Популяция дегеніміз не?



Дата26.12.2023
өлшемі4,03 Mb.
#143621
Байланысты:
4 сабақ популяция


Популяцияның өсуі,
өсудің қисық сызығы

Популяция дегеніміз не?


Популяция- (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) Белгілі бір аумақта мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан біртүрге жататын организмдер жиынтығы ( қысқаша: бір түрге жататын даралар тобы)
Популяция терминін 1903 жылы
Дания биологы В.Иогансен енгізді.
Зерттейтін ғылым – экология бөлімі демэкология деп аталады
Демэкология (грекше «demos» - халық) — популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейтін экология бөлімі.
В.Иогансен (1857 – 1927)
Популяция өсімінің факторлары
(көбеюге жауапты жүйе)
Репродуктивті потенциал
Ортаның
қарсыласуы
Ортаның нақты емес қарсыласуы
ағзалардың белгілі бір аумақта санын көбейту қасиеті
белгілі бір аумақтың нақты популяциясының санының шектеуі
популяция санының тұрақты болуы немесе мөлшерінің 0 – ге жуықтауы
Популяция санының қисық сызығы
J - тәрізді немесе экспоненциалды
S - тәрізді немесе сигмоидты

Экологиялық стратегиялар

  • Экологиялық стратегия - тіршілік сақтау үшін бейімделуі, өсімінің жалпы мінездемесі және берілген түрдің көбеюі. Екі шеткі түр r - және К-стратегиялары.
  • (K- ортаның қолайлылық сыйымдылығы,
  • r - популяция өсуінің табиғи жылдамдығы)

r-стратегиясы

  • Жыныстық толысуға жылдам жетеді;
  • Ұсақ және саны көп ұрпақ әкеледі;
  • Көлемі кішкене ағзалар тән;
  • Тіршілік ету ұзақтығы қысқа болады;

Көк қасқа шегіртке (саранча)
Бүргелер
Тарақандар
Тышқан тәрізді кемірушілер
r-стратегтер

К-стратегиясы

  • Баяу дамиды;
  • Көлемі ірі ағзалар тән;
  • Тіршілік етуі ұзақ болады;
  • Саны жағынан көп емес, бірақ жақсы қозғалған және ірі ұрпақтарды дүниеге әкеледі;
  • Ұрпақтарына қамқорлық күшейеді;
  • Тұрақты немесе өзгеріп отыратын ортада тіршілік етеді;

К-стратегтер
Теңіз сүтқоректілері
Адамтәрізді маймылдар
Пілдер
Мысық тұқымдасына жататын жыртқыштар
Адам
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері
Жағымды
Жағымсыз
Бейтарап
  • Симбиоз (селбестік)

Нақты селбестік
Мутуализм
Кооменсализм
Пәтерлестік
Жыртқыштық
Паразитизм
Бәсекелестік
Комменсализм немесе арамтамақтық - ағзаның бірі қарым-қатынастан пайда тауып, келесі ағза үшін бейтарап болуы мүмкін
Акула және жабысқақ балық
Арыстан және өлексемен қоректенетін құстар – табақтастық
Нақты селбестік немесе ғылыми атауы – кооперация - қарым-қатынас екі түр үшін де пайдалы, бірақ міндетті емес.
Түйнек бактериялары
Мутуализм (өзара дегенді білдіреді) - ағзалар үшін қарым-қатынас пайдалы және міндетті
Бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Саңырауқұлақ + көк-жасыл балдыр = Қыналар
Антибиоз - екі түр де немесе олардың бірі қарым-қатынастан зардап шегеді
Жыртқыштық
Паразитизм
Бәсекелестік
Тірі ағзалардың бір – біріне жағымсыз әсерлері
Жыртқыштық - Бір түр даралары(жыртқыш) екінші түр дараларымен (жемтік) қоректенеді. жыртқыштар өз жемтіктерімен қоректенеді.
Паразитизм - бір ағза (паразит) басқа ағзаны(иесін) қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланады. я,ғни, бір түр бір түрдің ағзасында паразиттік тіршілік етіп, оны әлсіретеді.
Ішексорғы / аскарида – адам және омыртқалы жануарлардың ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрт
Бәсекелестік - қоршаған ортаның бірдей жағдайлары үшін бір түр дараларының арасында(түрішілік) және әр түр дараларының арасында(түраралық) жүретін күрес
Қарағайлардың арасындағы жарық үшін бәсекелестік
Бейтарап (Нейтрализм) - бір аймақта тіршілік ететін түрлер бір-біріне әсер етпей, өз бетінше тіршілік етеді
Түрлі экологиялық қуыста тіршілік ететіндіктен ағзалар бір-біріне әсер етпейді.
қоян
көртышқан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет