Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет16/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?
2. Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?
3. Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?
4. Адам қажеттіліктері кандай?
5. Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.
6. Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?


ДӘРІС № 5
Тақырып: Энергетикалық кризис жөне оны шешу жолдары
Жоспар:
1.Энергия ресурстары
2.Сарқылатын энергия ресурстары
3.Сарқылмайтын энергия ресурстары
4.Қазақстандағы энергетика ресурстары
5.Ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі
Дәріс мақсаты: Студенттерді энергетикалық кризис және оны шешу жолдарымен, негізгі әдістерімен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат



  1. Энергия ресурстары

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардын табиғатына,алу жолдарына және басқа да нышандарына (белгісіне) байланысты топтастырылады.
Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы

Бастапқы (бірінші) қоры

Екінші қоры



Сарқылатын(көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар)

Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиялары, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия)





Көмірді ірілегенде және байытқанда шыққан қосымша-өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер, ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.

Жаңғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы, салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды буы





Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары менгидраэнергия дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде шоғырланған.


Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тошга (шартты оның түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер4,2млрд. тонна.
Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеде келтірілген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна: АҚШ-та 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдерінде - 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. тонна көмір алынады, оның ішінде 40% ашық әдіспен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет