Байырғы ластанулар.Ластанудың «байырғы» көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған нысандар: мұнайгаз жəне гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықтар), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ақаба сулар жинақтауыштары жатады.
Қазiргi кезде уран өндiру өнеркəсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде жаңа бағдарлама əзiрлеп, онда 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың əсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзіліп, 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмыстар басталды.
Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық жəне өзге де тетiктер əзiрлеу істері жүргізілді.
Трансшекаралық сипаттағы мəселелер.Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мəселелерi жатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты сыртқы қатер болып саналады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге жəне кейiн олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану жəне қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тəсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына мүше болды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағынын дұрыс та əдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуы ықтимал трансшекаралық əсердiң алдын алу, «ластаушы төлейдi» қағидасын орындау жөнiнде шаралар қолданылмай тұр.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу жəне жою үшiн:
2005-2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орта Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;
Бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005-2006 жылдар барысында Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажеттілігі негізделді.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт əскери сынақ полигоны жəне «Байқоңыр» кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түсетін бөлінер бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi жəне қоршаған орта мен оған жақын аумақта тұратын халыққа зиянды əсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы зымыран тасығыштарының бөлiнер бөлшектері құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жайкүйiн бағалау ғарыш құралдарын, əскери техниканы жəне əскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау жəне пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркəсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын əскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта «Қазақстан Республикасы аумағының зымыранғарыш қызметiмен байланысты үлескілердің экологиялық жай-күйiнiң мониторингi» бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы №1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде əскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық жəне геоэкологиялық зерттеулер жасалады.