Экономика, басқару және құқық факультеті Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.04.2023
өлшемі197,71 Kb.
#81031
1   2   3   4
Білім және әлеуметтік теңсіздік 
1. Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен 
кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 
адамнан көп емес). 
2. Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде 
түсіндіріңіз. «Креденциализм» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар 
келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. 
Социология). 
3. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз. 
 


Масс-медиа, технологиялар және қоғам 
1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық 
технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз. 
2. Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз 
(Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С.Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ). 
 
Экономика, жаһандану және еңбек 
1. Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас 
экономика, саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., 
Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). 
2. «Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі» тақырыбында 
эссе дайындаңыз. 
 
Денсаулық және медицина 
1. Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың 
әлеуметтік сипаттамаларын 
бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін 
талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. 
Социология). 
 
Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар 
1.Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. 
Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз. 
2.Бір мемлекет мысалында демографиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын 
алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., 
Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет