Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет59/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Қауіптілігі: созылмалы дәрежесіне тез көшеді.
ГЕНИТАЛДЫҚ ҰШЫҚ
Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция.
Белгілері:
Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.

  • ерлерде – бөртпелер жыныс мүшесінің басында, түпкі жағында және зәр шығару жолдарында орналасады;

  • әйелдерде – бөртпелер жыныстық қатпарларда, қынапта және жатыр мойнында орналасады; бөртпелермен қатар көбінесе дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, белі ауруы, әлсіздік туындайды

Емделу жолы: вирусқа қарсы терапия.
Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.
АИТВ және ЖИТС
ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.
АИТВ – дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.
АИТВ-инфекциясының даму қарқынын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектер қазіргі кезде бар. Және де кейбір оппортунистік аурулардың алдын алатын немесе емдей алатын препараттар да бар. Сондықтан, адам өзінің сырқаттығы туралы қаншалықты ертерек білсе оның өзінің өмірін өзгертіп, емделуді бастау мүмкіншілігі де көбірек болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет