Экологиялық сағат



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі69,39 Kb.
#49403
1   2   3
Байланысты:
экочас слайд

3. Жануарлар мен құстардың азаюы
2. Судың ластануы және сарқылуы

1. Ауаның ластануы

  • Автокөліктен, зауыт, фабрикалардан, үйлердің мұржаларынан шығатын түтіндер мұның барлығы ауаны ластаушы көздер болып табылады.
  • Мысал ретінде, қарапайым ауланы алып қарайтын болсақ, жинақталған керексіз қоқыстар, тамақ қалдықтары түрлі микробтардың әсерінен шіріп, зиянды заттар мен иістер шығарып ауаға таралады. Нәтижесінде, атмосфералық ауа ластанып, тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында келесідей іс-шаралар жүргізілуі қажет:
  • Жанар-жағармаймен жүретін қоғамдық көліктерді (автобустарды) газбен жүретін көліктерге ауыстыру;
  • Тұрғын үйлердегі көмір отынды пайдаланатын қазандықтарды табиғи газға ауыстыру;
  • Оттегінің көзі болып табылатын жасыл екпелерді, көшеттерді көптеп отырғызу.

2. Судың ластануы және сарқылуы

  • Су тіршіліктің көзі. Қазақстанда мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар. Суды есепсіз пайдалану, оған қоқыстар тастау, лас шайынды суларды ағызу сияқты адамдардың әрекеттері нәтижесінде, таза судың тапшылығына және су астындағы балықтарға орасан зор қауіп алып келеді.
  • Суды қорғау мақсатында келесідей іс-шаралар жүргізілуі қажет:

  • Судың ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ судағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн өзендерге, көлдерге су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. Белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерінде суды ластайтын, оның тартылуына әсер ететін шаруашылық түрімен айналысуға, нысандар мен ғимараттар салуға болмайды.
  • Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген су нысандары (өзен, көл) орналасқан аумақта су қорғау белгілері орнатылады. Мұндай белгілер өзеннің немесе көлдің ерекше қорғалуда екендігін және ол аймақта белгілі бір қызметтермен айналысу шектелгендігін білдіреді.

3.Жануарлар мен құстардың азаюы

  • Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынған. Бүгінде жабайы жануарлардың саны браконьерлердің аңдарға қарсы жасалынған заңсыз іс-әрекеттері салдарынан азайып жатыр. Жануарларға қамқорлық көрсетіп, мейірімділік танытпасақ болашақта олардың жойылып кету қауіпі тұр.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет