ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
«Экономика және қаржы» кафедрасы
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері » пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін
2021
Кәсіпкерлік: мәні мен мазмұны және қалыптасу шарттары
1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны және негізгі функциялары
2.Кәсіпкерлік мақсаттары мен міндеттері және ұйымдастыру қағидаттары
3.Кәсіпкерлік объектілері субъектілері жүзеге асыру шарттары
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисті Ричард Контильон XVII ғ.-XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер – тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кәсіпкер тек стандартты жағдайда ғана емес, сондай-ақ инновация кезінде де қабылданатын шешімдер үшін барлық жауапкершілікті толықтай өзіне алу, тәуекелге бара білу сияқты ерекше қабілеттерді иеленетін субъект.
Ағылшынның экономист – ғалымы А.Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер-капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады, оның нәтижелеріне иелік етеді.
Кейінірек атақты француз экономисті Ж.Б.Сэй (1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни, жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Сондықтан да кәсіпкердің негізгі функциясы ретінде пайда табуды емес, ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды атаған.
Француз экономисті А.Маршал (1907-1968) жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына (жер,капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.
Танымал американдық ғалым Й.Шумпетер (1883-1950) кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерлікті мынадай 4 кезеңнен тұратын үрдіс ретінде қарастыруға болады.
жаңа идеяны іздеу және бағалау;
бизнес-жоспар жасау;
қажетті ресурстарды іздеу;
құрылған кәсіпорынды басқару;
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инновацияық), әлеуметтік, ұйыдастырушылық функциялары жатады.
Қазіргі кезде кәсіпкерліктің негізгі функцияларының қатарына келесілерді де жатқызуға болады.
қаржыны басқару және есеп жүргізу функциясы
кадрларды басқару;
материалды-техникалық қамтамасыз ету функциясы.
өндірістік;
маркетингтік;
инновациялық;
қоғаммен байланыс функциясы;
Стратегиялық жоспарлау және стратегиялық басқарудың негізін қалаушылардың бірі Игорь Ансоф: мақсат – бұл кәсіпкердің жетістігінің немесе сәтсіздігінің өшемі», - деген пікірде. Мақсат-кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және оны реттеп отырады. Мақсат – кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және оны реттеп отырады. Мақсат анықталғаннан оларға жету шартты мен құралдары нақтыланады.Кәсіпкерлік қызметтің мақсаттарын пирамида түрінде көрсетуге болады.
Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер өсім
1-суреттен көріп отырғанымыздай, мақсаттар иерархияының негізіне пайданы жатқызамыз. Бұл мақсатқа қол жеткізбейінше, басқа мақсаттар екінші кезектегі жоспарға жылжиды. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады. Сонымен қатар тұтынушылардың да, жалдамалы жұмыскерлердің де, кредиторлардың да, тіпті, қоғамның да мүдделерін сақтау қажет. Қысқа мерзімді пайда алу мәселесі шешілгеннен кейін бірінші кезекке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде де қанағаттандырылған болса өздерінің барлық күш-жігері мен назарын экономикалық өсімге аударады.Экономикалық өсімнің тұрақты факторы тұрақты тұтынушылар желісін қалыптастыру, дамыту және кеңейту болып табылады. Дамудың жоғары деңгейіне жеткенде кәсіпкерлік қызмттің басты мақсаты ретінде қоғамның және еңбек ұжымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды айтуға болады. Осы кезеңде жұмыскерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламалар белсенді түрде қаржыландырылады.
Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттарына келесілерді мақ-саттарына келесілерді жатқызуға болады:
белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерліктің қандай-да бір объектісіне салынған капиталдан және жұмсалған ресурстардан пайда табу;
қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттілктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Анықталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметтің міндеттерін мынадай екі бағытқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші бағыт – кәсіпкердің инновациялық қызметінің табысты болуын қамтамасыз ететін міндеттер кешені. Бұл кешенге қажеттіліктерді, сұранысты және конъюктураны зерттеу мақсатымен нарықты зерттеу, әзірлемелерді ұйымдастыру, табысты іске асатын идеяларды іздеу сияқты міндеттер кіреді.
Екінші бағыт- жүзеге асырылған немесе жаңадан ғана басталған кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені; Мұнда өндірістік үрдісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздеу, өндірістің ұтымды көлемін анықтау, тиімді жабдықтаушыларды таңдау т.с.с. міндеттер кіреді.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:
мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік.
тәуелдің болуы;
экономикалық мүдделілік немесе табыс табуға бағытталу.
қоғамдық қажеттілікті және сұранысты қанағаттандыру үшін өнім өндіру
заң шеңберінде іскерлік іс-әрекетті жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір қағидалар негізінде іске асырылады.
1). кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы
2). әртүрлі меншік нысандарының танылуы, меншік құқықтарының заңдық теңдігі мен бірдей қорғалу қағидасы.
3). бәсекені қолдау және жосықсыз бәсеке мен монополиялануға бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу қағидасы.
4). кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы.
5). заңдылық қағидасы
6). кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарын қорғау қағидасы.
Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттан тарту;
кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет түрлерін таңдау еркіндігі;
кәсіпкердің тәуекелге баруы және коммерциялық есеп жүргізуі;
кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау (жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім түрлері мен өндіріс көлемін анықтау т.б.)
материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту және пайдалану;
кәсіпкерлердің жұмыскерлерді жалдау еркіндігі;
салық және басқа да міндетті төлемдерді, мідеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
кәсіпкердің сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асыруы.
1.3. Кәсіпкерлік қыметтің объектісі мен субъектісі бір үрдістің екі жағы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің объектісі бұл кәсіпкерлік қызмет түрі болса,ал субъект осы қызметпен айналысатын адам.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ететді. Кәсіпкерлер келесідей амалдар арқылы қорғала алады:
лиценция берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіндігі арқылы;
экономиканың барлық салаларындағы кәсіпкерліктің барлық түрін бір ғана тіркеуші органда тіркеудің барынша қарапайым дербес жүргізу тәртібі арқылы;
кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерді за құжаттарымен шектеу арқылы;
кәсіпкерлік қызметті заң құжаттарында көзделген негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша ғана еріксіз тоқтаут арқылы;
жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшін тыйым салынған немесе шек қойылған жұмысы тауарлардың түрлері мен қызмет тізбесін заң құжаттарында белгілеу арқылы;
мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де тараптар мен ұйымдарды кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңдарда белгіленген мүліктік жауапкершілікке тарту арқылы;
атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсіпкерлік субъектілерімен осы органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде шарттық қатынастарға кіруге тыйым салу және заңдарда көзделген өзге де амалдар арқылы.
Осы аталғандарды кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары ретінде де қарастыра аламыз.
Кәсіпкерлік қызмет объектілері – кәсіпкердің айналысатын қызмет түрлері. Кәсіпкер заңмен тиым салынбаған кез - келген шаруашылық қызет түрлерімен айналыса алады.Ол өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық,кеңес беру, инновациялық және басқа да қымет түрлері болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін (банктік қызмет,білім беру, медициналық қызметер т.б.) жүеге ыру үшін арнайы лиценция талап етілсе, белгілі бір кәсіпкерлік объектілер (стратегиялық маңызды объектілер) мемлекеттің иелігінде ғана болады.
Кәсіпкерлік қызметті тиімді әрі тұрақты түрде жүзеге асыру үші белгілі бір шарттар немесе жағдайлар жасалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |