Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология ғылымының калыптасу тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі:
1)Экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
2)Экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды.Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың(б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
3) XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайтаратын кез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор дейді. Экологиялық фактор организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады.
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:
- тіршіліксіз орта факторлары немесе абиотикалық факторларға;
- биотикалық – тіршілігі бар ортаның факторлары;
- антропогендік – адамның шаруашылық қызмет қарекетінен тікелей немесе жанама түрде туындайтын фактор.
Абиотикалық факторлар дегеніміз — организмдерге әсер ететін бейорганиҝалық ортаның җиынтығы. Олар химиялық(атмосфераның химиялық құрамы теңіз және тұщы сулар шөгінділер т.б.) және физикалық (температура қысымы ылғал жел радиацият.б.) деп бөлінеді.Сол сияқты жердің рельефі геологиялық және геоморфологиялық құрылымы ортаның сілтілік немесе қышқлдығы космостық сәулелер т. б. факторлар организм үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегенміз — тірі организмдерің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы.Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсекеге ,парзиттік,жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым –қатнаста болады. Аталған қарым – қатнастар өсімдік жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс- әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің матералдық игіліг үшін табиғат байлықтарын игеруге мжбүр болады. Нәтижесінде ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, Кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зиянды әр түрлері газдар, қалдқтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көршілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілік кері әсерін тигзеді. Яғни атмосфера ауасының ластануы, суайналасының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаңшылық өзен -көлдердің таралуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі Адам баласының денсаулығының бұзлуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын — сонды болмған климттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Сңғы жылдары антропикалық факторлардың өзгеру құбылстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын білене бастады. Осыған орай адам баласының іс-әрекеті бақлауға алынып табиғат тепе – теңдінің бұзылмауына жол бермеу жолдарға ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастырылауда.