5.2. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері
Қаржы – тауар-ақша қатынастарымен байланысты қалыптасқан категориялардың бірі. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру – жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыландыру деп ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін айтады.
«Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егер де қаржыландыру – ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – оларды пайдалану.
Қаржы ресурстарын алу көздеріне байланысты 3 топқа бөлуге юолады:
меншікті қаражаттар есебінен құрылатын қаржы ресурстары (амортизациялық, аударымдар,жалпы пайда, таза пайда, азаматтардан түсетін мақсатты түсімдер, бюджеттен бөлінетін қаражаттар және басқа да түсімдер);
қаржы нарығында жұмылдырған қарыздық (заемдық) қаржылық қаражаттар (банктер мен басқа да қаржылық институттардың несие ресурстары, бюджеттік, коммерциялық несиелер т.б.);
тартылған қаржылық қаражаттар (кәсіпорындағы бағалы қағаздарды сатудан түсетін табыстар, ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысудан түскен қаражаттар, бюджеттік субсидиялар, кредиторлық берешектер және басқа да ресурстар).
Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау кезінде төмендегідей бес негізгі міндетті шешу қажет:
қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау керек;
ұтымды құрылымды анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықату керек;
кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін және сәйкесінше, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек;
кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын максимальды пайда әкелетіндей етіп пайдалану керек;
шаруашылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды төмендету керек.
Қаржыландыру жүйесі қаржыландыру көздері мен қаржыландырудың ұйымдық нысандарын қамтиды.
Қаржыландыру көздерін әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:
меншік қатынастары бойынша: меншікті және қарыздық қаржыландыру көздеріне бөлінеді.
меншік түрлері бойынша мемлекеттік ресурстар, жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары, шетелдік көздер болып бөлінеді.
уақыт сипаттамалары бойынша қаржыландыру көздерін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.
Қаржыландырудың ұйымдық нысандары келесілерді қамтиды:
өзін-өзі қаржыландыру (бөлінбеген пайда, амортизациялық аударымдар, резервтік капитал, қосымша капитал және т.б.)
акционерлік және үлестік қаржыландыру (жарғылық капиталға қатысу, акцияларды сатып алу т.б.)
қарыздық қаржыландыру (екінші деңгейлі банктердің несиелері, облигациялық займдар, лизинг және басқалары)
бюджеттік қаржыландыру (республикациялық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден қайтарымды негіздегі несиелер, барлық деңгейдегі бюджеттерден қайтарымсыз негізде бөлінген қаражаттар, мақсатты республикалық инвестициялық бағдарламалар т.б.)
қаржыландырудың ерекше нысандары (жобалық қаржыландыру, венчурлік қаржыландыру, шетелдік капиталды тарту жолымен қаржыландыру)
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Сыртқы
Ішкі
Жарғылық капитал
Банк несиелері
Қосымша (үстеме) капитал
Бюджет қаражаттары
Резервтік капитал
Бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары
Амортизациялық қор
Бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттар
Бөлінбеген пайда
Басқа да көздер
Басқа да көздер
Достарыңызбен бөлісу: |