Гиренок Ф.И. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М., Наука, 1989.
Камерилова Г.С. Экология города: урбоэкология. М., 1997.
Журнал «Экология и устойчивое развитие» 2004-2006г.г.
Әбдраймов Б. Экологиялық зиян сипаттамасы, А., 2001
Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. Экология. А., 2005.
Дәріс 7. ҚР-сының экологиялық зоналары.
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарға бөлінеді.
А аймағы— Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді (1-суретті қараңыз). Бұл аймақтағы приоритетті мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 9%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры — 3-3,5 млрд. тонна және газдың — 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. Жылда елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізіледі, жақында одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м3 ілеспе газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер — қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар — Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс — Нұра — Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары — негізгі су көзі.
Републикамыздың астанасы Нұр-Сұлтан қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәспітік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәспі қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мыңға жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/кг құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қауіпі төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына–оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн, негізгі ңызметі — ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы). Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990—1996 жылдар аралығында 10 млн га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көлінде де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметгік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2—3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп — суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.