Экология және тұрақты даму


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#7483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Топырақтың табиғатта және адам өміріндегі маңызы. 
2. ҚР-ның жер ресурстарының экологиялық жағдайы. 
3. Топырақ эрозиясы, күресу жолдары. 
4. Топырақ аридизациясы. Деградация. 
5. Топырақты қайта қалпына келтіру жолдары. 
6. «Капустин Яр» полигоны. 
7. «Семей полигоны». 
8. «Байқоңыр ғарыш алаңы». 
9. Топырақ және адам денсаулығы. 
10. Жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. 
Әдебиет:  
1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 167-
169 б 
2. Ю.В Новиков Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-
ПРЕСС, 2003, 319-333 б. 
 
Апта 13 
Кредит сағат 13 
Дәріс № 13 
Тақырыбы:  Ерекше қорғауға алынған аймақтар.  
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар қызметі, маңызы, анықтамасы. 
2.
 
Қорықтар мен қорықшалар. ҚР-ның қорықтары. 
3.
 
Табиғат ескерткіштері, ұлттық парктер, олардың экологиялық тепе-
теңдікті сақтаудағы маңызы.  
4.
 
ҚР-ның ЕҚТТ-ы. БҚО-ның қорықшалары. 
 
1.
 
Ерекше қорғауға алынған аймақтар, олардың маңызы және түрлері. 
2.
 
Қазақстандағы қорықтарға сипаттама. 
Дәрістің мақсаты: Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына 
тоқталу. 
Негізгі сөздер: қорықтар, табиғат ескерткіштері, ұлттық парктер. 
 

1. Техносфераның биосфераға  жасайтын қысымының маңызды көрінісі – табиғи 
экожйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады.  
 
Биоалуантүрлілік  тек  маңызды  шаруашылық  ресурсы  ғана  емес,  ол 
биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.  
 
1992 ж.  Рио де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш 
арнайы  Мәлімдемелер мен  Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен 
биологиялық  алуантүрлілікті  сақтаусыз  тұрақты  даму  мүмкін  емес  екенін 
көрсетті.      Қазір  адамның  азық-түлігі  ретінде  қолдануға  бірнеше  мың  түрлер 
белгңлң.  Бірақ  іс  жүзінде  өсімдіктер  мен  жануарлардың    200-250ден  аспайтын 
түрлері    пайдаланады.    Ауылшаруашылық  өнімдерінің    басым  көпшілігі  12-15 
өсімдік  береді.    Биоалуантүрлілілік  –  адамзатты  шексіз  ұзақ  уақыт  бойы  
энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамассыз етудің жалғыз 
көзі.  Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін  көп энергия жұмсау қажет. 
Мысалы,  қышқылдық  жаңбырлардың  әсерінен    тіршілігі  жойылған  су  қоймасы 
сырттан  табиғи  күйге    келтіретін  энергия  жұмсалмаса  қалдықтардың  қоймасына 
айналады.  Жердің  геологиялық  тарихында    бір  түрлер    жойылып,  басқалар 
олардың  орнын    басып  отырған.  Биосфераның  жасы  ұлғайған  сайын  түрлердің 
саны да артып отырады.   Адамның  геологиялық күшке айналуынан бастап жеке 
түрлердің  жойылу  жылдамдығы  эволюциялық  табиғи  құбылыспен  салыстыруға 
келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. 
Халық  санының өсуіне байланысты барлық  негізгі табиғи бірлестіктердің  
бөліктерін  бастапқы    түрінде    сақтап  қалудың  маңызы    артып  отыр.    Табиғатты 
қорғаудың    маңызды    формаларының    бірі  –  ерекше  қорғауға  алынған 
территориялар.    Осындай  территориялардың    түрлері    көп:  қорықтар, 
қорғалымдар,    табиғат  ескерткіштері,    ұлттық  және  табиғат  саябақтары, 
ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар – табиғатты қорғаудың 
бір  түрі.    Қазіргі  кезде    қорықтық    территориялар  Жер  шарының  шамамен  1,6-
2,0%  -ын  құрайды.  Дүние  жүзіндегі    ең  ірі    ұлттық    саябақ  Гренландияда.  Оның 
ауданы 7 млн. га. 
 Қорықтар  –  толық  қорғаудың    жетілдірілген  түрі,  себебі,    оған  табиғи 
комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға  рұқсат берілмейді.  Қазіргі 
заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр.  
Атмосфераның  өндірістік  улы    қосылыстармен,  радиациялық  ластану,  олардың 
тасымалдануы  –  біздің  планетамыздың  кез  келген  бөлігіне    міндетті  түрде    әсер 
етеді.  
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын  жүргізе отырып,  табиғаттың ерекше 
обьектілерін  қорғауға  алынған  жүйені  ұйымдастыру  түрі  –  қорғалымдар  болып 
табылады.    
Табиғи  тіршілік  ортасын  қорғайтын  категориялардың  біріне    табиғи 
(ұлттық)  саябақтар  жатады.  Олардың негізгі міндеті   - халықты рекреациялық 
қамтамассыз ету.  
 
Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық табиғат саябақтарының тізімі 
 
№ 
ЕҚА 
Көлемі 
Қорғайтын нысаны 
Орналасу 
Құрылған 

аттары. 
Қорықтар:  
(мың 
га.) 
аймағы 
мерзімі 
1.  Ақсу 
-
Жабағылы 
85,4 
Талас 
Алатауы 
ландшафттары. 
Өсімдіктері 
– 
1400, 
сүтқоректілері 
– 
43, 
құстар – 240, бауырымен 
жорғалушылыр 
– 
9, 
балықтар – 4түрі. 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысының 
Түлкібас, 
Сайрам 
аудандары 
1926 
2.  Алакөл 
12,5 
Су 
экожүйесі. 
Өсімдіктері 
– 
107, 
сүтқоректілері 
–21, 
құстар  –  98,  бауырымен 
жорғалушылыр 
– 
4, 
қосмекенділер -2. 
Алматы 
облысының 
Алакөл ауданы. 
1998 
3.  Алматы 
73,3 
Іле  Алатауы.  Өсімдіктері 
–  930,  сүтқоректілері  – 
38, 
құстар 
– 
200, 
бауырымен 
жорғалушылыр 
– 
4, 
қосмекенділер 
-3, 
энтомофауна- 800 түр. 
Алматы 
облысының 
Талғар ауданы 
1934 
4.  Барса-
келмес 
30,0 
Барсакелмес 
аралы. 
Жейран,  сайғақ  және 
құланды  қайта  қалпына 
келтіру  үшін  құрылған. 
Өсімдіктері-165, 
сүтқоректілер-12, 
құстар–202. 
Қызылорда 
облысы, 
Барсакелмес 
аралы. 
1939 
5.  Батыс-
Алтай 
56,1 
Батыс Алтай таулы 
ландшафтары. 
Өсімдіктері – 145, 
сүтқоректілері – 28, 
құстар – 108. 
Шығыс 
Қазақстан 
облысының  
Лениногорск 
ауданы. 
1992 
6.  Қорғалжын 
258,9 
Көл экожүйесі. 
Өсімдіктері – 331, 
сүтқоректілері –37, 
құстар – 294, бауырымен 
жорғалушылыр –3, 
балықтар – 11түрі, 
қосмекенділердің -2, 
энтомофауна-288. 
Ақмола 
облысының 
Қорғалжын 
ауданы.  
1968 
7.  Марқакөл  
75,0 
Оңтүстік алтай таулы 
ландшафттары. 
Шығыс 
Қазақстан 
1976 

Марқакөл көлі. 
Өсімдіктері –2000, 
сүтқоректілері –59, 
құстар – 250, бауырымен 
жорғалушылыр –4, 
қосмекенділер-3, 
балықтар – 4түрі. 
облысы, 
Марқакөл 
ауданы. 
8.  Науырызым 
87,7 
Қарағайлы борлар, дала 
мен көлдер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         
Өсімдіктері –687, 
сүтқоректілері –30, 
құстар –230, бауырымен 
жорғалушылыр –3, 
қосмекенділер-3, 
балықтар –6түрі.  
Қостанай 
облысының 
Науырызым 
ауданы. 
1959 
9.  Үстірт 
223,3 
Дала ландшафты. 
Өсімдіктері – 300, 
сүтқоректілері –27, 
құстар –111, бауырымен 
жорғалушылыр –30. 
Маңғыстау 
облысының 
Ералы ауданы. 
1984 
 
 
Ұлттық 
табиғат 
саябақтары: 
 
 
 
 
1.  Алтын-
емел 
212,1 
Алтынемел,  Қалқан  тау 
жоталары. Құлан, жейран 
кездеседі. 
Туризм, 
рекреация 
және 
лицензиялық 
аңшылық 
рұқсат етілген.  
Алматы 
облысы, 
Кербұлақ 
ауданы. 
1996 
2.  Іле-Алатау 
164,4 
Су 
экожүйелері, 
шыршалы 
ормандар, 
жануарлар  әлемі,  табиғат 
ескеркіштері, 
кең 
көлемді 
рекреация,  
туризм, 
спорт, 
лицензиялық аңшылық.  
Қарасай, Талғар 
ауданы. 
1996 
3.  Баянауыл 
50,7 
Қарағайлы-қайыңды 
аудандар.    Флора  және 
фауна, 
рекреация, 
туризм. 
Павлодар 
облысы, 
Баянауыл 
ауданы. 
1985 
4.  Көкшетау 
205,8 
Қарағайлы-қайыңды 
аудандар.  Флора  және 
фауна, рекреация, туризм 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысының 
1996 


Арықбалық, 
Зеренді 
аудандары. 
5.  Қарқаралы 
83,8 
Қарқаралы ормандары. 
Флора және фауна
рекреация, туризм. 
Қарқаралы 
ауданы, 
Қарағанды 
облысы. 
1998 
 
3.  Мемлекеттік  табиғат  ескеркіштеріне  айрақша  немесе  белгілі  бір  жерге  тән, 
ғылыми,  мәдени-танымдық  және  денсаулық  сақтау    тұрғысынан  бағалы  табиғат 
обьектілері    кіреді.    Оларға:  ормандар,  көлдер,  жазықтар  мен    жағалаулардың 
бөліктері,  тау,  сарқырамалар,  сирек  геологиялық  жыныстар,  үңгірлер,  әсем 
жартастар  және  т.б.  жатады.    Табиғат  ескеркіштеріне,  сонымен  қатар  жасанды 
шығу  тегі    бар  табиғат    обьектілері  –  ертеден  келе  жатқан  аллеялар  мен 
саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.  
Тірі табиғат ескерткіштеріне  жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан  ағаштар 
да  жатады.    Бұл  ағаштардың  жылдық  сақиналарын  зерттей  отырып, 
климатологтар  бірнеше  ғасырлар    барысындағы  ауа  райының  өзгерулерін, 
астрофизиктер  –  жаңа  жұлдыздардың  пайда  болу    уақытын,  физиктер  –  жердің 
магнит  өрісінің  өзгерістерін  анықтайды.      Алып  ағаштар  да  табиғат 
ескерткіштеріне  жатады.  Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб 
табылған.    Оңтүстік  Қазақстан    облысының  территориясында  39    табиғат 
ескерткіштері  орналасқан.  Палеолит  пен  неолиттің  материалдық  және  рухани 
мәдениетінің  ескерткіштері  –  үңгірлер.    Оларда  адамдар  орта  ғасырларға  дейін 
тұрып  келген.    Дәубаба  шатқалындағы  үңгірлердің  біріне  Қазақстандағы  ең 
бірінші  жер  асты  мешіті  орналасқан.   Соынмен,  қатар  «Қараүңгір»,  «Көкбұлақ», 
«Жылауықата» және т.б. үңгірлерді атауға болады.  
Мемлекеттік  қорғалымдар.  Мемлекеттік  қорғалымдар  табиғаттың  жекеленген 
немесе  бірнеше  компоненттерін  сақтау,  қалпына  келтіру,  көбейту  және  жалпы  
экологиялық  балансты  ұстап  тұру  мақстаныдағы  құрылады.  Қорғалымдар 
ландшафттық,  биолгиялық,  гидрологиялық,  геологиялық,  палеонтологиялық 
болуы мүмкін.  
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Ерекше қорғауға алынған аймақтар, олардың маңызы және түрлері. 
2. Қазақстандағы қорықтарға сипаттама. 
3. ҚР-ның мемлекеттік табиғи парктері. 
4. ҚР-ның мемлекеттік ұлттық парктері. 
5. ҚР-ның мемлекеттік табиғи ескерткіштері. 
6. Қазақстандағы қорық ұйымдастыру ісінің болашағы. 
7. БҚО-ның қорықтары. 
Әдебиет:  
1. Каженбаев С., Махмудов С, Табиғат қорғау, Алматы, «Ана тілі», 1992. 
2. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы, Алматы, Қайнар, 
1990.  
 

Апта 14 
Кредит сағат 14 
Дәріс № 14 
Тақырыбы:  Қызыл Кітап. 
Дәріс мазмұны:  
1. Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі және биосферадағы маңызы. 
2. Халықаралық Қызыл Кітап. ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы.  
3. ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері. 
4. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген өсімдіктері. 
5. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары 
Дәрістің  мақсаты:  Қызыл  Кітаптың  даму  тарихы  мен  маңызы  туралы  түсінік 
беру. 
Негізгі сөздер: Халықаралық Қызыл Кітап, ҚР-ның Қызыл Кітабы. 
 
1.
 
Халықаралық Қызыл Кітап. ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы. 
 Адам  баласы  жануарлар  мен  өсімдіктер  туралы    мәліметтерді,  ғылыми-
фактілерді  саралап  келіп,  ендігі  жерде  оларды  қорғау  қажеттігі  туралы  тоқтамға 
келді. Кейбір өркениетті  елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-
көлдерді  қорғау  туралы  мемлекет    деңгейінде  құжаттар  қабылдана  бастады.  
Осындай  шаралардың бірі  Халықаралық  табиғат  қорғау  ұйымы  (ХТҚҰ)    еді.  Ол 
1948  жылы  құрылды.  Ұйымның  мақсаты  –  дүние  жүзіндегі  сиреп  немесе  құрып 
бара жатқан аң мен құстарды және  өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру 
болатын.    Оған  дейін  халықаралық  «Қара  кітаптың»  тізімі  жасалды.  Оған  жер 
бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.   
 
«Қызыл  кітап»  туралы  пікірді  ағылшын    табиғат  зерттеушісі  Питер  Скотт 
айтқан  болатын.    1963  жылы    халықаралық  «Қызыл  кітаптың»  алғашқы 
басылымы, одан  соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді.  Қызыл 
кітапқа  сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және 
бауырымен  жорғалашылардың  119  түрі,  балықтар  мен  жоғары  сатыдағы 
өсмідіктердің тізімдері кірді.  
1978  жылы  КСРО-ның  «Қызыл  кітабы»    шықты.  Қазақ  КСР-ның  алғашқы 
«Қызыл  кітабының»  жануарларға  арналған  бөлігі  1978  жылы,  ал  1981  жылы 
өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы»  содан 
бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.  
 
«Қызыл кітапты»  ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Ғылым  академиясының  бірнеше    ғылыми-зерттеу  институттарының  ғалымдары 
ұзақ  жылдар    бойы  еңбек  етіп,  ғылыми-практикалық  конференциялар 
ұйымдастырды.    «Қызыл  кітапқа»  енетін  әрбір  түрге  ғылыми  түрде  сипаттама 
беріліп, талқыға салынды.  
 
«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не 
өсімдіктің  5  санатын  (категориясын)  анықтаған.  Осы  санатқа  сәйкес    келген  
жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей: 
 
І санат – жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай 
деректер  жоқ.  Мысалы,  қызыл  қасқыр,  қара  күзен,  қабылан,  қызылқұм  арқары, 
құдыр т.б. 

 
ІІ санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.  
Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б. 
 
ІІІ  санат  –  сирек  түрлер,  қазір  жойылып  кету  қаупі  жоқ,  бірақ  өте  сирек 
кездесетіндер.  Мысалы,  қар  барысы,  сілеусін,  жарқанат, бұлдырық,  қара  тұрпан, 
қара ләйлек, т.б. 
 
IV санат – белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы, шұбар кесіртке, 
қара шұбар жылан, т.б.   
V санат- қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген 
түрлер.    Бұл  санат  1972  жылдан  бастап  жасыл  бетте  басылып  шыға  бастады. 
Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т.б.  
«Қызыл  кітап»  -  мемлекеттік  құжат.  «Қызыл  кітапқа»  енгізілген 
жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым салынған.  
 
2.
 
ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері. 
Қазақ  ССР-нің  Қызыл  кітабының    бірінші  томына    сүтқоректілердің  24  түрі 
түрі  мен  7  түр  тармағы,  43  құстардың,  бауырымен  жорғалаушылардың  8  түрі, 
қосмекенділердің  1  түрі  және  балықтардың  4  түрі  енгізіліп,  толық  сипатталған.  
1984  жылдың  соңына  қарай  омыртқалы  жануарлардың  тағы  13  түрі  қосылды. 
Республикамыздың  Қызыл  кітабына  жыртқыш  жануарлардың  15  түрі  енген 
(қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, 
бархан мысығы және т.б.) 
 
Құстардың  қызғылт  және бұйра  бірқазан,  ақ  және  қара дегелек,  фламинго, 
шиқылдақ  аққу,  дуадақ  ,  қырандарды  атауға  болады.    Қазақстанның  Қызыл 
кітабына  бауырымен  жорғалаушылардың  кесірткелердің  үш  түрі  және 
жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі  ең ірі және сирек кездесетіні - 
сұр  варан.  Оның  ұзындығы  бір  жарым  метрге  жетеді.  Республикада  тек 
Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.  
Қазақстанда  мекендейтін  қосмекенділердің  11  түрінің  біреуі  –  жетісу 
тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.   
Сырдария    Қаратауын  іс  жүзінде  реликттер  мұражайы  десе  де  болады. 
Мұнда  Қызыл  кітапқа  енген  40  түр  өседі.  Батыс  Тянь-Шанның  сирек 
эндемиктерінің  50  түрі  Қызыл  кітапқа  кірген:  Грейг  қызғалдағы,  Кауфман 
қызғалдағы,  Талас  қайыңы,  жабайы  жүзім,  зеравшан  аршасы  және  т.б.  
Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының 
шағын болуымен сипатталады.   
Сирек  және  жойылып  бара  жатқан  түрлерді  сақтап  қалу  үшін  оларды 
қорықтарда,  корықшаларда  қорғауға  алынады.  Егер  жануар  немесе  өсімдіктің 
саны  популяцияның  минимальды  мөлшерінен    төмен  болса  (мысалы,  гепард, 
берқара  терегі)  онда  оларды    сақтап  қалу  үшін  қолдан  көбейтіп,  өсіреді.  Бұл 
жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.   
 
3.
 
БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген өсімдіктері мен  жануарлары. 
Облыста 3 республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 
табиғат ескеркіші бар. Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450 мың гектар 
жерді алып жатыр, шамамен облыс жерінің 3% -ын қамтиды.  

Облыс аумағында  орналасқан  республикалық маңызы бар қорықшалар: 1. 
Кирсанов. 2. Бударин. 3. Жалтыркөл. Бұлардың үшеуі де зоологиялық.  Сонымен 
қатар  бұл  қорықшалар  облыстағы  алғашқы  қорықшалар  болып  табылады.  1967 
жылы  ұйымдастырылған. Жергілікті маңызы бар 5 қорықша: 1. Ақ құм жерінің 
қорықшасы.  2.  Орда  геоботаникалық  қорықшасы.  3.  Шалқар  биогидрологиялық 
қорықшасы.  4.  Емендер  алаңы  ботаникалық  қорықшасы.  5.Селекциондық 
ботаникалық  қорықшасы.  Қорықшалар  Қызыл  кітапқа  енген  өсімдіктер  мен 
жануарлар кездесетін жерлерде құрылған.  
Жайық  өзені  республика  көлеміндегі  маңызы  бар  қорықты  аймақ  болып 
табылады. 
Сонымен  бірге  облыста  табиғат  мұрасы  болып  табылатын  Үлкен  Ешкі 
(Ичка) тауы мен Садовое көлі бар.    
Бүгінгі  күні  облыс  аумағында  бірнеше  он  мыңдаған  омыртқасыздармен 
қатар  460-тан  астам  омыртқалы  жануарлар  түрі  белгілі.  Табиғи  факторлардың 
және  адам  іс-әрекетінің  әсерінен  облыс  аумағында  сары  тоқалтіс,  құндыз,  және 
бұлан  құрып  кетсе,  қоқиқаз  ұялауын  тоқтатып,  ал  оншақты  түрдің  сан  мөлшері 
қысқарып,  кейбіреулерінің  жойылып  кету  қаупі  тұр.  Соңғы  жылдары  олар 
тіршілік ортасының ластануымен ареалдарының қысқаруынан зардап шегуде.  
Облыс фаунасының Республика Қызыл кітабына енген түрлер саны көбейді: 
омыртқалылар  53  (оның  ішінде  сүтқоректілердің  5  түрі,  құстардың  41  түрі, 
жорғалаушылардың 2 түрі, балықтардың 4 түрі, дөңгелек ауыздылардың 1 түрі ) 
мысалы: алып соқыр тышқан, сұңқылдақ аққу, сарыбауыр қара шұбар жылан, ақ 
балық, каспий миногасы және т.б., бунақты денелілер  -27 мысалы: әдемі инелік, 
бұғы қоңыз, екінүктелі қанқызы,  махаон көбелегі және т.б. Осы ҚР-ның Қызыл 
кітабына енген  бунақ денелілерге қосымша  Батыс Қазақстан аймағына тән сирек 
кездесетін 8 түр анықталды.  
БҚО В.В.Иванов және О.Т.Кольченконың деректеріне сай, өсімдіктің  1256 
түрі  кездеседі.  Олар  117  тұқысмдас.  Пен  487  туысқа  біріктірілген.    Сирек 
кездесетін және жойылып бара жатқан 14 түр Қазақстан Республикасының Қызыл 
кітабына  енген,  мысалы:  көктемгі  жанаргүл,  ақтұңғиық,  мамыр  інжуі,  Шренка 
қызғалдағыжәне  т.б.,    10  түр  –  СССР-дың  Қызыл  кітабына  енген:  ақ  селеу,  Еділ 
майқарағаны, Карпух-Троцкий өгіз көзі және т.б. 
 
Тек  мемлекеттің  қолдауымен,  ғалымдар  мен  көпшілік  халықтың  бірлескен 
қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.  
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.ҚР-ның Қызыл Кітабының даму тарихы. 
2. ҚР-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері. 
3. БҚО-ның Қызыл Кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктері. 
4. Халықаралық Қызыл Кітап 
Әдебиет:  
1. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 
2001; 192 б. 
 
Апта 15 
Кредит сағат 15 

Дәріс № 15 
Тақырыбы:  Экологиялық құқық. Экологиялық мониторинг 
Дәріс мазмұны:  
1. Экологиялық құқық 
 
 1.1. Экологиялық құқық обьектілері мен субьектілері 
 
 1.2. 
Экологиялық 
құқықбұзушылықтағы 
жауапкершілік. 
Табиғи 
ресурстардың құқықтық режимдернің ерешеліктері. 
 
2. Экологиялық мониторинг, анықтамасы мен міндеттері. 
 
 2.1. Мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері.  
 
Дәрістің  мақсаты:  Глобальды  экологиялық  проблемалардың  пайда  болу 
себептері және онымен күресу жолдары туралы түсінікті қалыптастыру. 
Негізгі  сөздер:  озон  тесіктері,  парниктік  газдар,  парниктік  эффект,  қышқылдық 
жауындар. 
Жер  бетінің  түпкір-түпкірінде  экологиялық  жағдайдың  нашарлауы  барлық 
мемлекеттерді  одан  шығу  жолдарын  іздеуге  мәжбүр  етті.  Сөйтіп,  100-ден  астам 
мемлекеттерде  қоршаған  ортаны  қорғауды  басқаратын  министрліктер, 
департаменттер  мен  агенттіктер  құрылды.  1970  жж.  бастап  экологиялық 
дағдарыстан  шығу  жолдарын  бірге  іздестіріп,  қажетті  шараларды  бірге  жүргізу 
туралы келісімге қол жетті.  
Табиғат  қорғау  проблемаларына  арналған  І  халықаралық  жиналыс  1971  ж. 
көкек  айында  Чехияда  өтті.  Бұл  БҰҰ  Еуропаның  эконмикалық  комиссиясының 
симпозиумы болатын. 
1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі 
конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні 
болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті.  
Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске мыналар кіреді: 

 
Халықаралық  ғалымдар  одағы  (МСНС)  барлық  елдердің  дерлік 
академиялары  мен  ғылым  одақтарын  біріктіреді.  Ғарыштық  кеңістік, 
Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысып зерттейді; 

 
Қоршаған  орта  жөніндегі  ғылыми  комитет  биологиялық  циклдарды, 
қоршаған ортаның улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау (мониторинг) 
мәселесімен айналысады; 

 
ЮНЕСКО-ның  «Адам  және  табиғат»  бағдарламасы  адамдардың  іс-
әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық 
жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;  

 
БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су 
қорларын  қорғау  проблемаларын,  мұхиттарды  ластанудан  сақтау 
мәселелерін зерттейді; 

 
Қоршаған  орта  мониторингісінің  глобалды  жүйесі  (ГСМОС)  қоршаған 
ортаның  жағдайын  арнаулы  бақылау  жүйелері,  бақылау  станциялары, 
мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы біліп отыру үшін құрылған; 

 
 Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды 
пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді; 


 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық 
тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды; 

 
Дүниежүзілік  метереологиялық  ұйым  (ВМО)  жер  шары  ауасындағы 
құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды; 

 
Халықаралық  океанографиялық  комитет  (МОК)  жер  шары  мұхиттарының 
жағдайын бақылайды; 

 
Халықаралық  азық-түлік  және  ауыл  шаруашылық  жөніндегі  ұйым  (ФАО) 
топырақтың  құнарлылығын,  су  қорларын  үнемді  пайдалану  және  қорғау, 
жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді, 

 
Дүниежүзілік  білім,  ғылым  және  мәдениет  мәселелері  жөніндегі  ұйым 
(ЮНЕСКО)  табиғат  қорғау  жөніндегі  маман  кадрлар  оқыту,  даярлау 
мәселелерімен айналысады. 
1975  ж.  шілде  айында  Хельсинки  қаласында  еуропалық  35  мемлекет  және 
АҚШ  пен  Канада  елдері  басшылары  қорытынды  актіге  қол  қойып,  ауаның 
ластауына  қарсы  күресті,  тұщы  су  мен  теңіз  суларын,  топырақ  бетін,  тірі 
ағзаларды қорғауды,  қорықтар  құру,  елді  мекендерді қоршаған ортаны  жақсарту 
мәселелерін, 
қоршаған 
ортаны 
зерттеу 
жұмыстарын 
халықаралық 
ынтымақтастықтың  негізінде  және  халықаралық  бағдарламаларға  сәйкес 
жүргізуге келісті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет