Шетелде бұл пән оқытыла ма?
Сарапшылар мұндай пәннің әлемнің көптеген елдерінде жүйелі түрде оқытылып жатқанын алға тартты. Сондықтан, экосананы қалыптастыру үшін, бұл пәнді мектептен тыс колледждер мен ЖОО-да да тереңінен оқыту қажет деді.
Швецияда мектеп оқушылары апта сайын тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау сабақтарына қатысады, онда олар қандай заттарды екінші мәрте қолдануға болатындығын және қандай заттар ерекше утилизация жасауды қажет ететінін біледі;
Финляндияда мектептер мен балабақшаларға ақысыз баратын Roskisnalle («қоқыс аюы») балаларға қоқысты утилизациялаудың қыр-сырын таныстырады;
Грекияда мектеп оқушылары мен университет студенттері жергілікті экологиялық мәселелерді зерттеуге және олардың шешімдерін іздеуге қатыса алады;
Францияда экологиялық білім міндетті: 16 жасқа дейін әр оқушының экология және қоршаған ортаны қорғау туралы іргелі білімі болуы керек;
Бельгияда экологиялық зерттеулер балабақшалардағы балаларды дамытудың міндетті бағдарламасына кіреді;
Жапонияда көптеген қалалық мектептерде балалармен бірге биотоптар жасалады, онда оқушылар табиғатты зерттеп, тәжірибе жасай алады.
Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы жаңа оқу жылын қашықтан оқумен бастауды тапсырды
Достарыңызбен бөлісу: |