. Мәмбет Қой-
оған парапар күш жұмсалуы керек.
ТАРИХ МЫҢЖЫЛДЫҚТ
ҚТ
АР
Р
МЕН
ЕСЕПТЕЛЕ
ДІ
ДІ
селесін ұмытпауды еске салды. Қазақ хал-
жеңіс. «Қарап отырсақ, жеңіс пен жеңіліс
шығады. Бір қарағанда отарлаушы елдер
мей ді. Үндістан да, Қытай да өз тарихында
қаншама жеңілісті бастан өткерді. Бірақ
әкелді. Яғни тарихымызға деген көзқарас
ле лерге де тоқталып өтті. Әсіресе оқулық-
ы.
қия нат болатынын түсіне бастағандай.
№107 (1018)
25.06.2013 жыл,
сейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
НАРЫҚ
Облыс басшыларының мәлiмдеуiнше,
өңiрiмiздегi суармалы жер көлемiн 1 млн
гектарға дейiн ұлғайту көзделген. 1-іншi
және 2-іншi кезеңде атқарылған жұмыстар
өз жемiсiн бередi деп күтiлуде. Ал 3-іншi
және 4-іншi кезеңде қолға алынатын жұ-
мыс республикалық бюджеттiң көмегiн
қажет етiп отыр. Облыс әкiмi осылардың
iшiндегi ең iрi жобаларды бiрiншi вице-
премьердiң назарына салды. Соның бiрi
– Қызылқұм массивiн игеру арқылы Оты-
рар ауданынан – 48 мың гектар, Арыс
қала сынан 12 мың гектар жердi суландыру
мүмкiн болмақ. Осы мәселенi Қаржы
министр лiгi заем қаражаты есебiнен ше-
шiп берсе, нұр үстiне нұр болар едi. Сон-
дай-ақ су реттегiштен шығатын Шәуiлдiр
каналы арқылы 14 мың гектар, ал насос
арқылы Ақдала массивiнен 5 мың гектар
жер егiстiк алқапқа айналмақ.
Мақтаарал ауданының халқы үшiн де
бұл жайдың әлеуметтiк маңызы зор болып
отыр. Өйткенi мақтааралдық тұрғындар-
дың жайылымдық жерi Шардара айма-
ғында орналасқан. Егер осы жол болмаса,
олар жайылымға бару үшiн 200 шақырым-
ды айналып өтуiне тура келедi. Дамбыдан
басқа жер Өзбекстан мемлекетiне тиесілі.
ШЫМКЕНТТЕГІ ЖҮЗДЕСУ
Бірінші вице-премьер 2011 жылғы
жел тоқсанда пайдалануға енгізілген су тас-
қынына қарсы Көксарай контррегуля торын
қарап шықты. Мұнда Бақытжан Са ғын таев
жоспарланған суармалы жерлерді кеңейту
бойынша атқарылған жұмыстар туралы,
сонымен қатар өңірдегі су шаруа шылық
жағдайы туралы ақпаратты тың дады.
Түркістанда бірінші вице-премьер ал-
дымен мақтадан бұйым шығаратын «Фа-
раб» ЖШС-ға барды. Одан әрі Бақытжан
Са ғын таев қаланың кәріздік тазарту құры-
лысын салу барысымен танысып, «Иман-
жа нов» ЖК-да болды.
Шымкентте бірінші вице-премьер
2010 жылы «Бизнестің жол карта-
сы–2020» аясында құрылған «Оңтүстік»
ин дустриалды аймағына барды. Индус-
триалды аймақтың аумағы 90 гектарды
алып жатыр, бұл жерде 5 мыңнан астам
жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша
37,5 млрд теңге сома көлемінде 42 жаңа
жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Өт-
кен жылы индустриалды аймақтың кәсіп-
орындары шығарған өнімнің көлемі 10
млрд теңгені құраған.
Одан басқа, ағымдағы жылы Шым-
кент
те жаңа индустриалды аймақтың
ашы луы жоспарлануда. Техникалық-эко-
номикалық негіздемесін әзірлеуге қаржы
бөлінді, жер учаскісін бөлу мәселесі шеші-
луде. Бірінші вице-премьерге берген ақ-
па рат бойынша өңірде барлық қалалар
мен аудандарда шағын индустриалды ай-
мақтар ашылады деп жоспарлануда.
Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индус-
триалды аймақ аумағында HILL Corpora-
tion ЖШС, «SPIRIT Қазақстан» және «Ком-
пания Юг Пласт» ЖШС кәсіпорындары
шығаратын өнімдермен танысты. «Қол же-
тімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бо-
йынша салынып жатқан тұрғын үй құ ры-
лысының барысымен, сонымен қатар
әлеу меттік инфрақұрылымдар, тұрғын үй-
лер, саябақтар мен демалыс аумақтары
ны сандарын салу жоспарланып отырған
қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы
құрылысын қарап шықты.
Сонымен қатар облыс орталығында
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
жылыжай үшін мырышпен қапталған құ-
быр лар және қосалқы материалдар шыға-
ра тын Zero Max KZ ЖШС және модульдік
үйлерді шығаратын Ак ordasy building ЖШС
зауыттарында да болды. Кәсіпкер
лер
ге
қызмет көрсету орталығының (КҚКО)
қызметімен танысты, онда кәсіп кер лерге
арналған құжаттарды рәсімдеу және рұқ-
сат беру, жобаларды қаржыландыру жә не
консалтингті оқыту қызметтері көр се тіледі.
Бақытжан Сағынтаев КҚКО мәжіліс за-
лында өңірдің кәсіпкерлерімен кеңес өткі-
зіп, онда облыстағы бизнес қауымдас ты-
ғын мазалап жүрген көкейкесті мәселелер-
ді талқылады.
Ол биыл «Кәсіпкерлік қызметін мемле-
кет тік реттеу тұжырымдамасы» әзірленетін
болады деп ескертті. Сонымен қатар рұқ-
саттардың бірыңғай тізімін белгілейтін заң
әзірленетін болады, бұл ретте рұқсаттар
берудің барлық рәсімдерін автоматтан ды-
ру жоспарлануда, бизнесті тексеру жүйе-
сін жетілдіру және реттеу жұмыстары жал-
ғасуда деп атап өтті.
– Ең бастысы, кәсіпкерлікті қолдау
өңірлік деңгейге ауысатын болады. Осы
орайда біз «Іскер климат» рейтингіне
енейін деп жатырмыз. Бұл бойынша өңір-
лердегі кәсіпкерлікті дамыту жағдайын
бағалап, сонымен қатар осы бағытта әкім-
дердің жұмысына баға беретін боламыз,
– деп мәлімдеді бірінші вице-премьер.
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУ ҚАЖЕТ
Келесi нысан Түркiстан қаласының ка-
нализациялық-тазалық құрылғысы бол-
ды. Қала сыртында орын тепкен маңызды
кешеннiң құрылысы 2010 жылы бастал-
ған. Жобаның жалпы құны – 2,286 млрд
теңге. Оған республикалық бюд жеттен
2010 жылы – 350 миллион, 2011 жылы
– 0,751, 2012 жылы – 1,136, ал биыл
АЙМАҚ
0,354 миллиард теңге бөлiнiптi. Құрылыс
жұмыстарымен «СМКиЖ-7» ЖШС-i ай-
налысуда. Жобаны жүзеге асыру бары-
сында жыл сайын 180 адам жұмыспен
қамтылған. Кешеннiң негiзгi мiндетiмен
таныстырған Түркiстан қаласының әкiмi
Әлiпбек Өсербаев құрылғылар Ресей,
Германия, Чехия мемлекеттерiнен жеткi-
зiл генiн айтты.
Қазiргi таңда Түркiстанда 243 мың 736
адам тұрады. Оның iшiнде қала халқы –
152 мың 832 адам. Қаладағы көшелер
саны 484 болса, оның 297-сiне су құбыры
жүр гiзiлген. Осы жоба жүзеге асса, тағы
25 100 адам ауызсумен қамтылмақ. Сон-
дай-ақ бұл iрi кешен тәулiгiне 20 мың тек-
ше метр суды тазалай алады. Құрылыс жұ-
мыстары қазан айында аяқталады деп кү-
тi луде. Жауапты мамандармен тiлдесiп,
жұмыс барысымен танысқан Бақытжан
Сағынтаев стратегиялық маңызы бар ны-
сан ның құрылысын сапалы әрi уақытылы
аяқтауды тапсырды.
Өңiрлiк даму министрi Қ.А.Ясауи ке-
сенесiн аралап, хандарымыз бен батыр
бабаларымыз жатқан орынға зиярат еткен
соң «Нұриля» тiгiн фабрикасында болды.
Жеке кәсiпкер Нұржан Имажановтың кә-
сiп орны былтыр ашылған. Жобаны жү зе ге
асыруға 50 млн теңге жұмсалыпты. 40
қыз-келiншектi жұмыспен қамтып отырған
фабрикада сан түрлi киiм түрлерi тiгiледi.
Са пасы да жаман емес. Мұнда жылына
ор та есеппен 19 млн теңгенiң өнiмi өндi-
рiледi. Жұмысшылардың жалақы мөлшерi
35 мың теңгеден басталады. Шағын тiгiн
фабрикасының меңгерушiсi Райхан Кәрiм-
баева: «Бiз «РИС Максимум» арқылы не-
сие алдық. Ол қарызымызды ай сайын уа-
қы тылы төлеп келеміз. Бүгiнгi таңда 97 тi-
гiн машинасы бар. 70 шақты киiм түрiн
шы ғарудамыз. Бiлiм ордаларымен келiсiм
жасап, бiрыңғай мектеп формаларын тiгу-
демiз. Жаңа құрылғы алып, футболка,
спорт
тық киiмдер шығаруды да қолға
алмақшымыз. Қазiр 40 адам болса, келе-
шекте жұмысшы санын 100-ге жеткiзу
жос парда бар», — дедi. Тiгiн фабрикасының
алдағы жоспарларымен танысқан бiрiншi
вице-министр осындай шағын кәсiпорын-
дар көптеп ашылса, жұмыссыздық мәселе-
сi де шешiмiн табатынын жеткiздi.
Өңiрiмiзге бiр күндiк жұмыс сапарын
осылай қорытындылаған Б.Сағынтаев
облыстың әлеуметтiк-экономикалық
дамуына жоғары баға бердi.
Нұршат ТӨКЕН,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Көксарай маңы көкорай
Бақытжан Сағынтаев жұмыс
сапарымен Оңтүстік Қазақстан
облысына келді. Күннің
алғашқы жартысында бірінші
вице-премьер 2011 жылғы
желтоқсанда пайдалануға
берілген су тасқынына қарсы
Көксарай контррегуляторын
қарап шықты. Мұнда Бақытжан
Сағынтаев жоспарланған суар-
малы жерлерді кеңейту бойын-
ша атқарылған жұмыстар тура-
лы, сонымен қатар өңірдегі су
шаруашылығы жағдайындағы
мәлімет терге қанықты. Бүгiнгi
таңда Көксарай су реттегi шi нiң
сыйымдылығы 3015 млн текше
метрге жетедi. Жинақталған су
көлемi Оң түстiк Қазақстан және
Қызылорда облыстарының
ауыл шаруашылығы өндiрi сiн
өркендетуге молынан жетедi
деп болжануда.
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ
Облыстық ауыл шаруашылығы басқар-
масының басшысы Бауыржан Шарапиде-
нов тің айтуынша, республика көлемінде
тұңғыш рет өткізіліп отырған шараға атал-
ған шаруа қожалықтарынан 27 бас асыл-
тұ қымды қара әкелінген. Басты мақсат –
өңіріміздегі ірі қара тұқымын асылдандыру.
Бүгінгі аукцион сәтті өтіп жатса, алдағы
уа қытта жылқы, қой секілді түлік түрлерін
де сатылымға шығару жоспарда бар көрі-
неді. Сатылымға қойылған сүтті сиырлар
мен етті бұқалардың арасында сұранысқа
ие бола алмаған «ашатұяқтылар» да бол-
ды. Дегенмен қазақтың «ақбас сиырының»
бәсі өзгеден жоғары тұрғандығын сатып
алушылар дәлелдеді.
Мүбарак НАУКЕНОВ,
«Ақбура» шаруа қожалығының басшысы:
– «Мал базары» алғашқы мәрте өткі-
зілгендіктен болар, мал бағасы нарықта-
ғы бағадан қымбат болған жоқ. Бірақ
«орташа» бағаға сатқаныма өкінбеймін.
Менің көздегенім аукцион
нан пайда
табу емес, керісінше, біз секілді шаруа
қо жалықтарында сапалы малдың бар
екендігін халыққа көрсету.
Ақмарал ЕСІМХАН,
Кереку
Зеңгібаба тұқымы бәссаудада
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
ЕТ ДЕГЕНДЕ БЕТ БАР МА
Өткенде ауыл шаруашылығы министрі
Асылжан Мамытбеков те ТМД елдерінен
әкелінетін құс етіне шприцпен су жіберіле-
тінін жеткізген еді. Сол арқылы өнімнің
сал мағын арттырып, мұздатылған ет сал-
қындатылған есепті сатыла береді. Ал бұл
бекітілген регламентке сәйкес келмейді.
Министрдің айтуынша, техникалық регла-
ментті бұзатын контрафакт тауарды бақы-
лап жатқан ешкім жоқ. Сумен «семіртілген»
құс еті отандық өнімге қарағанда 10-20
пайызға арзан болғандықтан, өтімдірек.
Ет, сүт өнімдері мен жеміс-көкөніс сататын саудагердің
айласы көп. Себебі белгілі – артық шығынға батқысы келмейді.
Борсыған балық пен көкпеңбек шібиге арнайы гель жіберіп,
химиялық жолмен аппақ борықтай ету олар үшін түк емес. Ал
қатып қалған сиыр етін марганцовкаға біраз уақытқа салып
қойғаннан кейін «малдың жас еті» деп тұтынушыға ұсыну –
үйреншікті әдет.
Министрдің айтқаны былайғы жұртқа
жаңалық емес. Жуырда Алматыда сырттан
тасымалданатын ет өнімдерінің сапасын
тексерген рейдте де осы мәселе қозғалды.
Рейд сапасы төмен құс еті үшін алматылық-
тардың артық баға төлеп жүргенін анық та-
ды. Айталық, Ресейден, Украинадан, Бе-
ла русь пен АҚШ-тан тонналап сатып алын-
ған құс етінің сапасы талапқа сай емес.
Осылайша оңтүстік астананың ірі сауда
нүк телерін министрлік мамандары тексер-
ген нен кейін «шығу тегі» белгісіз 40 мың
тонна өнім жоюға жіберілді. Ауыл шаруа-
шы лығы вице-министрі Гүлмира Исаева
«Қазақстанға сырттан құс шаруа шы лығы
өнімдерін әкелетін әр жабдық таушы құ-
зыр лы органдар тарапынан қатаң бақылау
болатынын біліп жүрсін» деп шегеледі.
Белгіленген жоспар бойынша, биылғы
жылы елімізге мұздатылған 13,9 мың тон-
на сиыр еті, 9,4 мың тонна шошқа еті, 110
мың тонна құс етін әкелінбек. Негізгі жаб-
дықтаушылар – Солтүстік және Латын Аме-
рикасы, Еуропа және Кеден одағы елдері,
сондай-ақ Қытай. Қалған жарты жылда
осылардың өнімі әлгіндей тексеру ден өте
ме, жоқ па, білмейміз. Дегенмен ауыл шар-
уашылығы вице-министрі сапа сыз өніммен
жабдықтаушылар тізімнен сы зы лады деп
уәде берді. Қалай болғанда да импортқа
тәуелді жұрттың алаңдайтын жөні бар.
Өйткені қыс айларында Ресейде Америка
(құрамында рактопамин болу қаупінен) мен
Германиядан (Шмаллен берг вирусы қау-
пінен) ет әкелуге тыйым салған болатын. Біз-
де бұл жайында ешкім ләм-мим деген жоқ.
Ал министр Асылжан Мамытбеков мал
шаруашылығы өнімдерін әкелуге берілетін
квотаны азайтып, лимиттен асқан им порт-
қа бажды көтеруді ұсынып отыр. Бұл отан-
дық өндірушінің өнімін өткізу үшін керек.
Өйткені жылына 20 мың тонна көлемінде
әкелінетін сиыр етін былай қойғанда, өмірі
сырттан сатып алмаған жылқы етінің
импорты 6 мың тоннаға жетіпті.
ҚҰРҒАҚ СҮТТІҢ САЛМАҒЫ
Тағамтану академиясының ғалымдары
жүргізген зерттеу көрсеткендей, зиянды
заттардың 60-70 пайызы біздің ағзамызға
тамақпен, 20 пайызы ауамен, 10 пайызы
сумен келеді. Сондықтан әсіресе сырттан
келетін тағамдардың сапасына қатаң ба-
қы лау қойылуы – әлдеқашан қолға алы-
натын мәселе.
Еске түсірсек, тамақ сапасын реттейтін
заң бізде 2004 жылы қабылданған. Бірақ
2007 жылы оны Азық-түлік өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы жаңа заң алмастырды.
Бірақ бұл заң сапа жағын реттей алмайды.
Мамандардың айтуынша, елімізде пести-
цид, гербицид, гормон мен стимулятор
мөлшерін анықтайтын техникалық құрал-
жабдық та жоқ.
Статистика агенттігінің мәліметінше,
ішкі тұтынудағы азық-түлік өнімдері
импорты 32 пайыздан 74 пайызға дейін.
Импортталатын сүт өнімдері – 74 пайыз,
жеміс-көкөніс консервілері – 70 пайыз,
кондитер өнімдері – 67 пайыз.
Кезінде біздегі дүкен сөрелерінде
құрамында бензоат натрийі – Е211 коды-
мен химиялық қоспасы бар сүт сатылғаны
да әшкере болған-тұғын. Белгілі аллерген
болып табылатын бензоат натрийі ДНК
құрылымын зақымдайтын канцероген ре-
тінде де әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ Ден-
саулық сақтау министрлігінің мәліметінше,
құрамында ГМО-сы бар, таңбаланбаған
өнім сатылған екі дерек тіркелген. Құра-
мында кадмий мен мырыш мөлшері шек-
тен тыс өнімдерінің жыл сайын дүкен сө ре-
сінен табылуы да – қалыпты жағдай.
Халық қалаулылары азық-түлік қауіпсіз-
дігін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше рет
депутаттық сауал да жолдаған болатын.
Күні кеше құрғақ сүттің импортына бақы-
лау жүргізілмейтіні тағы да көтерілді. Де-
путат Дариға Назарбаева келтірген дерек-
терге жүгінсек, қазір сауда орындарындағы
27 сүт өнімінің 8-і – импорт. Негізінен, құр-
ғақ сүт әкелінеді. Отандық өндірушілер
шикізат тапшылығын осы импорт ұнтақтың
есебінен жабатын көрінеді. Тіпті бала бақ-
ша, мектеп пен аурухана да тегіс құрғақ сүт
сатып алады. «Мұндай жағдайда ұлт ден-
саулығы туралы не айтуға болады? Құрғақ
сүттің импорты ұлғая түсуде. Ал оған
бақылау жоқтың қасы», – дейді депутат.
Сондықтан өзіміз күнделікті пайдала-
на тын сүт өнімінің қайсысы табиғи, қай-
сысы ұнтақтан әзірленгенін біле алмаймыз.
Еліміздегі тұтынушылар құқығын қорғай-
тын ұйымдар әлі күнге дейін жұрттың сел-
қостығына уәж айтады. Тұтынушы тара-
пынан өз құқығын қорғауға ұмтылыс бол-
мағандықтан, дүкен сөресін әлгіндей са-
па сыз тауар жаулай бермек. Ал тұты ну-
шыға сатылатын өнім жайында толық
мәлімет беру – кәсіпкердің міндеті.
Сүт мәселесінде ауыл шаруашылығы
министрлігі де қарап қалмайтын сияқты.
2014-2020 жылдары сүтті мал шаруашы-
лығын өркендетуге арналған жоспарды
жүзеге асырмақшы. Алға қойылған мін-
дет
тің ішінде ішкі нарықтан импортты
ығыс тырып шығаруға бағытталған сүт өн-
дірісін 1 млн тоннаға арттыру шаралары
да қарастырылыпты. Оған дейін құрғақ
сүтті місе тұтатын сияқтымыз.
Достарыңызбен бөлісу: