Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына :
а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық т.б.)
б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
2.Демэкология - популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Қазіргі экология негізінен жануарлар мен өсімдіктердің қарым-қатынасын түсіндіретін биологиялық пән шеңберімен ғана шектелмейді, ол адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің ең күрделі мәселелерін зерттейтін пәнаралық ғылымға айналады. Бүкіл әлем бойынша экологиялық жағдайдың шиеленісуінен туындаған бұл проблеманың өзектілігі мен жан-жақтылығы көптеген жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың "жасылдануына" әкелді. Мысалы, экологияның басқа білім салаларымен қиылысында Инженерлік экология, геоэкология, математикалық экология, ауылшаруашылық экологиясы, ғарыштық экология және т.б. сияқты жаңа бағыттардың дамуы жалғасуда.