенше  айналасын  тазартып  алмайды  ма? 
Жас өрен Алыбай сондай сәттерде құдіретіне мініп, айбарланып, тура келген жауға 
тайсалмай қарсы шабады екен.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет