алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей,
керісінше оларды
шашыратады. С0
2
-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО
2
-нің
мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3
0
С-5
0
С-қа көтеріледі.
Бұл өз кезегінде климаттың
ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне,
Әлемдік мұхиттың орташа
деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да
жағымсыз жағдайларға алып
келеді.
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың
және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының,
ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер
Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады.
Бұл аймақтардың табиғаты
әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар
бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде
солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды.
Температураның көтерілуіне
байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе
Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4
0
С-қа көтеріледі.
1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990
жылмен
салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл
хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені
дамыған елдер бұл шешімнің
дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды
елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу
керектігі туралы шешім
қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың
сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-
2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып,
анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: