Экологиялық апат өңірлері


Су ресурстарының сарқылуы жəне ластануы



бет2/3
Дата15.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#57569
1   2   3
Су ресурстарының сарқылуы жəне ластануы. Қазақстан су ресурстарының жетiспеушiлiгi жоғары елдердiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су нысандары тау-кен өндiру, металлургия жəне химия өнеркəсiбi кəсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда жəне ол нақты экологиялық қатер төндiруде. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi біршама ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су нысандарына антропогендiк ауыртпалық пен олардың қалпына келу қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде барлық iрi өзен бассейндерiне тəн еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне жəне халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.

11.2-сурет. Арал теңізінің кебуі: а – Арал теңізі картасы Үлкен кеңес энциклопедиясы бойынша, 1970 ж.; б – Арал теңізінің ғарыштық суреті, 8 қазан 1996 ж.
Бұл проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы №71 қаулысымен су ресурстарын сақтау жəне ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған. Экономиканың су секторын дамытудың жəне Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде жəне кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы №93 қаулысымен «Ауыз су» салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су кодексi жəне «Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005-2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың нұсқаларын əзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлді.
Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында жəне олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005-2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау өңірлері мен жолақтарының жобалары əзiрленді, 2005 – 2006 жылдары зиянды əсердiң мүмкiн болатын шектi нормативтерiн жəне судың жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн əзiрлеу жөнiндегi ғылымиқолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiлдi, ол су нысандарына ластаушы заттар төгiндiлерiн нормалауға кезең-кезеңмен көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бəрi ақаба суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа технологияларды енгiзудi жеделдетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет