Экономика жаһандану және еңбек нарығы Қабылдаған: Орындаған: мдш -111 Ермахан Ғалымжан



Дата28.04.2023
өлшемі1,9 Mb.
#88251
Байланысты:
экомика жаһандану


Экономика жаһандану және
еңбек нарығы
Қабылдаған:
Орындаған: МДШ -111 Ермахан Ғалымжан
«Экономика» термині екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол гректің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (заң) деген сөздерінен құралған. «Экономия» терминін ең алғашқы рет Ксенофонтүй шаруашылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген.
Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген адамдар мен топтардың материалдық игіліктері мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді.
1) аумақ көлемі маңызды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 10 орында. Экономиканың жаһандануы жағдайында еліміздің үлкен аумағы, оның географиялық орналасуы, геосаяси орыны ықпалдасу процесіне тез кіруге ықпал етеді. Ел аумағы Батыс пен Шығыстың түйісінде орналасқан.
2) жан басына шаққандағы ІЖӨ жағынан Қазақстан 67 орында. 
3) Алтын және волюта резервы бойынша 53 орында 17 млрд АҚШ доллары көлемінде (2007ж). Бұл халықтың хал – ақуалын және экономиканың тұрақтылығының көрсеткіші. Қазақстаннан кейін 140 мемлекет орналасқан, резервы 10 млн $ АҚШ құайтын елдерде бар. 
4) Әлем рыногінде шетелден инвестиция тарту және өз инвестициясын шетелге шығару жағынанда Қазақстан белсенді. Шетелге инвестиция шығару жағынан Қазақстан 52 орында. (2006ж), ал елімізге шетел инвестициясын тарту жағынан 47 орында (2006ж).
5) Шетел инвестициясын Қазақстанның табиғи қазба байлықтары қызықтырады. Республика әлемдік нарықта көмір өңдеу мен экспорттауда 10 елдің қатарына кірді. Темір рудасының қоруы бойынша әлемде 8 – і орында, әлемдік қорда оның үлесі 6% құрайды.
Еліміздің әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын түсінуде:
Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге бөлінеді. Олар:

Ислам
Иудаизм


Индуизм
Буддизм
Конфуций
христиан
Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді.
Жаһандану Қазақстанға экономикалық даму үшін көп мүмкіндік береді. Шетел инвесторлары – трансұлттық корпороциялар қаржыны Қазақстан экономикасының негізі – энергетикалық секторға, мұнайгаз саласына салып, экономиканы дамытты. Дүние жүзілік сауда ұйымына Қазақстанның мүше болуы дүние жүзі шаруашылығына ықпалдасуына оң әсерін тигізді. Отандық тауарлардың басқа елдердің нарығына кіруіне жағдай туғызды және еліміздің әлемдік сауда да өз орыны нақты анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстан басқа да Орталық Азия мемлекеттері сияқты шикізат елі рөлін бірте – бірте төмендетіп келеді, сөйтіп экономиканы индустриальды – инновациялық бағытта дамытуға бет бұрды.
Жаһанданудың Қазақстан Республикасы үшін жағымсыз тұстары да жоқ емес, оған келесі факторлар қатты ықпал етті:
1) жекешелендірумен және экономиканы либералдандырумен байланысты мемлекеттік меншік өте қысқарды;
2) ашықтығы жағынан республика әлемде алғашқы орындардың бірінде тұр
3) Қазақстан мемлекеттік меншігі денгейі айтарлықтай жоғары Қытай және Ресей мемлекеттерімен шектескен;
4) Қазақстан геосаяси жағынан Шығыс пен Батыстың түйіскен жерінде орналасқандықтан транзиттік жол, онымен жария тауарлармен қатар есірткі және т.б. тауарларды тасмалдау қауіпі бар;
5) Қазақстанның энергетика ресурстары трансұлттық корпорацияларды өзіне тартады және ол ықпалдасу процесін жеделдетеді;
6) үлкен аумақ және халық санының аздығы; 
7) коммуникацияның дамуы, экономиканың индустриалдық сипаты, жұрттың жоғары білімдігі жаһандануды, ықпалдастықты күшейтеді.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет