Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстаидағы топырақ эрозиясы және оның түрлері



бет11/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстаидағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.

Қазақстандағы жер қоры 2,7 млрд. га жалпы егістік, оның 1-1,2 млрд. га эрозияға ұшыраған.
Қазақстанда жер қорлары 1953-1956 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік ауданы 2 есе өсті. Соңғы жылдары егістіктер қысқарды, қолайлы және тиімді жерлердің барлығы игеріліп бітті, тек қолайсыз, сор, сортаң және құм жерлер қалады.
Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі.
Су эрозиясында бүзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы кезінде - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясы арқылы 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.
Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азаяды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер ұшырайды.
4.Шөлдену мөселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
Қазақстандағы топырақтың шөлдену мәселесі ерекше назар аудартады. Территорияның 40% шөл жөне 23% жартылай шөл экожүйелерге жатады. Көгал мен жайылымдарда әртүрлі мақсатқа және тың көтеруде көп күш түсіргендіктен, демалыссыз пайдаланылғандықтан қазір ол жерлер өз қалпына келе алмайды. Беткі шөл қабаты бұзылып жатыр, жайылым эрозиялықтопыраққа, құмға айналады. Әсіресе, Нарын, Қызылқұм, Қарақұм және басқа құмдардың жағдайы өте қиын. Шөлдену нәтижесінде биологиялық түрлер азаяды, ауа райы өзгереді, су ресурстары қысқарады, соңында азық-түлік ресурстардың жетіспеулігі туындайды. Шөлденудің жылдам темпі Арал және Каспий өңірінде жүріп жатыр.
Тұздану құбылысы дегеніміз топырақтағы тез еритін тұздардың (Na2СО3, NaCL, SO42+) жоғарылауы, біріншілік тұздану жер бетіндегі суларда тұздардың көбеюінен болады; екіншілік тұздану дұрыс суармағаннан болады. Тұз салмағы0,1% асқанда топырақ тұзданады, бұл өсімдіктер үшін қауіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет