Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет49/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Олардың қатарында мыналар бар:
адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір 
сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және 
ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға 
келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау 
жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды 
қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның 
қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; жердің экологиялық жүйесін 
сақтау, қорғау және оның салауатты жай-күйімен тұтастығын қалпына келтіру мақсатындағы ауқымды 
әріптестік пен ынтымақтастық, өндіру мен тұтынудың тіршілік етуге қабілетсіз үлгілерін азайту және істен 
шығару әрі тиісті демографиялық саясатты қуаттау негізінде тұрақты даму мен неғұрлым жоғары өмір 
сүрудің дәрежесіне қол жеткізу; қоршаған ортаны тиімді пайдалануда әйелдердің маңызды ролі және 
олардың тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты қатысуының қажеттілігі; барлық мүдделі 
азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің 
қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық 
болуын, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз ету, 
жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау. 
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 
– экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық 
бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық 
шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы 
болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын 
үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ 
ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық 
зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың 
қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет 
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте 
экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін 
қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама 
институтының рөлі маңызды болып табылады. 
Сұрақтар:
Экологиялық қауіпсіздіктің түсіндіріңіз. 


Тұрақты дамудың маңызын түсіндіріңіз. 
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін атаңыз. 
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын талдаңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет