«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика, Қаржы және есеп» кафедрасы


Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі26,87 Kb.
#117520
1   2   3
Байланысты:
Саясаттану

3.Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен
мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық
пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар ,мекемелер мен институттар
жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін
орындары қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:
▪ Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;
▪ Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған
нормалар мен принциптер жатады;
▪ Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады
▪ Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;
▪ Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады
Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық
өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу
жағдайын айтамыз. Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті,
статикалық, динамикалық 
. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің
тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық
тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да
сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.
Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болады. Оның
негізгі белгілері: Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік
теңсіздік деңгейі;
▪ Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;
▪ Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;
▪ Солшыл радикалды идеялар деңгейі;
▪ Саяси плюрализм деңгейі .
4.Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз – қоғамдағы
мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік,
либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық,
авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті
бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы
мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс
жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті
қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі
мен белсенді еместігін көрсетуші.
Антидемократиялық режим – монархиялық, сондай-ақ республикалық
басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен
сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын:
экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық
құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға
біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше
органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және
органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару
органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық
қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын,
спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан
айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.
Авторитаризм – демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі,
мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі
саяси бостандықты тежеуімен, қысым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс,
т.б.), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. 
Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін
өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық
белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын- 
сүргінсіз.
Тоталитаризм – саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр
адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен
бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық
режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін
тексеруге тырысуы.
Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
▪ азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын
ресми идеология;
▪ билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық
белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
▪ террористік полицейлік бақылау жүйесі;
▪ барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты,
журнал) партиялық бақылау;
▪ қарулы-әскери күшпен бақылау; ейді Тоталитарлық – ол
индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның
«реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік
құрылымдар бұзылады, адамдарда 
▪ экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті
бюрократиялық басқару жүйесі;
▪ қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің
қадағалау орнатуы
▪ тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;
▪ «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді.
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К.
Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған.
Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен
мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар
өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси
мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар
мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен
қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық
қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де
жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап
басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп
отыр. Халықтың санасында, іс – әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де,
болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз
адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым
тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ
дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси
өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз
үлесін қосқаны абзал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет