Орта кәсіпкерлік субъектілері
ара кәсіпкерлік
Дара кәсіпкерлік
Заңды тұлға
Активтерінің мөлшері 325000 АЕК-тен аспайды
Қызметкерлер саны 50-250 адамға дейін
Қызметкерлер саны 50-250 адамға дейін
5-сурет – Орта кәсіпкерлік субъектілері
Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік, жеке және шетелдік кәсіпкерлік болып бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпкерлік мемлекеттік кәсіпорындар құру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпорындар бірнеше ерекшелікке ие болады. Атап айтсақ:
Мүліктің меншік иесі құрылтайшы, яғни мемлекет болып табылады;
Мемлекеттің мүлкі бөлінбейді. Бұл мүліктің мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері арасында салымдар, үлестер, пайдалар бойынша қандай жағдай болмасын бөлінбейтінін білдіреді;
Кәсіпорын басшысын меншік иесі, яғни мемлекет тағайындайды және ол жеке дара басқарушы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлкеттік кәсіпорындардың негізгі қызметі қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады. Мұндай міндеттерге келесілерді жатқызуға болады:
Қоғам мүдделерін қорғау және мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін материалдық қамтамасыз ету;
Экономиканың жеке секторымен жеткілікті қамтылмаған немесе мүлде қамтылмаған қоғамдық өндірістің сфераларында алғашқы қажеттіліктегі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру;
Мемлекеттік монополияға жатқызылатын сфераларда қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық нысандары кәсіпкерлердің бірлестіктері түрінде құрылады. Оларға концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул, трест, қаржылық – өнеркәсіптік топтар т.б. жатады.
Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі.
Консорциум – нақты міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестік.
Холдинг – кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз етеін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас («ұстаушы») компания.
Картель – бірлескен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы кәсіпорындар бірлестігі.
Синдикат – картелдік картелдік келісімнің бір түрі болып табылады.
Трест – қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.
Қаржылық өнеркәсіптік топтар – өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарын, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық әлеуетін біріктіретін бірлестік.
Достарыңызбен бөлісу: |