Ластаушы компонерт
|
Тас көмір
|
Қоңыр көмір
|
Мазут
|
Табиғи газ
|
Күкіртті газ
|
6.0
|
7.7
|
7.4
|
0.002
|
Азот оксидтері
|
21.0
|
3.4
|
2.4
|
1
|
Қатты бөлшектер
|
1.4
|
2.7
|
0.7
|
-
|
Фтор қосылыстары
|
0.05
|
1.11
|
0.004
|
-
|
Қатты отынды жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи мен сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар, желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды. Тек бір тәуліктің өзінде орта куатты ЖЭС (1 мВт) 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож пен күлдің мөлшері 1 мың тоннадай. Осы тастандыны биіктігін 8 м етіп үйгеннің өзінде бұған қажетті жердің көлемі 1 гектардан артық келеді. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |