Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Тұщы судыц жетіспеу проблемалары



бет10/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
2. Тұщы судыц жетіспеу проблемалары.
Тұщы судың негізгі бөлігі 70% поляр мұздарында, мәңгі мұздықтарда, таудың шыңдарында қатып жатыр. Тек 30 % қүрлыктағы суды өзен мен көлдер құрайды.
Тұщы суды пайдаланудың экологиялык негіздемесі деп жүйелерден алынған судың көлемі, судың қоры және сапасы бойынша негізгі қасиеттерін сақтауын айтады. Осыған байланысты су қорларының жаңару жылдамдығын ескеру керек. Ол өзен суы үшін 12-16 тәулік, көл сулары 17 жылдан кейін жаңарады, ал жер асты сулары 1400 жылда жаңарады.
Тұщы судың жетіспеу проблемасы келесідей себептерге байланысты:
1)Планетада халық санынын тез өсуі мен су қорларын өте көп пайдаланатын іс әрекет салаларынын дамуына байланысты суға деген қажеттіліктің көбеюі.
2)Су таситын өзендердің қысқаруы салдарынан тұщы судынжағалауы.
3)Өндірістік су қоймаларының және тұрмыстық құбырларының су ластануы.
Қазіргі кезде адам тұщы судың табиғи қорынан 0,12-0,15% суды пайдаланады. Ең ірі су тұтынушыға ауыл шаруашылығы жатады.
Ауыз су және шаруашылық мақсат үшін судың сапасын жақсартудың негізгі әдістеріне - ағарту, түссіздендіру және залалсыздандыру жатады. Суды ағарту дегеніміз суда қалқып жүрген заттардан тазарту. (Тұндыру, сүзу).
Суды түссіздендіру-судағы түрлі-түсті боялған коллоидты немесе ертілген заттарынан түссіздендіру. Ол үшін әртүрлі тотықтырғыштарды пайдаланып, суды коагуляциялайды (Хлор, калий перманганаты, озон), сорбенттер (активтенген көмір).
Суды залалсыздандыру - судағы ауру туғызатын вирустар мен бактерияларды жою үшін жүргізеді. Ол үшін хлорлау, бактериялдық сәулелендіру, озондандыруды қолданады.
Қажетті технологиялық процестермен құрылымдардың үйлесімділігі су сапасының жақсартудың технологиялық схемасын құрайды.
Практикада су дайындаудың технологиялық схемасы реагентгі және реагентсіз деп бөлінеді, мұндай схема ауыз суды, тұрмыстық және өндіріске қажетті суларды дайындауда қолданылады.
Құбыр сулары механикалық, физико-химиялық, биологиялық және т. б. әдістерімен тазартылады.
Ауыл шаруашылығында мал комплекстерініңқұбыр суларын тазалау үлкен проблема болып табылады және олардың жер алқаптарын суару.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет