Сурет 2. Биосфера құрылымы.
Биосфераның атмосферадағы шекарасы 20-25 км биіктікте – озон қабатына дейін жетеді. Озон қабаты
Жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Зең саңырауқұлақтарының және
кейбір бактериялардың споралары 22 км биіктікте табылған. Кейбір тірі организмдр қысымы 1000 атм.
Қысымнан жоғары су тереңдіктерінде тіршілік ете береді. 12
0
000 атм. қысымға шыдайтын бактериялар да
бар.
Атмосфера – массасы 5,15∙
15
10
т. (500 триллион т.) құрайтын Жердің ауа қабаты. Атмосфераның
негізгі бөлігі азоттан (78,08%), аргон (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,33%) тұрады. Ал басқа
элементтердің мөлшері өте аз: су буы – 0,2%-2,6%, 1%-2% инертті және тағы басқа газдардан тұрады.
Мұнан басқа атмосферада шаңды бөлшектер – аэрозольдар бар.
Атмосфра бірнеше сфераларға бөлінеді:
Тропосфера–бүкіл атмосфераның 80% массасын құрайтын атмосфераның төменгі қабаты. Оның
биіктігі жер бетінің қызуынан пайда болатын ауа ығысуының (жоғары және төмен) белсенділігі
байланысты, экваторда 16-18 км-ге дейін, қоңыржай аймақтарда – 10-11 км-ге дейін, ал полюстерде–8 км
биіктікке дейін созылады.
Стратосфера–тропосферадан жоғары 50-55 км биіктікке дейін созылады. Мұнда озон қабатының
болуына байланысты температура жоғары болады.
Мезосфера–жоғарғы шекарасы 80 км биіктікке дейін жетеді. Ерекшелігі–жоғарғы шекарасында
температураның бірден күрт төмендеуі (-75
0
С және -90
0
С). Мұнда мұзды кристаллдардардан тұратын
күмістей жарқыраған бұлттар кездеседі.
Ионосфера (термосфера)–800 км биіктікке дейін орналасқан. Температураның жоғары (1000
0
С)
болуымен ерекшеленеді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен газдар иондалған жағдайда болады.
Экзосфера – 800 км биіктіктен 2000-3000 км-ге дейін жетеді. Мұнда температура 2000
0
С жоғары.
Сутегі мен гелий атомдары көп.
Жердің биосферасы үшін атмосфераның ролі зор, өйткені ол өзінің физикалық-химиялық
қасиеттеріне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың маңызды тіршілік процестерін қамтамасыз етеді.
Гидросфера–бүкіл жер асты сулары, өзендер, көлдер, мұздықтар, теңіздер және Әлемдік мұхиттар
кіретін Жердің су қабаты. Жер бетінде тіршіліктің дамуында судың маңызы өте зор. Биосферада су еріткіш
ролін атқарады, өйткені ешқандай химиялық реакцияларға түспей бүкіл заттармен әрекеттесе береде. Бұл өз
кезегінде еріген заттардың, мысалы, құрылық пен мұхиттар, қоршаған орта мен организмдер арасындағы зат
алмасуды қамтамасыз етеді. Гидросфераның көп бөлігі мұхиттардың еншісіне (94%), ал жер беті суларының
еншісіне тек 0,0001% ғана тиеді. Соған қарамастан, олардың белсенділігінің арқасында (әрбір 11 күн сайын
өзгеріп отырады) құрылықтағы барлық тұщы сулар көздерінің түзілуіне әсер етеді. Гидросфераның төменгі
шекарасы мұхиттардың ең терең жерлеріне дейін жетеді. 10-11 км тереңдіктегі температурасы 0
0
С-қа
жақын мұхит шұңқырларында да тіршілік иелері кездеседі.
Литосфера Жердің қатты шөгінді және магмалық жыныстан тұратын қатты қабаты. Литосферада
тіршілік тау жыныстарының температурасымен шектеледі. Бактериялар жер қыртысының жыныстарында 4
км тереңдікте кездескен.
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі Жердің геологиялық даму кезіндегі ұзақ уақыт бойында
жүретін энергия мен заттар айналымының өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық
геохимиялық роліне негізделген. Биосфера шегінде барлық жерде тірі заттың өзі немесе оның тіршілік ізі:
атмосфера газдары, табиғи су, мұнай, көмір, батпақ, шым тезек, және т.б. қорлары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: