«Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері»
Дайындаған: Чәбеев Т.
Кіріспе
Адамның денсаулыгының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша,денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойыншаадамдардың денсаулық жагдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20- 25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы -қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаган ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда-бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты.
Денсаулыққа әлеуметтік экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр.
Денсаулыққа әлеуметтік экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр.
Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда орта болса да,қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көрсетіп отыр.
Әлеуметтік-экономикалық жагдай нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресттік құбылыстар арқылы әсер етеді.
Әр түрлі ауруардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойыншажыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойыншажыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдардың мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаган ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңгы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25-ға дейін артқан.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күш-фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.