Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Ластайтын заттардың әлемдік көлемде көрінуі



бет32/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Ластайтын заттардың әлемдік көлемде көрінуі. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттарды және микроорганизмедрді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр-түрлі өндіріс қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Ластағыш заттардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметр олардың атмосферада болатын уақыты. Осыған байланысты ластаушы заттар 3 түрге бөлінеді:

  1. әлемдік көлемде ластайтындар-қоршаған ортада әлемдік аймақта тарайтын, атмосферада ұзақ уақыт (бірнеше жыл немесе ай) сақталатын ластаушы заттар (СО2, фреон жартылай ыдырау мерзімі 1 айдан жоғары радионуклидтер).

  2. аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің көптеген әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) үлкен аймақты ластайтын, бірақ оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқаннан кейін төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, бірнеше тәулік бойы атмосферада сақталатын ластағыш заттар (SO2, No2, пестицидтер, ауыр M )

  3. жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) атмосферада аз уақыт сақталатын ластағыш заттар (ірі дисперсиялық аэрозольдар, H2S, SO2, No2 т.б.).

Ластағыштардың адам денсаулығына әсері. ШРМ (шектік рұқсат мөлшері). Адамдарды ластағыш заттардың аз мөлшерінен қорғау үшін олардың ауадағы жоғары деңгейін көрсететін ШРМ бекітті. Осы мөлшердегі ластаушы заттар мөлшері атмосфераға шығарылады, олар адамның денсаулығына, көңіл-күйіне әсер етпейді. ТМД территориясында қолданылатын ШРМ ең төменгі көрсетіште алынған. Мысалы: АҚШ-та SO2 ШРМ 4,4 мг/м3, ФРГ-да 0,75 мг/м3, ТМД-да 0,05 мг/м3.
ДДҰ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.
Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.
Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.
ШРМ көрсеткішінен жоғары доза адам денсаулығына керісінше әсер етеді. Түтін, күйе т.б. механикалық бөлшектер өкпеге өтіп альвеолада жинақталады. Осының салдарынан өкпе аурулары пайда болады. Олар созылмалы бронхит, астма, рак т.б.
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейін аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жиналып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм шаң-тозаң мен газдар 1 км-ге дейін көтеріліп жан-жаққа 100-деген км қашықтыққа тарайды. Одан ірі бөлшектер 300-500 м көтеріліп, жылжымай ауа салқындаған кезде жерге қайта түседі. Мысалы: Алматыда 125 т шаң-тозаң түзіледі.

  1. Қоршаған ортаға автокөліктерден көміртек тотығы (СО) қосылады. Бұл иісті газ деп аталады. Ол адам мен жануарлар қанындағы гемоглабинмен қосылып денені O2 тапшылығына, дененің әлсіреуіне, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. СО+C2H4 (этилен) аз мөлшерде қосылса өсімдіктер қурай бастайды. Тар көшелерде, көше қиылыстарында, бағдаршамдар маңында СО=25-125 мг/м3 дейін жетеді, ал ШРМ=3 мг/м3

  2. Өте қауіпті ластаушылар қатарына СН-лар жатады. Олар топырақ пен суда ұзақ сақталады. Олардың ішінде қанықпаған газдар: С2H4(этилен), C3H4(пропилен), C4H3(бутилен); қаныққан газдар: CH4,C3H8(этан). 3,4 бенз(о)пирен-концерогендік (ісік ауруы) әсер етеді. АҚШ-тың Ұлттық онкология институты қатерлі ісіктердің 60-90% экологиялық факторға, әсіресе СН-мен ауаның ластануына байланысты екенін айтады.

  3. SO2- күкіртті газ.

SO22 SO3 (күкірт ангидридін) түзеді. Ол ауадағы су буларымен қосылып H2SO4-на айналады. H2SO4 тамшылары ауада тұман болып, жауын жауғанда қышқылды жаңбыр болып жерге түседі. Ол металды тотықтырады, бояуды күйдіреді, адамның өкпесі мен өңешін ауруға шалдықтырады. Жануарлар мен өсімдіктерге өте зиянды.

  1. Смогтар. Ағылшын тілінен аударғанда smoke-түтін, fog-тұман деген мағына береді. Смогтың пайда болуы үшін белгілі бір жағдайлар керек. Олар көбіне өнеркәсібі дамыған және автокөліктері көп қала ауаларында түзіледі.

Смогтар адамның тыныс жолдарына әсері етіп, тыныс алуды қиындатады. Ірі қалаларда өнеркәсіптің дамуымен және автокөліктер санының көбеюімен бірге смогтың пайда болуы жиілейді. ТМД-ның бірқатар қалаларында смогтың пайда болуына қолайлы физикалық-географиялық жағдайлар бар. Бұлар жер бетіне жақын инверсия қабаттары пайда болатын және ауа жылжымайтын тау қазаншұңқырларында орналасқан қалалар. Алматы смог түзілетін қалалар қатарына жатады. Ондай қалаларда ауаны өнеркәсіптің ластауы артып кетуіне жол беруге болмайды және автокөліктер санына шек қойылуы тиіс.
Ауаның әртүрі газдармен ластануы көздің кілегей қабатының ауруына әкеледі, соның бірі коньюктивит т.б.
Pb иісті газбен тарайды, қандағы эритроцитке, нерв жүйесіне әсерін тигізіп ұйқысыздыққа әкеледі. Дүние жүзінің денсаулық қорғау ұйымы ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп төндіріп, зардап әкеледі деп есептейді.
ҚР-да 1951ж 446 химиялық заттар мен олардың 33 түрлі қосындыларының қалдығы ауаға жіберуге болатын ШРМ белгіленіп, іс жүзінде қолданып келеді. Мұндай нормаға сай келмеген жағдайда қаладан тысқары жерде орналастыру керек.
Қазір осы заманғы өркениет бар болғанмен, ол қауіп-қатер астында. Сондықтан, глобальды экологиялық мәселелер қатарынан шешімдерді талап етеді. Глобальды экологиялық мәселелердің шешіміне арналған жалпы мақсаттар бірінші кезеңде жобаға келген, олар келесі бейнелермен сиппатамада болатын:

  1. Глобальды энергетикалық және биогеохимиялық айналымын зерттеу (энергетиканың даму болашағы және оның экожүйеге мүмкіндігінше әсер етуі; бұрынғы және қазіргі өнеркәсіп қалдықтарынан ластанудың сандық анықтамасы).

  2. Глобальды өзгертулердің бағалауына арналған бақылау жүйелерінің негізделуі(жерде және ғарышта орналасқан бақылаудыңжаңа жүйелерінің дамуы;қазіргі және алда жоспарланған бақылау жүйелерінің глобальды өзгеру бағалауымен сәйкес талдауы).

  3. Биоәртүрлілікте глобальды өзгертулерді талдау (биоәртүрлілікпен суреттеу және бақылау; биогеохимиялық айналым мен биоәртүрлілік арасындағы байланысты талдау).

  4. Экологиялық өзгертулерді түсіну негіздерінің теориялық және методологиялық өндеуі (экожүйелердің тұрақсыздығын зерттеуге арналған жақындаудың шығуы: глобальды экологиялық өзгерулердің күні бұрын хабар беруіне арналған методологиялық база талдауы).

  5. Халықаралық күштер талдауы мен демеуі (халықаралық геосфералы-биосфералық бағдарлама; қоршаған ортаны тану облысында халықаралық келісімдердің тануы мен демеуі).

Глобальды қауіпсіздікпен басқару жобасы айналасында және жобамен сипатталған келесі приориттер:
-ең маңызды жобамен енуді зерттеу, яғни дүниежүзілік бірлестіктің өмір сүруіне әсер ете алатын, экологиялық, демографиялық, экономикалық, саяси, гуманитарлық және әлеуметтік аспектілерімен қоса әсер ете алатын;
-ерте айырып тануға арналған жақындаудың әрбір жобаға келетін компоненттерінен қауіп-қатерді өндеуі және бағалаулары, сонымен қатар олардың арасындағы өзара әрекеттестігі;
-келісімдердің, бағдарламалардың және глобальды қауіпсіздік мақсаттарының шешіміне арналған институттардың нәтижелі қолдануының, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын іздеулері.
Глобальды экологиялық проблемаларды шешу жолдары және экологиялық қауіпсіздік нығайтулары қоршаған ортаны қорғау халықаралық заңға сүйенген маңызды кезең жасауы болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау халықаралық заңға сүйенген деген бұл- принциптермен және халықаралық құқық нормаларының жиынтығы. Олар әртүрлі қайнардың қоршаған ортасына шек қоюға және зиян нәрселерді жоюына, сонымен қатар мемлекеттің табиғи қорларын орынды қолдануын жөнге салады. Қоршаған ортаның халықаралық құқық дамуы негізінде келісім жолмен болады. ЮНЕП-пен тап осыларға көп жақты 152 келісім-шарттар тіркелген. Біздің еліміз қоршаған ортаны қорғау халықаралық шараларға белсенді қатысуды қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет