Экология және тұрақты даму



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#7483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

3.  Адам  баласы  үшін  орасан    зор  пайдалы  ауа  бассейні  соңғы  жылдары    күрделі 
өзгерістерге    ұщырап отыр.  Ең бастысы  ауаның  ластануы.  Атмосфера ауасының 
сапалық  күйінің  көрсеткіштері  оның  ластану    дәрежесі  болып  саналады.    Егер 
атмосфера  ауасында  ластағыш  заттардың    шекті  мөлшерлі  концентрациясы  
қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.  
Ауаның  негізгі  ластағыштары:  көмірсутектер,  ұшқыш  органикалық 
қосылыстар,  азот  және  күкірт  қышқылдары,  күкірт  оксидтері,  азот  оксидтері, 
озон,  фотохимиялық  заттар,  қорғасын  және  басқа  да  ауыр  металдар.  Адам 
денсаулығына  әсер  етуші  атмосфералық  ауа  құрамындағы    газдар  қоспасының 
концентрациясы  мен  құрамы  күн  сайын  өзгеріп  отырады.  Ауа  ластануының  
жоғары  деңгейге  көтерілуінің  әсерінен    бас  ауыру,  көз  бен  мұрын  қуыстарының 
тітіркенуі,  тыныс  алу  мүшелерінің  зақымдануы,  тәбет  төмендеу,  жалпы  ағзаның 
нашарлауы  байқалады.  Қышқылдардың  әсерінен  астмалық  приступтар,  ал    иіс 
газының  әсерінен ойлау  қабілеті  төмендеп бас  айналу  және  ауыру  ,  ұйқы      басу 
сияқты симптомдар байқалады.    
Атмосфера  ауасын  ластайтын  заттардың  мөлшері  дүние  жүзі  бойынша  
жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен  
тұрады.  Соның  ішінде    қорғасын  мен  мырыштың  ауада  таралуы  және  онымен 
адамдардың улануы жиі  байқалуда.  Олардың  мөлшері ауада 0,0003 мг/м
3
 аспауы 
керек.    Оның  негізгі  көзі  –  автокөліктер  мен  оған  қолданылатын  қорғасын 
аккумуляторы.  Жапония,  Ирак  т.б.  елдерде  осы  заттармен  адамдардың  улануы 
жиі  болатындықтан,  қазір  көптеген  елдерде  балық  аулауда,  мылтық  оқтарына 
қорғасынды  пайдалануды шектеп отыр.  
Ауаға  зиянды  заттардың  шығарылуын  реттеу,  технологияны  жетілдіру, 
өндіріске  қалдықсыз  және  аз  қалдықты  технологияны  енгізу    мен  шығарынды 
заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ. Ауаны 
ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікте дейінгі аралықта 

жиналады.    Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау    ұйымының  мәліметтері  бойынша  
дамыған елдердің  20 поцентке жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап 
тыныстың  демікпесі)  ауырулармен  сырқаттануы    ауаның  ластануымен 
байланысты.  
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Атмосфералық ауаның маңызы, құрамы. 
2. Ауаны ластаушы көздер, олардың топтары. 
3. Ауаның ластауының адам денсаулығына әсері. 
4. Климат және адам. 
5. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар. 
Әдебиет: 
1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 89-
124 б.  
2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.157-167 б. 
3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д 
«Феникс», 2001. 108-116 б. 
 
Кредит сағат 11 
Дәріс № 11 
Тақырыбы:  Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері. 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Судың табиғатта және адам өмірінде маңызы. 
2.
 
Судың ластаушы көздері. 
3.
 
Ағын суларының ластануы және оларды тазарту жолдары. 
Дәрістің мақсаты: Судың табиғатта және адам өміріндегі маңызын көрсету. 
Негізгі сөздер: гидросфера, суды ластаушы көздер, тазарту әдістері. 
Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700 км
3
 су жұмсалады. 
Олардың ішінде 130-150 км
3
  гидросфераға  қайтып  оралмайды.  Қалғандары  өзен, 
көл, теңіз жерасты суларға қосылады. 
Қалдық  суларды  қанша  тазалағанмен,  10-20%  шамасында  ластаушы  заттар 
бөлінбей сақталады. 1 рет пайдаланылған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-
14 есе таза, оттегі мол сумен араластыру керек. 
Суды ластаушы көздер: 
-
 
өнеркәсіп қалдықтары; 
-
 
жылу; 
-
 
радиоактивті қалдықтар; 
1. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол биосферадағы зат алмасу процестерінде 
шешуші  роль  атқарады.  Ал  зат  алмасу  процесі  –  барлық  өмір,  тіршіліктің  негізі 
екендігі белгілі. Табиғат байлықтарының бірі – су.  Су адамдар мен жануарлардың 
дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл 
айналымдар  тек  сулы  ортада  жүретінін  ескерген  жөн.  Өсімдік  және  жануар 
организмдері  ұлпаларының  негізгі  массасын  су  құрайды,  оның  салыстармалы 
мөлшері  50-80%.  Ал  ересек  адамның  денесінің  65  пайызы  судан  тұрады.  Ал 
балаларда  бұл  мөлшер  80%  -ға  жетеді.  Адам  денесіндегі  ең  қатты  нәрсе  сүйек 
болса, оның құрамында да 22% су бар, ал қан плазмасында  - 90-92%, етте – 760%, 

ал адам миында 89%, 3 айлық іштегі нәрестеде 95%, ал 5 айлығында 86%, жаңа 
туыған балада 70% су болады екен. Кейбір есептерге қарағанда адам өз өмірінде 
25  тонна  шамасында  су  ішеді  екен.  Тағы  да  мысал  келтіретін  болсақ,  адам  су 
болмаса  2-3  күнде  өледі  екен.  Ал  егер  сол  адамға  су  беріп  бірақ  тамақ  бермесе, 
адам 40-45 күнге шыдайды.  Барлық адамдардың денесінің температурасы 36,6
0
С 
болып тұрады. Ал, қатты науқастанып қалған кездің өзінде, 35
0
С-тан төмен және 
42
0
С-дан  жоғары  көтерілмейді.  Табиғаттағы  осы  ғажайып  құбылысты  түсіндіру 
қиын, бірақ бұны адам денесіндегі көп мөлшерде болатын судың арқасында деп 
түсінуге болады.  Денедегі су мөлшері 10-12 пайызға кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, 
аяқ-пен  қолы  дірілдей  бастайды,  20-25  пайызға  кемісе  өмір  сүруі  тоқтайды.  Бір 
адам  70  жылда    орта  есеппен  50  тонна  су  ішетін  көрінеді,  ал  биологиялық 
қажеттіліктерді  өтеу  үшін  адамға  тәулігіне  2-5  литр  су  керек.    Егер 
гидросферадағы барлық суды  біртекті етіп Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы 
шамамен 2,5 км болар еді, әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең 
терең максимальды тереңдік 11022 м (Мариан шұңғымасы).  
 
Су  түсі,  иісі  және  дәмі  жоқ  сұйық  зат,  жақсы  ерітуші,  үстіңгі  кернеуі  өте 
жоғары,  айқын  капиллярлық  қасиеті  бар.  Осы  қасиеті  топырақтағы    су 
ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы. Судың 
жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарту жүйелерінде 
көп пайдаланады. Су электр энергиясын алуға, жүк тасуға, ауыл шаруашылығына, 
өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық қажетті өтеу үшін керек.  Жер шарындағы  
сулар  үнемі  қозғалыста  болып,  барлық  бос  сулар  олардың  агрегаттық  күйіне 
қарамастан жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.  Жер бетінің 71,5 
пайызын  су  алып  жатыр.  Су  қорларына  өзен,  көл,  теңіз,  жер  асты,  таулар  мен 
поляр  шеңбердегі  мұздар,  атмосфералық  ауадағы  ылғал  кіреді.  Республика 
территориясында  ұзындығы  10  км-ден  асатын  8  мыңнан  астам  өзендер  бар. 
Олардың  ішіндегі  ірілері  –  Ертіс,  Жайық,  Сырдария,  Іле  еліміздің  шеткі 
аймақтарын басып өтеді.  сонымен бірге 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер 
бар.  Олардың  жалпы  көлемі  10  мың  км
2
,  су  мөлшері  90  км
3
  шамасында.  
Қазақстанда екі теңіз бар.  Арал теңізі және Каспий теңізі. Арал теңізі ұзындығы 
428 км, ені 235 км, суының көлемі 1000 км
3
, ең терең жері 67 м болатын. Қазіргі 
көлемі  жөнінде  нақтылы  мәлімет  жоқ.  Каспий  теңізінің  Қазақстан  жеріндегі 
ұзындығы  2430  км,  теңіздің  ең  терең  жер  1025  км.  Мұнда  өсімдіктердің  500, 
балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар.  
 
Планетамызда  су    өте  көп  және  үш  агрегаттық    күйде  де  кездеседі.  Жер 
бетінің 71% (3/4) бөлігін су алып жатыр, оның мөлшері  1500 млн.км
3
 шамасында. 
Кейінгі мәліметтер бойынша: 
 
- мұхит пен теңіздерде – 1350 млн.км
3
, құрамында 35 г/лшамасында тұз бар; 
 
-  полярлы  мұздарда  30-50  млн.км
3
,  бұл  тұщы  ішуге  жарамды  сулар,  бірақ 
оларды пайдалану өте қиын; 
 
- өзен мен көлдерде – 0,4 млн.км
3
, тұщы және кеңінен қолдануға жарайды; 
 
-  жер  асты,  немесе  минералданған,  800  м  дейінгі  тереңдікке  дейінгісі  4 
млн.км
3
.  
 
 
Бұдан  басқа,    су  –  балшық,  гипс  және  т.б.  тау  жыныстары  және 
минералдардың  құрамына  кіреді,    барлық  өсімдік  және  жануарлар 

организмдерінің құрамында болып, кейбір жағдайда олардың салмағының 99%  -
ын құрайды.  
 
 2.  Дүниежүзілік  су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын  алаңдатып 
отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы су экожүйесін бүлдірумен 
аяқталады.  
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:  
-
 
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микрорганизмдер; 
-
 
химиялық ластану: улы және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; 
-
 
физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар. 
Судың  сапасы,  ластану  деңгейі  үнемі  бақылауға  алынып  отырады.  Судың 
құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура 
әр түрлі болуы мүмкін.  
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды 
өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер:  
-
 
тұрғын үй коммуналды шаруашылықтар; 
-
 
өнеркәсіп орындары; 
-
 
ауыл шаруашылығын химияландыру; 
-
 
халық шаруашылығының басқа да салалары. 
Ағын  суларға  құйылатын  лас  сулар  да  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Оларды 
қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, 
бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.  
Өнеркәсіпте  пайдаланылатын  сулар  мен  синтетикалық  жуатын  заттармен 
судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде 
сулы  экожүйелердің  пестицид,  гербицид  және  басқа  да    химиялық  улы 
препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мысалы, мақта мен күріш, 
жеміс-жидек,  бау-бақша,  жылы жай  зиянкестеріне  қарсы бұрынғы  Кеңес  өкіметі 
кезінде  өте  көп  химиялық  заттар  қолданылған.  Нәтижесінде,  су  ластанып,  оның 
сапасы  мен  микрофлорасы  және  микрофаунасы,  ірі  хайуанаттар,  құстар  зардап 
шеккен.  Өз  кезегінде  химиялық  заттардың  зиянды  қосылыстары  азық-түлікпен 
адам организміне кері әсерін тигізеді.  
Қазіргі кезде  ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, 
шайынды  сулармен    және  еріген  зиянды  заттармен  ластанып  отыр.  Жер  асты 
суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.  
Негізгі ластаушы көздері мыналар: 
-
 
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; 
-
 
химиялық заттар және тыңайытқыштар; 
-
 
тұрмыстық қалдықтар; 
-
 
жер асты суымен жалғанатын құбырлар; 
-
 
ірі құрылыс учаскелері; 
-
 
сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады.  
Қазақстан  жағдайында  өзен-көлдердің  ластануы  көбінесе  өнеркәсіп 
шоғырланған  аймақтарда,  полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде  жаппай 
сипат алуда.  
 

3.  Су  ресурсының  тапшылығы  Қазақстандағы  маңызды  экологиялық 
проблемалардың бірі. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл 
сайын  өсіп  келеді.  Ал,  мұхиттардың,  теңіздердің  тұзды  суларын  шаруашылықта 
оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр.   
Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық 
қосылыстарын  алу,  радиоактивті  заттар  және  ауыр  металдар  алу  өндірістері 
болып  табылады.  Мұнаймен    уланудың  қауіптілігі,  оның  концентрациясының 
өсуімен үдей түседі. Мұнайдың судағы 1 мг/м
3
  мөлшері,  өзінің  улылық  қасиетін 
білдіре  бастайды.  Ал  мұнайдың  концентрациясы  200-300  мг/л  болғанда,  судағы 
экологиялық  тепе-теңдіктер  бұзылып,  теңізде  және  өзендерде  мекендейтін 
балықтардың кейбір түрлеріне және фаунасына қауіп төнеді. 
Ертіс  өзені  Өскемен  қорғасын-мырыш  комбинаты,  Лениногор  қорғасын 
зауыты,  Березов  кені,  Зырян  зауыты  сияқты  өндіріс  орындарының  сарқынды 
суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап т.б. ауыр металдар 
шекті  мөлшерден  асып  кетуі  жиі  байқалады.  Іле-Балқаш  суының  сапасы  да  мәз 
емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар.  
Сырдария,  Шу,  Талас  өзендері  ауыл  шаруашылығын  химияландыру  мен 
дренажды сулармен ластануда. Арыс, Келек өзендері күріш пен мақта егісінде жиі 
қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр. Соңғы жылдары Каспий теңізінде 
мұнай  өндіруге  байланысты  және  теңіз  деңгейінің  табиғи  көтерілуі  аймақтың 
экологиялық  тыныс-тіршілгін  шиеленістіріп  отыр.    Теңіздің  көтерілуі  жүздеген 
мұнай  бұрғы-скважиналарын,  мұнай  қоймалары  мен  өңдеу  обьектілерін  істен 
шығарды.  Қазір  бұл  жерлерде  6  мұнай  газ  кені,  жүздеген  елді  мекендер, 
коммуникациялар,  өнеркәсіп  орындары  су  астында  қалды.    Нәтижесінде  теңізге 
көптеген  мөлшерде  лас  заттар,  мұнай  өнімдері,  органикалық  қосылыстар,  ауыр 
металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ-Жайық өзендерінің  лас сулары теңіз 
суын  уландыра  түсуде.  Қазір  Каспий  мұнайын  игеру  бүкіл  әлемді  дүрліктіріп, 
шетелдік инвестрлер теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылуда. Ал, олардың судың 
сапасы  мен  ластануына  көңіл  бөлуі,  экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән 
туғызып  отыр.  Ақтау  Маңғыстау  аймақтарында  техниканың  ескілігенен  бұрғы-
скважиналардың  бүлінуі,  мұнайдың  жерге,  суға  төгілуі  қоршаған  ортаға  зиянын 
тигізуде.  Жерге  сіңген  мұнайдың  қалыңдығы  10  метрге  жетіп  жер  асты  суына 
қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 
200 мың т. мұнай қалдығы, 40 мың т. көмірсутегі жинақталған. Су ресурстарының 
биологиялық  ластануы  Арал  аймағы  мен  Батыс  Қазақстанда  жиірек  ұшырасуда. 
Біздің республикамызда су тұшытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер 
ерте  кезде,  бір  адам  басына  шаққанда    тәулігіне  12-18  л  су  пайдаланса,  ХХ 
ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200-400 литрге 
жетіп отыр.  
Судың  меншікті  жылу  сыйымдылығы  жоғары  болғандықтан,  ол  жылу  тарту 
жүйелерінде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Сонымен  қатар,  өндіріс  және  ауыл 
шаруашылығы  салаларында  да,  су  көп  мөлшерде  қолданылады.  Көптеген 
өндірістік процестерде  – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, коммуналдық-
шаруашылық және т.б. қажеттіліктер үшін, су таптырмайтын ресурс көзі.  
  Құрлық суларды тазалауда бірнеше әдістері бар: 

-
 
Механикалық  әдіс.  Ерімеген  қалдықтары  бар  суларды  әртүрлі  торлардан,  
сүзгілерден,  электрден өткізіп,  бір  жерге  жинап,  тұндыру  арқылы  тазалайды. 
Механикалық  қосындыларды  магнитпен  қосып  жинап  алады.  Бұл  әдіспен 
тұрмыстық  қажетке жұмсалған судағы ерімеген қалдықтардың 60, өндірістік 
қалдық судан 95 пайызға дейін айырып алады.  
-
 
Химиялық  әдіс.  Қалдық  суларға  химиялық  реагенттер  қосып  еріген  және 
ерімеген  заттарды  бөліп  алу  кейбір  заттарды  ерітіп  зиянсыз  ету  арқылы 
тазалайды.  Бұл  әдіспен  тазалағанда  ерімеген  қалдықтардың  95,  еріген 
қалдықтардың 25 пайызын бөліп алуға болады.   
-
 
Электролиздік (физикалық) әдіс. Бұл әдіспен электр тогын өткізгенде ондағы 
ластаушы  заттардың көбі түсіп тұнады. Минск қаласында бірнеше зауыт осы 
әдісті қолданып жоғары көрсеткіштерге жетті. 
-
 
Биологиялық  әдіс.  Бұл  әдіс  әсіресе  тұрмыстық  қалдық  суларды  тазалауға 
пайдалы. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге 
айналады.  250  мың  халқы  бар  15-20  гектар  жерге  биологиялық  сүзгі  жасап, 
астыңғы  қабатына  қиыршық  тас  немесе  құм  төсеп,  үстіне  биологиялық 
заттардан  жұқа  жапқыш  сияқты  қабат  жасап,  оған  көзге  ілінбейтін  ұсақ 
организмдерді  орналастырады.  Ластанған  суды  осы  организмдер  мен 
қиыршық  тас  қабаттарынан  өткізіп  тазалайды.  Биологиялық  тазалаудың 
екінші  түрі  –аэротанктер.  Олар  темірбетоннан  сұйық  зат  құятын  резервуар 
түрінде  жасалады,  ішінде  тұнба  балшық,  лай  салып  оттекпен  өмір  сүретін, 
көзге  ілінбейтін  организмдерді  орналастырып,  солар  арқыл  қалдық  суларды 
ағызып тазалайды.  
Қорыта айтқанда, суға қосылатын  барлық  ластаушы заттар оның тазалығына өз 
әсерін тигізеді: 
-
 
судың физикалық қасиеттері өзгереді (мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі); 
-
 
судың химиялық құрамы өзгеріп, зиянды заттар енеді; 
-
 
судың бетінде және көлемінде жүзіп жүретін ластағыш заттар пайда болады; 
-
 
суда  еріген  оттегінің  мөлшері  азаяды,  олар  судағы  органикалық  заттарды 
тотықтыруға жұмсалады; 
-
 
суда  жаңа  бактериялар  пайда  болып,  оның  ішінде  ауру  таратындары  да 
кездеседі. 
Сондықтан өндірісте қолданылған және шайынды суларды тазалау қажет және 
оларға төмендегідей талаптар қойылады: 
1.
 
Тазаланған судағы еріген оттегінің 12 сағатқа дейінгі мөлшері 4 мг/л-ден 
кем болмауы тиіс.  
2.
 
Биохимиялық  оттегінің  қажеттілігі  температура  20
0
С  болғанда  ағатын 
және ақпайтын суларда, сәйкесінше 3 және 6 мг/л-ден аспауы керек. 
3.
 
Суда жүзіп жүрген майда бөлшектердің мөлшері ағатын және ақпайтын 
суларда, сәйкесінше 0,25 және 0,75 мг/л-ден көп болмауы тиіс. 
4.
 
Судың  иісі  және  дәмі  болмауы  оның  қарқындылығы  2  балдан  аспауы 
тиіс. 
5.
 
Судың рН-ы 6,5 тен төмен және 8,5-тен жоғары болмауы тиіс. 
6.
 
Суда  улы  заттардың  мөлшері  зияны  жоқ  жоғарғы  концентрациядан 
жоғары болмауы тиіс. 

7.
 
Судың бетінде жүзіп жүрген май дақтары болмауы тиіс.  
8.
 
Су түссіз, мөлдір болуы керек. 
9.
 
Суда ауыру тарататын бактериялар болмауы тиіс. 
10.
 
Минералды  тұнбалардың  концентрациясы  1000  мг/л-ден  көп  болмауы 
керек. 
11.
 
Шайынды  суларды  өзен,  көлдерге  қосқанда,  олардың  температурасы 
шамамен 3
0
С-тан жоғары болмауы тиіс.  
Судың өздігінен тазалану қабілеті бар, ол өзінің бойындағы бактериялардың, 
балдырлардың  және  саңырауқұлақтардың  орындары  ерекше.  Өздігінен 
бактериальды  тазалау  негізінде,  24  сағаттан  кейін  бактериялардың  50%,  ал  96 
сағаттан кейін 0,5% бактериялар қалатындығы анықталған. Су өте көп мөлшерде  
ластанса, оларда өздігінен тазалану процесі жүрмей қалады.  
Қазақстандағы  85  мың  өзеннің  төтеуінің  ғана  ұзындығы  1000  км-ден  асады. 
Бұлар: Ертіс (1698 км), Сырдария (1692 км), Есіл (1719 км), Жайық (1084 -2534) 
өзендері.  Жоғарыда  көрсетілгендерден  басқа  ұзындығы  10  км-ден  асатын  8 
мыңнан астам өзендер бар.   
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Судың табиғатта және адам өміріндегі маңызы. 
2. Судың ластаушы көздері. 
3. Ағын суларының ластануы және оларды тазарту жолдары. 
Әдебиет:  
1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-
158 б.  
2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.135-155 б. 
3.  Трушина  Т.П.Экологические  основы  природопользования.-Ростов  н/Д 
«Феникс», 2001. 126-144 б. 
 
Апта 12 
Кредит сағат 12 
Дәріс № 12 
Тақырыбы:  Литосфераға антропогендік факторлардың әсері. 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Топырақтың табиғатта және адам өмірінде маңызы. 
2.
 
ҚР-ғы жер ресурстарының экологиялық жағдайы. 
3.
 
Топырақ эрозиясы, күресу жолдары. 
4.
 
Топырақ аридизациясы. Деградация. 
5.
 
Топырақты қайта қалпына келтіру жолдары. 
 
Дәрістің  мақсаты:  Топырақтың  табиғатта  және  адам  өміріндегі  маңызын, 
топырақ эрозиясымен күресу жолдары туралы айту. 
Негізгі сөздер: литосфера, топырақ эрозиясы, топырақ аридизациясы. 
 
Топырақты ластаушы факторлар: 
-
 
топырақтың  азуы  немесе  эрозиясы  (лат.  erasio  –  төзу,  шіру)  топырақтың 
үстіңгі  нағыз  құнарлы  қабатының  желдің  күшімен  ұшып,  қар  мен  жаңбыр 

суларымен  ағып  кетіп,  өсімдіктерге  қажетті  құнарлы  заттар  (гумус  - 
қаршіріктер) азайғаннан кейін өнім бермейтін халге ұшырауы; 
-
 
топырақтың  тұздануы  шөл  және  шөлейт  өлкелерде,  құрғақ  далаларда  жиі 
кездеседі. Топырақтың тұздануы үшін жауын-шашын мөлшері жер бетінен 
буланатын ылғалдан аз болғанның өзі жеткілікті; 
-
 
топырақтың  құмға  айналуы  нәтижесінде  дүние  жүзінде  жыл  сайын  50-60 
мың км
2
 жер шөлге айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың 
жалпы көлемі 20 млн км
2
 жетті; 
-
 
топырақтың  батпақтануы  жауын  шашын  мөлшері  жер  бетінен  буланатын 
ылғалдан көп болғанда байқалады; 
-
 
топырақтағы қоректік заттардың азаюы егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау 
кесірінен  топырақ  құрамының  өзгеруі,  ауа  және  су  жүйелерінің  бұзылуы, 
топырақтың тығыз, ірі бөлшектерге айналуы нәтижесінде байқалады.  
1.  Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты 
жекеленген  экожүйе  деп  қарастыруға  болады.    В.В.Докучаев  ХХ  ғасырдың 
басында  топырақты  өзіне  тән  өзара  байланыстары,  тіршілік  ету  заңдылықтары 
мен өзін-өзі  реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады.  Топырақ – 
зат  айналымның  маңызды  буыны.  Биологиялық  айналым  топырақтан басталады: 
одан    минералдық  затттар  мен  су  сіңіріледі  де,  айналым  редуцент  ағзалардың 
қызметімен  аяқталады.    Топырақтағы  детрит  пен  гумуста,  оның  сіңірілу 
комплексінде  энергия  мен  химиялық  элементтер  шоғырланады.    Топырақ 
экожүйелер  туралы  ақпараттарды  жинауға  және  ұзақ  уақыт  сақтауға  қабілетті.  
Бұл  ақпараттар  ең  алдымен  генетикалық  қабаттарда  тіркеледі.    Олар  мыңдаған 
жылдар бойы  сақталады.  
 
Топырақтану  ғылымының  негізін  салушылардың  бірі  Владимир 
Владимирович Докучаев топырақты планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, 
климатымен,  өсімдіктерімен,  рельефімен  және  ландшафымен  тығыз  байланысты 
болатынын  атап  көрсеткен.  В.В.Докучаев  «топырақ  –  ландшафттың  айнасы» 
деген.  Адамның  топыраққа  әсері  табиғи  ландшафттардың  бұзылуымен, 
алуантүрліліктің 
кедейленуімен 
экожүйелердің 
тұрақтылығының 
күрт 
төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.  
 
2.  Қазақстанның  барлық  жер  көлемі    2724,9  мың  км
2
.  Жерді  дұрыс  пайдаланбау 
салдарынан  топырақ  деградацияға  ұшырап,  құнарсыздану,  шөлге  айналу 
процестері күшейе түсуде.  Соңғы мәліметтер  бойынша  Республика  жерінің 180 
млн. га  немесе 60%  шөлге айналған. Барлық жердің  235 млн. га жазық жерлер, 
185  млн.га  жайылым  және  34  млн.  га  таулы  аймақтар  алып  жатыр.    Жоғарыда 
аталған    235  млн.  га  құнарлы  жердің    180  млн.  га  жері    жарамсыз  жерлерге 
ұшырап,  оның  30  млн.  га  топырақ  эрозиясы,  60  млн.  га  тұздану,  10  млн.  га 
химиялық  және  радиоактивті  заттармен  ластанған.    Республиканың  30  млн.  га 
жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.  
 
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын  жерлердің де экологиялық жағдайы 
нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.  
 
Соңғы  жылдары  байқалып  отырған  әлемдік    климаттың  өзгеруі 
Қазақстанның  шөл,  шөлейтті  белдемдерініе  әсерін  тигізіп,  ондағы    егіс 

алқаптарының  сапасын  төмендетіп  жіберді.    Бұл  жерлерде  топырақтың 
құнарсыздануы,  бүлінуі  және  шөлге  айналуы  прогрессивті  түрде  жүруде.    Оның 
үстіне  топырақты  қорғаудың  агротехникалық  шаралары,  қар  тоқтату, 
органикалық  және  минералды  тыңайытқыштар  беру,  гербицидтер  мен 
пестицидтерді  қолданбаудан  арам  шөптердің  қаулап  өсуі,  шегіртке  тәрізді 
зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті.  
 
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен  ластануы барлық 
аймақтарды  қамтып  отыр.  Әсіресе,  Қазақстан  бойынша  ірі    өнеркәсіптер,  кен 
орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және 
оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде.  Республика  жерінде химиялық 
қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде  радиоактивті қалдықтар  сақталған.  
 
Батыс  Қазақстан  аймағында    1966-1979  жылдар  аралығында    24  ядролық  
қару  сыналған,  олар  Маңғыстау  облысында    -  3,  Батыс  Қазақстанда  –  4  және 
Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың 
га  жерді  алып  жатыр.    Бұл  жерлерде    топырақ  беті    өте  қауіпті        улы  гептил  
жанармайы  мен  және  ракета  қалдықтарымен  ластанған.    Гептил  өте  улы 
болғандықтан  адамдардың  өкпе-тыныс  жолдарына,  жүйке    жүйесіне  әсер  етіп, 
бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған.  Сол сияқты  ракета, космос 
корабльдерінің  ұшуы  «қышқыл  жауындар»  жаудырып  қоршаған  ортаның  тірі 
комплексінің 30-50%  биомассасын жойып  жібереді.    
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  жерінің  33,6  млн.  га    жері  соғыс  полигондарының 
кесірінен бүлінгені анықталды.  Сол сияқты республика аймағында барлығы  16 
млрд.  тонна  радиоактивті  қалдық  жинақталған.    Нәтижесінде,  бүгінгі  таңда 
Қазақстанда  радиациялық  апат  аймақтары  мен  ондағы    қазіргі  қалыптасқан 
жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.   
 
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында  радионуклидтер топырақта баяу 
қозғалып,  ұзақ  сақталып,  экожүйелерді  бүлдіреді.  Осылайша  топырақ  негізгі 
ластану  көзі  ретінде    радионуклидтерді  өсімдіктерге    одан    жануарларға,  адамға 
жеткізіп  отырады.  Ал,  адам  баласы  өз  кезегінде    генетикалық,  соматикалық, 
онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.  Қазірдің өзінде Қазақстанда  2,6 
млн.  адам    мутагенез    ауруымен    есепте  тұр.  Атырау  облысында  32  мың  адам 
анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.  
 
3.  Топырақ  эрозиясы  (  грек  тілінен  аударғанда  –  «бұзамын»  деген  мағынаны 
білдіреді)  дегеніміз,  оның  су  немесе  желдің  әсерінен  бұзылуы.    Су  және    жел 
немесе  дефляция  эрозиясын  бөліп  көрсетуге  болады.  Топырақты  бұзатын  күш 
ретінде    бірінішісінде  –  ағатын  су,  ал  екіншісінде  ауаның  қозғалысы  болып 
табылады. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер 
шамамен  8  есе  артқан.  Сонымен  қатар,  жел  эрозиясында  да  топырақтың    көп 
бөлігі бұзылады.  
Су  және  жел  эрозиясы    барлық  жерлерде  орын  алады.  Жел  эрозиясының 
интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтылығына, кеңістікітң  ашықтығына 
(ағашты  өсімдіктердің  болуы,  рельеф)  және  топырақтың    жағдайына  тікелей 
тәуелді.  Ұқсас  жағдайларда  эрозияға  жеңіл  топырақтар  (құмды  және  құмдақ)  
ұшырайды.  Эрозияны  топырақтың  құрғақтығы,  гумусқа  кедейлігі  күшейтеді.  

Аталған факторлар далаларда, шөлейіттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ 
грунтттары таралған жерлерде болады.  
Су  эрозиясы,  әсіресе,  топырақтары  интенсивті  өңделетін,  ашық 
кеңістіктерде,  жауын-шашын  мөлшері  жоғары  болатын  аудандарда  басым 
болады.    Су  эрозиясы  орманды  дала  зонасында  басым  болады.    Антропогенді 
эрозияның  ерекше  түрі  ирригацияның,  яғни  топыраққа  көп  мөлшерде  су 
массасының  берілуіне  байланысты  эрозия  жатады.  Бұл  су  сіңіп  үлгермейді  де, 
топырақ  бетімен  ағады.  Ирригациялық  эрозия  кезінде  бір  уақытта  эрозия  да, 
топырақтың сортаңдануы да жүреді.  
  Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. 
га  құнарлы  жерлерден  айрылған.  Топырақтың  жойылуы,  халық  санының  артуы 
адам  баласына  шаққандағы  жердің  интенсивті  түрде  кемуіне  әкеліп  соқтырады.   
Солтүстік  облыстарда    тың  игеру  науқанына  байланысты  топырақ  қарашірігінің  
25-30%-ын  жоғалтты.    Батыс  Қазақстан  аймағында  мұнай-газ  өнеркәсібінің 
қарқындап дамуы 1000 га қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал 
тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр.   
 
Эрозиямен күресу жолдары: 
1.
 
Айтарлықтай  үлкен  террриторияда  өсімдіктер  жабынын    жоюға  әкелетін 
табиғи  экожүйелерге  тигізетін  әсерді  шектеу.  Бұл  әсіресе  орманды 
пайдалануға қатысты.  
2.
 
Жайылымдық  эрозиялық  процестер  көбінесе  шектен  тыс  мал  жаюмен 
байланысты.    Үлкен  территорияда  шөптесін  өсімдіктер  жабынының 
зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде  су эрозиясы  және 
жел  эрозиясының    да  болуы  мүмкін.          Мұндай  қолайсыз  құбылыстарды 
болдырмаудың    негзгі  жолы    мал  жаю  ережелерін    сақтау  және 
рекреациялық  қысымды  (туризм,  адамдардың  табиғаттағы  демалысы) 
төмендету  болып табылады.   
3.
 
Егістік жерлерді қорғау шараларын жүзеге асыру.  
 
4.  Аридизация  дегеніміз  климат  ылғалының  төмендеуі.      Егер  климат 
ылғалдылығы  төмендесе,    топырақтың  құнарлылығын  ұстап  тұру  мен  арттыру 
оларғы  көп  энергия  жұмсауды    қажет  етеді.    Бірақ    табиғи    жүйе  ретінде 
топырақта  болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа 
да,  қоршаған  ортаға  да  теріс  әсерін  тигізеді.    Жерлердің    бұзылуының  
деградациясының  (латын  тілінен  аударғанда  төмендеу,  артқа  кету)  негізгі 
факторларына  мыналар  жатады:  эрозия,  суарудың  теріс  салдары,  жердің  азуы 
және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қоллданылуы және т.б. 
 
5. Адамзат қоғамының  дамуының  экологиялық  дағдарыстарының  бірі дамыған 
өркениеттің  өзінің  мүмкіндіктерін  топырақтың  сортаңдануы  нәтижесінде 
жоғалтқаны белгілі.  Суарудың жетілдірілген технологияларын  қоданумен қатар, 
жер асты суларының деңгейін көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу 
арқылы  сортаңданумен  күресуге  болады.    Топырақты  шаю  арқылы  да 
сортаңданумен  күресуге  болады.  Кейбір  жағдайда  химиялық  әдістер  де  жақсы 
нәтиже береді.  Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау 

үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық.  Жер 
ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші  үлкен фактор  – 
бұл  жердің  азуы.  Оның  орын  алу  себептері  -  өніммен  бірге  қоректік  заттардың 
әкетілуі.    Топыраққа    өніммен  бірге  әкетілетін  қоректік  заттарды  қайтарудың 
анағұрлым экологиялық әдістеріне   органикалық тыңайытқыштарды (көң, копост 
және  т.б.)  енгізу,  шөп  себу,  пар  жүйесі  арқылы  топырақты  тынықтыру  жатады. 
Топырақтың азуы  ең алдымен органикалық затттың кемуімен байланысты.   
 
Минералды тыңайытқыштарды пайдалану  интенсивті егіншіліктің бөлінбес 
құрамды  бөлігі.    Ғалымдардың  есептеулері  бойынша    минералдық 
тыңайытьқыштардың пайдалану мөлшері шамамен  бір адамға шаққанда жылына 
90 кг. болуы керек.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет