Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет31/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Радиоактивті ластану

Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі нақтылы қатер төндіреді, олардың көздері мынадай негізгі төрт топқа бөлінеді:
жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өңдеуші кәсіпорындардың қалдықтары;
ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;
мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптык өнім (иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері).
Қазақстан аумағының 30%-ында адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиактивті газ - радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшін пайдалану қауіпті болып табылады.
Қазақстанның көсіпорындарында иондаушы сәулелердің пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында 16- сы адам үшін аса қауіпті болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Бұл проблеманың кешенді шешілуі радиоактивті қалдықтарды ұқсату мен көму жөнінде мамандандырылған ұйым құруды көздеуі тиіс. Аталған іс- шараларды жүргізудің нәтижесі халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын төмендету болмақ.

  1. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар

Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитың қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд тоннадан астамы, оның ішінде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрі олардың үлғаю үрдісі байқалуда.
Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндіріс қалдықтары өлі күнге, көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздеріне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет