Санитарлық микробиология. Микробты биоценоздар мен биотоптар



Дата25.04.2023
өлшемі33,06 Kb.
#86759

Санитарлық микробиология. Микробты биоценоздар мен биотоптар Санитарлық микробиология негіздері.
Қоршаған орта микрофлорасы.
Микроорганизмдер экологиясы (oikos – грек сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, ӛсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады.
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бӛлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп – жануарлар, ӛсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.
Қоршаған ортада микробтардың таралуы.
Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым
процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.
Санитарлық микробиология адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі. Ол қоршаған орта объектілерінде: патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау. объектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін. гигиеналық нормативтердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасау. Сыртқы орта объектілерінің (су, ауа, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық заттар) микробиологиялық зерттеу әдістерін жетілдіру және бағалау. 2. Қоршаған орта микрофлорасының гигиеналық шарттарға сәйкестігінің нормативтерін жетілдіру. 3. Адамдардың, жануарлардың қоршаған ортаға әсер ету жолдарын бағалау және анықтау. Адамдар, жануарлар және қоршаған орта арасындағы микрофлора қалыпты өзара алмасуын зерттейді. Сыртқы ортаның өзіндік тазалану және өзінше залалсыздандыру қабілеттігін бұзатын өндірістік және тұрмыстық процесстерді зерттейді. Микрофлорасына әсер ете отырып, сыртқы орта объектілерін сауықтыру ұсыныстарын жетілдіру.
Алдын-ала жүргізілетін санитарлық бақылауда, мекемелер мен тұрғылықты жерлерді жобалауда маман-микробиологтардың тұрақты түрде қатысуы. Сумен қамтамасыз етудің, ас даярлайтын мекемелердің қызметінің сапасын үздіксіз бағалау. Сарқынды сулар мен қоқыстардың залалсыздандырудың тиімдігін бағалау жүргізу.

Зерттеу әдістері.


2 әдіс пайдаланады:
1. төте әдіс
2. жанама әдіс – зерттелетін объектілерді ластану мүмкіндігін жобалап қана бағалайды.
- объектілердің микроорганизмдермен жалпы ластануы
- әдетте патогенді микроорганизмдер өсетін орта болып есептелетін заттармен (қақырық, нәжіс) ластануы.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады.

Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен объектінің ластанғандығын дәлелдейді.


Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялар мен – ІТТБ (бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа , қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей.
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын шарттар:

Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы.
Топырақ пен суда мекендеп көбеймеуі керек.

Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болуы керек. Оларды анықтау және ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.

Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек. Патогенді микроорганизмдерді анықтау эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу мен тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Шартты-патогенді микроорганизмдер –әлсіреген организмде іріңді-қабыну процесін қоздырады.

Тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдердің белгілері.

1.Адам және жануардың облигатты қалыпты микрофлорасы.

2.Тұрақты мекен ету ортасы – тік ішекте, тыныс жолында. 3. Патогенді бактерияларға қарағанда, көп мөлшерде бөлінеді.

4. Патогенді бактериялар сияқты, қоршаған ортада ұзақ сақталады.

5.Организмнен тыс көбеюге қабілетсіз.

6. Қарапайым тәсілдермен идентификациялауға болады. Микробтармен ластанудың көрсеткіші – жалпы микробтар санын анықтау.
Объектілердің нәжістік немесе ауа арқылы ластанғанын санитарлық көрсеткіш деп аталатын микроб санын және сапасын анықтау жолмен жүргізіледі.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен объектінің ластанғандығын дәлелдейді.
Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялар мен – ІТТБ (бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа, қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей.
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын шарттар : Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы. Топырақ пен суда мекендеп көбеймеуі керек. Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болуы керек.
Оларды анықтау және ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек. Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек. Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы ке
Патогенді микроорганизмдерді анықтау эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу мен тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Шартты-патогенді микроорганизмдер –әлсіреген организмде іріңді-қабыну процесін қоздырады. Тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдердің белгілері. 1.Адам және жануардың облигатты қалыпты микрофлорасы. 2.Тұрақты мекен ету ортасы – тік ішекте, тыныс жолында.

3. Патогенді бактерияларға қарағанда, көп мөлшерде бөлінеді. 4. Патогенді бактериялар сияқты, қоршаған ортада ұзақ сақталады. 5. Организмнен тыс көбеюге қабілетсіз. 6. Қарапайым тәсілдермен идентификациялауға болады.


15 Микробтармен ластанудың көрсеткіші – жалпы микробтар санын анықтау
Объектілердің нәжістік немесе ауа арқылы ластанғанын санитарлық көрсеткіш деп аталатын микроб санын және сапасын анықтау жолмен жүргізіледі.
Сыртқы орта объектілерінде анықталатын санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер (СКМ )
Зерттелетін объектілер Санитарлық көрсеткіш микробтар Су ІТТБ-БГКП, энтерококктар, стафилококктар, бактериофагтар Топырақ ІТТБ, энтерококктар, клостридиялар( perfringens ), термофилдер
Ауа гемолитикалық стрептококтар, гемолитикалық стафилококктар Тұрмыстық заттар ІТТБ, стафилококктар, энтерококктар, протей Азық түліктер ІТТБ. Энтерококктар. Стафилакокктар. Протей тобындағы бактериялар.
Санитарлық - көрсеткіш бактериялардың санын анықтау үшін: ІТТБ индексін ( 1л судағы ІТТБ саны) перфрингенс титрді энтерококк титрін қолданады.
Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 37 с температурада 24-28 сағ.ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бұл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады.

Нәжістік ластанудың көрсеткіштері: Жалпы колиформды бактериялар Колиформды бактериялар Нәжістік ішек таяқшалар Жаңадан нәжістік ластану Нәжіспен бұрынан ластану


Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативті тиісті құжаттармен реттеледі: Судың жалпы микроб саны-1мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар-зерттелетін судың 100мл-де болмауы керек. Термотолерантты колиформды бактериялар-100мл зерттелетін суда болмауы керек. Колифагтар-зерттелетін судың 100мл –де анықталмауы керек
СКМ анықтап табу үшін сол объектілердің жұғу көздерін болжамдауға көмектеседі. Ауру тарау қауіпі бар екенін көрсететін сигналы ретінде есте сақтап қалу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет