Адалдық - адам бойындағы асыл қасиет Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жалпы, «адалдық» деген сөз шыншылдық , айнымастық , шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Сонымен қатар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 175 жыл толуына орай, жастарды адалдыққа тәрбиелеу жолында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Сол іс-шаралардың бірі республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Адалдық сағаты» атты тәрбие жұмысы. Еліміздің түрлі телеарналарынан көрсетіліп жатқан осы жобаның басты мақсаты – жастарды адалдыққа баулу және жалпы адам бойындағы адалдық қасиетінің күш-қуатын арттыру. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру - өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, махаббаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепкі өсуі - ұядан көрген тәрбиесімен қоса , мектептен алған тәрбиесіне байланысты. Сондықтан да баланы жас кезінен, яғни ерте бастан адалдыққа, жақсы қасиеттерге бағыттаған жөн. Сол себепті ерте кезден-ақ сол қасиетті бойға сіңіре білу – адам есейе келе адалдық қасиетін кіршіксіз таза ұстауға өз көмегін тигізері анық. Адалдық туралы ұлы Абай : «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан , қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» - дейді. Сол адалдық қасиетін сақтап қалу үшін, ең алдымен өз бойымыздағы жаман қасиеттерді жою арқылы ғана жақсы адам бола аламыз. Сондықтан да адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абыройын және атағын арттыратын ізгі қасиет.
9- сынып оқушысы Әуелбекова Нұрай Адалдық – адамның ең асыл қасиеті Адалдық – адам мінезіндегі асыл да бағалы қасиет. Жер бетінде адал адамнан асқан ештеңе жоқ. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Жалпы адамның өнегелі тәрбиесі де маңызды. Өнегелі,тәрбиелі болған адам адал да бола алады. Асыл қасиет те, асыл мінез де, ол – адалдық.
Адалдық дегеніміз не? Адалдық дегеніміз – ашық, адал,шыншыл қарым – қатынас. Ал, арамдық дегеніміз – жабық, бүркемелі қарым-қатынас. Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, «күшімізге емес, адал ісімізге» сенуіміз қажет. Біз барлығын тек адал ісімізбен ғана дәлелдей аламыз. Әрдайым адалдық болған жерде әділдік қоса жүреді.
Достыққа адал болу – әр адамның міндеті десек те болады. Мысалы, досыңнан қасынан қуанышта да, қайғыда да табыла білу қажет. Ол – достың міндеті. Сонымен қатар, досыңның өзіңе айтқан құпиясын сақтай білсең, ол сенің адал қасиетің. Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, елің мен жеріңе, жақындарыңа адал бола білу керек. Адал адам кім үшін де жалпының игілігіне бола өмір сүру, ортақ мүддеге бола жеке мүддені құрбан ету деген сөз.
Қазақ пайымында адам бойында адалдық пен жан тазалығы т.б асыл қасиеттердің жиынтығы қалыптасқан. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз, таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Адамның ар-ұжданы алдында адал, шыншыл болуы – өз-өзіне қасиетті болуынан, жүріс – тұрысы болуынан ғана тұрады. Адал кісі - әрқашан ел бастайтын адам. Адалдық қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесінде, оқып білім алуы мен адал еңбек ету процесінде қалыптасады. Адалдық – жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Адал болам десең, қоғам мүддесімен санасып, соған ғана сен!
Адал адам кім үшін де, жалпының игілігіне бола жеке мүддені құрбан ету деген сөз. Ұлыларға бәрінен де адалдық жақын. Шәкәрімше айтқанда: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи» . Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады. Оны айту ауыр болғанда да, ол тартынбайды. Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтқысыз сену. Бір сөзбен айтқанда, адалдық бар жерде жеңіс, өзара сыйластық, жайбарақат өмір бар.
Адалдық – адамдық белгісі Адалдық – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Осы ретте, тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиелеуде қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруіне аса қатты мән берген. Әрдайым адалдық, ізгілік,әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған.
Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінің соңына дейін әділдікті, адалдықты насихаттап, басқаларға іс жүзінде үлгі болып кетті. . Дана халқымыздың ұрпағына «ісінде адал болуды», «біреудің ала жібін аттамауды» насихат етіп келген. Әрбір адам өз жұмысына әділдікпен, адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, басқа біреу көріп тұрмаса да, Алла көріп тұр, ақыретке барғанда күнім не болады деген қорқыныш оймен жұмыс істеуі керек. Әрі біреудің ақысын жемей, шынайы ықыласпен істегені дұрыс. Имам ғалымдарының бірі былай деген: "Кімде-кім адамдармен әділетті түрде қарым-қатынас жасайтын болса, басқалар да әділдікті қабылдайтын болады".Сондықтан әрбірімізді адал болуға шақырамын.
8-сынып оқушысы Нысанбекова Гүлімжан